Статистикалық рәсімдер қоры: мән-маңызы мен мақсаты

Статистикалық рәсімдер қоры: мән-маңызы мен мақсаты. Ақпараттарды талдауда қолданылатын, статистикалық рәсімдер қорының негізгі әдістері. Статистикалық рәсімдер қорындағы талдаулардың түрлері

Маркетингтік ақпараттарды талдау жүйесі – маркетингтік деректер мен маркетинг проблемаларын талдаудың жетілдірілген әдістерінің жиыны.
Жүйенің құрылымы 7.1-суретте көрсетілген. Алайда, бірқатар фирмалар осындай тәсілдемені тым техникалық және аса академиялық деп санайды. Статистикалық қор мен үлгілер қоры, маркетингтік ақпараттарды талдаудың кез келген жүйесінің негізін құрайды.
Статистикалық қор – деректерді сұрыптау шеңберлерінде өзара байланыстарды неғұрлым толық ашуға және олардың статистикалық сенімділік, анықтылық дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін, ақпараттарды статистикалық өңдеудің қазіргі заманғы әдістемелерінің жиынтығы.
Осы әдістемелер басшылықтың төмендегідей түрдегі сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік береді:
— Нақты фирманың тауар өткізуіне әсерін тигізетін негізгі өзгермелілер нені білдіреді және олардың әрбірінің маңыздылығы қандай?
— Егер тауардың бағасын 10%-ға, ал жарнамаға жұмсалатын шығыстарды — 20% көтеретін болсақ, өткізуде қандай өзгеріс байқалады?
— Аталмыш тұтынушылар, бәсекелестің тауарын емес, нақты фирманың маркалық тауарын сатып алатындықтың қай белгілері, неғұрлым ықтимал көрсеткіштер болып табылады?
— Нақты фирманың нарығын қандай өзгермелілер бойынша ең жақсы түрде сегменттеуге болады?


7.1-сурет. – Маркетингтік ақпараттарды талдау жүйесінің құрылымы

Статистикалық талдаудың дайындық кезеңдері 7.2-суретте көрсетілген, қордағы деректерді іріктеп алу мен түрлендірілім соған кіреді.



7.2-сурет. – Деректерді іріктеп алу және түрлендіру
Деректерді шартты іріктеп алу. Деректерді талдау кезінде белгілі бір талаптарға сәйкес келетін респонденттерді ғана (мысалы, 35 жастан асқан, табысы 30 мың рубльден жоғары әйелдер) жиі түрде таңдап алу қажеттілігі туындайды.
Кездейсоқ іріктемелер қалыптастыру. Қордан кездейсоқ түрде респонденттерді іріктеп алу мүмкіндігі бастапқы іріктеме мөлшерін азайту үшін, сондай-ақ кейбір статистикалық рәсімдер (мысалы, факторлық талдау) жұмысының дұрыстығын тексеру үшін пайдалы болып саналады. Респонденттердің саны көрсетілген, үлестері (%) көрсетілген екі нұсқа қолданылады.
Деректерді сұрыптау сауалнамалардың бір немесе бірнеше негізгі полялары бойынша жүргізіледі.
Өзгермелілерге қайта код беру жаңа өзгермеліні жасаусыз немесе жасаумен мәндерін ауыстыру үшін, сондай-ақ мәтіндік өзгермелілерге автоматты түрде код беру үшін (оларды сандық түрге өзгерту үшін) пайдаланылады.
Жаңа өзгермелілерді есептеп шығару кез келген қиын формулалар бойынша есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Статистикалық талдаудың негізгі әдістерінің жіктеуі 7.3-суретте көрсетілген.


7. 3-сурет. – Маркетингтік зерттеулердегі статистикалық талдаудың негізгі әдістерінің жіктеуі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *