Іріктеме ұғымы. Іріктеме жоспарды әзірлеу

Іріктеме ұғымы. Іріктеме жоспарды әзірлеу

Іріктемелік зерттеулер жүргізу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдарды қарастырамыз. Маркетингтік шешімдердің аталмыш кезеңінде, оның мүшелері арасында маркетингтік зерттеулер жүргізілетін, «топтардың» параметрлері туралы ақпарат алу қажеттілігі туындайды. Мысалы, маркетингті басқарушы бөлшек сауда дүкендерінің («топтың») әр түрлі типтері арқылы оның компаниясының өнімдерін өткізу көлемі туралы деректерге ие болғысы келеді. Осындай «топ» статистикада бас жиынтық немесе жай жиынтық деп аталады. Кейбір уақытта жиынтық өзінің саны бойынша аса аз болып саналады және менеджер оның мүшелерінің барлығын зерттей алады. Әдетте, оны жүзеге асыру, мысалы, белгілі бір типтегі ойыншықтарға қатысты 3 пен 5 жасқа дейінгі бүкіл балалардың пікірін білу мүмкін емес. Демек, іріктеме деп аталатын, жиынтықтың бір бөлігіне ғана зерттеу жүргізіледі.
Іріктеме, жүргізілетін зерттеулердің базалық деңгейі болып саналады. Өйткені, іріктеме зерттелетін жиынтықтың бөлігі болып саналатынын атап көрсету қажет және іріктемеден алынған деректер, жиынтықтың бүкіл бірліктерінен алуға болатын деректерге дәл сәйкес келе бермейді. Іріктемеден алынған деректер мен шынайы деректер арасындағы айырмашылық іріктеме қателігі деп аталады. Іріктемедегі қателік екі фактормен: іріктемені қалыптастыру әдісімен және іріктеме мөлшерімен байланысты болады. Бұл мәселелер төменде қарастырылатын болады.
Іріктемелерді қалыптастыру ең алдымен, іріктеме бірліктері содан таңдалатын, жиынтықтың бүкіл бірліктерінің тізімі сол болып түсіндірілетін, іріктемелер (sampling frame) контурларын білуге негізделеді. Мысалы, егер жиынтық ретінде Қарағанды қаласының бүкіл автосервистік шеберханаларын қарастыратын болсақ, онда, іріктеме соның шектерінде қалыптасатын, контур ретінде қарастырылатын, осындай шеберханалардың тізіміне ие болу керек. Іріктеме контурында, іріктеме контурының қатесі деп аталатын және жиынтықтың шынайы өлшемдерінен ауытқу дәрежесін сипаттайтын, қате болмай қоймайды. Осы саладағы жартылай заңды және заңсыз бизнесті қоса алғанда, Қарағанды қаласының бүкіл автосервистік шеберханаларының толық ресми тізімі болмайтыны, анық. Зерттеуші, жұмысқа тапсырыс берушіні іріктеме контурының қателік мөлшерлері туралы хабардар етуі тиіс. Іріктемені қалыптастырудың үш басты проблемалары бар.
Ең алдымен, қарастырылып отырған міндеттердің мән-маңызына сүйеніп, іріктеме бірліктері кім болып саналатынын анықтау қажет. Мысалы, ұялытелефондарды жасайтын-фирма өзінің өнімін өткізетін әлеуетті нарықты зерттеу жайлы шешім қабылдады. Аталмыш шешім негізінде осы мәселе бойынша, әр түрлі ұйымдардағы коммуникациялық жабдықты таңдау жөнінде шешім қабылдайтын тұлғалардың, сол сияқты отбасындағы аталмыш саясатты айқындайтын, отбасылары отағасыларының пікірлері зерттелетін болды.
Одан әрі, іріктеме бірліктері ретінде кім қарастырылатынын дәл анықтау қажет. Біздің мысалымызда коммуникациялық бөлімдер басшылары мен отбасыларының отағасылары іріктеме бірліктері болып саналады. Іріктеме контурын анықтау, сондай-ақ өте маңызды болып саналады. Мысалы, белгілі бір өңірдің бүкіл үйлерінің тізімі. Жүргізілетін зерттеудің репрезентативтілік ережесін орындау мақсатында, іріктеме контурынан іріктеме бірліктері соның көмегімен таңдалатын, әдіске назар аудару қажет. Бұл жерде сөз іріктемені жоспарлау туралы болып отыр.
Іріктеме (3.3-сурет) бас жиынтықты (БЖ) репрезентативті кескінмен көз алдыға елестететіндей түрде жасалады. Бұл, іріктеме сипаттамаларына сүйеніп, бас жиынтық туралы дұрыс қорытынды жасауға болатын, оның қажетті шарты. Деректер жинау әдетте, кездейсоқ және үнемі болатын қателіктермен ілесе жүреді. Кездейсоқ қателіктер іріктеп зерттеу кезінде ғана көрінеді; өйткені олар іріктеме сипатын бір жаққа ығыстырмайды және осындай қателіктердің шамасы бағалануы мүмкін. Үнемі болатын қателіктер кездейсоқ емес факторлардың әсерінен (бас жиынтықты дәл бөлмеуден, сұрау жүргізу парақшаларын әзірлеу кезіндегі қателіктерден, санаудағы қателіктерден, сұрау жүргізушілер пікірлерінің шынайы еместігінен) туындайды. Кездейсоқ емес қателіктерге келесі іріктеме әдістері жатады:
— еркін іріктеме – сұрау жүргізілетіндер жоспар негізінде емес, еркін таңдалады; әдіс қарапайым және арзан, алайда дәл емес және репрезентативтілігі төмен;


Кездейсоқ емес —
Еркін —
Типтік —
Шоғырландыру әдісі — Квоталар әдісі — — Кездейсоқ
— Жай
— Топтық
— «Клумба» әдісі — Көпсатылы іріктеме

3.3-сурет. – Іріктемелердің түрлері
— типтік іріктеме – бас жиынтықтың біршама типтік элементтеріне сұрау жүргізу; бұл үшін элементтердің типтілігін анықтайтын белгілер туралы деректерге ие болу қажет;
— шоғырландыру әдісі – зерттеуге бас жиынтықтың неғұрлым түбегейлі негізгі және маңызды элементтері тартылады;
— бас жиынтықтағы белгілі бір белгілерді (жынысы, жас мөлшері) бөлуквотасы әдісі.
Іріктеменің келесі түрлері кездейсоқ болып саналады:
— қарапайым іріктеме – лотореялардың типі, кездейсоқ сандардың көмегімен және т.б.;
— топтық іріктеме – бас жиынтықтың жекелеген топтарға бөлінуі, олардың әрбірінің ішінде, содан кейін кездейсоқ іріктеме жүргізіледі;
— «клумба» әдісі – таңдау бірліктері элементтер топтарынан тұрады; бас жиынтықтың осындай бөліну мүмкіндігі әдісті қолданудың алғышарты болып саналады; «клумба» жиынынан, кейін толық зерттелетін, бірнешеуі таңдалады;
— көпсатылы іріктеме – бірнеше рет қатарынан жүргізіледі, әрі алдындағы сатылардағы іріктеме бірліктері кейінгі сатылар бірліктерінің жиынтығын білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *