Нарық конъюнктурасын зерттеу мақсаттары

Нарық конъюнктурасын зерттеу мақсаттары. Нарық конъюнктурасын зерттеу деңгейлері, ақпараттардың түрлері, нарық конъюнктурасы көрсеткіштерінің болжамы, даму үдерістерін талдау. Зерттеу нәтижелері (конъюнктуралық шолу бөлімдері)

Конъюнктура экономиканың ағымдағы жай-күйін сипаттайтын, белгілер мен көрсеткіштердің жиынтығын білдіреді. Нарық конъюнктурасын зерттеу нарықтағы жағдайды талдау мен оны болжауды жорамалдайды. Тауарды қай мезетте және қандай бағалар бойынша сату керек деген сұрақтарға жауаптар алу, осындай зерттеудің түпкі қорытындысы болып саналады. Нарық конъюнктурасын зерттеу және оның даму болжамдарын дайындау үшін, ең алдымен, ел экономикасы өз циклінің қай сатысында екенін анықтау қажет. Содан кейін, алдындағы жылдың экономикасына кешенді сипаттама беру, нарық конъюнктурасына әсер ететін бүкіл факторларды анықтау және болжау, сондай-ақ негізді конъюнктуралық болжам жасау керек.
Конъюнктуралық талдау мен нарықты болжаудың стратегиялық және жедел мақсаттары бөліп көрсетіледі. Конъюнктуралық талдаудың стратегиялық мақсаттары нарықтық тетіктің заңдылықтарын анықтауды және үлгілеуді қажет етеді. Бұл, нарықтың дамуын болжауға және реттеудің экономикалық тетіктерін қолдауды негіздеуге мүмкіндік береді. Қалыптасқан жағдайларды конъюнктуралық талдаудың жедел мақсаттары маркетинг пен менеджмент қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған.
Стратегиялық және жедел мақсаттарды жүзеге асыру үшін конъюнктуралық талдаудың негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
1) нарықтың жай-күйін бағалау;
2) нарық ауқымының (сыйымдылығының) сипаттамасы;
3) нарықтың негізгі үлестерін бағалау және талдау;
4) нарықтың даму үрдістерін талдау және болжау;
5) нарықтың даму маусымдылығы мен циклділігін талдау;
6) өңірлік ерекшеліктер мен айырмашылықтарды бағалау;
7) үлестік белсенділікті талдау;
8) коммерциялық (нарықтық) тәуекелді бағалау;
9) нарықтың монополияландырылуы мен бәсекелестердің қарқындылығы дәрежелерінің сипаттамасы.
Нарықты конъюнктуралық талдаудың осы міндеттерін шешу қиын болып көрінеді және жүйелік, сондай-ақ кешенді тәсілдемелер пайдаланылатын, маңызды зерттеулерді қажет етеді. Конъюнктуралық зерттеуге жүйелік тәсілдемені қолдану, объектіні көпдеңгейлі (иерархиялық) сипаттауды болжайды. Негізінен, объектіні зерттеу кем дегенде үш деңгейде жүзеге асырылады:
 бірінші деңгей тұтастай алғанда объектіні (ел нарығын) зерттеуді, сондай-ақ оны сипаттайтын жалпыланған көрсеткіштерді болжайды;
 екінші деңгей объектінің құрылымдарын (жекелеген тауар нарығын) зерттеу мен оны сипаттайтын көрсеткіштерді, сондай-ақ объектінің жекелеген элементтері арасындағы байланыстар жүйесін болжайды;
 объектіні конъюнктуралық зерттеудің үшінші деңгейі тауар нарығының жекелеген элементтерінің жай-күйін сипаттауды болжайды.
Экономикалық конъюнктураны зерттеуде қолданылатын кешенді тәсілдеме, зерттеу объектісін ішкі және сыртқы орта факторларының өзара әсерін кешенді талдау негізінде қарастыруды болжайды. Мәселен, тауар нарығының конъюнктураларын зерттеу кезінде бұл, объекті жалпы шаруашылық конъюнктурасымен, тұтынушы салалар конъюнктурасымен, сондай-ақ шектес (салалас) және толықтырушы салалар конъюнктурасымен өзара байланыста зерттелуі тиіс екенін білдіреді. Экономикалық конъюнктураларды зерттеу оның ағымдағы жай-күйін анықтауды ғана емес, сонымен бірге нарықтың даму бағыттары мен үрдістерін болжауды да білдіреді. Бұл, тауарларды өткізу мен қызмет көрсетулер саласында шешімдер әзірлеу, сондай-ақ ғылыми-техникалық және өндірістік қызметті жоспарлау үшін қажет.
Нарық конъюнктурасын зерттеу:
 баға белгілеу мен өткізуді талдауды;
 нарықтағы үлес пен нарықтық әлеуетті анықтауды;
 қысқамерзімді және ұзақмерзімді болжам әзірлеуді білдіреді.
Конъюнктуралық зерттеу тауар нарығының жай-күйі туралы ақпараттарды мақсатты бағытталған түрде жинау мен өңдеуді, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін талдауды, тиімді маркетингтік шешімдер қабылдау үшін нарықтың даму негізгі параметрлері мен үрдістерін болжауды білдіреді. Бұл зерттеу ұйымның шаруашылық қызметінің кез келген түрі бойынша тиімді басқару шешімін қабылдау үшін негіз болып саналады. Ішкі және сыртқы нарықтардағы өнімдерді өндіру және өткізу саласындағы нақты мақсаттар мен міндеттер, жүргізілетін конъюнктуралық зерттеулердің бағытына, ауқымдары мен тереңдігіне өз дегенін жүргізуі тиіс. Конъюнктуралық зерттеудің мақсаты болып мыналар саналады: нарықтың сыйымдылығын, тауар бағасының динамикасы мен деңгейін, тауарды өткізу көлемін, экспорт пен импортты және т.б. анықтау. Конъюнктуралық зерттеу объектілері болып саналатындар:
• жалпышаруашылық конъюнктурасы. Осы конъюнктураны зерттеу жекелей алған елдегі халық шаруашылығындағы немесе тұтастай алғанда, дүниежүзілік шаруашылықтағы болып жатқан макроэкономикалық үдерістер мен үрдістерді егжей-тегжейлі қарастыруды болжайды;
• тауар нарығының конъюнктурасы. Аталмыш зерттеуге нақты тауар нарығының жай-күйін талдау мен болжау кіреді және өндіріс салалары мен қарастырылып отырған өнімдерді тұтынуды, олардың байланыстарын, сондайақ зерттелетін нарықтың инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін зерттеуді болжайды.
Зерттеу мақсаттарына қатысты нақты тауар нарығының конъюнктурасы мен жалпышаруашылық конъюнктураларын талдауды төмендегідей екі жолмен жүргізуге болады:
• егер қандай да бір кезең ішіндегі нарық конъюнктурасының даму үрдісін анықтау міндеті қойылатын болса, онда талдау осы кезеңдегі оның динамикасын зерттеу жолымен жүргізіледі;
• егер ағымдағы күн, айға нарық конъюнктурасын анықтау міндеті қойылса, онда талдау аталмыш кезеңдегі экономикалық цикл сатыларын ескере отырып жүргізіледі.
Зерттеушінің, зерттеу объектісінің жай-күйін сипаттайтын, әрқашан да нақты көрсеткіштермен (цифрлармен) ғана ісі болатыны, нарықтағы конъюнктуралық зерттеудің ерекшелігі болып саналады. Осы көрсеткіштерді талдау, қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сондықтан, зерттеу үдерісіне кіріспес бұрын, объектіні дұрыс бағалау үшін қажет сұрақтар мен көрсеткіштердің тізбесін жасау қажет.
Конъюнктураны талдау мен болжау әдістемесі
Жалпышаруашылық пен тауар конъюнктурасын зерттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жекелей алғанда, конъюнктураға талдау жүргізу мен оны болжау мынадай тізбектік сатылардан тұрады:
1. зерттеу объектісін анықтау,
2. бастапқы деректер мен өзге материалдар жинау,
3. конъюнктураны талдауды жүзеге асыру; 4. конъюнктураның даму болжамын әзірлеу.
Жалпышаруашылықтық және тауар конъюнктураларын зерттеу кезіндегі ұйымдастыру және методологиялық қағидаттар бірдей болады.
1. Зерттеу объектісін анықтау. Конъюнктураны талдау аясын: тұтастай алғанда, экономиканың жалпышаруашылықтық конъюнктурасын; елдер топтарының немесе жекелеген елдердің жалпышаруашылықтық конъюнктурасын; экономиканың жекелеген салаларының немесе әлемдік ауқымдағы тауар нарығы немесе елдер топтарын, сондай-ақ жекелеген елдер бойынша конъюнктурасын, дүниежүзілік нарық конъюнктурасын және т.б. анықтау, зерттеушінің міндеті болып саналады.
2. Бастапқы деректер мен өзге материалдар жинақтау. Оны талдау және болжау үшін материалдар жинақтау мен конъюнктураның даму көрсеткіштерін жинауға кіріспес бұрын, келесі бастапқы жағдайды нақтылап алу қажет.
Егер сөз, жекелеген елдің жалпышаруашылық конъюнктурасы туралы болып отырса, онда зерттеуші, конъюнктураның көрсеткіштер шеңберлерін анықтау үшін, оның конъюнктурасын зерттеу белгіленіп отырған, ел экономикасының құрылымы туралы мәліметтерге иелік етуі тиіс. Бұл үшін ел экономикасы құрылымының сипаты мен ерекшеліктерін, оның шаруашылығының аса маңызды салаларын білу қажет. Конъюнктураны зерттеу кезінде талдау мен болжау жасалатын уақыт кезеңін (ай, тоқсан, жыл) анықтау қажет болады. Бұл, әсіресе көрсеткіштер шеңберін анықтау үшін ғана емес, сонымен бірге көрсеткіштердің әрбірі бойынша деректердің анық-қанығына жету үшін материалдар жинақтау кезінде маңызды болып саналады.
Бастапқы деректерді жинақтау сатыларында келесі операциялар жүргізіледі.
 конъюнктураның негізгі көрсеткіштер шеңберін анықтау;
 конъюнктура көрсеткіштерін анықтау және дерек көздерін сұрыптау;
 негізгі көрсеткіштер бойынша конъюнктура туралы деректерді жинақтау.
3. Конъюнктураны талдауды жүзеге асыру. Тиісті елдің экономикасындағы жағдай туралы материалдарды жинақтау бойынша жұмыстарды аяқтағаннан кейін конъюнктураны талдауға кірісуге болады. Конъюнктураны талдауды, қандай да бір өзге көрқарасты растайтын, еркін сұрыпталған фактілер базасында емес, қарама-қайшы үрдістердің, үдерістер мен құбылыстардың бүкіл жиынтығын көрсететін, фактілер базасында жүргізу қажет.
Конъюнктураны талдау үдерісі келесі сатылардан тұрады. Конъюнктура жай-күйінің көрсеткіштері мен факторларды жіктеуден басталады. Факторлардың, статистикалық көрсеткіштердің және конъюнктураны бағалаудың әрбірі бойынша динамикалық қатарлар құру міндетті болып саналады. Көрсеткіштердің әрбірі, өткендегі, қазіргі және болашақтағы тиісті конъюнктураны құратын фактордың әсерін (қолда бар бағалар мен болжамдар) көрсететін, динамикалық қатарға ие болуы тиіс.
Тиісті негізгі конъюнктураны құратын факторлар әсерінің күші мен бағытын анықтау, конъюнктураның дамуын талдаудың келесі сатысы болып саналады. Талдау, динамикалық қатарларды пайдалана отырып, тарихи аспектіде жүргізіледі. Бүкіл аса маңызды конъюнктураны құратын факторларды біртұтас ретінде бүкіл жиынтықта және өзара байланыста қарастыру, біріктіру, қосу, талдаудың қорытынды сатысы болып табылады. Конъюнктураны талдау нәтижелері, талданатын кезең ішінде конъюнктураны қалыптастырудағы негізгі факторлардың әрбірінің алатын орны мен рөлін анықтауды қамтамасыз етеді.
4. Конъюнктураның даму болжамын әзірлеу. Бұл, жұмыстың неғұрлым күрделі және маңызды кезеңі. Конъюнктураның дамуын болжау – конъюнктураның жүзеге асырылатын талдауының ең басты мақсаты мен түпкі нәтижесі. Болжам, сауда саясатын қалыптастыру үшін негіз болып пайдаланылады. Конъюнктураның дамуын болжау сапасы, оның дәлдігі мен сенімділігі конъюнктураны қалыптастырудың аса маңызды факторларын анықтаудың дұрыстығына байланысты болады.
Болжау үдерісінде тарихи қағидатты пайдалану экстраполяция әдісін қолдануды білдірмейді. Конъюнктура ешқашан да дәлме-дәл қайталанбайды. Жаңа құбылыстар, факторлар мен үрдістер, күштердің өзгеруі мен негізі конъюнктураны құратын факторлар әсерінің бағытталушылығы, конъюнктураның дамуына үнемі өзіндік ерекшелігін енгізіп отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *