Өкпе желдетілуінің бұзылысы. Өкпе қан ағымының бұзылысы

Өкпе желдетілуінің бұзылысы. Өкпе қан ағымының бұзылысы.

Мақсаты:Гиповентиляцияның рестрикциялық түрінің, бронхообструкциялық синдромның, өкпедегі қан ағымы бұзылысының этиологиясы мен патогенезін меңгеру
Дәріс жоспары:
1. Өкпе желдетілуінің бұзылысы. Обструкциялық гиповентиляцияның этиологиясы, патогенезі, спирометрлік көрсеткіштері.
2. Рестрикциялық гиповентиляцияның этиологиясы, патогенезі, спирометрлік көрсеткіштері.
3. Өкпеде қанайналымының бұзылысы. Қанайналымының кіші шеңберінің гипертензиясы, түрлері (қылтамыралдылық, қылтамырсоңылық, аралас), себебі, дамуының негізгі тетіктері және теңгерілуі. Қанайналымының кіші шеңберінің гипотензиясы.
4. Вентиляциялық – перфузиялық арақатынастың бұзылысы.

Дәріс тезисі
Өкпе желдетілуінің бұзылыстары:
1. Гиповентиляция (обструкциялық және рестрикциялық түрі)
2. Гипервентиляция
3. Біркелкі емес желдетілу
1. Обструкциялық гиповентиляция тыныс алу жолдары тарылғанда немесе бітелгенде байқалады
Жоғарғы тыныс алу жолдары өткізгіштігінің бұзылыстары
Себептері:
• кеңірдекке тағам немесе бөгде заттардың түсуі
• тыныс алу жолдарының қою қақырықпен, құсықпен бітелуі, кеңірлекшелер өспесі
• наркоз жағдайында, кома кезінде тілдің тыныс жолын бітеп қалуы
• қабыну кезінде майда кеңірдекшелердің шырышты қабатының қалыңдауы
• көмейдің ісінуі
• тыныс алу жолдары ұлғайған қалқанша безбен, айналасындағы тіндердің өспесімен, жұтқыншақ арты іріңдікпен қысылып қалуы

Стеноздық тыныс – сирек, терең, демді ішке тарту кезеңі ұзарған
Төменгі тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуы
Себептері:
• бронхо- және бронхиолоспазм
• қабыну кезінде бронхиолалар қабырғаларының ісінуі
• бронхиолалардың дерттік сұйықтықпен (жалқық) бітелуі
• майда кеңірдекшелердің транспульмональдық қысым жоғарылауынан қысылып қалуы (эмфизема кезінде өкпе серпімділігінің төмендеуі)

дем шығару кезеңінің қиындауы

Обстукциялық гиповентиляцияда сыртқы тыныс қызметінің бұзылысы былайша
көрінеді:
— Қарқынды дем шығарудың 1-секөнтіндегі ауа көлемі (FEV1 от ағыл -forced expiratory volume in 1 second) азаяды;
— осы көрсеткіш пен өкпенің қарқынды тіршіліктік сыйымдылығының пайыздық арақатынасы FEV1 / FVC (англ. forced vital capacity – өкпенің қарқынды тіршіліктік сыйымдылығы ӨҚТС) төмендейді – Тиффно индексі;
— Қарқынды дем шығарудағы өкпенің қарқынды тіршіліктік сыйымдылығының 25-75% аралығындағы ауа ағымының көлемдік жылдамдығы (FEF25-75 – от англ -forced expiratory fIow вetween 25 and 75% of FVC) азаяды;
— Өкпенің қалдық ауа көлемі (ӨҚК, RV-ағыл.тілінен residual volume ) және оның өкпенің жалпы сыйымдылығының ӨЖС арақатынасы (TLC – ағыл.тілінен total Iung capacity) ӨҚК/ӨЖС — RV/TLC жоғарылайды;
— Өкпенің жалпы сыйымдылығы ӨЖС (TLC) және өкпенің функциялық қалдық сыйымдылық (FRC – ағыл.тілінен functionaI residuaI capacity) артады
2. Рестрикциялық гиповентиляция өкпенің тынытық беткейінің азаюынан немесе өкпе тіні серпімділігінің төмендеуінен дамиды.
Себептері
• Өкпеішілік: пневмониялар, өкпе ателектазы, өкпе обыры, пневмосклероз, сурфактанттың азаюы, (кеңірдекшелердің обструкциясы, эмфизема)
• Өкпесыртылық
 Қабырғааралық бұлшықеттердің миозиті, миастения — бұлшықеттік әлсіздік, бұлшықеттің қажуы
 Көкеттің зақымдануы (негізгі тыныс алу бұлшықеті (желдетілудің 2/3-ін қамтамасыз етеді) ® әдеттен тыс тыныс (тыныс алу кезінде қарынүсті аймағының ішке кіріп кетуі)
 гидро-, пневмо-, гемоторакс, плевриттер
 Омыртқа бағанасы мен қабырғалар пішінінің туа немесе жүре пайда болған пішінінің өзгерістері, қабырға шеміршектерінің сүйектенуі®кеуде қуысы серпімділігінің төмендеуі
 Іш шемені, метеоризм, гепатомегалия
Рестрикциялық және обструкциялық гиповентиляция кезіндегі сыртқы тыныс көрсеткіштерінің салыстырмалы сипаттамасы
Көрсеткіштер Рестрикциялық
бұзылыстар Обструкциялық бұзылыстар
орташа айқын
FVC (ӨҚТС)
FEV1 (ҚӨШК1с)
FEV1/ FVC % Тиффно индексі
FEF25-75 % ҚӨШ/ӨҚТС25-75 %
VC — ӨТС
FRC- ӨФҚК
RV — ӨҚК
TLC — ӨЖС
RV/TLC-ӨҚК/ӨЖС  
 

қалыпты
қалыпты

 
немесе 
 немесе
 
 немесе  қалыпты


қалыпты
қалыпты
қалыпты
қалыпты

 

 
 

 



немесе 

3. Өкпе гиповентиляциясының аралас түрі. рестрикциялық және обструкциялық желдетілу бұзылыстары жиі біріккен түрде кездеседі.
Кіші қанайналым шеңберіндегі қанайналымының (перфузияның) бұзылысы
Өкпе қанайналымы мына жағдайларда төмендеуі мүмкін:
— оң қарыншаның жиырылу қызметінің әлсіреуі;
— жүректің сол бөлігінің жеткіліксіздігі және өкпеде қан іркілуі;
— туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақауларында (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, өкпе артериясының тарылуы);
— қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігі (сілейме,коллапс);
— өкпе артерияларында қан қатпасының (тромб) құрылуы немесе эмбол тұрып қалуы.
Шығу тегі бойынша мынадай түрлерін ажыратады
• Алғашқы, идиопатиялық өкпелік гипертензия
• Салдарлық
 гиперкинездік (өкпе ішілік қосылымдық, қос жарғақты қақпақша тесігінің тарылуы)
 бітелулік (өкпенің обструкциялық және рестрикциялық аурулары, өкпелік артериит)
 обструкциялық (өкпе артериясының эмболиясы, тромбозы)
 вазоконстрикциялық (ұяшықтық гипоксия, гиперкапния, ацидоз, қантамыры межеқуатының эндотелий-тәуелді реттелуінің бұзылысы және эндотелин сөлденісінің , нитроксидтің  (NO)

Патогенезі бойынша өкпелік гипертензияны қылтамыралдылық, қылтамырсоңылық және аралас деп бөледі.
1. Қылтамыралдылық гипертензия. Артериолар мен қылтамырларда қан қысымының жоғарылауымен сипатталады (систолалық қысымның 30 мм с.б.б. және диастолалық қысымның 12 мм.с.б.б. жоғарылауы).
Ең жиі себептері.
 Артериола қабырғасының тарылуы (мәселен, жан – дүниелік күйзеліс, өкпе қантамырларының эмболиясы, феохромоцитомада катехоламиндердің артық шығарылуы, ацидоз, дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының қауырт төмендеуі). Гипоксия вазоконстрикцияның күшті жайты болып табылады (вазоконстрикцияның негізгі дәнекерлері: катехоламиндер, эндотелин, тромбоксан А2).
 Өкпенің майда қантамырларының бітелуі (мәселен, микротромбтармен, эмболдармен, гиперплазияланған эндотелиймен).
 Өкпе ұяшықтарының қысылуы (мысалы, өспемен, ұлғайған лимфалық түйіндермен, жөтелдің жедел ұстамасы кезінде бронхтар мен өкпе ұяшықтарында жоғарылаған ауа қысымынан).
2. Қылтамырсоңғылық гипертензия. Қантамырларынан қанның сол жүрекшеге ағып кетуі бұзылуымен және артериялық қанның өкпеде жиналуымен сипатталады.
Ең жиі себептері: қос жарғақты қақпақша тесігінің тарылуы (мысалы, эндокардит нәтижесінде), өкпе көктамырларының қысылуы (мысалы,ұлғайған лимфалық түйіндері немесе өспемен), сол қарынша бұлшықетінің жиырылғыштық қызметінің әлсіреуі — сол қарыншалық жеткіліксіздік (мәселен, миокард инфаркты, гипертониялық ауру, миокардиодистрофия).
3. Өкпе гипертензиясының аралас түрі. Жиі қылтамыралдылық немесе қылтамырсоңғылық гипертензияның асқынуы және үдеуі салдарынан дамиды. Мысалы, өкпе көктамырларынан сол жүрекшеге қанның ағып кетуінің қиындауы (қылтамырсоңғылық гипертензияға тән) рефлекстік түрде өкпе артериолалары саңлауының тарылуына алып келеді (Китаев рефлексі, қылтамыралдылық гипертензияға тән).
Көріністері: сол қарыншалық немесе/және оң қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінің көріністері (көктамырларда қанның іркілуі, ісіну, іш шемені және т.б.), ӨТС төмендеуі, гипоксемия және гиперкапния, ацидоз (тыныстық, созылмалы ағымында — аралас).
Кіші қан айналымы шеңбері гипотензиясы
Өкпелік гипотензия кіші қанайналымы шеңбері қантамырларында тұрақты түрде қан қысымы төмендеуімен сипатталады.
Ең жиі кездесетін себептері:
• Жүрек ақауларында қанның «оңнан солға» қосылуынан. Осы кезде веналық қан артериялық жүйеге “лақтырылады” (мысалы, Фалло тетрадасында өкпе артериясы қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезінде).
• Әртүрлі себептерден дамыған гиповолемия (мысалы, ұзақ іш өту кезінде, сілеймелік жағдайларда, созылмалы қан жоғалту нәтижесінде).
• Жүйелік артериялық гипотензия (мысалы, коллапс немесе кома кезінде).

Ұяшықтардың желдетілуі (Vа ) мен олардың қанмен қамтамасыз етілуінің (Q) немесе вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылуы (Vа / Q)
Vа / Q қалыпты жағдайда 1,0-ге жуық болады.
(Vа / Q) болуы қан келмейтін ұяшықтарда немесе қан нашар келетін ұяшықтарда желдетілудің болуын көрсетеді (дәрменсіз желдетілу). Бұл кезде артериялық гипоксемия байқалмауы мүмкін. Өйткені тыныстық бұлшықеттердің артық жұмыс атқаруынан тыныстық ауа көлемі, тыныс алу жиілігі және тыныстың минуттық көлемі жоғары деңгейде ұсталып тұрады.
(Vа / Q) қан қалыпты келетін ұяшықтардың желдетілмеуін көрсетеді (созылмалы обструкциялық бронхит, ателектаз және т.б.). Ол артериялық гипоксемияға әкеледі.
Сау ұяшықтардың теңгерілуінен, олардың желдетілуі жоғарылауы нәтижесінде, гиперкапния дамымайды.
Vа / Q>1 Vа / Q<1
Өкпе артерияларының жергілікті тарылуы Жергілікті гиповентиляция


4. Көрсетілетін құрал: тақырыптың мультимедиялық қойылымы
5. Әдебиеттер
Негізгі
1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 382-386
3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471.
4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2009.- С. 248-257, 260-266
5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 127-135
Косымша
6. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
7. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457
8. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга — М.: Томск., 2006.-С.503-513
9. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.
10. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.
6. Бақылау сұрақтары
1. Гиповентиляцияның обструкциялық және рестрикциялық түрінде сыртқы тыныстың көрсеткіштері қалай өзгереді?
2. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі тыныс сипаты
3. АВ/МО коэффициенті 1,0-ден төмен болатын ауру түрін мысалға келтіріңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *