Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі

Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі. Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылысы.

Мақсаты: Сыртқы тыныс бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру
Дәріс жоспары:
1. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің жалпы этиологиясы мен патогенезі.
2. Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылысы. Өкпе ұяшықтық-қылтамырлық мембранасының диффузиялық қабілетінің төмендеу себебі, өкпе ұяшықтық-қылтамырлық бөгет.
ТЖ себептері:

 

Тыныс реттелуінің Тыныстық Кеуде сарайы Тыныс алу Өкпе тінінің дерттік
бұзылыстары: бұлшықеттерге қозғалыс- жолдарының өзгерістері:
• Мидағы тыныс жүйкелік серпіндер тарының бұ- бұзылыстары: -өкпе тіні кішіреюінен
орталығының (тыныштан тарауының зылыстары: -бөгде зат (пневмонэктомия)
дыратын дәрілік заттар, бұзылыстары немесе -кифосколиоз түскенде -қызмет атқаратын өкпе
есірткілердің әсерінен тежелуі) тыныстық бұлшық- -торакопластика -өспе өскенде ұяшықтарының
• Тыныс орталығының еттердің өздерінің -пневмоторакс -бронхоспазм азайып кетуінен(ате-
құрылымдық (мый жарақаты, бүліністері: -гидроторакс -кеңірдекшелер лектаз, пневмония)
мый өспесі) бүліністері -жұлынның қимыл- -гемоторакс сыртынан қы- -өкпе тінінің көлемдік
• Тыныс орталығына дық нейрондарының -іш шемені сылып қалғанда -созылғыштығы азаюы-
бағытталатын жүйкелік сер- бүліністері (полиомиелит) -іш кебуі нан,мәселен пневмо-
піндер түсуі бұзылыстары. –шеткері түйіспелердің -гепатомегалия склероз,эмфизема
бүліністері (миастения) — тыныстық қауырт
-тыныстық бұлшықеттердің дистресс синдромы
қабынуы (миозит) немесе
дистрофиясы.

Өкпенің диффузиялық қабілеті, ұяшықтық – қылтамырлық мембрананың екі жағындағы газдардың үлестік қысымына байланысты, газдардың өкпе ұяшықтарынан қылтамыр арнасына және кері бағытта тасымалдану жылдамдығын көрчетеді
Бұзылыстар мына жағдайда болуы мүмкін:
— Өкпе қабынуы, ісінуі кезінде ұяшықтық-қылтамырлық тосқауылдың қалыңдауынан,
— Қызмет атқаратын өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың азайып кетуінен немесе тыныс алу беткейінің кішіреюінен (мәселен ателектаз, өкпенің бөлігін отау, өкпе тінінің бүліністері кезінде),
— Өкпе қылтамырларында қан көлемі мен гемоглобин азаюынан,
— Өкпе ұяшықтарындағы ауа мен қанның түйісу уақыты қысқаруынан (өкпе эмфиземасы)
Өкпенің диффузиялық қабілетінің бұзылыстарын – ұяшық — қылтамыр аралық бөгет дейді.
Газдардың диффузиясы бұзылыстарынан артериялық қанда рО2 төмендеп, гипоксемия дамиды. Бірақ қанда рСО2 төмендеп гиперкапния байқалмайды, өйткені көмір қышқылы газының диффузиялық қасиеті, оттегіге қарағанда, 20,3 есе жоғары болады.

4. Көрсетілетін материал: дәрістің мультимедиялық қойылымы

5. Әдебиеттер
Негізгі
1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 386 -388
3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 454-457.
4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.- С 257 -260
Қосымша
5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга — М.: Томск., 2006.- С. 513 — 516
7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 229-236.

6. Бақылау сұрақтары
1. Тыныс алу бұзылыстарының негізгі себептерін атаңыз.
2. Өкпенің ұяшық-қылтамырлық мембранасы арқылы газдардың диффузиясының бұзылысына әкелетін себептерді атаңыз.
3. Өкпенің ұяшық-қылтамырлық бөгеті дегеніміз не?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *