Фокус-топтарды қолдану саласы. Фокус-топтар өткізу мысалдары

Фокус-топтарды қолдану саласы. Фокус-топтар өткізу мысалдары. Артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау

Фокус-топтарды қолдану салалары:
— белгісіз аядан жалпы сипаттағы ақпарат алу;
— проблеманы анықтау, тұжырымдау;
— пікірлерді, қатынастарды, бағаларды анықтау;
— артықшылықтар беруді белгілеу;
— одан әрі зерттеу үшін ғылыми болжамдарды тұжырымдау;
— оны шешудің мүмкін нұсқаларын азайту үшін, проблемаларды алдын ала талдау;
— сандық зерттеулер нәтижелерін толықтыру немесе түсіндіру;
— сауалнамаларды, жоспарларды, бағдарламаларды, ауызша формаларды пилотаждау;
— «қиын сұрақтарды» талқылау.
Фокус-топтар өткізу мысалы. Мысал, фокус-топтар әдісінің көмегімен кейбір өнім туралы маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Оны, белгілі бір мінездемелерге ие 6 топ өткізеді. Орынды (орынжайды) және жабдықты дайындау. Фокус-топтар осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған орын-жайда (бақылаушылар бөлмесі мәжіліс бөлмелерінен жартылай мөлдір айнамен бөлінген немесе топтағы пікір сайысты бақылауға мүмкіндік беретін монитор бар) немесе осы мақсат үшін уақытша бейімдендірілген орын-жайларда өтуі мүмкін. Мүмкіндігінше, респонденттердің шоғырланып тұратын жеріндегі немесе көлікпен жетуге ыңғайлы қала орталығындағы орын-жайды таңдаған дұрыс.
Оған, қатысушылардың он екіге дейінгі саны, модератор мен оның ассистенттері, қажетті техника орналасатындай, сыятындай болуы үшін, негізгі бөлме жеткілікті түрде үлкен болуы тиіс. Орын-жай сыртқы шудан жақсы оқшауланған және көңіл аудартатын заттардан босатылған болуы қажет.
Аудио- және бейне жазбалар құрылғысы, бейнероликтер көрсету көзделген жағдайларда, теледидар немесе магнитофон және қажет болған жағдайда визуалды үлестірілетін материал дайындау қажет. Бөлменің ортасында үлкен үстел болуы немесе қосылған бірнеше үстелдер болуы керек. Бір-бірін және модераторды көруі үшін, қатысушылар үстелді айнала шеңбер жасап отырады. Қатысушылар үшін кофе, су, печенье, сондай-ақ сыйлықтар немесе ақшалай сыйақылар көзделуі тиіс.
Таңдаудың белгіленген өлшемдері негізінде сауалнама толтырылады. Соның көмегімен, зерттеуге қатысушыларды алу жүргізіледі. Аталмыш сауалнама осы зерттеу үшін қажет емес тұлғалардың қатысуын болдырмауы қажет. Кәсіби психологтар, социологтар, маркетологтар, модератормен таныс адамдар, сондай-ақ соңғы жыл ішінде фокус-топтарға қатысқан тұлғалар, осындай тұлғаларға жатады. Таңдау, көрсетілген өлшемдерге сәйкес келетін жерлерде тұратын тұлғаларға жүргізіледі. Адамдарды тікелей көшелерден шақырады. Сондай-ақ, зерттеуге қатысушылар, қажетті мінездемелерге ие өзге қатысушыларды пайдалануға болады.
Жүргізушінің жоспарын әзірлеу. Жүргізушінің жоспары – фокус-топты жүргізушінің сұрақтарды конспектілік баяндауы. Жоспар оған, бүкіл қажетті сұрақтарды қамти отырып, әңгімелесуді тиімді жүргізу және бүкіл топтардан алынған нәтижелерді салыстыруды қамтамасыз ету мүмкіндігін береді. Топтардың бірінші жұбымен әңгімелесу жүргізгеннен кейін, жүргізушінің жоспарына өзгеріс немесе толықтыру енгізуге рұқсат етіледі. Талқылауға, негізінен, бүкіл топтар үшін бірдей 510 сұрақ ұсынылады. Кейбір уақытта сұрақтар мен оларды қою тәртібі алмасуы мүмкін. Кез келген жағдайда топтар мен әңгімелесу барысын оңтайландыру мақсатымен, жоспарды жетілдіру арасындағы нәтижелердің сыйысымдылығы мен салыстырылушылығы арасындағы келісімге жету қажет. Жоспардағы сұрақтардың саны нақты берілген сұрақтар санынан асып кетуі тиіс. Фокус-топты өткізу кезінде қатысушылардың әрбірінің пікірін айта алуы – оның міндетті ережесінің негізі болып табылады. Әдістің артықшылығы:
— Синергизм: жалпы эффекті жекелеген нәтижелердің жиынынан артып кетеді.
— Өзіне-өзі идея беру: идеялар, олжалар, түсініктемелер пікір сайыстар барысында туындайды.
— Ынталандыру: тіпті үндемейтін респонденттердің өзі белсенді қатысушыларға айналады.
— Мәжбүрлемеушілік: еркін өтетін талқылау.
— Бақылауда болушылық: тапсырыс беруші пікір сайыс барысын тыңдауы немесе қарауы (көруі) мүмкін.
— Жылдамдық: нәтижелерді тез алушылық
— Қауіпсіздік: пікірін айту, сөйлеушіге (пікірін айтушыға) ыңғайсыздық немесе зиян келтіре алмайды.
Кемшіліктері:
— Топтар қатысушыларының жиналуы қатысушылар үшін елеулі оятушылық түрткілерін туғызуды талап етеді.
— Қатысушыларды іріктеу кездейсоқ болып саналмайды, сондықтан, үлкен жиынтықта болуы мүмкін қателіктерсіз таралуы мүмкін емес.
— Шығындардың жоғары үлестік деңгейі.
— Нәтижелері модераторға қатысты болады.
— Бірқатар жағдайларда фокус-топтар өткізу кезінде қатысушылардың жынысы, жас мөлшері, білім деңгейі және т.б. бойынша бөліну қажеттігі.
— Фокус-топқа, не фокус-топтар өткізу үдерісімен таныс, не бір-бірімен және модератормен таныс, не талқылау тақырыбымен таныс тұлғалардың, не маркетингтік қызметтегі кәсібилердің еніп кетуіне тыйым салудың сақталуы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Фокус-топтар әдісін қолдану мақсаттары.
2. Фокус-топтар әдісінің даму тарихын баяндап беріңіз.
3. Фокус-топтардың негізгі ұғымдары.
4. Фокус-топтар өткізу кезеңдері қандай?
5. «Фокус-топ» әдістемелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
6. Фокус-топтар әдісін қазіргі қолданудың мысалын келтіріңіз.
7. Фокус-топтағы модераторлар мен респонденттердің типтерін сипаттаңдар.
8. Фокус-топтағы жүргізушінің рөлі сапалы нәтижелер алу үшін неге соншалықты маңызды?
9. Тұтынушылардың импорттық автомобильдерге қарым-қатынасы мен артықшылық берушіліктерін анықтау үшін мақсаттарды тұжырымдаңыз және фокус-топтар өткізу жоспарын жасаңыз.
10. Фокус-топтар өткізу үшін сұрақтар тізбесін жасаңыз және жүргізуші үшін жоспар дайындаңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *