“Адам анатомиясы” пәні

“Адам анатомиясы” пәні бойынша

1. Тірек-қимыл аппаратына түсінік. Қаңқа және оның бөлімдері, функциясы. Сүйек – мүше ретінде. Сүйектердің химиялық құрамы мен қасиеттері. Сүйектердің химиялық құрамы мен механикалық қасиеттерінің жасқа сай өзгерістері. Сүйектердің қосылу типтері. Буындардың жіктелуі. Ми сауыты мен бас қаңқасының висцеральді бөлімдері туралы түсінік, құрылысы. Қол мен аяқ қаңқасының белдеу сүйектері мен еркін қозғалатын сүйектерімен танысу.
2. Асқорыту жүйесі: түтік тәрізді мүшелер және бездер. Ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы. Асқазанның құрылысы, оның бөліктері, құрылымдық ерекшеліктері. Аш ішек, оның бөлімдері, құрылымдық-қызметтік бірлігі. Тоқ ішек, оның бөлімдері, құрылымдық ерекшеліктері. Сілекей бездері: үлкен және кіші. Ұйқы безіндегі асқорыту бөлімінің құрылысы. Бауырдың құрылысы: қыртыстары, бөліктері.
3. Ауа өткізгіш жолдар және респираторлы бөлім. Трахея және негізгі бронхының құрылысы. Бронхы тармақтары, оның компоненттері. Өкпенің бөліктері, құрылымдық-қызметтік бірлігі.
4. Бөліп шығару жүйелері: несепті қалыптастыру және несеп шығару құрылымдары. Бүйректің құрылысы: қыртысты және милы заттары. Нефрон – бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі.
5. Жүрек, оның бөлімдері, қыртысы. Жүрек қабырғасының қабаттары, камералары. Қан айналу шеңбері.
6. Жұлынның құрылысы. Сұр және ақ заттары. Жұлын қабығы: бөліктері және сегменттері.
7. Көру мүшесінің құрылысы. Көз алмасының қабықтары мен ядросы. Көз жас шығару аппараты. Көз алмасының бұлшықеттері.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *