Фокус-топтар өткізу әдістемесі

Фокус-топтар өткізу әдістемесі. Өткізу кезендері: дайындық кезеңі, далалық зерттеу, деректерді талдау және нәтижелерді табыс ету. Зерттеу командасын дайындау. Респонденттер алу. Гайд жазу

Әдетте топтардың жұмысын аудио- және бейнетехникалық құралдардың көмегімен жазады, ал оның нәтижелері сандық зерттеулер жүргізу, мысалы, пікір сұрау әдісін пайдалану үшін негіз болып саналады. Аталмыш әдісті пайдаланудың мүмкіндіктері мен тиімділігіне әр түрлі өңірлер мен ел тұрғындары мәдениетінің, дәстүрінің күшті әсер ететіні, анық. Бұл, фокустоптарды қалыптастыру кезінде, мысалы, оның санын, жетекшінің
(жүргізушінің) рөлі мен белсенділік дәрежесін анықтау кезінде ескеріледі.
Фокус-топтардың оңтайлы саны 8-ден 12-ге дейін ауытқиды. Қатысушылардың саны одан аз болған кезде топтардың өнімді жұмыс жасауы үшін қажетті динамика болмайды және жетекшінің топ жұмысын жандандыру үшін көп күш жұмсауына тура келеді. Топ мүшелері санының 12 адамнан асып кеткен кезінде, өнімді пікір сайыстың орын алуы қиын, топ шағын топтарға бөлініп, оқшауландырылған тақырыпқа әңгіме жүргізеді, ал пікір сайыстың өзіне бірнеше адам ғана қатысады.
Өкінішке қарай, топтың құрамын күні бұрын анықтау қиын. Мысалы, пікір талқыға қатысуға 12 адам тілек білдіргенімен, нақтысында 6 адам ғана қатысады. Топтың құрамына қатысты айтатын болсақ, онда оны оған қатысушылар құрамының гомогенділік (жас мөлшері, қызмет түрі, отбасылық жағдайы және т.б.) қағидатына сүйеніп құруға кеңес беріледі. Бұл жағдайда, ашық пікір сайыс үшін жақсы жағдай жасалады деп саналады.
Топқа қатысушыларды таңдау, ең алдымен, жүргізілетін зерттеудің мақсаттарымен анықталады. Мысалы, егер, өнімнің орауы туралы жаңа идеялар беру оның мақсаты болып саналса, белгілі бір маркадағы тауарларды сатып алған тұтынушылар фокус-топтардың қатысушылары ретінде шақырылады. Әдетте әлеуетті қатысушыларды пікір сайысқа қатысуға телефонның көмегімен шақырады, соған қарамастан кейбір уақытта топтың жұмысына қатысуға тікелей дүкенде шақырады. Топты құру үдерісіне мүмкін болғанынша жетекшінің қатысқаны абзал. Топ қатысушыларын «өз еріктерімен алу» кезінде олардың еңбегіне ақы төлеудің ақшалай түрі, сол сияқты белгілі бір тауарларды тегін беру арқылы натуралды түрі пайдаланылады. Фокус-топтардың жұмыс күнінің қарсаңы туралы, әлеуетті қатысушыларға жиі еске салынады. Бұл жағдайда олардың пікір сайыстан бас тартуы кезінде осындай қатысушыларды алмастыру мүмкіндігі болады. Пікір сайыс 1,5 сағаттан көпке созылады деп болжанған кезде, ең жақсысы, оны осындай талқылау үшін бейімделген бөлмеде, дөңгелек үстел басында, ойланып жұмыс істеуге оң ықпал ететін тыныш, байсалды жағдайда өткізген артықшылықты болып көрінеді.
Фокус-топтар жұмысының табыстылығы көбінесе пікір сайыстың мақсаттары мен міндеттерін терең түсіну негізінде, пікір талқының барысына тікелей араласусыз, оны жүргізуді басқаратын, жетекші қызметінің тиімділігіне байланысты болады. Ол қатысушылар арасындағы табиғи талқы мен талқыланатын тақырыптан шегіну арасындағы теңдестікке ұмтылады. Жетекші, топтар қатысушыларының айқындамалары мен түсіндірмелеріне терең қызығушылық танытатын, жоғары коммуникабельді адам болуы тиіс. Әдетте, пікір сайысқа дейін фокус-топта жетекші оның жұмысының егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды, талқыланатын проблематика бойынша өз білімінің деңгейін көтеруге тырысады. Топтар жұмысының нәтижелерін талдау кезінде екі маңызды факторға, біріншіден, пікір сайысқа қатысушылардың айтқандарын талқыланатын тақырыптардың санаттары мен ұғымдары тіліне ауыстыруға және олардың пікірлерінің келісімділік дәрежесін анықтауға назар аударған дұрыс. Екіншіден, зерттелетін мақсатты нарықтың тұтынушылары үшін, фокус-топтар қатысушыларының мінездемелері оған қандай шекте тән екенін анықтау керек.
Фокус-топтардың басты артықшылықтарының қатарына келесілерді жатқызуға болады:
1. Өзінің пікірін адал және еркін баяндай білу, егер пікір сайыс өткізу кезінде ақылмандар талқысы әдісі қолданылатын болса, әсіресе жаңа идеялар беру мүмкіндігі.
2. Пікір сайыстың мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыруға тапсырыс берушінің қатысу мүмкіндігі, топтың жұмысын бақылау, оның жұмыс нәтижелеріне аса жоғары сенім туғызады. Осы нәтижелерді тапсырыс беруші, ресми есеп алғанға дейін-ақ, өзінің жұмыс тәжірибесінде пайдалана бастайды.
3. Аталмыш әдісті пайдалану бағытының әр алуандығы, бұл туралы бұрынырақта сөз болған.
4. Неғұрлым ресми құрылымданған жағдайларда, мысалы, сауалнамаға қатысқысы келмегенде, зерттеуге көнбейтін респонденттерді зерттеу мүмкіндігі.
Айтылғандарды қорытындылай келе, аталмыш әдістің кемшіліктеріне ықтимал репрезентативтік еместікті, алынған нәтижелердің субъективті түсіндірілуін, топтың бір мүшесіне оның құнының жоғарылығын жатқызуға болады. Фокус-топтар жұмысы нәтижелерінің тұтастай, алғанда бас жиынтыққа қатынасы бойынша репрезентативті болып саналмауы мүмкін екендігі, келесі түрде анықталады. Осындай топтың жұмысына, негізінен, тұтастай алғанда бас жиынтықпен салыстырғанда осындай типтегі ұсынысқа неғұрлым белсенді ықыласпен әрекет ететін респонденттер қатысады. Мұнан өзге, оның құрамына соңғы сәтте кәсіби респонденттер кіруі мүмкін, шағын, негізінен, фокустоптардың гомогенді құрамы, оған оң ықпал етеді.
Топтар жұмысының нәтижелерін түсіндірудегі субъективизм, жетекшінің көзқарасын қолдайтын фактілерге екпін жасау мен өзге көзқарасты жоққа шығарумен, елемеумен байланысты болады. Одан әрі, тапсыр берушінің дайындыққа және фокус-топтар жұмысын жүргізуге қатысуы, сондай-ақ қажетті нәтижелер алуға оң ықпал етуі мүмкін. Бұрын атап өткеніміздей, тапсырыс беруші ресми есеп алғанға дейін-ақ топ жұмысының нәтижелерін пайдалана алады. Аталмыш әдісті пайдалануға жұмсалатын шығындар келесі түрде анықталады. Мәселен, АҚШ-та сандаған телефонмен сөйлесулер құны бір қатысушыға цифр түрінде шамамен 25 доллармен көрсетіледі. Фокустоптар жұмысына қатысқаны үшін көтермелеу шамамен 30 долларға түседі. Бір сессия үшін білікті жетекшінің еңбек ақысы 1500-2000 доллар құрайды. Мұнан өзге ғимаратты (жайды) жалға алу құнын, техникалық құралдарды пайдалануға жұмсалатын шығындарды ескеру қажет. Әдетте, бұл шығындар жалға алудың бір сағаты үшін жүздеген доллар құрайды. Одан әрі, тікелей түрде жиын шығындарға кірмейтін, жасырын шығындар бар, мысалы, тапсырыс берушінің жүргізілетін зерттеулерге қатысуымен байланысты.
Қазіргі заманғы коммуникациялық технологияларды пайдалану фокустоптарды пайдалану диапазонын кеңейтеді. Мысалы, әр түрлі қалаларда сессия өткізетін екі топтың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Фокус-топтардың сценарийлері, талқылау үшін ұсынылатын, сұрақтар тізімін білдіреді. Фокустоптар өткізу кезінде әр түрлі сапалық әдістемелерді пайдаланған дұрыс. Рөлдік ойындар, аяқталмаған ұсыныс, қауымдастық, метафора, мінез-құлықтың өзіндік типіне қарама-қарсыны сипаттау, жанама (жасырын) сұрақтар және т.б.
осындай әдістемеге жатқызылуы мүмкін.
Социологиялық зерттеу ретінде фокус-топтар өткізу бірнеше кезеңдерді: «Кірісу үшін дене қыздыруды», негізгі бөлімді (талқылауды), пікір сайысты аяқтауды болжайды. Әдебиеттерде социологиялық зерттеу жүргізудің әр түрлі сызбалары: екі саты (дайындық және өзіндік зерттеу) немесе бағдарлама жасау, бақылау объектісі мен бірліктерін анықтау, әдістемелер әзірлеу, материал жинау, оны талдау мен қорытындылау кіретін бірнеше кезеңдер қолданылады; теориялық-қолданбалы зерттеудің жұмыс жоспарына, В.А.Ядовтың пікірінше, теориялық тұжырымдамалар мен бағдарламалар әзірлеу кезеңі, далалық кезең, деректерді өңдеу мен талдау және қорытынды есептер мен жарияланымдарды ресімдеу кезеңі кіреді.
Фокус-топтар қолданатын социологиялық жобаның өзіндік өзгешелікті белгілері бар. Мәселен, Д. Стюарт осындай зерттеудің келесі кезеңдерін: проблемалар мен ғылыми болжамдарды тұжырымдауды, іріктемелер дайындауды, әлеуметтанушыларды оқыту мен дайындауды, фокус-топтардың жоспарын әзірлеу мен ресми мақұлдауды, респонденттер жинауды, олардан пікір сұрау жүргізуді, деректерді талдауды, түсіндіруді және есеп жазуды бөліп көрсетеді. Р.Крюгер басқалай жоспарды ұсынады, ол бойынша бірінші орынға зерттеу жоспары, содан кейін сұрақтарды әзірлеу, зерттелетін топтарды анықтау, респонденттер жинау, фокус-топтар өткізу, деректермен (мағынасын ашуды қоса алғанда) жұмыс жасау, талдау мен нәтижелерді табыс ету (есеп жазу) қойылады.
Ілгеріде баяндалған теориялық-методологиялық қағидаттарды ескере отырып, фокус-топтармен жүргізілетін зерттеу сызбасы, деректерді жинау мен талдау кезеңінің дәл бөлінуі болмайтындай түрде өзгереді. Бұл, зерттеушінің сыни тұрғыдан қарау ұстанымымен, бұрын ұсынылған ғылыми болжамдарды үнемі ой елегінен өткізу үдерісімен, олардың өзгеруімен, респонденттердің белсенді рөлімен және т.б. байланысты. Біздің көзқарасымызша, аталмыш әдіспен жұмыс жасау кезінде, олардың арасына анық шекаралар жүргізбестен, үш негізгі кезеңді бөліп көрсеткен дұрыс. Бірінші (дайындық) кезеңде зерттеудің мақсаты, объектісі мен заты (тақырыбы) анықталады, зерттеу командасына дайындық жүргізіледі, фокус-топтардың саны, олардың мөлшері, нысандандырылғандық дәрежесі анықталады, пікір сайыс жоспары (сценарий немесе гайд) жасалады, тақырыптар мен олардың саны, сондай-ақ оны өткізетін орын таңдалады. Оған, мысалы, фокус-топтар сценарийіне түзетулер енгізуі мүмкін, пилотаждық зерттеулер жатқызылады. Екінші кезең – өзіндік далалық жұмыстар мен нәтижелерді бастапқы өңдеу. Үшінші – аудио- және бейне жазбалардың мағынасын ашу кіретін, деректерді талдау кезеңі және жоба, есеп жазумен және нәтижелерді табыс етумен аяқталады.
Дайындық кезеңі. Сипатталатын әдіспен жүргізілетін социологиялық немесе маркетингтік зерттеулер, кез келген өзге зерттеу сияқты, бағдарламалар жазудан басталады. Ресей әдебиетінде оны жазудың белгілі бір дәстүрі қалыптасты және осы мәселелер Е.М. Андреевтың, М.К. Горшковтың, В.Т.Гречихинның, А.Г. Здравомысловтың, И.М. Слепенковтың, Ф.Э. Шереги мен В.А.Ядовтың және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Бірінші кезеңде бағдарлама проблемаларды тұжырымдау мен негіздеуден, зерттеу мақсаттарын, оның объектісі мен затын анықтаудан, негізгі ұғымдарды логикалық талдаудан, ғылыми болжамдар мен міндеттерді тұжырымдаудан; ал, екінші кезең – зерттелетін жиынтықты анықтаудан, бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың пайдаланылатын әдістерін сипаттаудан, оны жинау үшін құралдар жиыны мен оны өңдеу сызбаларының логикалық құрылымдарын бөлшектеуден тұрады.
Фокус-топтармен жүргізілетін жобада, ілгеріде айтылған қағидаттарды қолдану, ғылыми болжамдардың зерттеудің ерте сатыларында ұсынылмайтындығына әкеледі, өйткені, ұғымдар мен ғылыми болжамдарды социологтың априорлы анықтауы, әлеуметтік өзара қарым-қатынастар түсінігін, оның респонденттер ұсынатын түсіндірулерінен алшақ болатындай түрдегі түсінігін қайта анықтауы мүмкін.
Зерттеу мақсаттарын, объектісі мен затын анықтау
Фокус-топтың орыны (негізгі және қосымша) мен алынатын деректердің мәртебесі соған байланысты болатын мақсаттарды анықтау, бірінші кезеңдегі маңызды қадамдардың бірі болып саналады. Социологиялық зерттеулер жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, ол, жоба барысында өзгеруі мүмкін. Мәселен, сандық зерттеу (сауалнама) деректерін тексеру алғашқы беттегі фокус-топтар әдісінің мақсаты болуы мүмкін, және ол жоспарға сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте екінші кезекте, деректер жинау мақсатында, пікір сайыс бағыты аз құрылымданғандық жағына қарай өзгереді және фокус-топтар социологиялық ақпараттарды жинаудың негізгі әдісіне айналады.
Зерттеу командасын дайындау
Бірінші кезеңде, зерттеушіден, фокус-топты жүргізушіден (модератордан), стенографистер мен ассистенттерден тұратын, зерттеу командасын оқыту жүргізіледі. Топтың әрбір мүшесінің өз міндеттері бар, мысалы, модератор әңгімелесу өткізеді, стенографист, олардың эмоционалдық бояуын атап көрсете отырып, айтылғандарды тіркейді. Американдық социологтар, зерттеуге тікелей қатысы жоқ, алайда пікір сайыс ахуалына (мысалы, тыныштықты, салқын сусындар беруді қамтамасыз етуге) түбегейлі әсер ететін, ассистенттердің рөлін, сондай-ақ атап көрсетеді. Оны жүргізуге және дайындауға қатысатындарды, фокус-топтар әдісінің негіздеріне оқытып, үйретеді, зерттеу тақырыбымен, мақсаттарымен таныстырады, таңдап алған топтың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, практикалық сабақтар өткізіледі. Дайындықтан өткен және жасақталған команда зерттеу жүргізу үшін бүкіл қажетті жағдай жасауға және респонденттердің өздерін жайлы сезінуіне, ой-пікірлерін еркін айтуына мүмкіндік береді.
Фокус-топтардың саны мен мөлшерін анықтау
Зерттеулердегі фокус-топтардың саны әр түрлі болуы мүмкін және әдістің танымдық мүмкіндіктерімен, зерттеу мақсатымен, зерттелетін әлеуметтік топтардың әр түрлі мінездемелерінің болуымен анықталады.
Біріншіден, фокус-топтар саны әдісті қолдану шекараларымен байланысты. Оның көмегімен алынатын деректер сипаттамалық сипатқа ие екенін және алынған пікірлердің зерттелетін топқа таралушылығының дәрежесі туралы мәліметтерді білдірмейтінін ескере отырып, фокус-топтарды, жаңа ақпарат алғанға дейін және теориялық тұрғыдан молықтырылғанға дейін жүргізген дұрыс болады. Ұсынылатын әдістің, соған жеткен кезде топтар санының көбеюі айтарлықтай нәтижелер бермейтін шекарасы болады. Әдетте, респонденттердің таңдап алған топтарының біріне екі-үш пікір сайыс жүргізгеннен кейін барынша көп ақпарат алуға қол жеткізіледі және оның санын кейінгі өсіру жаңа білім бермейді.
Екіншіден, бұл, зерттелетін топтар шеңберлеріндегі айырмашылықтардың сипаты. Сипаттау, фокус-топтардың мақсаты болып саналатынын ескере отырып, өзінің назарын, аса маңызды ақпарат беретін, қоғамдағы сегменттерге аударған дұрыс. Соған қарамастан, зерттеу объектісі болып саналатын, халықтың негізгі санаттарының зерттеуге тартылуы маңызды болып саналады. Фокус-топтардың саны жаңа өзгермелілердің, мысалы, жынысының, жас мөлшерінің, тапқа және ұлтқа жатушылығының (егер олардың жоба үшін маңызы болса) пайда болуымен ұлғая түседі. Егер, респонденттердің жынысы пікір сайыс сипаты мен оның ахуалына әсер ететін болса, топтардың саны арта түседі.
Үшіншіден, фокус-топтардың саны зерттеу мақсаттарына байланысты болады. Әдісті қолдану тәжірибесі көрсеткендей, бір сипатты зерттеу үшін екіден алтыға дейін пікір сайыс өткізу қажет. Бұл ретте, әрбір фокус-топтағы қатысушылардың санына қатысты, жобадағы адам саны да 12-ден 100-ге дейін ауытқуы мүмкін. Бүкіл қатысушыларды фокус-топтағы пікір сайысқа тарту үшін 6-дан 8 адамға дейін қатысуы қажет. Егер оған шақырылған респонденттерден екі-үш адам келсе, соған қарамастан зерттеуді жүргізуге болады, өйткені, анықталғандай, бұл шағын топ болып саналады. Пікір сайыстың бір жарым-екі сағаттық стандартты ұзақтығы кезінде, әрбір қатысушының пікір айтуға уақыты көбейіп, топтық талқылаудағы оның қосатын үлесі мен рөлі арта түседі. Фокус-топ әдісі проблемаға әрбір респонденттің осы уақыт ішіндегі реакциясы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді. Екі сағат ішінде шамамен екі тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашу мүмкіндігі болады.
Біздің көзқарасымызша, саны сегіз адамнан асатын топта келесідей кемшіліктер болады. Біріншіден, модератордың талқылау үдерісіне тартылушылығының әр түрлі дәрежесі кезінде, үлкен топты басқаруы қиын болады, өйткені онда бір мезгілде бірнеше динамикалы үдерістер болады. Мысалы, қатар отырған респонденттер арасында пікір сайыс туындайды. Олар негізгі әңгімемеге қатыса отырып, бақылауға көнуі қиын болады, ал деректердің мағынасы іс жүзінде ашылмайды. Үлкен топтардағы динамикалы үдерістердің қиындық салдары ретінде, модератордың рөлі ерекше маңызға ие болады және пікір сайыстың бүкіл барысын анықтайды. Бұл жағдайда талқылау қатаң түрде жоспар бойынша жүреді және топтардың өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ когнитивті үдерістерді бақылау мүмкіндігі жоғалады.
Респонденттер алу
Дайындық кезеңінің келесі қадамы – зерттеу бірліктерін анықтау. Бұл ретте бірқатар себептер бойынша таза түріндегі іріктеме қолданылмайды, өйткені таралушылық шараларын өлшеу немесе экстраполяция емес, құбылысты сипаттау, фокус-топтар әдісінің негізгі мақсаты болып саналады. Кездейсоқ іріктеме қолданылуы мүмкін, алайда іріктеу кезінде шешуші фактор болып саналмайды. Мәселен, бірқатар авторлар оның кейбір қағидаттарын пайдалануды ұсынады, мысалы, топтар композициясы халықтың негізгі санатын (зерттеу мақсатына сәйкес) көрсетуі тиіс.
Өзгешелікті формада фокус-топтар әдісімен зерттеуде стратификацияланған іріктеме қолданылуы мүмкін. Сол уақытта: қатысушылардың жас мөлшері, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі, білім деңгейі, діни көзқарасы, ұлты, тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы және т.б. оның өлшемдері болуы мүмкін. Қатысушыларды іріктеу үшін, негізгі және бақылау параметрлері ажыратылады. Бақылау сипаттамаларының көмегімен топтардың гомогенділігі тексеріледі.
Респонденттерді іріктеу кезінде топ-ішілік гомогенділік қағидаты сақталады, өйткені оны сақтау динамикалық үдерістерге, үлкен еркіндікке және қатысушылардың ашықтығына оң ықпал етеді. Фокус-топтар әдісін қолдану тәжірибесі көрсеткендей, алдымен зерттеу үдерісінде гомогенді топтар гетерогенді топтарға айналады және іріктеудің негізгі өлшемдері өзгереді. Сондай-ақ фокус-топтар қатысушылары немесе зерттелетін учаске кездейсоқ әдіспен таңдалады. Ол жалпы түрде тізімдерге немесе телефон абоненттерінің тізбесіне қолданылады. Бұл әдіс респонденттерді алу кезінде тиімді, ал егер іріктеу өлшемі өте өзгешелікті болса, онда тиімдігі аз болады. Фокус-топтар үшін қатысушыларды кездейсоқ таңдауға болатын тізім, бірқатар зерттеушілердің пікірі бойынша, деректердің сенімділігін, анықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Алайда, егер социолог статистикалық қорытындыламаларға ұмтылмаса, онда, аудан, берілген сипаттамаларға сәйкес келетін адамдардың үлкен пайызы тұратындыққа сүйеніп, таңдалады.
Респонденттерді алу келесі негізгі тәсілдер негізінде жүзеге асырылады, ол: алдын ала сауалнама немесе сұхбат жүргізу, бақылау, зерттеушінің иелігінде бар деректерді (тізімді) талдау, осыған дейін бар топтарды пайдалану, жарнама, бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыру. Алдын ала сұхбат пен сауалнама жүргізу фокус-топтарға неғұрлым дәл келетін респонденттерді алуға, сондай-ақ зерттелетін топтарды сипаттау үшін сауалнамалардан қосымша ақпаратты пайдалануға мүмкіндік береді. Осы үлгілерді (формаларды) толтыра отырып, әлеуетті респонденттің қойылған проблемалар туралы ойлана бастайтыны және фокус-топтар барысында талқылаудың сыртқы әсер емес, ішкі әсерден болуы мен мәжбүрлемеушілігі жоғалатыны, аталмыш әдістің кемшіліктерінің бірі болып табылады.
Кейбір уақытта, қандай да бір өлшемдер негізінде жасалған, респонденттердің деректер базасына ие фирмалар агенттіктерінің іріктемесін пайдалануға болады. Өкінішке қарай, олар әрқашан қолжетімді емес. Осындай бірінші рәсім – социолог берген өлшемдерге жауап беретін қандай да бір аталған адамдардың тізімі. Келесі рәсім – аталған адамдардың тізімінен кездейсоқ іріктеме. Бұл тәсіл әлеуетті респонденттер жиналған жерде: тұрғылықты жері бойынша, көшеде, дүкенде, көрмеде, конференцияларда және т.б. қолданылады.
Осыған дейін бар топтарды (жұмыс ұжымдарын, мектептегі сыныптарды) пайдалау фокус-топтар үшін әрқашанда дәл келе бермейді, өйткені қалыптасқан қатынастар жүйесі жауаптарға және шетін тақырыптарды талқылауға әсер етуі мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы (газеттердегі немесе радиодағы) хабарлар мен хабарландырулардың көмегімен әлеуетті респонденттер тартудың қажеті жоқ. Осындай іріктеу ақпараттарды бұрмалауға әкелуі мүмкін, өйткені фокус-топқа қатысу үшін, әсіресе ұсынылған тақырыпқа қызығушылық танытатын немесе қосымша табыс тапқысы келетіндер келуі мүмкін.
Фокус-топтардың сенімділігін арттыру үшін социологқа келесідей практикалық ұсынымдар беріледі:
1) Зерттеудің басында іріктеу өлшемдерін дәл бөліп көрсету қажет, бұл ретте адамдардың пікірлеріндегі айырмашылық осындай өлшемдер болып саналмайды.
2) Социологқа, респонденттер таңдауды жеке бақылағаны жақсырақ. Бұл, маркетингтік зерттеулерден өзгешелігі, социологиялық зерттеулерде, қатысушыларды алу үшін дәл ережелердің болмауымен түсіндіріледі. Деректердегі қателік, фокус-топқа респонденттерді таныстарының есіндегілер бойынша алу салдары болуы мүмкін немесе, егер аталмыш рәсімдерді жүргізу кәсіпорындағы басшыға немесе мектептегі мұғалімге тапсырылса, сондай жағдайда болуы мүмкін. Фокус-топқа осылай алу кезінде, оған, не өндірістегі нашар және қажет емес жұмыскерлер, не сабаққа барғысы келмейтін мектеп оқушылары болып саналатын респонденттер алынуы ықтимал.
3) Кейбір жағдайларда кездейсоқ іріктемелерді (егер, берілген өлшемдерге жауап беретін, респонденттердің жеткілікті саны бар болса) пайдалану, сапалық зерттеулердегі деректердің сенімділігін, анықтығын арттырады.
4) Қатысқаны үшін ақы төлеу мүмкін емес болып көрінетін кездегі жағдайларда, фокус-топқа қатысуға респонденттердің уәждемесін арттыру үшін, шақыруды жеке жолдайды, жағымды көңіл күй туғызады.
5) Зерттеу жүргізу барысында, атап айтқанда, фокус-топтар өткізу орнын, адамдарды шақыру формаларын таңдау кезінде, жергілікті әлеуметтік-мәдени және географиялық ерекшеліктер ескеріледі. Бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша, егер қатысушылар бір-бірімен таныс болмаса, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, анықтылығы арта түседі. Соңғы талап, фокус-топтар әдісін, қолдану аясын елеулі түрде қысқартады, өйткені ұйымдарда және ұжымдарда, яғни осыған дейін қалыптасқан топтарда зерттеулер жүргізу кезінде осы өлшемдерді сақтау қиынға түседі. Автор зерттеулерінің тәжірибесі көрсететіндей, соңғы талап әмбебап сипатқа ие емес, ал индивидтерді алу зерттеу тақырыбына қатысты болады. Егер талқыланатын тақырып адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасқа әсер етпейтін болса, онда сондай жағдайда фокус-топта бірбірімен таныс қатысушылар болуы мүмкін. Модератордың шеберлігі мен фокус-топтар әдісінің мүмкіндігін пайдаланып, ақпараттар жинау үдерісіне «таныстықтың» әсерін азайтуға болады.
Фокус-топтар алу үдерісінде бірқатар проблемалар туындайды. Фокустоптар алудың әр түрлі әдістері мен тәсілдеріне қарамастан, арасында коммуникативтік сапасының (ұялшақ, тілі мүкіс) деңгейі төмен адамдар, сондай-ақ берілген өлшемдерге жауап бермейтін (компанияға шақыртумен келген) индивидтер кездеседі. Респонденттер алу сапасын жақсарту үшін бірнеше әдістемелік ережелер қолданылады. Мысалы, фокус-топқа қатысу үшін оның талаптарына сай келмейтін респонденттерге күні бұрын дайындалған сауалнама ұсынылады, оны толтырғаннан кейін оларға алғыс айтып, егер уәде етілген болса, материалдық сыйақы беріледі.
Әр түрлі адамдарды бір уақытта және бір жерде жинау қажеттігі, респонденттер алудың тағы бір қиындығы болып табылады. Бұл міндет адамдардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қатысты қиын немесе оңай болады. Социологиялық және маркетингтік зерттеулер тәжірибесі көрсеткендей, ол неғұрлым жоғары болса, топтағы өз құрамын толықтыру соғұрлым қиынырақ. (Зерттеу тәжірибесінде, фокус-топқа респонденттерден ешкім келмеген жағдайлар кездеседі). Сол уақытта, шақырылған респонденттерге телефон шалып, алдағы уақытта осы жағдайды ескеру үшін бас тарту себебін нақтылау қажет.
Сонымен, фокус-топқа респонденттер алу маңызды, мазмұнды міндеттер болып саналады, өйткені оны дұрыс жүргізбеу кезінде нәтижелер сенімді емес болады. Респонденттердің өз құрамын толықтыру формасы, ақыр соңында, зерттеуге қатысуға деген респонденттердің ниетіне, олардың оған тартылушылығы мен шынайы ықылас білдіруіне әсерін тигізеді. Сондықтан, шақыру уақыты мен формасы, алдын ала әңгімелесу, деректер жинау кезеңінде, өзара түсіністік орнату үшін жағдай жасайды.
Тақырыптарды таңдау және олардың санын анықтау
Фокус-топтың негізіне жататын топтық динамиканы дәлел ретінде пайдалана отырып, ғалымдар бір тақырыптардың жарамдылығы және өзге бір тақырыптардың жарамсыздығы туралы әр түрлі қорытындыларға келеді. Фокус-топтар әдісін пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, шетін немесе сырластық (интимдік) тақырыптар негізгі проблема болып саналады. Осындай тақырыптарды талқылау кезіндегі респонденттердің ашылу дәрежесі, мысалы, топтардың композициясына, оған қатысушылардың таныстық дәрежесіне, олардың әлеуметтік-демографиялық мінездемелеріне (жынысына, жас мөлшеріне) және т.б. қатысты болады. Осындай тақырыптарды талқылауға респонденттерді дайындау үшін, әлеуметтік-демографиялық мінездемелер туралы ғана емес, сонымен бірге болжанатын тақырып сұрақтары бар сауалнамаларды іріктеу мақсатында пайдалануға болады. Бұл, фокус-топтар әдісіне өз атын жасырын жазушылық жетпейтіндігімен байланысты. Сырластық тақырыптар қозғалатын фокус-топтар өткізу кезінде, респонденттердің өзін-өзі ашуына және қоғамдық пікірлерде дәстүрлі түрде қуаттауға ие болатын, жауаптар санын азайту үшін жағдай жасау маңызды. Ол бойынша пікір сайыс барысында социолог әрбір қатысушының ашылу деңгейінің өзге респонденттердің болжамдарына сәйкес келуін қадағалауы тиіс.
Тақырыптардың саны зерттеу мақсатымен, нысандандырылған фокустоптардың дәрежесімен, пікір сайысқа психологиялық тартылушылық пен қызығушылық танытушылықтың сол кездегі шектерімен, оның тақырыбымен және онымен танысқан әлеуетті қатысушылардың дәрежесімен анықталады. Мақсаттарға қатысты, сценарийде қозғалатын тақырыптар саны анықталады. Д.Фрею мен А.Фонтананың негіздеуі бойынша топтық сұхбат: мақсаттарды көздейді: түсініктемелік (тақырыппен танысу, зерттелетін топпен өзаратүсіністік орнату, ғылыми болжамдарды тұжырымдау); пилотаждық (құралдар жиынын тексеру); триангуляциялық (сенімділікті, анықтылықты арттыру үшін әдістер жиынын пайдалану); феноменологиялық (негізгі санаттарды анықтау, жаңа тақырыптарды ашу) мақсаттарды көздейді. Бірінші және екінші мақсатқа сәйкес фокус-топтар нысандандырылған немесе жартылай нысандандырылған сипатқа ие және екі-үш тақырыпты қамтиды. Феноменологиялық мақсаттағы әңгімелесуде бір-екі тақырып талқылануы мүмкін.
Талқылау үшін ұсынылатын тақырыптардың саны мен нысандандырылғандық дәрежесі бойынша маркетингтік және социологиялық зерттеулердегі фокус-топтар өзгешеленеді. Біріншіден, ынталандыруларды пайдаланатын, талқылау үшін орташа ұзақтығы бір жарым сағат, нысандандырылған пікір сайыстарда әдетте 3-4 ынталандыру (мысалы, жарнамалық роликтер немесе жарнамаланатын тауарлар) ұсынылады. Оған керісінше жағдайда, модератор, жарнамалық өнімге тікелей қатынасы бар, респонденттердің өзі, өмір салты, мінез-құлқы туралы ақпарат алуға және одан күтетін олардың болжамдары мен оған қатынасы туралы білуге үлгермейді. Социологиялық зерттеулерде, ақпараттарды жоғалтусыз және бүкіл қатысушылардың нысандандырылған фокус-топта сол уақыт ішінде шамамен екі, үш тақырыпты, ал нысандандырылмаған фокус-топта – екеуден аспайтын тақырыпты талқылауына болады. Пікір сайысқа психологиялық тартылушылық шектеріне сүйене отырып, фокус-топтардың қатысушылары бір жарым сағаттан аспайтын, ең көп болғанда екі сағат ішінде оған қызығушылық танытады, ал одан ұзақ уақыт талқылағанда адамдар, әдетте өз пікірін ықылассыз айтады. Шақырылғандардың әңгімелесуге тартылушылығы, сондай-ақ көңіл күйге және тақырыпқа қызығушылық танытуға әсер етеді. Егер пікір сайыс тақырыбы респонденттерге қызық емес болса, онда сол жағдайда топтар нысандандырылған сұхбат сипатын иеленеді және оның мән-маңызына тереңдеп бармастан, зерттелетін проблеманың бүкіл мүмкін аспектілерін қамтиды. Тақырыптар саны сондай-ақ олардың сипатына қатысты болады. Фокус-топтар әдісін қолдану тәжірибесі көрсеткендей, шетін және сырластық сұрақтарды талқылау кезінде ақжарқын, ашық, еркін ахуал қалыптастыруға және фокус-топтағы қатысушылардың ашылуына шамамен 30 минут кетеді, нәтижесінде, негізгі тақырып бойынша пікір сайысқа шамалы ғана уақыт қалады. Индивидтердің тақырыппен танысу дәрежесіне қатысты сұрақтардың саны өзгереді және аталмыш жағдайды сарапшылармен және үйреншікті респонденттермен фокус-топтар өткізу кезінде ескеру қажет болады.
Фокус-топтардың нысандандырылғандық дәрежесін анықтау
Фокус-топтар әдісі өзгерістерді қабылдай білушілігімен, өзін алдын ала болжап білуге болмайтындығымен, фокус-топтар өткізу барысы бойынша түзетулер енгізу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Өзгеріс енгізу мүмкіндігі қолданылатын «нысандандырылған – нысандандырылмаған» континуумына сәйкес беріледі. Бір полюсте – пікір талқыға арналған сұрақтар күні бұрын әзірленуі тиіс, нысандандырылған фокус-топтар болады. Бұл ретте модератор фокус-топтар қатысушыларына қысым көрсетпеуі тиіс, алайда олар зерттеу логикасын басшылыққа ала отырып, күні бұрын әзірленген жоспарды қадағалауы қажет. Олай болмаған жағдайда, К.Бейли пікірі бойынша, «құрылымдарсыз… сұхбат жүргізуші қандай сұрақтар қоятынын білмеуі мүмкін және сұхбат туралы, оның мақсаты туралы жүргізуші де, респонденттер де білмеуі мүмкін, сұрақтар шамалап қойылатын, мағынасыз жаттығуға айналуы мүмкін».
Екінші бір полюсте – құрылымы берілмейтін, индивидтерді неғұрлым толық ашу мүмкіндіктері қалыптастырылатын, нысандандырылмаған фокустоптар болады. Бұрын берілген құрылым мен зерттеу үшін қызықты респонденттердің сұрақтарға берген жауаптары арасындағы теңдестікті табуға ұмтылатын, нысандандырылмаған фокус-топтар континуум ортасында болады.
Фокус-топтардың ерекше табиғатын — социологтың ұтқырлығын, әлеуметтік шындықты егжей-тегжейлі зерттеу мүмкіндігін және т.б. ескере отырып, пікір сайысты нысандандыру және жоспарды қатаң қадағалау дұрыс болады. Зерттеуді күні бұрын жоспарланған сұрақтарға сәйкес жүргізу, ақпараттарды елеулі түрде жоғалтуға әкелуі мүмкін, өйткені социолог бұл жағдайда сұхбат берушінің түсініктемелерін назар қойып тыңдамайды, осылайша, жоспардан өзінің күні бұрын дайындап алған сұрақтарын ұсына отырып, осы ескертпелердің себептері мен салдарын байыптап біле алмайды. Егер сұхбат жүргізуші соған ғана бағдарланса, ол, сұхбат берушінің күтпеген жауаптары мен ескертпелерінің салдарына (нәтижесіне) таңдануын білдіруі қажет.
Фокус-топтардың нысандандырылмағандық сипаты күтпеген нәтижелер алуға, пікірлерді қалыптастыру мен дәлелдеулердің нақты жағдайларын үлгілеуге мүмкіндік береді, аталмыш тақырып бойынша социологтың түсінігіне қысым жасаусыз және оған таңусыз, жеке пікірлерді ашуға оң ықпал етеді.
Фокус-топтар үшін жоспар (гайд) жазу
Фокус-топтар өткізу үшін социолог «гайд» деп аталатын оның жоспарын немесе сценариін жасайды. Жоспар респонденттерге құттықтау сөзді тұжырымдаудан, зерттеу мақсатынан, қатысудың негізгі ережелерін түсіндіруден және еркін ахуал туғызуға мүмкіндік беретін, таныстыру сұрақтарын жазудан басталады. Жоспарды тұжырымдаудың бірнеше тәсілдемелері бар. Оларды кейін тақырыпқа сәйкес қайта тұжырымдайтын сұрақтардың қойылысы солардың бірі болып табылады. Екіншісі – тақырыпты алдын ала тұжырымдаудан және содан кейін сұрақтарды құрастырудан тұрады. Фокус-топтың жоспарын жасау кезінде, өзге социологиялық әдістердегі, мысалы, сауалнамалардағы сияқты сұрақтар тәртібі баяндалады. Дэвид Морган мен Ричард Крюгер сияқты зерттеушілер, жалпыдан жекеге қарай қозғалу қажеттілігі туралы, осымен байланысты, бұл, бастапқыда зерттеушінің не айтқысы келетін ойын ашпауға көмектесетіні және фокус-топтардың маңызды сапасы болып саналатын респонденттердің сыртқы емес, ішкі әсері арқылы айтушылығының сақталатыны туралы жазады. Мұнан өзге, жалпы сұрақтардан жеке сұрақтарға бірте-бірте көшу, кейінгі пікір сайыс үшін контекст жасауға мүмкіндік береді. Гайдта әдетте респондентер үшін фокус-топқа қатысу ережесі, таныстыру сөз тіркестері жазылады. Мысалы, фокус-топтардың пікір сайыстан пікір сайысқа дейінгі жоспарын өзгерту методологиялық сипатқа ғана ие емес, сонымен бірге, тақырыпқа қатысты әр түрлі көзқарастарға негізделген, топаралық салыстыру жасауға мүмкіндік береді.
Топтың пікір сайыс жоспары оның нысандандырылғандық дәрежесімен анықталады. Нысандандырылған фокус-топтағы гайд талқылау үшін тақырыптар тізбесі мен ол бойынша сұрақтар мысалдарын білдіреді. Фокустоптарды құрылымдау төмендегі бірқатар себептер бойынша маңызды болып саналады:
1) күні бұрын берілген құрылым, деректердің кейінгі талдауын елеулі түрде жеңілдетеді;
2) нақты сұрақтарды пайдалану респонденттер мен зерттеуші тілінде әр түрлі оқылуы мүмкін екенін жояды;
3) социолог пен пікір сайысқа қатысушылар тарапынан, зерттелетін проблемаға көзқарасын салыстыруға көмектеседі;
4) тікелей қызығушылық туғызатын бүкіл тақырыпты қамтуға мүмкіндік
береді;
5) алынатын деректерге тәртіп, анықтық (дәлдік) пен ұқыптылық енгізеді;
6) топтарды бір-бірімен салыстыруды жеңілдетеді;
7) бірнеше модераторлардың қатысуымен, жобадағы тақырыпты түсінудің әр түрлі оқылуын азайтады;
8) проблемаларды талдаудың тереңдігін бақылайды.
Сыртқы емес, ішкі әсермен айтылушылықты шектеу, респонденттердің айтқандарына қатысты социологтың пікір сайысқа түзету жасау мүмкіндігін азайту, гайд (жоспар) кемшіліктерінің бірі болып саналады.
Нысандандырылмаған фокус-топта екеу немесе үшеу болуы тиіс негізгі бағыттар бөліп көрсетіледі, өйткені оған керісінше жағдайда деректерді өндеу мен оларды талдау сатыларында қиындық туындайды. Бұл, респонденттердің өзін-өзі көрсетуі үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Пікір сайыс жоспары қысқа болуы тиіс және жүргізуші үнемі ойдан суырып шығарып айтып, қатысушыларды өз пікірлерін айтуға ынталандырады. Мынадай жағдайларда фокус-топтарды құрылымдаған дұрыс болады: сол уақытта, тұжырымдалған тақырып респонденттерге сыртқы емес, ішкі әсермен жауаптар беруге, өз тілін пайдалануға мүмкіндігін береді; сондай-ақ шетін және сырластық (интимдік) тақырыптарды талқылау кезінде, когнитивтік үдерістерді зерттеу мен оның динамикасын ұстап тұру үшін оң ықпал етеді; егер тақырып, фокус-топтардың бірінде көтерілсе, кейінгі зерттеулер үшін тақырып болып пайдаланылуы мүмкін; егер, бүкіл зерттеуді бір модератор жүргізетін болса, соңғы фактор ерекше маңызға ие болады, өйткені, модераторлардың жеке ерекшеліктері сұрақтарды тұжырымдауға әсер етуі мүмкін; алайда, егер, топты және тұжырымдаулардың жауаптарға әсерін сезетін тәжірибелі социолог зерттеумен айналысса, онда бұл өзінің маңызын жоғалтады. Оған керісінше жағдайда, қатысушылардың өзара іс-қимыл үдерісі үзіледі: респонденттер бір-біріне айтылғандарға назар аудармастан, модератордың сөзіне көбірек бағдарланып, оның сөзіне көбірек құлақ асады және әдістің негізгі артықшылығы – топтық динамика қажет болмай қалады.
Келесі факторлар: социологтың шеберлік деңгейі, жобадағы модераторлардың саны, топтың нысандандырылушылық дәрежесі; зерттеушінің иелігіндегі уақыт; жетекшінің тақырыппен, респонденттердің зерттелетін тобымен, тілімен танысу дәрежесі және т.б. гайд жазуға әсерін тигізеді. Пікір сайыс уақытында фокус-топтардың жоспарын пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар. Негізінде:
1) Пікір сайыс уақытысында жоспарды тікелей пайдалануға, оған қарауға және сұрақтарды оқуға кеңес берілмейді.
2) Топтық динамиканы қолдау және когнитивті үдерістерді зерттеу үшін жетекші жоспардан қатаң ұстанбауы тиіс, егер бұл, зерттеу мақсатына жауап берсе, жаңа тақырыптарға толығырақ тоқталу қажет.
3) Фокус-топта модератор, сұрақ бермей, пікір сайысқа оң ықпал етуі тиіс.
4) Шетін және сырластық (интимдік) тақырыптарды талқылай отырып, фокус-топтардың барысынан ұстанған дұрысырақ болады және гайдтан өте қатаң ұстанбау қажет.
5) Пікір сайыста респонденттерге фокус-топтардың қандай да бірін талқылауға немесе айыптауға мүмкіндік бермеңіз. Пікір сайыстың осы бөлігіндегі модератордың негізгі міндеті, қоғамдық пікір сайысты жеке пікірге айналдырмай, әрбірінің өзіндік пікірін айту құқығын сақтау.
6) Егер топ, қатысушылар үшін қызық, алайда зерттеуші үшін маңыздылығы аз сұрақтарды талқылай бастайтын болса, онда пікір сайысты бастапқы сұрақ пен сценарийге қайта оралту қажет.
Фокус-топтағы сұрақтар типологиясы
Топтағы сұрақтар: маңыздылық, нысандандырылғандық, пікір сайыста көріну кезектілігі дәрежелері бойынша әр түрліше жіктеледі. Фокустоптардағы маңыздылық дәрежесі бойынша Витли мен Флекснер сұрақтардың келесі типтерін бөледі:
1) негізгі;
2) бағыттаушы, «неге?» деген сүйемелдеуші сұрақ пен респонденттердің тілін ескере отырып тұжырымдалған;
3) тексерушілік немесе нақтылаушы (фокус-топты талқыланатын тақырыпқа қайтып оралтатын);
4) өзіндік пікірі жоқтық, тұжырымдалған, дыбысы өшірілген сұрақтар (шетін мәселелерді талқылау үшін);
5) фактологиялық, фактілер мен егжей-тегжейлерін жете қарауды нақтылауға мүмкіндік беретін;
6) пікір сайыс тақырыбымен тікелей байланысты емес және топтың жұмысын ұйымдастыруға бағытталған сұрақтар.
Құрылымданғандық деңгейі бойынша Р.Мертон мен П.Кендалл, фокустоптардың нысандандырылғандығының әр түрлі дәрежелеріне сәйкес келетін, құрылымданбаған, жартылай құрылымданған және құрылымданған сұрақтарды бөледі. Құрылымданбаған стиль – кез келген ынта туғызу (стимул) мен кез келген жауап (респонденттің назары нақты ынта туғызуға екпін жасамайды және сұрақ: «Сіз нені бастан кешудесіз…?» деген сөздерден басталады). Жартылай құрылымданған стиль – бұл кез келген ынта туғызу және нақты сұрақ (мысалы, «… жайлы кім Сізге ақыл берді?»). Құрылымдалған стильде сұраққа жауап сипаты мен ынта туғызу нақты анықталады.
Фокус-топтағы сұрақтар олардың туындау тізбектілігі бойынша жіктеледі. Нәтижесінде, Р.Крюгердің пікірі бойынша: танысу, кіріспе (таныстыру), ауыспалы (таныстырудан негізгіге), негізгі және қорытынды бес негізгі санат алынады. Танысу сұрағына жауап бере отырып, респонденттер өзін қысқаша таныстырады. Кіріспе сұрақтарға жауаптарында – респонденттер тақырыпқа тікелей қатысы бар өмір фактілері туралы айтады. Әдетте, осындай түрде алынған ақпарат социолог үшін негізгі болып саналмайды, алайда пікір сайысты осылай жүргізу қарым-қатынас (әңгімелесу) үдерісін ынталандырады және респонденттерді «қыздыра» түседі. Ауыспалы санат – қатысушылардың талқыланатын тақырыпты неғұрлым кең ауқымда көруіне, аталмыш тақырыпқа өзгелердің қарым-қатынасын білуге мүмкіндік береді. Мінез-құлық, адамдардың уәждемесі – негізгі санатқа жатады және талдау заты болып саналады. Осындай сұрақтардың нысандандырылғандық дәрежесіне қатысты, екіден бес сұраққа дейін қойылады. Қорытынды санат – фокус-топтың соңына қойылған және респонденттердің рефлексиясымен, қабылдауымен байланысты тақырыптар мен өзіндік айқындамалары. Олар өз кезегінде, жалпы сипаттағы сұрақтарға, қорытынды және аяқтайтын сұрақтарға бөлінеді. Жалпы сұрақтарға жауап бере отырып, респонденттер пікір талқының басты тақырыбына өзінің қатынасын білдіреді. Қорытынды сұрақтар социолог туралы респонденттердің пікірі. Аяқтаушы сұрақтар қатысушылардың пікірінше, пікір сайыс барысында жіберіп алған мүмкіндікті социологтың білуіне көмектеседі. Осындай сұрақтарға 10 минутқа жуық уақыт бөлген дұрыс болады. Әдісті қолдану тәжірибесі көрсеткендей, аяқтайтын сұрақтар респонденттердің пікірі мен айқындамасын ескере отырып, гайдқа түзету жасау үшін қажет.
Әлеуметтік зерттеулерде сұрақтарды ашық және жабық деп дәстүрлі дихотомикалық бөлуді пайдалана отырып, фокус-топтағы пікір сайыстың ашық сұрақтарға негізделіп құрылғаны, анық. Р.Мертонның пікірі бойынша, респондент назарын ұсынылған ынта туғызуларға аудармай, «олар сұхбат жүргізушінің пікірі бойынша айтылған нәрсені емес, сұхбат берушінің ойларын, сұхбат берушінің басында не тұр, соны көрсететіндігі» туралы сұрақтарға қызығушылық танытатыны, олардың артықшылығы болып табылады. «Қандай шекте», «қаншалықты», «қанағатанушылық» дәрежесі қандай деген сияқты, сөздер кіретін сұрақтар, өлшеу шкаласы сұрақтарына белгілі бір жауаптар береді. «Неге?» деген сөзден басталатын сұрақ, өзіне белгілі бір қиындық туғызады, өйткені оған берілетін жауап адамнан мінезқұлық рефлексиясын қажет етеді. Олар респонденттерге қиындық туғызады, өйткені көптеген іс-әрекеттер саналы түрде ойланбастан, әдет бойынша жасалады. Оған, П.Лазарсфельдтің пікірі бойынша, нақтылау қағидатын қолданған дұрыс болады. «Неге?» деген сұраққа жауап, біріншіден, әсер ету көзін, екіншіден, қажет нәтижені нақтылай отырып берілуі мүмкін. «Неге?» сөзін «Сіз нені бастан кешудесіз?», «Сіз қалай…?» деген сөз тіркесімен алмастырған жақсырақ.
Біздің көзқарасымызша, фокус-топтағы сұрақтар әр түрлі болуы мүмкін, бұл ретте келесі негізгі сұрақтарға: пікір сайыста дер кезінде көрінуге; респонденттерге барынша үлкен кеңістік пен еркіндік беруге; зерттелетін проблеманың сипатына сәйкес келуге және т.б. жауап беруі тиіс. Фокус-топта сұрақтарды тұжырымдаудың негізгі ережесінің сауалнамадағы және сұхбаттағы сұрақтармен ортақтығы көп, сондай-ақ бұл сұрақтар отандық, сол сияқты батыс социологтарының еңбектерінде қарастырылған болуы мүмкін. Фокус-топтағы сұрақтарды тұжырымдау бойынша практикалық ұсынымдар:
1) Фокус-топтардағы сұрақтарды келесі өлшемдер: ұзақтығы, сөздердің саны және оларды қабылдаудың бір мәнділігі бойынша тексереді. Бұл, сұрақтарды тыңдау арқылы қабылдаудың қиындығымен байланысты.
2) Кіріспе немесе түсіндірме беру үшін қажет сұрақтардан басқаны қоспағанда, ұзын сұрақтарды болдырмау.
3) Фокус-топтарда берілетін сұрақтарды, нұсқаларын ұсынбай тұрып, сұрау.
4) Социолог пайдаланатын сөз респондентке түсінікті болуы қажет және фокус-топтың жетекшісі мен респонденттер оны бірмәнді түсінуі тиіс.
5) Оны түсіндірудің әр түрлі нұсқаларын азайту үшін, сұрақтың астарын түсіндіру қажет.
6) Респондентті белгілі бір оқиғаларға, өзі басынан өткерген тәжірибеге оралтуға көмектесетін, «еске түсіру – сұрақтарын» беруге болады.
7) Сұхбат жүргізуші, үшінші тұлға түрінде сұрақ қойып, үлкен ықтималдықпен, респонденттің жеке тәжірибесінің мінездемесін алады.
Фокус-топтағы социолог қоятын сұрақтардан өзге, респонденттер, сондай-ақ бірқатар сұрақтар қоюы мүмкін. Фокус-топтағы қатысушылардың модераторға жасаған осындай репликаларына, төменде келтірілген ескертпені ескере отырып, жауап беру қажет. Кейбір уақытта, зерттеуді кім қаржыландыратыны туралы сұрақтар қойылады. Компанияның немесе фирманың имиджі, сондай-ақ қандай да бір объектінің әлеуметтік болмысына қатынасы, социологиялық немесе маркетингтік зерттеулердің мақсаты болып саналса, онда демеушінің атын атаған дұрыс емес, өйткені бұл, респонденттердің жауаптарына әсер етуі мүмкін.
Зерттеу жүргізу орнын анықтау
Фокус-топтар өткізу орнын таңдау топтағы өзара іс-қимылға, деректер жинауға және т.б. әсер ететін, зерттеудегі маңызды фактор болып саналады. Фокус-топтар өткізетін орынға әдетте: іздеп табудың қолжетімділігі мен тездігі; бейтарап жағдай (ғимарат ішіндегі қосымша ынталандырулардың, мысалы, картиналардың, плакаттардың және т.б. жоқ болуы); пікір сайыстарға қатысушылардың кеңістікте (мүмкіндігінше дөңгелек немесе сопақ пішінге ие үстелді қоршай) орналасуы сияқты талаптар қойылады. Егер фокус-топтарға бұл орын ыңғайсыз (сыртқы кедергілердің, шудың қатты болуы) болса, онда фокус-топты кейінге қалдырған дұрыс болады, өйткені алынған деректі түсініп, ұғыну қиынға соғады.
Далалық зерттеу. Деректер жинау социологиялық зерттеу жүргізудегі екінші кезең болып саналады. Бірінші тарауда сипатталған методологиялық қағидаттарды ескере отырып, фокус-топтар өткізу ақпараттарды бастапқы талдаумен бірмезгілде өтеді.
Фокус-топтағы модератордың рөлі
Далалық зерттеу барысында фокус-топты жүргізушінің рөлі үлкен маңызға ие болады. Зерттеуді ұйымдастырушы және нәтижелерді түсіндіруші социолог, сондай-ақ арнайы шақырылған жүргізуші фокус-топты жүргізуші болуы мүмкін. Топтардың нысандандырылғандық дәрежесіне қатысты, модератордан ерекше білім мен дағдылар талап етіледі. Жүргізушіге, сондай-ақ: жоғары коммуникативтік, өзінің көзқарасын респонденттерге таңбай, тыңдай білу, әзіл сезімінің болуы, шағын топтардың психологиясын білу және оны басқара білу; эмоционалды және тартымды, қызықтыра білетін әңгімелесуші бола білу, қатысушылардың айтқандарына ортақ әсерленісін таныту, өзіне сыни көзбен қараушылық, білуге құмарлық, тілі мүкіс болмау және жігерлілік сияқты талаптар қойылады. Зерттеу мақсаттарына, мысалы, жынысына, жас мөлшеріне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік-экономикалық мінездемелеріне, арнайы біліміне, сыртқы түріне қатысты ерекше параметрлер ұсынылады.
Фокус-топты жүргізушінің маркетингтік және социологиялық зерттеулердегі рөлі әр түрлі. Мысалы, маркетингтік зерттеулерде ол шешуші рөл атқарады және оған тартылушылықтың жоғары дәрежесі соған тән болып саналады, сондай-ақ, онда ол маркетингтік фирма клиентке ұсынатын тауар болып саналатын, маркетингтік зерттеудің табиғатымен түсіндіріледі, модератор мұнда бүкіл зерттеу командасын білдіреді. Жүргізуші рөлінің нашар көрінуі клиенттің тапсырыс берушіден күтушілігіне әрқашан да жауап бере бермейді. Бұл ретте дамудың бастапқы кезеңіндегі нарықты зерттеуде топтардың психодинамикасына, нұсқаусыз басқару әдісіне баса назар аударылғанын айта кету қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *