Нарықтың сыйымдылығы: деңгейлері, қалыптасу факторлары

Нарықтың сыйымдылығы: деңгейлері, қалыптасу факторлары.
Деректерді жүйелендіру, өңдеу және талдау

Нарықты зерттеудің басты міндеттері – оның сыйымдылығын анықтау болып саналады.
Нарықтың сыйымдылығы – белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі тауарды өткізудің бар немесе әлеуетті мүмкін көлемі.
Әр түрлі бағалар арақатынасы мен аталмыш деңгей кезіндегі тауарды (кәсіпорынның нақты өнімдерін) өткізудің мүмкін көлемі тауар нарығының сыйымдылығы болып түсіндіріледі. Нарықтың сыйымдылығы халықтың сұраныс мөлшерімен және тауар ұсынысының шамасымен сипатталады. Әрбір уақыт мезетінде нарық сандық және сапалық анықтыққа ие болады, яғни оның көлемі сатылатын, демек, сатып алынатын тауарлардың құндық және натуралды көрсеткіштерімен анықталады.
Сараптамалық операциялар дайындау және өткізу кезінде ұлттық тауар нарықтарының сыйымдылығын анықтау үшін, тауарлардың «көрінетін» тұтынылымы ұғымы, яғни экспортты шегеріп, сондай тауарлардың импортын қосқандағы, елдегі тауарды өзіндік өндіру ұғымы қолданылады.

Ор = Vв + Vи – Vэ, (8.1)

мұндағы Ор – нарық көлемі
Vв – өндіріс көлемі
Vи – импорт көлемі
Vэ – экспорт көлемі
Нарықтың сыйымдылығы натуралды және/немесе ақша көрсеткіштерімен өлшенеді.
Нарық сыйымдылығының екі деңгейін ажырата білу қажет: 1. әлеуетті
2. нақты.
Бірінші деңгей нарықтың нақты сыйымдылығы болып саналады.
Әлеуетті сыйымдылық бүкіл әлеуетті клиенттер, өздерінің тұтынуының ең жоғары деңгейлеріне сүйене отырып, тауарлар сатып алған кезіндегі нарықтық жағдайлардағы сатудың аса үлкен мүмкін көлемін білдіреді. Нақты сыйымдылық талданатын тауарды сатудың нақты немесе болжанатын көлеміне жету ретінде бағаланады. Нарықтың сыйымдылығы, олардың әрбірі белгілі бір жағдайларда нарықты ынталандыруы, сол сияқты оның сыйымдылығын шектей отырып, оның дамуын тежеуі мүмкін факторлар жиынының әсерімен қалыптасады. Факторлардың бүкіл жиынтығын екі топқа: жалпы және өзгешелікті сипатқа бөлуге болады. Кез келген тауар нарығының сыйымдылығын айқындайтын әлеуметтік-экономикалық факторлар жалпы болып саналады:
— тауар ұсынысының көлемі мен құрылымы, оның ішінде кәсіпорындар бойынша;
— шығарылатын өнімдердің түр-түрі мен сапасы;
— аталмыш тауар немесе топ бойынша импорттың мөлшері;
— өмірдің жеткен деңгейі мен халықтың қажеттіліктері;
— халықтың сатып алу қабілеті;
— тауарларға бағалар арақатынасының деңгейі;
— халықтың саны;
— оның әлеуметтік және жыныстық-жастық құрамы;
— нарықтың қанығу (молығу) дәрежесі;
— өткізу, сауда және сервис желілерінің жай-күйі; — нарықтың географиялық орналасуы.
Қазіргі уақытта нарықтағы жағдай, аумақтардың оқшаулануы мен жаңа ақша бірліктерін енгізу, коммерциялық құрылымдардың пайда болуы, инфляция, жаңа кедендік шектеулер енгізу және т.с.с. сияқты үдерістердің елеулі әсерін бастан кешуде.
Өзгешелікті факторлар жекелеген тауарлар нарықтарының дамуын анықтайды, әрі әрбір нарық, өзіне ғана тән сипатты факторларға ие болуы мүмкін. Бұл жағдайда өзгешелікті фактор әсер ету дәрежелері бойынша нақты тауар бойынша ұсыныс пен сұранысты қалыптастыру және дамыту үшін айқындаушы болуы мүмкін. Өзгешелікті факторлардың қатарына мыналар жатады:
1. гардеробтың өлшемі мен құрамы, табиғат-климат жағдайы, сән үлгілерінің өзгеруі, ұлттық-тұрмыстық дәстүрлер (маталар, киімдер мен аяқ киімдер нарықтары үшін);
2. қамтамасыз етушілік деңгейі, физикалық және моральдық тозу мерзімдері, тұрғын үй құрылысының өсуі, прокат желілерінің дамуы, тұрмыстағы материалдық және мәдени жағдайды ұтымды ету, қуат көздеріне (ұзық пайдаланылатын тауарлар үшін) бағалардың өсуі.
Жекелеген нарықтардағы сұраныс пен ұсыныстың дамуын айқындайтын факторлардың жиынтығы, күрделі диалектикалық өзара байланыстарда болады. Бір факторлар әсерінің өзгеруі өзге факторлар әсерінің өзгеруін туғызады. Олардың жалпы сыйымдылықтың, сол сияқты нарық құрылымдарының өзгерісін туғызатыны, ал өзге бір факторлардың, нарықтың жалпы сыйымдылығын өзгерпестен, оның құрылымдық өзгерісін туғызатыны, бір факторлардың ерекшелігі болып саналады. Нарықта зерттеу үдерісінде факторлар жүйесі әсерінің тетігін түсіндіру және олардың, сол және басқа сұраныс пен ұсыныстың көлем нәтижелерін өлшеу қажет. Зерттелетін нарықта себептік-салдарлық байланыстарды анықтау деректерді жүйелендіру және талдау негізінде жүргізіледі. Талданатын көрсеткіштердің, кестелердің, диаграммалардың және т.б. динамикалық қатарларын, топтастырмалық және талдамалық кестелерін құру, деректерді жүйелендіру болып саналады. Бұл — оны сандық және сапалық бағалау үшін ақпараттарды талдаудың дайындық сатысы.
Деректерді өңдеу мен талдау статистика бойынша оқу құралдарында сипатталған және мәлім әдістерді, атап айтқанда: топтастыруды, индекстік және кескіндік әдістерді, динамикалық қатарларды құру мен талдауды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Себептік-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктер динамикалық қатарларды коррекциялық-регрессиялық талдау нәтижесінде анықталады.
Ең соңында, әр түрлі факторлардың өзара әсерінен туындаған себептіксалдарлық байланыстарды сипаттау, нарықтың даму үлгісін құруға және оның сыйымдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Осындай үлгіні құру алдында зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтаумен қатар, алдымен жұмыстың бастапқы кезеңінде қалыптасатын, жұмыстың ғылыми болжамдары нақтыланады. Ақпараттар көздерін тереңдете талдау нарықтың даму болашағы туралы бастапқы түсінікті түбегейлі өзгертуі мүмкін. Нақтыланған ғылыми болжам, нарықтың даму үлгісі мен болжау аппараты соған сүйеніп әзірленетін, экономикалық міндеттердің қойылыс формасын білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *