ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ



ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
Қазiргi заман өсiмдiк физиологиясы дамуының негiзгi бағдарларын белгiлеу. Өсімдік клеткасының физиологиясы және биохимиясы. Өсімдік клеткасының негізгі құрлымдық элементтері.
Судың өсімдік денесінде жылжыуның жолдары және механизмдері. Өсімдікке судың тамыр арқылы сіңуі. Тамыр қысымы — төменгі қозғағыш күш. Судың сіңуіне сыртқы жағдайлардың әсері. Транспирация — жоғарғы қозғағыш күш.
Судың биологиялық маңызы. Судың физика-химия қасиеттері, оның тірі зат құрамындағы рөлі. Өсімдіктегі судың күйі. Осмос және осмостық қысым. Өсімдік клеткаларындағы су алмасу.
Жапырақ — фотосинтез процесі жүзеге асатын негізгі мүшесі. Хлоропластардың құрылысы мен құрамы, клеткада пайда болуы. Хлоропласт пигменттері: хлорофилдер, фикобилиндер, каротиноидтар.
Фотосинтездің жарық және қараңғы сатысы. С4 өсімдіктердегі СО2 байланыстыру ерекшеліктері. Жасаңшөптер типі бойынша СО2 ассимиляциясы (САМ-жолы). Фотосинтез және түсім.
Тыныс алу — физиологиялық құбылыс, оның өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Тыныс алу мен ашу процестерінің байланыстылығы. Гликолиз. Тыныс алу процесіндегі электрондар тасымалдану тізбегі жөне оның құрамы: дегидрогеназалар, флавопротеидтер, убихинон, цитохромдар. Метаболизм реттеуіндегі митохондриальды тыныс алудың маңызы.
Тыныс алу коэффициентінің физиологиялық ерекшеліктері. Өсімдіктердің тыныс алуындағы газ алмасу және өнімділік процессі. Тыныштық күйіндегі тыныс алудың ерекшеліктері. Өсімдік шарауышылық өнімдерін сақтау жағдайында тыныс алу.
Тамырлы қоректену. Макро және микроэлементтердің физиологиялық рөлі және сіңіру механизмі. Минералдық қоректену және өсімдіктер өнімділігі. Өсімдіктердің минералдық қоректену элементтерінде қажеттілігі. Өсімдіктерге қажетті және микроэлементтері, олардың сіңетін қосылыстары және физиологиялық рөлі. Өсімдіктердің жылауы. Гуттация. Тамыр қысымы қысымы. Ксилема бойымен иондардың қозғалуы. Тамырлық қоректену.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің онтогенез сатылары. Өсімдіктердің регенерация тәсілдері. Өсудің генетикалық факторлардан тәуелділігі. Өсу фазалары және олардың ерекшеліктері. Өсімдіктер өсуінің мерзімділігі мен ритмі. Өсімдіктердің қозғалуы. Онтогенез туралы түсінік. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері. Фотопериодизм. Сыртқы орта факторларының өсімдіктер өсуіне әсері.
Сыртқы орта жағдайларына өсімдіктердің бейімделуі мен төзімділігі. Өсімдік организмдерінің қорғау тәсілдері. Стресс физиологиясы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *