Сұхбат жүргізуді ұйымдастырудың мәселелері

Сұхбат жүргізуді ұйымдастырудың мәселелері. Сұхбаттың санын анықтау. Сұхбаттың түрлері

Сұхбат – сұхбат жүргізуші мен пікір сұратылушының (сұраққа жауап берушінің) мақсатты бағытталған әңгімесі ретіндегі әлеуметтік сауалнамалар жүргізу тәсілі. Сұхбат әдетте, проблеманы нақтылау және бағдарламалар жасау үшін зерттеудің ерте сатыларында қолданылады.
1. Қандай да бір мәселені терең білетін (анық-қанығын ажырататын) сарапшыларға, мамандарға сауалнама жүргізу кезінде.
2. Респонденттің жеке басының ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін, неғұрлым икемді әдіс ретінде.
Сұхбат – еркін (терең, клиникалық, фокусталған) және стандартталған (нысандандырылған) екі сыныпқа бөлінеді. Еркін сұхбат, сұхбат жүргізушінің сұрақтары зерттеудің түпкі мақсатымен байланысты, ұзақ мәжбүрлеу түріндегі емес әңгімелесулер. Еркін сұхбат жиі түрде стандартталған сұхбат немесе сауалнама әзірлеудің, сұрақтардың қолайлылығын, жауаптардың ақпараттық сыйымдылығын тексерудің бастапқы кезеңі болып саналады, ал сұхбат жүргізуші тергеуші ретінде қатысады. Стандартталған сұхбат формасы бойынша сауалнамаға ұқсас, алайда, сұхбат жүргізушімен «бетпе-бет» жауаптар алу ерекшелігі сұрақтардың мазмұны мен формасына елеулі түрде әсер етеді. Сауалнама жүргізу, стандартталған сұхбатқа қарағанда, сауалнаманың біршама арзандау түрі болып саналады, алайда социолог, сауалнамаға көбірек маңыз берілген және барлық сұрақтардың дұрыс түсінілетіндігіне күмән бар болған жағдайларда (мысалы, кейбір аудандардағы халық санағы стандартталған әдіспен жүргізілген кезде), лажсыздан соңғыға жүгінеді. Сауалнамаға қарағанда сұхбат әдісінің артықшылығы мыналарда болып табылады:
1. Сұхбат жүргізу кезінде респонденттің мәдениет, білім, біліктілік дәрежесін ескеру мүмкіндігі пайда болады.
2. Бұл әдіс сұхбат алынып отырған адамның реакциясын, қойылған сұрақтар мен проблемаға оның көзқарасын қадағалауға, ал қажет болған жағдайда сұрақтың тұжырымдалуын өзгертіп, қосымша, нақтылайтын сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.
3. Тәжірибелі зерттеуші, респонденттің жауабы шынайы немесе шынайы емес екенін көре алады, соған байланысты сұхбат сауалнамаға қарағанда қажетті ақпарат жинаудың неғұрлым дәл әдісі болып саналады.
Сұхбат жүргізу жақсы дайындықты қажет етеді. Кез келген адам сұхбат жүргізе алмайды. Бұл жерде, жеке бастың сапасы (тілтапқыштық, жылы жүзділік, ақжарқындық, коммуникабельділік, салмақтылық) мен жоғары жалпы мәдениет, жаңа сұраққа тез ауыса білу, әңгімелесу кезіндегі қиын жағдайға тап болудан шығу жолын таба білу маңызды болып саналады.
Сұхбаттың түрлері үш басты өлшемдер – сұрақтардың стандарттану дәрежесі, талқыланатын тақырыптардың саны мен пікірі сұралатындардың саны бойынша ажыратылады. Шағын түрлердің көп саны бірінші өлшемді, атап айтқанда, әңгімелесу жағдайы қандай дәрежеде стандартталғандығын, яғни респондентпен байланыс орнату дәрежесі қаншалықты қатаң және егжейтегжейлі әзірленгенін, сұрақтардың тізбектілігін, олардың тұжырымдалуын, әңгімелесу барысында өзінің әдістемелік шешімін қабылдау мүмкіндігін береді.
Ауызша диалогтың стандартталу дәрежесіне қатысты сұхбаттың екі негізгі түрі бөлінеді:
1. Жабық және ашық сұрақтармен нысандандырылған сұхбат
(сұрақтардың тізбектілігі мен құрастырылымы, мүмкін жауаптардың нұсқалары кіретін, егжей-тегжейлі әзірленген бағдарлама бойынша әңгімелесу). Сұхбаттың осы түріне, егер оны біз, өзіміз құрсақ, стандарттау шкаласы бойынша ең жоғары баға беруге болар еді.
2. Нысандандырылмаған сұхбат (жалпы бағдарлама бойынша, бірақ сұхбат жүргізушінің мінез-құлқына аздап баға беріліп, нақты сұрақтарды нақтылаусыз ұзақ әңгімелесу). Ол стандарттаудың ең төмен деңгейімен сипатталады.
Екінші өлшем – талқыланатын тақырыптардың саны бойынша – сұхбат түрлері былайша бөлінеді.
1. Фокусталған немесе бағытталған сұхбат (респондент күні бұрын танысқан бір тақырыпты егжей-тегжейлі талқылау; нысандандырылған немесе нысандандырылмаған болуы мүмкін). Стандарттаудың көрсетілетін шкаласында сұхбаттың бұл түрі аралық жағдайға ие болар еді, өйткені ол сұхбат жүргізуші мен пікірі сұралушының өзара іс қыймылының еркін болмаушылығын бәсеңдетудің келесі дәрежесі болып көрінеді.
2. Бағытталмаған сұхбат, мұнда тақырыптың, заттың біртұтастығы, ортақ тақырып немесе зерттеушілік ой жоқ. Бұл жерде, аса алуан түрлі тақырыптардың сұрақтары, логикалық сабақтастықты құрмастан, бір-бірімен кезектесіп отырады. Бір тақырыпқа арналған және оны әр түрлі қырларынан қарастыруға болатын, осындай сұхбат қана, біздің көзқарасымызша, бағытталған болып саналады. «Фокус» және «фокустау» терминін қолдана бастаған кезімізде, көптеген қисынсыздыққа, жосықсыздыққа ие боламыз. Біреулерде фокустау ақпараттар көзінде (кейбір тыңдаушылардың, ақпараттың өзін емес, ақпараттар көзін бағалау үрдісі), ал өзге бірінде – фокустау респондентте, мысалы, егер соңғының бір сөзі, қылығы ұнамаса, сондай жағдайда пайда болады. Үшінші бірі фактілердегі фокустау (фактілер ойлар мен идеяларға қатынасы бойынша қайталама болған кезде) туралы айтады.
Дербес сынып, тіпті затқа фокусталатын сұхбатқа және «өзін-өзі фокустайтын» сұхбатқа бөледі. Сондай-ақ пікірі сұралушының эмоцияларына, қобалжуларына, төңіректегі жағдайға фокусталуға болады. Аталмыш жағдайда ойды кеңейту ғылымның пайдасына жұмыс істемейді, өйткені фокустау адамның назарын бір заттан екінші затқа аударуда бір мәнді емес. Физиктер бізді үйрететіндей, фокус біреу болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл, фокус емес, әлде бір басқалай нәрсе болады. Фокусталған және еркін сұхбат әдетте сарапшылардан пікір сұрау жүргізу кезінде пайдаланылады, мұнда жоғары білікті мамандардың айтқандарын толықтай ескеру керек. Пікір сұраудың әр түрлі іздеу, барлау зерттеулерінде, яғни социолог, оған жаңа ғана «қолын тигізіп», яғни проблемалық жағдайдың мазмұнын және шекарасын анықтаған кезде қолданылады.
Нысандандырылған сұхбат фокусталған (мақсатты бағытталған, бағытталған) болуы, яғни, зерттеушіні қызықтыратын бір тақырыпты зерттеуге арналған болуы және фокусталмаған (бағытталмаған) болуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *