Фокус-топтар әдісінің даму тарихы

Фокус-топтар әдісінің даму тарихы. Фокус-топтардың негізгі ұғымдарын анықтау. Фокус-топтарды анықтауға әр түрлі көзқарастар

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап АҚШ-та топтық сұхбат жүргізуге деген алғашқы талпыныстар жасалған болатын. «Фокусталған сұхбат» (жеке және топтық) термині 40-шы жылдары пайда болды. Әскери ведомстволардың тапсырысы бойынша жүргізілген, одақтастардың үгіт материалдарын қабылдауға олардың бірлесіп жүргізген зерттеуі үдерісінде, Роберт Мертон мен Гертой Герцог оның негізгі қағидаттары мен әдістемелерін әзірледі. Осы тәжірибені 1956 жылы Р.Мертон тең авторлармен, «Фокусталған сұхбат» деп аталған кітапта, егжей-тегжейлі қорытындылады және ол бүгінгі күні классикалық еңбек болып саналады. Одан кейінгі жылдары бұл әдіс басым түрде жарнамалық және маркетингтік зерттеулерде қолданылды. «Фокус-топ» термині, міне, осы уақытта пайда болды. Қазіргі уақытта фокус-топ әдісін қолдану аясы кеңейе түсті және әлеуметтік зерттеу, білім беру, денсаулық сақтау, әр түрлі әлеуметтік бағдарламалардың психологиялық сараптамасы сияқты салаларды қамтиды.
Фокус-топтар жиі түрде келесі міндеттерді шешу үшін пайдаланылады:
— қызығушылық туғызатын тақырып бойынша жалпы, дайындық ақпараттарын алу;
— сандық әдістер көмегімен одан әрі тексеруге тартылуы мүмкін, зерттеу ғылыми болжамдарын жасау;
— сауалнамаларды толтыру үшін респонденттердің тілі мен ойлау салтын зерттеу;
— сандық нәтижелерді түсіндіру;
— белгілі бір өнімдерді, бағдарламалар мен өзге де объектілердің қабылдануын зерттеу;
— жаңа идеялар мен шығармашылық тұжырымдамаларды ынталандыру; — әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды психологиялық сараптау.
Демек, фокус-топтар сандық зерттеулерге дейін, сандық зерттеулер уақытында, одан кейін және өзге әдістемелік рәсімдерге тәуелсіз пайдаланылуы мүмкін. Пайдалану туралы шешім немесе әр түрлі әдістерді ұштастыру, зерттеу бағдарламаларын жоспарлау үдерісінде қабылданады.
Фокус-топ, негізгі әлеуметтік сипаттамалары бойынша ұқсас, халықтың зерттелетін бөлігінің «типтік» өкілдерінің шағын тобымен күні бұрын әзірленген сценарий бойынша, топтық пікір формасында модератор жүргізетін, топпен сұхбатын білдіреді. Аталмыш әдісті қолданудың бес басты мақсатын бөліп көрсетуге болады:
1. Идеялар беру, мысалы, шығарылатын өнімдерді жетілдіру бағытына, олардың дизайнына, орауына немесе жаңа өнімдер әзірлеуге қатысты.
2. Тұтынушылардың әңгімелесу сөздігін зерттеу, бұл, айталық, жарнама науқанын жүргізу, сұрақтар құрастыру және т.б. кезінде пайдалы болуы мүмкін.
3. Тұтынушылардың талап-тілектерімен, олардың қабылдауымен, уәждемелерімен және зерттелетін өнімге, оның маркасына, оны жылжыту әдістеріне олардың қандай көзқараста екенімен танысу, сондай-ақ бұл айтылғандар маркетингтік зерттеулер мақсаттарын анықтау кезінде аса маңызды болып саналады.
4. Сандық зерттеулер жүргізу кезінде жиналған деректермен жақсырақ танысу. Кейбір уақытта фокус-топтардың мүшелері жүргізілген зерттеудің нәтижелерінің анық-қанығын жақсырақ білуге көмектеседі.
5. Жарнаманың белгілі бір түрлеріне эмоционалдық және мінез-құлық реакцияларын зерттеу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *