Сұрақтар әзірлеу ережесі

Сұрақтар әзірлеу ережесі. Жабық және ашық сұрақтардың типтері. Сұрақтарды алдын ала тестілеуді ұйымдастыру

Сауалнама (пікір сұрау парақшасы) – зерттеу затын немесе объектінің сипаттамасын анықтауға бағытталған, сұрақтар жүйесі.
Сауалнаманы әзірлеу кезінде, елеулі дәрежеде пікір сұрауды сапалы жүргізуге оң ықпал ететін, оларды дайындаудың негізгі қағидаттарын басшылыққа алу қажет. Құрылымдық тұрғыдан сауалнама төрт бөліктен тұруы тиіс:
— кіріспе, мұнда сұрау сауалнама жүргізілетінге құрмет көрсету қарымқатынасы айтылады, пікір сұрауды кім жүргізетіні, қандай мақсатта жүргізілетіні көрсетіледі, сауалнаманы толтыру бойынша нұсқау беріледі;
— байланыстық, мұнда сауалнама жүргізілетінді қызықтыратын мақсат көзделетін сұрақтар орналасады, зерттелетін проблемалар шеңберінде жүргізіледі;
— негізгі, мұнда зерттеу үшін қажет ақпаратты анықтауға мүмкіндік беретін, сұрақтар болады;
— қорытынды, мұнда респонденттерден психологиялық жүкті алып тастайтын, олардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларын (жынысы, жас мөлшері, тұрғылықты жері, әлеуметтік жағдайы, білімі, табыстарының деңгейі және т.б.) анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтар келтіріледі; аталмыш бөлім сауалнамаға қатысқаны үшін пікірін сұрағандарға алғыс айту сөздерімен аяқталады.
Сауалнама сұрақтарын тұжырымдау қарапайым, түсінікті, бір мәнді және бейтарап болуы тиіс. Сауалнамада олар қарапайымнан күрделі сұрақтарға, жалпыдан арнайыға, бейтараптан нәзік (шетін) сұрақтарға қарай ауысуы тиіс. Сұрақтар қосарлы терістеуден тұрмауы тиіс (мысалы, «нені жасамау керек болса, сіз соны … санамайсыз ба?»). Жауаптар нұсқаларының интервалдары (жабық сұрақтар кезінде) қиылыспауы тиіс (мысалы, 20; 21–30; 31–40-қа және т.б. дейін). Сұрақтар «жиі», «өте жиі», «көп», «аз», «сирек» және т.б. сөзден тұрмауы тиіс, өйткені әр түрлі адамдардың осы ұғымдарды сандық тұрғыдан қабылдауы әртүрлі болуы мүмкін. Сауалнамадағы сұрақтардың саны аса үлкен болмауы қажет (әдетте 10-15 сұрақтармен шектелуге тырысады), өйткені сауалнама неғұрлым ұзақ болса, ол сұрақтарға жауап бермей қайтару ықтималдығы да жоғары болады. Поштамен пікір сұрау кезінде сауалнаманы толтыру уақыты 20-30 минуттан аспауы тиіс.
Сауалнамаға енгізілген сұрақтар ашық және жабық болады. Ашық сұрақтар жауаптарды өзбетімен тұжырымдауға құқық береді. Бұл мән-жағдай пікір сұрау нәтижелерін өңдеуді қиындататын болса да, бірқатар жағдайларда зерттелетін проблемаларды шешудің күтпеген нұсқасын ұсынып, осылайша шығындардың орнын толтыруы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *