Сынамалық тапсырмалар

Сынамалық тапсырмалар
1. ЕТДС (ересектердің тыныстық дистресс-синдромы) пайда болады (5)
A) ТШҚҰ- синдромынан
B) сурфактанттың жеткіліксіз түзілуінен
C) сепсис кезінде
D) өкпе эмфиземасында
E) келбетсіз пневмонияда
F) уытты газдардың әсерінен
2. ЕТДС патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады (1)
A) ұяшық қабырғасының кіші қан тамырларында гидростатикалық қысымның жоғарылауы
B) ұяшық қабырғасының кіші қан тамырларында гидростатикалық қысымның төмендеуі
C) артериялық қысым деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы
D) өкпе қылтамырлары және әлвеолоциттердің таралған зақымдануы
E) өкпенің интерстициялық ісінуі
F) өкпенің жүректік ісінуі
G) ұяшық қабырғасында гиалиноздың дамуы
3. ЕТДС кезінде әлвеолоциттер мен қылтамырлардың жайылған зақымдануының патогенезінде, әсерінің маңызы бар (5)
A) интерлейкиндер
B) өспелердің тіршілігін жоятын жайт (ӨТЖЖ)
C) оттегі радикалдары
D) протеазаларға қарсылар
E) тромбоциттерді белсенділейтін жайт
F) лейкотриендер
4.Жедел РДС сипатталады (3)
A) өкпе қылтамырларыны эндотелийінің жайылған зақымдануымен
B) Өкпе ұяшықтарының эндотелиінің жайылған зақымдануымен
C) Өкпенің кардиогендік емес ісінуімен
D) Өкпенің кардиогендік ісінуімен
E) Артериалдық қан қысымының жоғарылуымен
5. РДС-синдромының көріністері болып саналады(4)
A) тахипноэ
B) ӨТС, ӨЖС төмендеуі, өкпенің функционалдық қалдық көлемінің төмендеуі
C) гипоксемия, тиімсіз оксигенотерапия
D) айқын цианоз
E) Тиффно индексінің төмендеуі.
6. Жаңа туылғандардың тыныстық бұзылыстар синдромы (ТБС) патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады (1)
A) ұяшықтар қабырғасында гиалиннің шөгуі
B) сурфактанттың жетіспеушілігі
C) өкпе тіні созылғыштығының төмендеуі
D) жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы
E) кіші бронхылардың жиырылуы
7. Сурфактант түзілуі төмендейді (4)
A) шала туылған балаларда
B) кесар тілігі арқылы туылған балаларда
C) қантты диабетпен ауыратын аналардан туылған балаларда
D) ұрық гипоксиясында
E) туылу стресінің гормондарының әсерінен
8. Зақымданудан жаңа туылған нәрестелерде сурфактант тапшылығы пайда болады (1)
A) өкпелік қылтамырдың эндотелий жасушасы
B) бронхтың шырышты қабатының жасушалары
C) тыныстық бронхиоланың эпителий жасушалары
D) альвеолоциттердің I түрі
E) альвеолоциттердің II түрі
9. РДС-синдромнан қайтыс болған жаңа туған нәрестелердің өкпе тінінің гистологиялық зерттеуі кезінде анықталуы мүмкіншілігі жоғары (1)
A) нейтрофильдермен сіңбеленген ұяшықтар
B) ұяшық қабырғаларының фиброзы
C) өкпенің желдетілуінің жоғарылауы
D) ұяшық мембраналарының гиалинозы және бүріскен ұяшықтар
E) өкпенің қалыпты құрылымы
10. Жаңа туылған нәрестелердің респираторлық дизстресс–синдромының патогенезінің сатыларынан «кері айналып соғу шеңберін» құрастырыңыз
A) шала туылу
B) ателектаз
C) сурфактант түзілуінің төмендеуі
D) гиповентиляция
E) гипоксемия, гиперкапния

 


ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 390 — 392
3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009
Қосымша
4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 236-238.
5. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.
6. Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 481-483; 715-717.

№ 2 тақырып: «Өкпенің жоғарыланған ауалану синдромының патофизиологиясы»
Мақсаты:
1. Өкпе эмфиземасының этиологиясы мен патогенезін өз бетінше меңгеру.

Тапсырма:
1) Сұрақтар бойынша оқу құралдарын талдау:
1. Өкпе эмфиземасының этиологиясы және патогенезі
2) Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру
3) Есептерді шығару

СӨЖ орындау түрі:
Берілген әдебиет бойынша құралдарды өз бетінше меңгеру, патогенезінің сызбанұсқасын құру, ситуациялық есептерді шешу, презентация, реферат, эссе

Орындау критерийі мен бағалау критерийін «Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелер» 2.11 бөлімінен қараңыз

СӨЖ тапсыру мерзімі
«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *