Сатып алу сұранысын зерттеу және болжау

Сатып алу сұранысын зерттеу және болжау

Сұранысты зерттеу мен болжау тауарларды сатып алулар бойынша коммерциялық жұмыстың табысты болуы үшін маркетингті тиімді пайдаланудың қажетті жағдайы болып саналады. Сұраныс туралы жиналған ақпарат тауарларды көтере сатып алулар бойынша коммерциялық шешімді негіздеуге мүмкіндік береді.
Халықтың сұранысын зерттеуді төмендегідей екі бағытта жүргізуге болады:
— сұраныстың жалпы көлемі мен топтық ассортиментті (ассортименттің
кеңдігін) зерттеу;
— топішілік ассортиментті зерттеу (ассортименттің тереңдігі); — тауарлардың сапасы мен безендірілуіне тұтынушылық баға беру.
Сатып алу сұранысын зерттеу материалдары екі өзара байланысты міндеттерді шешу үшін коммерциялық қызметте пайдаланылады:
— сауда кәсіпорындарының оңтайлы сауда ассортиментін қалыптастыру;
— халықтың сұранысына сәйкес үнемі әкелу жолымен, сауда кәсіпорындарындағы тауардың босалқы қорын уақытылы толықтырып отыру.
Халықтың материалдық әл-ауқатының артуымен тұтынушылардың сан жағынан өсуі ғана болмайды, сонымен бірге олардың тұтыну құрылымы да үнемі өзгеріп отырады. Сәнді, жоғары сапалы тауарларға деген сұраныс артады, ал техникалық ілгерілеудің әсерімен — жоғары сапалы техникалық күрделі тауарларға сұраныс өседі. Тауарлардың сапасына, оның безендірілуіне, үлгісіне, пішініне, орауына, әрлеу түрлеріне деген халықтың талабы да артатын болады.
Сұраныс – қажеттіліктердің нарықтық көріну формасы. Сатып алу сұранысын зерттеу деректерін талдау, өндіру мен тұтыну көлемі арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз етуге, тауарлардың ассортиментін кеңейту және жаңарту, сондай-ақ олардың сапасын арттыру мақсаттарында өнеркәсіпке белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді. Сауда, сатып алу сұранысындағы өзгерісті енжар тіркеумен ғана шектелмейді, қайта сұранысты белсенді қалыптастырады. Сауда тұтынуға және сатып алушылардың әдеттеріне белсенді ықпал етеді, ал әдеп нормаларын сақтау кезінде, оларды ұтымды етеді. Сауда кәсіпорындары іс-шаралар жүйесінің көмегімен тұрмысқа жаңа тауарлар енгізуге оң ақпал етеді, сондай-ақ солардың ішінде сауда жарнамасы ерекше рөл атқарады.
Сонымен, сұранысты қалыптастыруға:
— тауарлар өндіруді дамыту деңгейі;
— халықтың саны, құрамы, мәдени деңгейі мен сатып алу қабілеті;
— ұлттық, кәсіби, тарихи, географиялық және климаттық ерекшеліктер;
— қарастырылып отырған тауарларға, орнына қолданылатын-тауарларға, тұтынудағы аталмыш тауарды толықтыратын тауарларға бағалар деңгейі; — халықтың уақытша жұмсалмай жатқан кірісінің шамасы;
— сән;
— маусымдылық (жыл маусымы);
— тұтынушылардың болжалы;
— белсенділік және жарнамалау сапасы және т.б. ықпал етеді.
Нарықтық экономика жағдайларында сұраныс пен оны қалыптастыру ерекшеліктерін білу, ел бойынша сауда ресурстарын ұтымды бөлуге, өнеркәсіпке белсенді ықпал етуге, шығарылатын өнімдердің түр-түрі мен сапасын жақсартуға, бөлшек және көтерме сауданың ассортиментін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қажеттіліктерді қанағаттандыру экономикалық дамудың мақсаты болып саналады. Сөздің кең мағынасындағы қажеттілік, адамның және бүкіл қоғамның материалдарға, әлеуметтік игіліктерге, қызмет көрсетулерге және рухани құндылықтарға деген сезінген қажеттіліктері болып саналады. Халық тұтынатын тауарларға деген төлемқабілетті қажеттілік, сұраныс түрінде көрінеді.
Сұраныстың шамасы (көлемі) сатып алушы қалаған және белгілі бір уақыт кезеңі ішінде ұсынылған бағалар бойынша сатып ала алатын, тауардың санымен анықталады.
Сұранысты зерттеу, тауарлар үшін олар төлеуге дайын, тұтынушыларға қажетті тауарлар мен бағалар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін, кешенді тәсілдемені қажет етеді. Осындай ақпарат сұранысты зерттеуге оң ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге оның өзгеруі мен даму үрдістерін анықтауға көмектеседі.
Сатып алу сұранысын зерттеудің әр түрлі тәсілдері мен әдістері қолданылады.
Көтерме және бөлшек саудадағы сұранысты зерттеу жөніндегі
функциялар мен әдістер, сұранысты талдау мен оның есебінің бірыңғай жүйесін құра отырып, бір буынның деректері сауданың өзге буынының деректерімен толықтырылып, нақтыланып отыратындай болып, шегі ажыратылады.
Көтерме сауда кәсіпорындары, белгілі бір аумақтық-экономикалық аудан мен нақты сатып алушыларға қызмет көрсете отырып, тауарлардың қандай да бір түрлеріне (топтарына) сатып алу сұранысының көлемін, сол сияқты сұраныстың ассортименттік құрылымын зерттейді.
Көтерме саудада сұранысты зерттеу мен болжаудың әр түрлі тәсілдері қолданылады. Көтерме сауда кәсіпорындары сұранысты зерттеудің келесі әдістерін пайдаланады:
— тауарларды сату мен өткен кезең ішіндегі тауардың босалқы қорлары қозғалысының жедел есебі;
— тауарларды сатып алуға және жеткізуге көтере сатып алушылардың өтінімдері мен тапсырыстарын зерттеу және жинақтау;
— тауарды бір орталықтан жеткізу және әкелуге бөлшек сауда кәсіпорындарының өтінімдерін зерттеу және жинақтау;
— көтере сатып алушылардың қанағаттандырылмаған сұранысын есепке алу және талдау;
— сатып алушылармен ассортименттік және конъюнктуралық кеңестер
өткізу;
— жетекші сарапшыларды шақыра отырып, көрме-жәрмеңкелер, көркемдік кеңестер өткізу.
Ірі және орта көтерме кәсіпорындарға сұранысты зерттеу және болжау үшін, сұраныстың жалпы көлемін (нарық сыйымдылығын) және сатып алынатын тауарларға сұраныстың топішілік құрылымын зерттейтін маркетингтік қызметтер (бөлімдер) құрылады.
Бөлшек сауда кәсіпорындары сатып алушылар сұранысын зерттеудің келесі тәсілдерін қолданады:
— тауарайналымы көрсеткіштерін талдау;
— тауардың босалқы қорлары мен тауарайналымдылықты талдау;
— халықтың жүзеге асырылған және жүзеге асырылмаған сұранысын талдау.
Бөлшек тауарайналымы көрсеткіші сұраныстың неғұрлым кең таралған көріну формасы болып саналады.
Бөлшек тауарайналымы — жеке, отбасына, үйге пайдалану үшін халыққа тауарлар сату мен қызмет көрсетулер көлемі. Бөлшек тауарайналымының құрылымдарын талдау қандай да бір тауарларға сатып алушылардың артықшылық берулерін анықтауға көмектеседі.
Алайда, тауарайналымы сұранысты білдіру ретінде, сатып алушылардың жүзеге асырылған қажеттіліктері туралы ғана пайымдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүзеге асырылмаған қажеттіліктер, яғни қанағаттандырылмаған сұраныс болады.
Егер жүзеге асырылған сұранысты нақты сатылған тауарлар мөлшері бойынша бағалауға болса, онда қанағаттандырылмаған сұранысты сандық тұрғыдан анықтау және бағалау қиындау. Сондықтан оның туындау себептерін анықтау, ең алдымен қанағаттандырылмаған сұранысты зерттеудің негізгі мақсаты болып саналады.
Қанағаттандырылмаған сұраныстың негізгі себептері болып мыналар саналуы мүмкін:
— сатылымда тұтынушыларға қажетті тауарлардың болмауы;
— халықтың табысына сәйкес келмейтін тауарларға, бағаның тым жоғарылығы.
Қанағаттандырылмаған сұранысты зерттеу үшін:
— қанағаттандырылмаған сұраныс есебінің карточкасы (сатушылар
жүргізеді);
— бақылау парақтары (сатып алушылардың өздері толтырады);
— сатылымда уақытша жоқ, тауар ассортиментіне сатып алушылар тапсырыстарын қабылдау;
— қанағаттандырылмаған сұраныс есебі күнін өткізу қолданылады.
Қанша және қандай тауарлар сатылғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, тауарлардың босалқы қорлары қозғалысының есебі мен тауарлардың ассортименттік құрылымдарын зерделеу, жүзеге асырылмаған сұранысты талдау болып табылады.
Жүзеге асырылған сұранысты зерттеу әдістерін шартты түрде келесі екі топқа бөлуге болады:
1. Теңдестік есептеулерге негізделген әдістер — неғұрлым тиімді және неғұрлым кең таралған. Олар тауар теңдестігі формуласына негізделген:
(12.1)
 Он — кезең басындағы тауарлар қалдығы;
 П — сұранысты зерттеу кезеңіндегі тауарлардың түсуі;
 Р — зерттелетін кезең ішіндегі өткізу;  Ок — кезең соңындағы тауарлар қалдығы.
2. Тауарлар сатуды тікелей тіркеу әдістері:
— жыртылатын құлақшалар бойынша сату есебі;
— құлақша-қосымшалар бойынша сату есебі;
— тауар (жұмсақ) чектері бойынша тауарлар сату есебі;
— сатып алушылармен есеп айырысулар кезеңінде бақылау-кассалық машиналарын қолдана отырып, сату есебін жүргізу;
— сандық есеп карточкаларының көмегімен сату есебін жүргізу; — тауарлардың дүкенде болу ұзақтығының деректері бойынша зерттеу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *