Фокус-топтағы далалық зерттеу

Фокус-топтағы далалық зерттеу. Модераторлардың, респонденттердің типтері. Фокус-топтағы деректерді талдау мен табыс етілген нәтижелер

Фокус-топтар нәтижелерін талдау: контент-талдау, контексті талдау әдісі, дискурс-талдау, деректерді талдаудың вертикаль және горизонталь әдістері сияқты әдістермен жүргізіледі. Алынған нәтижелер сондай зерттеулер нәтижелерімен салыстырылады, сараптамалық бағалаудан өткізіледі. Талдау барысында аудио- және бейне жазбалардың мағынасын ашу жүргізіледі, сондай-ақ стенографиялық есеп жасалады, онда фокус-топтар жазбасы табыс етіледі, топ қатысушыларының сөз жүзіндегі емес реакциялары көрсетіледі, модератор мен оның ассистенттерінің бақылаулар нәтижелері тіркеледі. Есепте сондай-ақ пікірлер мен бағалаулардағы айырмашылықтардың себептері мен сипатын көрсеткен дұрыс болады.
Фокус-топтар әдісі топтық сұхбат формасы ретінде халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін, құндылықтарын, саналы және саналы емес бағдарларын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері, проблемаларды талқылауда күнделікті өмірде жұмыс жасау кезінде қолданатын сөздерді, негізгі ұғымдарды (қоғамдық пікір сайыстарда, сөйлеген сөздерде оларды алдағы уақытта пайдалану мақсатында) анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда, таңдаушыларға аса кеңінен белгілі және қолжетімді ақпараттық арналар анықталады, адамдардың әр түрлі хабарларға эмоционалдық реакциялары зерттеледі.
Ілгеріде айтылғандай, фокус-топтар әдісі сапалық талдаудың бір түрі болып саналады. Аталмыш әдісті қолдану қоғамдық көңіл-күйлер туралы ақпарат алуға және осындай көңіл күйлерді қалыптастыру үрдістерін түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ адамдардың нақты тұжырымдамаларға, идеяларға, ақпаратқа реакциясын тексеруге көмектеседі. Алайда, аталмыш әдіс зерттеуге қатысушылар санының аздығынан қоғамдық пікірдің суретін (картинасын) дәл анықтауға мүмкіндік бермейді. Дәл және ауқымды зерттеулер үшін, қатысушылардың елеулі санын пайдалануды көздейтін, сандық талдау әдістерінің үлкен тобын пайдаланады және бұл, халықтың статистикалық суретін (картинасын) көз алдыға елестету мүмкіндігін береді.
Фокус-топтар әдісімен зерттеу, берілген тақырыпқа ішінара дайындалған әңгімелесу болып көрінеді. Пікір сайыстың өзі аудио- және бейне таспаға жазылады, содан кейін материал талданып, жүргізілген зерттеу бойынша есеп жазылады. Ең жақсы имидж бен белгілі бір мақсаттарды насихаттаудың неғұрлым мақсатқа сай келетін формаларын анықтау үшін фокус-топтар әдісін пайдалану әсіресе тиімді болып саналады. Фокус-топтар әдісімен зерттеуге бірқатар кезеңдер кіреді.
1. Зерттеу мақсаттарын анықтау. Атап айтқанда қандай проблеманы және қандай мақсатпен зерттеу қажет екенін, зерттеу нәтижелері не үшін пайдаланылатынын түсіну қажет, сондай-ақ міндеттерді шешу үшін фокустоптар әдісін пайдаланудың заңдылығын анықтау қажет. Одан әрі, зерттеу міндеттерінің көлемін фокус-топтық халықтың бюджеттік және методологиялық мүмкіндіктерімен салыстыру, проблеманы тұжырымдау және зерттеу нәтижесінде күтілетін ақпаратты сипаттау, зерттелетін әлеуметтік топқа және зерттелетін нарықтың сегменттеріне сипаттама беру, топтардың жалпы санымен зерттеу жүргізетін орынның (жердің) географиясын белгілеу қажет.
Фокус-топтардың санына қатысты олардың өзіндік ерекшелігі анықталады. Фокус-топтардың саны бір зерттеулерде 3-тен 10-ға дейін ауытқуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде 4-6 фокус-топтармен зерттеу жүргізу неғұрлым жиі пайдаланылады. Әрбір фокус-топтың барынша біртекті болуы, оның қатысушыларының өзінің әлеуметтік айқындамалары мен мүдделері бойынша жақын болуы тиіс екендігі, маңызды болып саналады. Осылайша, фокустоптардың құрамын дәл анықтау үшін көптеген факторларды ескеру қажет.
2. Қатысушыларды таңдаудың өлшемдерін анықтау. Зерттеудің мақсаттары мен тапсырмаларына сәйкес, қатысушыларды таңдау өлшемдері, фокус-топтардың саны, талқылауға арналған сұрақтар, жүргізушінің жоспары, қатысушылар үшін материалдарды дайындау өлшемдері анықталады. Зерттеуге қатысушыларды таңдаудың көптеген өлшемдері қолданылады. Жас мөлшерін, жынысын, әлеуметтік-экономикалық мәртебесін, тұратын жерін, білім деңгейін осындай өлшемдерге жатқызуға болады. Белгілі бір мақсатты демографиялық топтарды да пайдалануға болады. Оған – жастар, әйелдер, жұмысшылар мен зейнеткерлер жатады. Әдетте, фокус-топтар қатысушылары әр түрлі фактордардың комбинациялары бойынша топтастырылады, бұл ретте, әр түрлі көзқарастарды талқылау және пікір сайыс үшін жағдайды қамтамасыз ету мүмкіндігін беретін, біртектілік сақталады.
Фокус-топтар өткізу. Модератор және оның ассистенттері 30 минут ішінде, фокус-топ болатын орынға келуі, сондай-ақ техникалардың жұмысқа дайындығын, материалдардың, орындықтардың және т.б. жеткілікті санының болуын тексеруі тиіс.
Келесі кезең – қатысушылардың кездесуі. Кездесу мәжіліске арналған орында өтпеуі қажет. Негізінен, кездесу салтанаты, тіл табысу, ашық жарқын сөйлесуде маңызды рөл атқарады. Қысқаша тіркелу сауалнамасын толтырғаннан кейін, қатысушылар жеміс немесе кофе берілетін үстелге бет алады. Адамның масаң күйде кездесуге қатысуына рұқсат етілмейді. Кездесу кезеңі 5-12 минутқа созылады. Егер қатысушы 15 минутқа кешігіп келсе, оны талқылауға жіберуге болмайды. Қатысушылар мәжіліс залына кіріп, өздерінің орындарына отырғаннан кейін, кіріспе сөз сөйлеу кезеңі басталады. Аталмыш кезеңге, ұзақтығы – 5-10 минуттық, модератордың кіріспе сөз сөйлеуі кіреді. Кіріспе сөз сөйлеуге келесі компоненттер: модератордың аты-жөні, зерттеу жүргізетін ұйымның атауы кіреді. Одан әрі пікір сайыстың тақырыбы жария етіліп, қатысушыларға өздерінің аты-жөндерін айтуға өтініш жасалады. Модератор болса, өзінің рөлі туралы айтып, қатысушыларды ашық, әдепті болуға шақырады.
«Мұзжарғыш» деп аталатын бөлікте, модератор, барлық қатысушылар жауап бере алатындай, бірнеше жеңіл сұрақтар қоюы тиіс. Осы кезеңде модератор қызығушылық таныту, ашықтық, жұмысқа ынта қоюшылық ахуалын туғызуы қажет. Мысалы, егер талқылау тақырыбы – белгілі бір саяси партияның белгілігі мен имиджі туралы болса, онда: «Сіз М саяси партиясы туралы қандай да бір уақытта естідіңіз бе?» деп сұрауыңыз керек.
Пікір сайыстың негізгі бөлігі. Ол жүргізушінің жоспарына сәйкес жүргізіледі, алайда, мақсат – жоспарды сақтау емес, тіпті, егер осы сұрақтар тізіміне жазылмаса да, ол көздеген ақпаратты алу болып саналады. Пікір сайыстың негізгі бөлімінде модератор алдында екі міндет тұрады, оның біріншісі – талқылауды реттеу, екіншісі – зерттеу проблемасына оны тоғыстау (қосу). Оның пікір сайысқа араласу, тікелей сұрақтар қою, өзінің көзқарасын айту, қатысушылардың айқындамаларына тікелей немесе жанама баға беру, олардың айтқандарына түсініктеме беру құқығының жоқ екендігі, модератордың жиналысты жүргізушіден негізгі айырмашылығы болып табылады. Модератор ойларын ашық айтуды ынталандырады, қатысушылар айтқан көзқарастарға өзінің қызығушылығын көрсетеді, әр түрлі көзқарастар мен сезімді түсінуге және қабылдауға дайын екендігін білдіреді. Фокус-топтық зерттеулердегі модератордың рөлі туралы айта отырып, В.Г.Королько: «Фокустоптық сұхбаттың тәжірибелі үйлестірушісі (модератор) техниканың көмегімен таңдап алған сұрақ немесе көзқарас бойынша пікірлер алмасуды ұйымдастырады және осы үдеріске басшылық жасайды» деп атап көрсетті.
Қатысушылардың пікіріне оның ықпалын азайту және олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасының барынша объективті суретін алу үшін, модератордан өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейі талап етіледі. Сол уақытта модератордың мінез-құлқы табиғи, бұғауланбаған, қатысушыларды өзінің шынайы көзқарасын айтуға ынталандыратындай болуы тиіс. Модератор қатысушыларды сындарлы пікір сайысқа тартуы, тым белсенді қатысушыларды тежеуі және енжар қатысушыларды белсенділік танытуға шақыруы тиіс. Модератор қатысушылардың бұрынғы айтқандарын түсіндіру немесе толықтыру үшін, респонденттерді ынталандыратын байқап көру (алдын ала тексеріп көру) техникасын қолдануы қажет. Белгілі бір іс-әрекетке топтың реакциясына сезімталдық пен сезім шектері, модератордың ең басты сапасы деп санауға болады.
Фокус-топтың мәрелік (аяқтаушы) бөлігі, адамдарды жақсы көңіл күйде шығарып салып, олардың бойында фокус-топтық зерттеу үдерісіне жағымды эмоционалдық қатынасын қалыптастыруға бағытталған. Талқылау аяқталғаннан кейін, модератор әрбір қатысушыға талқылауға белсене қатысқандығы үшін алғыс білдіруі (мүмкіндігінше, оны дер кезінде жасауы), олардың барлығы уақытты бірге қызықты және өнімді өткізгенінін айтуы тиіс. Содан кейін, модератор қатысушыларға, ақыны немесе сыйлықты алу үшін, олардың қайда баруы керектігін түсіндіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *