Тауар нарықтарын зерттеудің мән-маңызы мен объектісі

Тауар нарықтарын зерттеудің мән-маңызы мен объектісі. Тауар нарықтарын зерттеу үлгісі: проблемаларды анықтау, проблемаларды жіктеу, зерттеу жүргізуге қойылатын негізгі талаптар, зерттеу нәтижелері

Нарықтық зерттеу, сатудың белгілі бір көлемін өткізу, жаңа тауарлар жасау (өндіру) және оларды жаңа нарықтарға шығару, нарықтағы үлесті арттыру сияқты, осындай мақсаттарға жетудің ақпараттық негізі ретінде қатысады. Осындай мақсаттардың қойылысы, сөздің, нақты тауар нарығы туралы болып отырғанын болжайды. Осымен байланысты, нарықтық зерттеулер мазмұнын аша отырып, бірінші кезекте нарықтың тауар құрылымдарын зерттеуге тоқталу қажет. Нені және қалай зерттеу қажет екенін және зерттеу үдерісінде қандай міндеттер шешілуі тиіс екенін анықтау қажет.
«Нарық» ұғымы аталмыш жағдайда тауарды анықтау арқылы пайдаланылады. Бір-бірімен өндірістік немесе тұтынушылық сипаттың белгілі бір белгілерімен байланысты, нақты тауарды (қызмет көрсетуді) немесе тауарлар тобын өткізу аясы тауар нарығы болып түсіндіріледі. Мысалы, музыкалық аспаптар нарығы мен аккордеондар нарығы, киім нарығы мен жеңіл көйлектер нарығы. Тауардың материалдық-заттық пішіні нарықтың осындай жіктемесінің негізі болып саналады. Тұтыну игілігін агрегаттау дәрежесі зерттеу мақсаттарына байланысты болады.
Тауардың анық-қанығын анықтаудың келесі деңгейлері бөліп көрсетілуі мүмкін:
а) жалпытоптық: тамақ өнімдері; арақ-шарап пен темекі өнімдері; азық-
түлік емес тауарлар; ұзақ пайдаланылатын заттар; қызмет көрсетулер;
б) топтық – тауарлар (қызмет көрсетулер) топтары бойынша: радиотауарлары; киім; жиһаз және т.б.
в) түрлік – әрбір топтағы тауарлардың түрлері бойынша: теледидарлар; радиоқабылдағыш құрылғылары; ерлер пальтосы; әйелдердің жеңіл көйлектері және т.б.
Тауар нарықтарын жіктеудің әр түрлі белгілерінің жиыны қолданылады. Осындай немесе өзге де белгілерді пайдалану, зерттеу мақсаттарына байланысты болады. Нарықты тәжірибелік зерттеу қажеттері үшін, бірінші кезекті маңызы бар, неғұрлым маңыздыларын ғана атап өтеміз.
Аумақтық қамту тауар нарықтарының маңызды белгілерінің бірі болып саналады. Әрбір нақты зерттеулердегі нарықты талдау ішкі (жиынтық) нарық, сыртқы (әлемдік), өңірлік (белгілі бір аумақтық бөлініс) нарық шеңберлерінде жүргізіледі. Жиынтық ішкі және сыртқы нарықтарды зерттеу, негізінен, стратегиялық сипатқа ие және ірілендірілген тауар топтары бойынша жүргізіледі. Өңірлік (экономикалық аудан, республика, қала және т.б.) тауар нарығын зерттеу кезінде өңірлік ерекшеліктермен қатар, жиынтық нарықтың жай-күйін ескеру қажет.
Тауар нарықтары тауарды түпкі пайдалану сипаты бойынша: тұтынуға арналған тауарлар нарығы (ТАТН); өндірістік мақсаттағы тауарлар нарығы бойынша өзгешеленуі мүмкін. ТАТН нарықтарын зерттеудің өзіндік ерекшелігі, бұл, тауарлардың жеке тұтынушылардың жиынына есептелгендігімен байланысты; осындай зерттеулерде тұтынушылардың талғамдарын, қалауларын, мінез-құлықтарын зерттеуге баса назар аударылады. Олардың өндірістік үдеріспен тығыз байланыстылығы өндірістік мақсаттағы тауарлардың сипатты ерекшелігі болып саналады. Осындай нарықтарды зерттеуде әлеуетті сатып алушылар мен тауарды өндірушілердің өзара байланыстарын зерттеуге ерекше назар аударылады.
Нарықты жіктеу тұтынушылардың белгілі бір топтарының қажеттіліктерін тауарлардың қанағаттандыру қабілеттері бойынша: ерлер, әйелдер киімдері нарығы, фотоәуесқойлар, туристер, аңшылар және т.б. үшін тауарлар нарығы бойынша жүргізілуі мүмкін. Белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырудың әр түрлі формалары мен құралдарының өзара байланыстарын есепке алу, осындай тауар нарықтарын зерттеудің ерекшелігі болып саналады.
Тауар нарықтарының әр түрлі типтері тауарларды пайдалану мерзімдері бойынша: ұзақ пайдаланылатын, орта мерзімде пайдаланылатын, қысқа мерзімді (бір жолғы) тауарлар бойынша бөлінуі мүмкін. Тауарлардың осындай жіктеулерінің өзіндік ерекшелігі өнімдерді өткізу үдерісі үшін маңызды болып саналады, сондықтан осы нарықтарды зерттеу кезінде нақты тауарларды бөлу мен өткізу әдістерінің неғұрлым тиімдісін зерттеуге ерекше назар аударылады.
Егер тауар өндіруші, өзінің өнімін өткізгісі келетін нарықтарға қатысты соған бағдарланғысы келсе және аталмыш нарықтарға әсер ететін факторларды білгісі келсе, нарықтық зерттеулер қажет болады. Басқалай айтсақ, өндірушілерді және ең алдымен, көптеген кәсіпорындардың маркетингтік қызметтерін, өнімдерді өткізу нарығы қызықтырады. Осымен байланысты, конъюнктураны зерттеу нарықтың ағымдағы жай-күйімен байланысты, зерттеу бағдарламасы, ең алдымен, негізінен, нақты тауар нарықтарының конъюнктураларын зерттеу жүргізілген кезде, кәсіпорын деңгейінде қабылданатын, коммерциялық шешімдерді негіздеуге бағдарланған болуы тиіс. Алайда, бұл ретте өткізудің жалпыэкономикалық және салалық жағдайларының жай-күйі ескеріледі.
Тауар нарығы конъюнктураларын зерттеудің негізгі мақсаты – өнеркәсіп пен сауда қызметі нарықтың жай-күйіне, таяу болашақтағы оның дамуына қандай шекте әсер ететінін және халықтың тауарларға деген сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру, өндірістік кәсіпорынның қолында бар мүмкіндіктерді барынша ұтымды пайдалануы үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек екенін анықтау болып саналады. Конъюнктураларды зерттеу нәтижелері өндірісті басқару мен тауарларды өткізу бойынша жедел шешімдер қабылдауға арналған. Нарық конъюнктурасын зерттеуге кешенді тұрғыдан келу: ақпараттардың әр түрлі, өзара толықтыратын дерек көздерін пайдалануды; ретроспективті талдаудың, нарық конъюнктурасын сипаттайтын көрсеткіштер болжамымен ұштастырылуын; талдау мен болжаудың әр түрлі әдістерінің жиынтығын қолдануды болжайды.
Ақпараттар жинау – нарық конъюнктурасын зерттеудің аса маңызды кезеңі. Зерттелетін үдерістер туралы бүкіл мәліметтен тұратын, конъюнктура туралы ақпараттардың бірыңғай дерек көзі жоқ. Зерттеулер кезінде әр түрлі дерек көздерінен алынған, ақпараттардың әр түрлі көздері пайдаланылады. Ақпарат: жалпы, коммерциялық, арнайы болып ажыратылады.
Жалпы ақпаратқа нарық жағдайын тұтас, саламен немесе аталмыш өндіріспен байланыстыра сипаттайтын деректер кіреді. Мемлекеттік және салалық статистика деректері, есеп пен есептіліктің ресми үлгілері (формалары), оны алу көздері болып саналады.
Коммерциялық ақпарат – өндіретін өнімдерді өткізу мәселелері бойынша кәсіпорынның іскерлік құжаттамаларынан алынатын, ақпараттық алмасу тәртібінде әріптестерден алынатын деректер. Оған: сауда ұйымдарының өтінімдері мен тапсырыстары; кәсіпорындардың, ұйымдар мен сауда мекемелері нарығын зерттеу қызметінің материалдары (көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлар қозғалысы, конъюнктуралық шолулар, ассортиментті ағымдағы алмастыру бойынша ұсыныс материалдары) жатады.
Арнайы ақпарат нарықты зерттеу (халықтан, сатып алушылардан, сауда және өнеркәсіп мамандарынан, сарапшылардан пікір сұрау; көтере-сату, конъюнктуралық кеңестер) бойынша арнайы іс-шаралар нәтижесінде алынған деректер, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарының материалдары болып көрінеді. Арнайы ақпарат ерекше құндылыққа ие, өйткені өзге жолмен алуға болмайтын мәліметтен тұрады. Сондықтан, нарық конъюнктурасын зерттеу кезінде кең ауқымды арнайы ақпараттар алуға ерекше назар аудару қажет.
Тауар нарығын немесе кәсіпорынның (бірлестіктің) өткізу нарығын бақылауды қамтамасыз ету үшін: дүкендер — тірек пункттері (базалық); сауда делдалдарының желілері; мамандандырылған тұтыну жинақтамалары (панельдері) түрінде ақпараттардың өзіндік көздері жасалуы мүмкін. Дүкендер желілерін — тірек пункттерін өткізу аймағында халықтың сұранысының артуына бақылау жүргізу үшін кәсіпорындар құрады (тікелей маркетинг). Бұл желі өткізу аймағында аталмыш тауарларды сатуды жүзеге асыратын және шарт негізінде сұраныстың дамуын бақылауға келіскен, сауда ұйымдарындағы фирмалық дүкендер қатарынан құрылады. Сауда делдалдарының желісін, тиісті тауардың нарықтағы конъюнктурасымен қалыптасатын көтере сатып алушылар сұранысының дамуына бақылауды жүзеге асыру үшін, кәсіпорынның нарықты зерттеу қызметі ұйымдастырады. Сауда делдалдары ретінде көтере сататын фирмалар мен сауда кәсіпорындарын таңдаған дұрыс.
Тұтыну жиынтықтамасын (панелін), қайыра зерттеуге тартылатын тұтынушылардың (отбасыларының) іріктеме жиынтығы ретінде кәсіпорынның нарықты зерттеу қызметі ұйымдастырады. Жиынтықтамалық (панельдік) зерттеу пікір сұрау нәтижелерін тұтынушылық бағалау мен тұтынудағы өзгерістер үрдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтықтама (панель) бірқатар маңызды белгілер (мысалы, тұратын жері, жынысы, жас мөлшері, жеке табыстарының деңгейі) бойынша қалыптасады. Тауар нарығының конъюнктурасын зерттеу осы топтың тауарлар өндіруі мен оны жеткізуін сипаттайтын көрсеткіштерді, бөлшек сауда көлемі мен құрылымын, кәсіпорын қоймаларындағы, көтерме және бөлшек саудадағы тауардың босалқы қорларын талдауға негізделеді. Сондықтан, нарық конъюнктурасын зерттеуді ақпараттық қамтамасыз етудің басты мақсаты – халық сұранысының артуы мен тауар ұсынысының негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерінің сандық және сапалық сипаттамасын алуға, нарық конъюнктурасын қалыптастыру факторларын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін жасау.
Осындай көрсеткіштерге мыналар жатады:
 тауарлардың түр-түрін (ассортиментін) өндіру;
 тауар ассортиментін жаңалау;
 материалдармен, шикізатпен, өндірістік қуаттармен қамтамасыз
етушілік;
 тауарлардың түр-түрінің босалқы қорлары (оның ішінде кәсіпорындағы, сауда ұйымдарындағы);
 тауарларды сұрыптау және кінәрат қою (шағым талап) (шектеулі және жоғары сұраныстағы тауарлар тізбесі);
 тауарлардың түр-түрін сату (оның ішінде көтерме, бөлшек, фирмалық);
 кәсіпорын алып отырған нарық үлесінің өзгеруі;
 бәсекелестер алып отырған нарық үлесінің өзгеруі;
 тауарларды жеткізуге өтінімдерді орындау;
 тұтынушылар сұранысындағы өзгеріс;
 тауарлардың толық түр-түрлерінің сұранысты қанағаттандырмаған шамасы;
 бағалар динамикасы;
 тауарларды төмендетілген бағалар бойынша сату (оның ішінде арзандату, маусымдық жаппай сатылым және т.б.).
Кәсіпорынның нарықты зерттеу қызметі көтере сатып алушылардың өтінімдерімен және тапсырыстарымен салыстыра отырып, тауарлар өндіру динамикасы туралы деректерді, бөлшек сауда желілеріндегі тауарлардың қозғалысы туралы мәліметтерді талдайды. Осы деректерді талдау зерттелетін тауарға сұраныстың даму үдерістері туралы аса сенімді қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған топтағы тауарлар түр-түрінің жекелеген айқындамалары бойынша босалқы қорлардың, сату динамикасы мен тауарлардың түсуіндегі, сатылуындағы және босалқы қорлардағы олардың әрбірінің үлесін салыстыра отырып, біріншіден, сұраныстың микроқұрылымындағы тауардың жылжытылуын, екіншіден, тауарлар түртүрінің нарықтың қажеттіліктеріне сәйкестік дәрежесін анықтауға болады.
Тауар нарығының конъюнктурасын зерттеу кезінде қандай да бір мезеттегі нарықтың жай-күйін анықтау ғана емес, сонымен бірге және ең аз дегенде бірекі тоқсанға (алайда, бір жарым жылдан артық емес) оның одан әрі дамуының ықтимал сипатын күні бұрын болжап айту міндеті қойылады. Есептік және жоспарлы деректермен ұштастықтағы нарық конъюнктураларының болжанатын көрсеткіштерін талдау нәтижелері, оң үдерістерді дамытуға, сәйкессіздіктерді жоюға бағытталған іс-шараларды дер кезінде қолға алу мүмкіндігін береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *