Үлгілер қорын қолданудың мән-маңызы мен мақсаттары

Үлгілер қорын қолданудың мән-маңызы мен мақсаттары. Үлгілердің негізгі типтері. Үлгілердің жіктеуі. Сараптамалық бағалаулар ұғымы. Сараптамалық бағалаулардың әртүрлілігі. Сараптамалық
бағалаулар жүргізудің кезеңдері. Дельфи әдісі. Дельфи әдісінің алгоритмі

Үлгілер қоры – басшылардың нарықтағы қызметке қатысты оңтайлы маркетингтік шешімдер қабылдауына оң ықпал ететін матемикалық үлгілер жиыны. Жалпы түсіндірілімінде, үлгі (модель) – заттың, үдерістің немесе құбылыстың үлгісі, іске аспайтын (нақты емес) аналогы, кейіптелуі. Үлгілеу (үлгілерді құру) кезінде нақты құбылыс сөзсіз түрде оңайлатылады, сызбаланады және бұл сызба (құбылыстың макеті) математикалық аппарат көмегімен сипатталады. Әрбір үлгі әлдебір нақты өмір сүретін жүйені, әлдебір өмір сүруші үдерісті немесе нәтижені білдіретін, өзара байланысты өзгермелілердің жиынтығынан тұрады. Фирмалардың қандай да бір (өткізу, коммуникативтік және т.б.) қызметінің абсолютті дәл математикалық үлгісін жасау, осы қызметтің нәтижесіне әсерін тигізетін, ішкі және сыртқы факторлардың үлкен жиынының болуы себепті, аса күрделі міндет болып саналады. Үлгілеу әрқашан да оңайлатуды немесе аса маңызды факторларды есепке алуды болжайды.
Қазіргі экономикалық жүйе басқаруға барған сайын неғұрлым жаңа және неғұрлым жоғары талаптар қоюда. Басқару әдістерін жетілдірудің халық шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін үлкен маңызы бар. Шешімдер дайындау кезінде математикалық әдістер мен үлгілерді пайдалану, басқару деңгейін арттырудың маңызды факторы болып саналады. Алайда, экономикалық міндеттерді шешу кезінде аталмыш әдістерді пайдалану, олардың күрделілігінен және сапалық тұрғыдан жаңа болуы себепті, жиі түрде мүмкін бола бермейді. Сондықтан, сараптамалық бағалаулар әдісі неғұрлым кең таралған.
Сараптамалық бағалаулар әдісі – ұтымды шешімдер дайындау және таңдау үшін қажетті ақпараттар алу мақсатында, логикалық және математикалық-статистикалық әдістер мен тәсілдер негізінде ақпараттар жинау, оны талдау. Бұл әдіс, дәл есептеулер негізінде анықтау мүмкін болмайтын, шешімді қабылдау қажет болған кезде қолданылады. Өндірісті басқарудың қазіргі проблемаларын әзірлеу кезінде және басты түрде болжау мен ұзақмерзімді жоспарлау кезінде осындай жағдайлар жиі туындайды. Сараптамалық бағалаулар әдісі: а) әлеуметтік-саяси болжауда;
б) ғылыми-техникалық болжауда;
в) халық шаруашылығын жоспарлауда;
г) ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік бағдарламаларды жасауда
пайдаланылады.
Қазіргі қоғамда басқару үдерісінде қабылданатын шешімдердің сапасына қатысты талаптар қойылады. Ал, аталмыш әдіс мамандардың шешім қабылдаудың әрбір кезеңіне белсенді және мақсатты бағытталған түрде қатысуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ бұл, олардың сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Түпкі нәтиже (сараптамалық бағалау) алу үшін сауалнамалық әдістер мен топтық сараптама әдістері қолданылады. Осы әдістердің артықшылықтары болып мыналар саналады:
1) ұйымдастырудың қарапайымдылығы; 2) статистикалық өңдеулерді пайдалану; 3) үлкен топтарды қамту мүмкіндігі.
Кемшіліктері:
1) жауаптардың толық еместігі;
2) сұралатындардың субъективті факторы;
3) сұрақтарды дұрыс түсінбеу мүмкін екендігі.
Сараптамалардың бүкіл кезеңдерін жүргізуді ұйымдастыруды ғылыми түсіну, сондай-ақ әрбір кезеңге сандық әдістерді қолдану, сараптамалық бағалаулар әдісінің ерекшелігі болып табылады. Сараптамалық бағалаулар – бүкіл деңгейлерде басқару сапасын арттырудағы маңызды құрал. Алайда, бұл ретте аталмыш әдіс әкімшілік те, жоспарлы шешімдерді де алмастыра алмайды, қажетті ақпараттар беруге ғана қабілетті.
Талқылаудың сипаты мен бағытына қатысты сараптама жүргізудің топтық әдістері талдамалық және креативті болып бөлінеді. Талдамалық әдістер басым түрде зерттелетін объектінің сипаттамаларын зерттеуге бағытталған. Креативті әдістер ұжымдық идеялар беру немесе проблемалардың шешімін әзірлеу мақсатын көздейді. Сараптамалық топтарды тиісті түрде:
 талқылаушы топтарға (жұмысының негізгі мақсаты — талдамалық),  жасампаздық топтарға (негізгі мақсаты — креативтілік) жіктейді.
Сараптамалық жасақтаудың топтық әдістері аса әралуан және төменде солардың негізгілеріне сипаттама береміз:
1. Атаулы топтар әдісі. Әдіс, жеке пікір сұраудан топтық пікір сұрауға көшудің әлдебір бір түрін білдіреді. Осы әдісті жүзеге асыру кезінде алдымен, бір сарапшыларға пікір сұрау жүргізіледі, содан кейін аталмыш сұхбаттың нәтижелерін автономды және бір-біріне тәуелсіз өзге сарапшылар талқылайды. Сарапшылар бұрын айтылған пікірлерге келісетінін немесе келіспейтінін білдіреді және сын немесе келісімді білдіру анық та дәл дәлелді болуы қажет.
2. Ақылмандар сарабы (ой-талқысы). Әдіс, сарапшылар тобының проблемаларды бірлесіп бетпе-бет талқылауын білдіреді. Әдіс екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең «идеялар конференциялары» деп аталады, оның ұзақтығы шамамен 1-1,5 сағатты құрайды. Осы кезең барысында сарапшылар, талданатын жағдайдың түсіндірмесіне қатысты әр түрлі идеялар немесе құбылыстың даму болжамын ұсынады. Идеялар хаттамаға түсіріледі, алайда талқыланбайды, сын айтылмайды. Бұл ретте идеялар аса әр түрлі, оның ішінде және «қиял, сандырақ» та болуы мүмкін. Идеялар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы деген қағидат басты болып саналады. Үзілістен кейінгі, екінші кезеңде, идеялар талқыланып, бағаланады және неғұрлым сенімді болып танылғаны таңдап алынады. Проблема бойынша түпкілікті шешім анық немесе анық емес дауыс беру жолымен қабылдануы мүмкін. Идеялар беру және оны талқылау рәсімдері үлкен немесе кіші дәрежеде нысандандырылуы мүмкін.
3. «635» әдіс. Әдіс ақылмандар талқысы әдісінің аса нысандандырылған түрлендірмесін білдіреді. Бұл әдіс сараптамалық команда жұмысының келесі реттемеленуі болып түсіндіріледі: топқа 6 адам кіреді, олардың әрбірі 5 минут ішінде үш ұсыныс айтуы немесе шешілетін міндеттердің немесе талданатын жағдайлардың кейбір аспектісі бойынша үш ғылыми болжам айтуы тиіс. Әрбір сарапшының идеясы, шеңбер бойынша айналадағыларға берілетін, арнайы формулярға жазылады. Қойылған міндеттердің бүкіл аспектілері қарастырылып, бүкіл сарапшылар өз пікірін айту мүмкіндігін алғаннан кейін барып, талқылау жүріп, шешімдер бағаланады және неғұрлым сенімдісі таңдап алынады.
4. Сын айту шабуылы. Бұл әдіс сондай-ақ ақылмандар талқысы әдісінің түрлендірмесін білдіреді, өзгешелігі – талқылаудың сыни тұрғыдан бағытталушылығы. Әдісті жүзеге асыруға бірнеше кезеңдер кіреді. Бірінші кезеңде сараптамалық топтың әрбір қатысушысы қойылған міндеттерге өз шешімін (жағдайды талдау кезінде өзінің түсіндіруін) немесе оқиғаның дамуына өз нұсқасын (болжау кезінде) ұсынады. Шешім егжей-тегжейлі дәлелмен ұсынылуы тиіс. Одан әрі әрбір сарапшы өз әріптестерінің пікірлерімен танысып, ұсынылатын шешімдердегі аса көп болуы мүмкін әлсіз тұстарының санын тауып, оны дәлелдеуі тиіс. Келесі кезеңде сарапшылар бірге жиналып, бүкіл ұсынылған шешімдерді кезекпен талқылайды. Әрбір автордың міндеті – өз шешімінің нұсқасын табанды қорғау, қарсыластарының міндеті – оның шешімін ауытқытып, өзінікін өткізу болып саналады. Пікір сайыстар қорытындылары бойынша сарапшылар аздау наразылық туғызған және неғұрлым негізді болған шешімді таңдап алады.
5. Сараптамалық фокустау. Аталмыш әдіс проблемалары бірлесіп бетпе-бет талқылау формаларының бірін білдіреді. Сарапшылар зерттелетін жағдайды жан-жақты қарастырады, соған «фокусталады». Негізгі мақсаты – аталмыш проблеманың құрылымын анықтау, мүмкіндікке қарай, аталмыш жағдайды айқындайтын бүкіл факторлардың анық-қанығын білу, олардың арасында өзара байланыс орнату. Талқылау, ақылмандар талқысының классикалық нұсқасы кезіндегіге қарағанда, неғұрлым іскерлік сипатқа ие, яғни ешқандай артық «шатасусыз, сандырақсыз» өтеді.
6. Комиссия әдісі. Бұл әдістің де мақсаты – проблемаларды бірлесіп талқылау болып табылады. Фокустаудан негізгі өзгешелігі – ұсынылатын шешімдердің әр түрлі нұсқалары арасындағы қарама-қайшылықтар неден тұратынын білуге, «келісу нүктелерінің» барынша көп санын табуға және келісімге келуге ұмтылу.
7. Шешімдерді біріктіру әдісі. Аталмыш әдіс өзінің негізі бойынша комиссия әдісіне ұқсас, алайда, үлкен дәрежеде нысандандырылған. Әдістің негізгі мақсаты – жекелеген шешімдердің күшті жақтарын анықтау және оларды біріктіру негізінде проблемаларды бірлесіп шешу болып табылады. Әдіс бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде сарапшыларға міндеттер жүктеледі және олар оны бір-біріне тәуелсіз қарап, шешеді. Содан кейін, күні бұрын дайындалған формулярды сарапшылар өзінің жеке шешіміне, яғни талданатын жағдайдың түсіндірмесіне немесе оқиғаның даму болжамына енгізеді. Келесі кезеңде сарапшылар міндетті бірге талқылайды және әрбір жеке шешімнің күшті жақтарын анықтау мақсатымен бүкіл ұсынылған шешімдер, сондай-ақ формулярға тіркеледі. Жеке шешімдерді табыс ету кезінде түрлендірмелер болуы ықтимал, я әрбір шешімді автор таныстырады және егжей-тегжейлі дәлелдер келтіріледі, я беделділердің қысымын болдырмас үшін, шешімдер авторларының аты-жөні белгісіз болуы сақталады. Барлық шешімдер талқыланып, олардың әрбірінің күшті жақтары анықталғаннан кейін барып, жекелеген шешімдердің артықшылықтарын құрамдастыру негізінде, синтезделген шешім қабылданады.
8. Іскерлік ойын. Бұл әдіс әр түрлі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін. Неғұрлым кең таралған форма – талданатын үдерістерді және/немесе болжанатын құбылыстың әр түрлі нұсқалардағы болашақтағы дамуы жүзеге асырылуы және алынған деректері қаралуы мүмкін. Іскерлік ойындар өткізу рәсімдерін әзірлеу – аса қиын да күрделі міндет, сондықтан оған маңызды түрде көңіл бөлу қажет. Ойындардың келесі элементтері: қатысушылардың мақсаттары мен міндеттері, рөлдері, сюжет пен белгіленген тәртіп дәл анықталуы және ресми сипатталуы тиіс. Рефлексия – ойын барысын талдау және оның қорытындысын шығару, кез келген іскерлік ойындардың маңызды кезеңі болып саналады. Аталмыш жағдайда, ойын үдерісінің өзін талдау ғана емес, сонымен бірге зерттелетін құбылысты үлгілеу нәтижелерін талдау рефлексия болып табылады.
9. «Сот» әдісі. Аталмыш әдіс іскерлік ойындардың әртүрлілігінің бірін білдіреді. Қойылған міндеттерді талқылау сот үдерісі (процесі) түрінде жүзеге асырылады: «проблемамен жұмыс жасау үдерісі» үлгіленеді. «Адвокат», «прокурор», «сот», «ант берген заседатель» мен «үдерістің» өзге де қатысушылары таңдап алынады. Олардың әрбірі, өзінің айтқанын дәлелдей отырып, талданатын немесе болжанатын құбылысқа өзінің көзқарасын табанды түрде қорғайды. Зерттелетін проблема туралы шешім екі кезеңмен: «ант берген заседательдердің» дауыс беруімен және «судьялардың» шешімді нақтылауымен анықталады.
10. «Консилиум». Сарапшылар проблеманы, дәрігерлер науқасты қалай зерттейтініне ұқсас зерттейді: проблеманың пайда болу «симптомдары» анықталады, проблемалардың туындау себептері ашылады, анализ (айыру) жүргізіледі, «диагноз» қойылады және жағдайдың даму болжамы жасалады.
11. «Ұжымдық блокнот». Бұл әдіс өзінің негізі бойынша «жеке блокнотқа» ұқсас, алайда аталмыш жағдайда блокноттарды бірнеше сарапшылар алады, олардың әрбірі, өзінің сараптамалық топтың қатысушысы болып саналатынын біледі. Жұмыстың басталған кезінде барлық сарапшылар бірге жиналатын және оларға туындаған проблеманың мән-маңызы туралы айтатын, сондай-ақ міндеттерді айқындайтын нұсқа болуы мүмкін. Одан әрі әрбір сарапшы белгілі бір уақыт ішінде өз блокнотымен жұмыс жасайды (бұл ретте, сондай-ақ сарапшылардың әр түрлі проблемалардың түрлі жақтарына бағытталатын жағдайлары да болуы мүмкін). Сараптаманы жүзеге асырудың екінші кезеңінде, блокноттар жинап алынады, ақпарат жүйелендіріледі (зерттеу командасымен немесе сараптамалық топтың жетекшісімен) және одан әрі жиналған және жүйелендірілген материалды бетпе-бет бірлесіп талқылаған сарапшылар, проблеманы шешу қорытындысына келеді.
12. Дельфи әдісі. Дельфи әдісі топтық сараптамалық бағалау әдістерінің бірі болып саналады және топтар мүшелерінің бірлескен жұмысын қажет етпейді. Одан да қиыны, топтар мүшелерінің шешілетін проблема бойынша кездесулеріне және пікір алмасуларына рұқсат етілмейді, яғни топтар мүшелері пікірлерінің тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі. Аталмыш әдіс, келесі көпқадамды циклдік рәсімдерді орындау жолымен талдауды жүзеге асыру мен шешімдерді таңдауды көздейді:
1. Топтардың мүшелеріне проблемалық жағдай туралы ақпарат беріледі және көрсеткіштер жиынтықтары бойынша шешімнің мүмкін нұсқаларын бағалау ұсынылады.
2. Топтардың әрбір мүшесі бағалауды және шешім нұсқаларын негіздеуді аты-жөнін көрсетусіз, сондай-ақ тәуелсіз түрде береді немесе өзінің нұсқаларын ұсынады.
3. Топтар мүшелерінің бүкіл бағалаулары мен пікірі орталықта жиналып, жиын құжатта жинақталып, қорытындыланады.
4. Топтардың әрбір мүшесі жиын құжаттың көшірмесін алады. Өзге қатысушылардың пікірімен танысу, проблемаларды шешудің мүмкін нұсқалары бойынша оның пікірін өзгертуі мүмкін.
5. 3 және 4 қадамдар, келісілген шешімге жету үшін қанша қажет болса, сонша рет қайталанады.
Дельфи әдісі бастапқы жағдайдың үлкен дәрежеде анық еместігі мен сипатталатын және әр түрлі бейіндік мамандарды тартуды қажет ететін, күрделі, аз зерттелген, қайталанбайтын бірегей проблемалар үшін шешімдер әзірлеу кезінде неғұрлым тиімді болып саналады. Ол елеулі уақыт шығындары мен оны жүзеге асыру рәсімдерін дәл де анық ұйымдастыруды қажет етеді.
Сценарийлер әдісі, болжау әдістерінің бірі болып саналады, оқиғаның даму ықтимал үрдістері мен басқарудың неғұрлым соған сай келетін баламаларын таңдау мақсатында, қабылданатын шешімдердің мүмкін нәтижелерін анықтау мүмкіндігін береді. Аталмыш әдіс талданатын жағдайлардың даму сценарийлерін әзірлеуге әр түрлі бейіндегі және қарастырылатын проблемаға жиі түрде әр түрлі көзқарасы болатын мамандардың қатысуын көздейді. Оған проблемалық жағдайды мазмұндық және нысандандырылған сипаттау тәсілдері мен әдістері және жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана отырып, оның даму сценарийлерін құру мен зерттеудің нақты әдістері мен алгоритмдері кіреді.
Жиынтығында, зерттеушіні қызықтыратын бөлімдегі басқарылатын объектінің эволюциясын білдіретін, оқиғаның уақыт және кеңістік бойынша тізбекті дамуының болжамалық суреті болып түсіндіріледі. Сценарийлерде, объекті күйінің өзгеруі мүмкін динамикасы, осы өзгерістер болатын, әсер етуші факторлар мен жағдайды анықтайтын, параметрлердің себептік-салдарлық қатыстылықтары анық түрде тіркеледі. Сценарий жүйенің мүмкін дамуын біршама салыстырмалы, шартты бағалау болып саналады, өйткені әрқашан да ол көбінесе, дамудың болашақтағы жағдайлары туралы жорамалдар шеңберлерінде құрылады.
Шешімдер қабылдаудың сценарийлік әдісі көпнұсқалықты, яғни оны қарастыру шешімдер қабылдау үшін сыни (қиын) жағдайларды анықтауға, сондай-ақ оларды салыстыру мен неғұрлым тиімдісін таңдау мақсатында ұсынылатын шешімдер нұсқаларының мүмкін салдарын білуге мүмкіндік беретін жағдайдың даму бірнеше баламалы нұсқаларын әзірлеуді көздейді.
Жекелеген мамандар әзірлейтін сценарийлердің мазмұнымен және толықтығымен, сондай-ақ оларды әзірлеудің рәсімдерін ұйымдастырумен өзгешеленетін сценарийлер әдісін тәжірибеде жүзеге асырудың әр түрі қолданылады.
Шешімдер дені әдісі шешімдерді жеке қабылдау және топ болып қабылдау кезінде қолдануға ыңғайлы болып саналады. Ол үлкен анық еместікпен сипатталатын және шешімдердің дәл тізбектілігін қажет ететін, күрделі проблемаларды шешу үшін пайдаланылады. Әрбір шешімнің бірнеше мүмкін әуелгі басы болуы мүмкін, әрі әрбір әуелгі басының өзіндік болу ықтималдығы бар. Мүмкін шешімдердің әрбір кейінгі жиыны алдындағы шешімнің нақты аяқталуына қатысты болады. Шешімдер дені тізбектік шешімдер қабылдау үдерісінің сызбалық бейнеленуін білдіреді және келесі тармақтардан – шешімдер нұсқалары мен біреуінің аяқталуы мен екіншісінің басталуын білдіретін нүктелерден тұрады. Әрбір әуелгі басы үшін оның болу ықтималдығы мен осы ықтималдықты ескере отырып алынуы мүмкін, ұтыс (табыс) шамасы есептеліп шығарылады. Әрбір шешіммен байланысты шығыстар, сәйкес тармақтарға қойылады. Бұл шығыстар, таза табыстың шамасын анықтау үшін күтілетін табыстан шегеріледі. Есептеулер, проблемалық жағдайды (шешетін міндетті) және проблема туындаған жағдайды сипаттайтын деректерге негізделген.
Есептеу, шешімдер қабылдаудың бастапқы нүктесінен, аса үлкен ұтысқа әкелетін тармақтар таңдалатын, әуелгі басындағы түпкі нүктеге қарай және ұтыстың осы мәні берілетін, шешімдер қабылдаудың алдындағы нүктесіне қарай қайтып оралатын, шешімдердің әрбір векторы бойынша жүргізіледі. Баламалы тармақтар (ұтыс мәндері төмен) сызып тасталады. Шешімдердің бүкіл векторларын тізбектік есептеуден кейін, оқиға қалай болжанғанға қарай болатын жағдайлар кезінде, таза ұтыстың ең үлкен шамасын алуға мүмкіндік беретін шешімдердің оңтайлы векторы таңдап алынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *