Іріктемелер көлемін анықтау

Іріктемелер көлемін анықтау. Түрлендірмелер ұғымы. Деректер жинауды ұйымдастыру

Іріктемелер көлемі туралы шешім шындығында зерттеу нәтижелерінің дәлдігі туралы теориялық жорамалдар мен оларды тәжірибеде жүзеге асырудың мүмкіндіктері арасындағы қол жеткен келісім болып саналады. Іріктемелер көлемі алынған нәтижелердің репрезентативтілігіне ешқандай да әсер етпейтінін атап өту қажет. Мысалы, Қазақстандағы дербес компьютерлерді ғылыми жұмысқа пайдалану дәрежесін зерттеу мақсатында проспектілердің біреуінде ыңғайлылық қағидаты негізінде сұрау жүргізілді деп айталық. Және 5000 респондеттерге сұрау жүргізілсе де, алынған нәтижелер тіпті Алматы үшін репрезентативті болып саналмайды. Бұл, аталмыш жағдайда қолдануға болмайтын, іріктемені қалыптастырудың ықтималды емес әдісімен байланысты болды.
Алайда, іріктеме мөлшері нәтижелердің дәлдігіне әсерін тигізеді. Іріктеменің дәлдігі іріктеме бейінінің (мысалы, қандай да бір сұраққа қорытынды жауаптың) жиынтықтың шынайы бейініне жақындығын сипаттайды. Үлкен мөлшердегі кездейсоқ іріктеме неғұрлым дәл нәтижелер алуды қамтамасыз етеді. Тәжірибеде іріктеме көлемін анықтаудың бірнеше тәсілдемелері пайдаланылады. Еркін тәсілдеме «бас саусақ ережесін» қолдануға негізделген. Мысалы, дәлелсіз қолдану, іріктеменің дәл нәтижелерін алу үшін жиынтықтың 5%-ын құрауы тиіс. Аталмыш тәсілдеме орындауға оңай және қарапайым, алайда, алынған нәтижелердің дәлдігін анықтау мүмкін емес болып көрінеді. Жиынтық аса үлкен болған кезде ол, соған сәйкес аса қымбат тұратын да болуы мүмкін.
Іріктеме көлемі олардың әлде бір бұрын ескертіліп айтылған шарттарына сүйеніп белгіленуі мүмкін. Айталық, маркетингтік зерттеуге тапсырыс беруші, қоғамдық пікірді зерттеу кезінде іріктеме әдетте 1000-1200 адам құрайытынын біледі, сондықтан ол зерттеушіге осы цифрлардан ұстануға кеңес береді. Егер қандай да бір нарықта жыл сайын зерттеу жүргізілетін болса, онда әр жыл сайын бір, сол көлемдегі іріктеме пайдаланылады. Бірінші тәсілдемеден өзгешелігі, бұл жерде іріктеме көлемін анықтау кезінде, аса дәл емес болып саналатын, белгілі логика қолданылады. Мысалы, белгілі бір зерттеулер жүргізу кезінде, қоғамдық пікірді зерттеу кезіндегіге қарағанда, азырақ дәлдік қажет болуы мүмкін, қоғамдық пікірді зерттеуге қарағанда, иә, жиынтық көлемі әлденеше рет кіші болуы мүмкін. Осылайша, аталмыш тәсілдеме ағымдағы мән-жайды есепке алмайды және аса қымбат тұруы мүмкін.
Бірқатар жағдайларда іріктеме көлемін анықтау кезінде басты дәлел ретінде зерттеу жүргізу құны пайдаланылады. Мәселен, маркетингтік зерттеулер бюджетінде, одан асырып жіберуге болмайтын, белгілі бір зерттеулер жүргізуге жұмсалатын шығындар көзделеді. Алынатын ақпараттардың құндылығы есепке алынбайтыны, анық. Алайда, бірқатар жағдайларда, шағын іріктеме аса дәл нәтижелер беруі мүмкін. Абсолютті түрде емес, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған ақпараттардың пайдалылығына қатынасы бойынша, шығындарды ескеру дұрыс болып көрінеді. Тапсырыс беруші мен зерттеуші іріктеменің әр түрлі көлемдері мен деректерін жинау әдістерін, шығындарды қарастыруы, өзге де факторларды ескеруі тиіс.
Іріктеме көлемі статистикалық талдау негізінде анықталуы мүмкін. Бұл тәсілдеме, алынатын нәтижелердің сенімділігіне және дұрыстығына қойылатын белгілі бір талаптарға сүйеніп, іріктеменің ең аз көлемін анықтауға негізделген. Ол сондай-ақ жынысы, жас мөлшері, білім деңгейі бойынша іріктеме құрамында қалыптасатын, жекелеген шағын топтар үшін алынған нәтижелерді талдау кезінде пайдаланылады. Жекелеген шағын топтар үшін нәтижелердің дұрыстығы мен дәлдігіне қойылатын талап, тұтастай алғанда іріктеме көлеміне белгілі бір талаптар қояды. Іріктеме көлемін анықтауға қолданылатын теориялық негізді және сыпайы тәсілдеме, сенімгерлік интервалдары есебіне негізделген. Аталмыш тәсілдемені қарастыруды, математикалық статистиканың бірқатар базалық ұғымдарының қысқаша сипаттамасынан бастаймыз.
Түрлендірмелер ұғымы, белгілі бір сұраққа респонденттер жауаптарының ұқсас еместік (ұқсастық) шамасын сипаттайды. Бір кезеңдегі немесе бір уақыт мезетіндегі аталмыш жиынтықтағы әр түрлі бірліктердегі оның мәндерінің айырмашылығы, жиынтықтағы қандай да бір белгісіз мәндерінің неғұрлым қатаң тұрғыдағы түрлендірмесі деп аталады. Сұрау сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелері әдетте бөлу қисығы (ауытқымасы) формасында беріледі. Жауаптардың ұқсастығы жоғары болған кезде түрлендірменің аздау болуы туралы және жауаптардың ұқсастығы төмен болған кезде – түрлендірменің көптігі туралы айтылады.
Түрлендірмелер шаралары ретінде әдетте, белгілі бір сұраққа әрбір респонденттің жауабын орташа бағалаудан бастап орташа арақашықтықты сипаттайтын, ортаквадраттық ауытқу қабылданады. Екі іріктеме үшін ортаквадраттық ауытқуды салыстыруға және олардың қайсысы үшін түрлендірме аздау болатынын анықтауға болады. Өйткені, бүкіл маркетингтік шешімдер анық еместік жағдайларында қабылданады, егер олай болмаса, мәнжағдайды іріктеме көлемін анықтау кезінде ескерген дұрыс болады. Өйткені, тұтастай алғанда, жиынтық үшін зерттелетін шамаларды анықтау іріктемелік статистика негізінде жүзеге асырылады, онда сенімгерлік интервал (диапазон) орнату қажет.
«Сенімгерлік интервал» ұғымы – қандай да бір сұраққа белгілі бір жауаптардың белгілі бір пайызы шеткі нүктелерге сәйкес келетін, диапазон. Аталмыш ұғым «бас жиынтықтағы зерттелетін белгінің ортаквадраттық ауытқу» ұғымымен тығыз байланысты: ол неғұрлым үлкен болса, өзінің құрамына, мысалы, 95% жауапты енгізу үшін, сенімгерлік интервал соғұрлым кең болуы тиіс. Айталық, елу тәуелсіз іріктемелер үшін зерттеулер жүргізілген болатын. Осы іріктемелер үшін орташа бағалау, аталмыш жағдайда іріктемелік бөлу деп аталатын, қалыпты бөлу қисығын (ауытқымасын) қалыптастырды. Тұтастай алғанда жиынтық үшін орташа бағалау бөлу қисығын (ауытқымасын) орташа бағалауға тең. «Іріктемелік бөлу» ұғымы сондай-ақ, іріктеме көлемін анықтаудың негізіне жататын, теориялық тұжырымдамалардың базалық ұғымдарының бірі ретінде қарастырылады. Бірде бір компания, 50 тәуелсіз іріктемелер қалыптастыра отырып, маркетингтік зерттеулер жүргізбейтіні анық. Әдетте, бір іріктеме ғана пайдаланылады. Және математикалық статистика, жеке іріктеменің түрлендірмесі туралы деректерге ғана ие бола отырып, іріктемелік бөлу туралы әлде бір ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ортаквадраттық ауытқу (төмендегіні қараңыз), тұтастай алғанда жиынтық үшін шынайы, бағалаудың айрықшалық дәрежесінің индикаторы болып саналады. Мысалы, аталмыш зерттеуге тапсырыс беруші, оны, алынған нәтижелердің ±5%-ға тең дәлдігі қанағаттандыратынын атап көрсеткен жаңа өнім туралы тұтынушылардың пікірі зерттеледі. Айталық, іріктеме мүшелерінің 30%-ы жаңа өнімді жақтап пікірлерін айтты. Бұл, бүкіл жиынтық үшін мүмкін бағалаулардың диапазоны 25-30% құрайтынын білдіреді. Әрі, іріктеменің көлемі неғұрлым үлкен болса, қателік соғұрлым аз болады. Түрлендірмелердің жоғары мәні қателердің жоғары мәнін туғызады және керісінше болуы да мүмкін.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Маркетингтік зерттеу – бұл …
2. Проблемаларды анықтау және тұжырымдау.
3. Маркетингтегі зерттеу әдістерінің жүйесі неден тұрады?
4. Маркетингтік зерттеулердегі деректерді алу әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
5. Ақпараттар жинаудың негізгі тәсілдерін айтып беріңдер.
6. Маркетингтік зерттеулер жүргізу кезінде туындайтын қиындықтар.
7. Іріктеме дегеніміз не және оның түрлері?
8. Іріктемелер көлемін анықтау кезінде қандай сапалық факторларды ескеру қажет?
9. Деректер жинауды қалай ұйымдастыру керек?
10. Сенімгерлік межелдеме (интервал) мен түрлендірмелердің анықтамасын беріңіз.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *