Нарықтың даму үлгісі

Нарықтың даму үлгісі. Нарық сыйымдылығының формулалары.
Нарықтың әлеуеті мен сыйымдылығын есептеудің әр түрлі әдістемелері

Нарықтың даму үлгісі нақты шындықтың шартты бейнесі болып көрінеді және аталмыш нарықтың құрылымы мен себептік байланыстарын сызба түрінде көрсетеді. Ол, көрсеткіштер жүйесінің көмегімен оңайлатылған түрде, қазіргі кезеңдегі және болашақтағы уақыттың берілген үзігіндегі нарықтың бүкіл негізгі элементтері дамуының сапалық өзіндік әр алуандығын сипаттауға мүмкіндік береді.
Нарықтың дамуының нысандандырылған үлгісі, оның негізгі көрсеткіштерін қамтитын, теңдеулер жүйесін білдіреді. Әрбір нарық үшін жүйе теңдеулер мен көрсеткіштердің әр түрлі санына ие болуы мүмкін, алайда, кез келген жағдайда оған сұраныс пен ұсыныс теңдеуі кіруі тиіс.
Нарықтың даму үлгілерін жасау кезінде мыналар қажет болып саналады:
Біріншіден, нақты нарықтың даму болашағын анықтау өзге әлеуметтікэкономикалық болжамдардан (демографиялық, өңірлік және т.б.), өзара толықтыратын және өзара алмасымды тауарлар бойынша осындай жобалаулардан оқшау жүзеге асырыла алмайды.
Екіншіден, болашақта түбегейлі өзгеруі мүмкін даму үрдістерінің, факторлардың үлкен санының тауар нарығының дамуына әсерін есепке алу, нарықтың даму үлгілерінің бірнеше нұсқаларын құру мен бірнеше нұсқалардың ішінен оңтайлы нұсқаны табу қажет екенін анықтайды.
Тауар топтарының агрегатталу дәрежесін анықтау, нарықтың даму үлгілерін құру проблематикасын құрайтын, үшінші түбегейлі кезең болып саналады. Сыйымдылық болжамын қай деңгейде құру керек екенін көз алдыға анық елестете білу керек.
Осы айтылған үш кезеңнің барлығы елеулі дәрежеде болжам кезеңіне тәуелді болады. Болжаудың бірнеше түрлері: конъюнктуралық (3 — 6 ай), қысқа мерзімді (1 — 2 жыл), ортамерзімді (3 — 5 жыл), ұзақмерзімді (5 — 10 жыл), болашаққа арналған (10 жылдан асатын) болып ажыратылады. Болжам кезеңі неғұрлым қысқа болса, оның факторларын айқындайтын нарықтың дамуына әсер ету дәрежесі дұрыс бағаланатыны анық. Болжам кезеңінің ұзаруымен үлгілер нұсқаларының саны да өседі. Нарықтың болашақтағы сипаттамалары туралы ақпараттардың негізгі көздері болып мыналар саналады:
1. адамның тәжірибесі мен интуициясы;
2. өткенде және қазіргі уақытта аса белгілі даму заңдылықтарын, үрдістерді, үдерістерді экстраполяциялау;
3. оның қажетті даму үрдістерін көрсететін, зерттелетін үдерістің үлгісі.
Осыған сәйкес, болжамды әзірлеудің бір-бірін толықтыратын үш тәсілі қолданылады:
1. Сауалнама жүргізу – болжамдық сипаттағы бағалар алу мақсатында халықтың, сарапшылардың пікірлерін анықтау. Сауалнама жүргізуге құрылған әдістер, негізінен, бірқатар себептер бойынша үдерісті дамыту заңдылықтары, қажетті деректер болмаған кезде, формалды аппаратпен көрсетіле алмайтын жағдайларда пайдаланылады. Мамандардың білімдері мен интуицияларына негізделген сараптамалық әдістер, нарықтың болжамдық зерттеулерінде, әсіресе нарық сыйымдылығы мен жаңа (түрлендірілген) тауарларды бағалау кезінде кеңінен қолданылады.
2. Экстраполяциялау – регрессивтік типтегі әзірленген үлгілер негізіндегі, динамикалық қатарлар мен олардың көрсеткіштері түрінде көрсетілетін, үдерістер үрдістерінің болашақта жалғасуы. Экстраполяциялар әдістері, әдетте, өткен уақыт жайлы ақпарат жеткілікті санда болғанда және орнықты үрдістер анықталған кездегі жағдайларда қолданылады. Бұл нұсқа бұрын қалыптасқан үрдістердің болашақта сақталуы туралы ғылыми болжамға негізделген.
Болжауға жасалатын осындай болжам генетикалық атауға ие және эконометрикалық үлгілерді зерттеуді болжайды. Тауар нарықтарын зерттеудің көпшілігінде нарықтың дамуын айқындайтын аса маңызды фактор ретінде, үлгіге уақыттық фактор (тренд) енгізіледі. Үрдістерді экстраполяциялау рәсімі болжаудың трендтік үлгілері мен эмпирикалық деректер қатарларын неғұрлым жуық сипаттайтын, формалар қисығын (ауытқымасын) таңдауды болжайды.
3. Талдамалық үлгілеу – нарықтың даму барысындағы ішкі және сыртқы өзара байланыстарды көрсететін үлгілерді құру мен пайдалану. Әдістердің осы тобы, өткен уақыт жайлы ақпарат өте аз болғанда, алайда оның үлгісін әзірлеуге және осы базада нарықтың болашақтағы жай-күйін бағалауға, оның дамуының баламалы нұсқаларын жаңғыртуға мүмкіндік беретін, нарық туралы кейбір болжамалық түсінікке ие болған кезде пайдаланылады. Болжауға қолданылатын осындай тәсілдеме мақсатты (нормативтік) болжау деп аталады. Болжаудың мақсатты (нормативтік) әдісін пайдалану: шығаратын тауар бойынша нарықтың белгілі бір үлесіне қол жеткізу; қажеттіліктерді қанағаттандырудың қажетті деңгейі және т.б.с. сияқты мақсаттарды бағалаудан басталады. Осы мақсаттар негізінде, оларға қол жеткізу үшін қажет ісшаралармен кері байланыс орнатылады.
Әдістердің келтірілген кейбір бөлінуі біршама дәрежеде шартты болып саналады. Тәжірибеде олардың барлығы өзара тоғысуы және бірін-бірі толықтыруы мүмкін, өйткені бірқатар жағдайларда олар, болжамның дәлдігі мен сенімділіктің белгілі бір қажет дәрежесін өз-өзінен қамтамасыз ете алмайды, алайда белгілі бір ұштастықта қолданылу жағдайларында олар аса тиімді болуы мүмкін.
Нарықтың жай-күйін кешенді талдамалық шолу мен оны қалыптастыратын факторлар, сондай-ақ оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың өзгеру үрдістерін ескеретін нарықтың даму көпнұсқалы болжамы, нарықтың сыйымдылығын анықтау бойынша жұмыстардың нәтижесі болып саналады. Тауар нарықтарын зерттеу жөніндегі кәсіпорынның қызметі, тауардың өмірлік циклі содан қалыптасатын, маркетингте қолданылатын нарықтың сыртқы нарықтық жағдайларын зерттеу тәсілімен сәйкес келеді. Нарықтың біртекті емес екені анық, сондықтан мақсаттары мен құралдары әр түрлі тұтынушылардың әр түрлі топтарын анықтауға болады. Атап айтқанда, нарық сол бойынша сегменттерге бөлінетін белгілі таңдау, тауарды айналымға қосудың тізбектілік жағдайы мен баға бойынша аталмыш нарық сегментін біршама қанағаттандыратын, осы тауардың санын анықтайды.
Маркетингтік зерттеулер тәжірибесі көрсеткендей, қандай да бір тауарлар нарығының сыйымдылығы туралы және жекелеген өндірушілер алып отырған нарықтағы үлесі туралы деректер, қазіргі уақытта өндірушілердің өздері үшін үлкен қызығушылық туғызады. Олар, нарықта өзінің орнықты үлесі бар компаниялардың жайғасымын кеңейту үшін, сол сияқты жаңа компанияның немесе сауда маркасының нарыққа енуі үшін қажет. Осындай ақпараттарға деген қажеттілік қазірдің өзінде қалыптасты: бүгінгі күні осындай маркетингтік зерттеулер жүргізетін көптеген ұйымдар пайда болуда. Алайда, осындай зерттеулер бойынша есептер мен мақалаларды оқығаннан кейін, зерттеу жүргізу методологиялары бойынша, сол сияқты есептер жазу бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Сондықтан, біздің көзқарасымызша, неғұрлым жиі кездесетін қателер мен нарықтың сыйымдылығын зерттеу үшін, қандай да бір әдістемелерді пайдаланудың дұрыстығы туралы мәселені көтерген орынды болар еді. Осындай түрдегі пікірсайыс, аталмыш салада жұмыс жасайтын мамандарға қызықты және пайдалы болады деп ойлаймыз.
Нарықтың сыйымдылығын немесе нарықтық сұранысты зерттеу, тауардың белгіленген маркасы бөлінген нарықтағы сату көлемін немесе нақты уақыт кезеңіндегі тауар маркаларының жиынтығын анықтау болып түсіндіріледі.
Аталмыш параметрлерді зерттеу әдетте, бес негізгі параметрлер бойынша жүргізіледі:
1. қайталама ақпараттарды талдау;
2. өнімдерді өндіру мен өткізу;
3. шығындар және тұтынушылардың мінез-құлықтары;
4. тауардың аталған типін тұтынудың нормалары негізінде сыйымдылықты есептеу;
5. сату көлемдерін «келтіру» негізінде сыйымдылықты анықтау (бір өңірдегі нарықтың белгілі сыйымдылығы, оны келтіру коэффициентінің көмегімен түзету жолымен, өзге өңірдегі нарықтың сыйымдылығын есептеу үшін негіз болып саналған кезде).
Енді осыларды қарастырып көрелік:
1. Қайталама ақпараттарды талдау. Оған бізді қызықтыратын нарық туралы мәліметтен тұруы мүмкін және маркетингтік қызмет үшін пайдалы болуы мүмкін бүкіл құжаттамалар: статистикалық деректер, басқару органдарының деректері, нарық шолулары, мамандандырылған журналдар мен мақалалар, Internet деректері және т.б. талдауы кіреді. Алайда, осындай тәсілмен алынатын ақпарат, тәжірибеде қолдану кезінде пайдалану үшін аса күрделі, толық емес және жиі түрде сенімділік (анықтылық) дәрежесі күмәнді болып шығады.
2. Өнімдерді өндіру мен өткізу тұрғысынан нарықты зерттеу. Оған өндіруші кәсіпорындарды, көтерме және бөлшек сауда ұйымдарын зерттеу кіреді. Осы дерек көзінен алынған ақпарат, өткізудің нақты көлемі мен өндірушілердің және сауда маркаларының көрсетілушілігін анықтауға мүмкіндік береді. Сатып алушылардың санына қарағанда, сатушылар санының аз екендігін ескере отырып, осындай зерттеулер жиі түрде өте тез жүргізіледі және тұтынушыларды зерттеуге қарағанда арзандау тұрады. Бұл жердегі проблема, өндірушілер немесе сатушылар берген ақпарат қаншалықты дәл болып шығатындығында және сатушылардың пікір сұраған іріктемесі бас жиынтықпен (өнім сататын сауда нүктелерінің жұмыс істейтін бүкіл нарығында) қаншалықты репрезентативті болатындығында болып табылады.
3. Шығындар және тұтынушылардың мінез-құлқы. Белгілі бір уақыт кезеңінде бізді қызықтыратын өнімге тұтынушылар жұмсаған шығындар, я сатып алудың жиілігі және сатып алудың орташа бөлшек сауда бағасымен сатып алынатын өнімдердің көлемдері, я аталмыш тауарға жұмсалатын шығыс нормалары зерттеледі. Бұл ретте, зерттеу тұтынушылардың мінез-құлқы мен уәждемелеріне қатысты: яғни, олардың қандай да маркаға, тауарды сатып алу жиілігіне, тауарға күтілетін бағаға, брэндтердің ажыратылымдық дәрежесіне, брэндтерге адалдығына, тауардың қандай да бір маркасын таңдау уәждемесіне және т.б. қатысты жүргізіледі. Өзінің тұтынуы туралы деректерді сатып алушылардың қаншалықты адал және әділетті елестететіндігі, осындай ақпараттардың дәлдік мәселесі болып табылады.
4. Тауардың аталмыш типін тұтыну нормалары негізінде сыйымдылықты есептеу. Бұл тәсілдеме, негізінен, азық-түлік тауарлары, шикізат пен шығыс (тұтыну) материалдары үшін пайдаланылады. Бір тұрғынға тұтынудың жылдық нормасы мен халықтың жалпы саны, есептеулер үшін статистикалық негіз болып пайдаланылады.
5. Сату көлемдерін «келтіру» негізінде нарықтың сыйымдылығын анықтау. Есептеудің осындай әдістемесін, негізінен, жекелеген географиялық нарықтарда жинақтаған елеулі тәжірибесі бар компаниялар пайдаланады. Есептеулерде бір өңірдегі өнімдерді өткізудің нақты көлемі туралы деректер мен сатуды айқындайтын факторлар қолданылады. Сату факторларының көмегімен бір өңірдегі сатуларды екінші өңірге келтіру коэффициенттері (халық санын, орташа жалақыны, кенттенуді, бағаларды, тұтыну ерекшеліктерін және т.б. келтіру коэффициенттері) анықталады. Нарық туралы деректер алу мақсаттарымен өнімдерді өндірушілер мен сатушыларға зерттеулер жүргізу, маркетингтік компаниялар үшін аса үйреншікті болып саналады, алайда осы зерттеулерде қателіктер кездеседі.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, іріктемелердің репрезентативтілігін сақтамау неғұрлым жиі кездесетін қателердің бірі болып саналады. Зерттелетін нарықтағы себептік-салдарлық байланыстарды анықтау, деректерді жүйелендіру мен талдау негізінде жүргізіледі. Топтастырылған және талдамалық кестелер, талданатын көрсеткіштердің динамикалық қатарларын, кескіндемелер, диаграммалар және т.б. құру, деректерді жүйелендіру болып табылады. Бұл, оны сандық және сапалық бағалау үшін ақпараттарды талдаудың дайындық сатысы.
Өңдеу мен талдау белгілі әдістерді, атап айтқанда, топтастыру, индекстік және кескіндемелік әдістерді, динамикалық қатарларды құру мен талдауды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Себептік-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктер динамикалық қатарларды корреляциялық-регрессиялық талдау нәтижесінде анықталады. Ең соңында, әр түрлі факторлардың өзара әсерінен туындаған себептік-салдарлық байланыстарды сипаттау, нарықтағы даму үлгісін құруға және оның сыйымдылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Нарықты болжау
Аталмыш түрдегі тауарларға деген халықтың сұранысы сол жағдайда неғұрлым толық қанағаттандырылатын және өндірілген өнімдерді тиімді өткізу үшін алғышарттар жасалатын жағдайларды анықтау, нарықтық зерттеулердің жалпы мақсаты болып саналады. Сұраныс пен ұсыныстың ағымдағы арақатынасын, яғни нарық конъюнктурасын талдау, осыған сәйкес нарықты зерттеудің бірінші кезектегі міндеттері болып саналады.
Нарық конъюнктурасын зерттеудің: жалпы экономикалық, салалық және сауда саласы болып бөлінетін үш деңгейі қарастырылады. Нарық конъюнктурасын зерттеудің кешенді тәсілдемесі:
— ақпараттардың әр түрлі, бір-бірін толықтыратын дерек көздерін пайдалануды;
— ретроспективалық талдаудың нарық конъюнктурасын сипаттайтын, сатып алушылар болжамымен ұштастырылуын;
— талдау мен болжаудың әр түрлі әдістерінің жиынтығын қолдануды болжайды.
Ақпараттар жинау – нарық конъюнктурасын зерттеудің аса маңызды кезеңі. Зерттелетін үдерістер туралы бүкіл мәліметтерден тұратын, конъюнктура туралы ақпараттардың бірыңғай көзі болмайды. Зерттеу кезінде, әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттардың әр түрлері пайдаланылады. Ақпарат: жалпы, коммерциялық, арнайы болып ажыратылады.
Жалпы ақпаратқа, саланың немесе аталмыш өндірістің дамуымен байланыстырылған, тұтастай алғанда, нарықтық жағдайды сипаттайтын деректер кіреді. Мемлекеттік және салалық статистикалар деректері, есеп пен есептіліктің арнайы үлгілері (түрлері) оны алатын дерек көздері болып саналады.
Коммерциялық ақпарат – ақпарат алмасу тәртібінде серіктестерден алынатын және өндірілетін өнімдерді өткізу мәселелері бойынша кәсіпорынның іскерлік құжаттамаларынан алынатын деректер. Оған мыналар жатады:
— сауда ұйымдарының өтінімдері мен тапсырыстары;
— сауда кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері нарығын зерттеу қызмет орындарының материалдары (көтерме және бөлшек сауда ұйымдарындағы тауарлар қозғалысы туралы материалдар, конъюнктуралық шолулар, тауардың түр-түрін ағымдағы алмастыру бойынша ұсыныс).
Арнайы ақпарат, нарықты зерттеу бойынша арнайы іс-шаралар нәтижесінде алынған деректер (халықтан, сатып алушылардан, сауда және өнеркәсіп мамандарынан, сарапшылардан пікір сұраулар, сату-көрмелері, конъюнктуралық кеңестер), сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарының материалдары болып саналады. Арнайы ақпараттың ерекше құндылығы бар:
Нарық болжамы – оның мүмкін қателерін бағалай отырып, сенімді ақпараттар негізінде, белгілі бір әдістемелер шеңберлерінде орындалған, тауар ұсынысының, сұранысының және бағалардың даму болашағын ғылыми тұрғыдан топшылау. Нарық болжамы оның даму заңдылықтары мен үрдістерін, оның дамуын айқындайтын негізгі факторларды, болжау нәтижелері мен деректерін бағалау кезінде қатаң объективтілік пен ғылыми адалдықтың сақталуын есепке алуға негізделеді. Нарық болжамын әзірлеу жалпы түрде келесі төрт кезеңнен тұрады:
— болжау объектісін анықтау;
— болжау әдісін таңдау; — болжауды әзірлеу үдерісі; — болжау дәлдігін бағалау.
Болжау объектісін анықтау – ғылыми топшылаудың аса маңызды кезеңі. Мысалы, тәжірибеде сату мен сұраныс, жеткізу мен тауар ұсынысы, нарықтық бағалар мен өткізу бағалары, қаржы, ақша айналысы мен несие ұғымы жиі түрде сәйкестендіріледі. Белгілі бір жағдайларда осындай алмастырулар болуы мүмкін, алайда тиісті ескертпелермен және болжамдық есептеулер нәтижелеріне кейін түзетулер жасаумен.
Болжау әдісін таңдау болжамның мақсатына, оны анықтау кезеңіне, оның егжей-тегжейлі анық-қанығын айыруға және бастапқы (базистік) ақпараттың болуына қатысты болады. Егер тауардың мүмкін сатылу болжамы бөлшек сауда желілерінің даму болашағын анықтау үшін жасалса, онда болжаудың неғұрлым терең бағалау әдістері қолданылуы мүмкін. Егер ол таяу айлардағы нақты тауарларды сатып алуды негіздеу үшін орындалса, онда неғұрлым дәл әдістер пайдаланылуы тиіс.
Қолмен атқарылатын, я ЭЕМ-ді пайдалана отырып, олардың нәтижелеріне кейін сапалық, кәсіби деңгейде түзетулер жасалатын, есептеулер жүргізу, болжамды әзірлеу үдерісі болып табылады. Болжамның дәлдігін бағалау, оның мүмкін қателерін есептеу жолымен орындалады. Сондықтан, болжам нәтижелері тәжірибеде әрқашан да интервалдық түрге келтіріледі.
Нарық болжамдары бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:
1. Алдын ала уақыт бойынша: қысқа мерзімді болжамдар (бірнеше күннен 2 жылға дейін); ортамерзімді болжамдар (2-ден 7 жылға дейін); ұзақмерзімді болжамдар (7 жылдан асатын) болып бөлінеді. Олар алдын ала анықтау кезеңімен ғана емес, сонымен бірге егжей-тегжейлі анық-қанығын айыру деңгейімен және болжаудың қолданылатын әдістерімен де өзгешеленеді.
2. Тауар белгісі бойынша нарық болжамы: нақты тауар түрлері, тауар топтары, тауарлар кешені, бүкіл тауарлар болып өзгешеленеді.
3. Өңірлік белгісі бойынша нарық болжамы: нақты тұтынушылар, әкімшілік аудандар, ірі өңірлер, елдер, бүкіл әлем үшін жасалады.
4. Қолданылатын әдістердің мән-маңызы бойынша болжамдар топтары бөлінеді және келесілер оның негізі болып саналады:
— динамика қатарын (нарық сыйымдылығын) экстраполяциялау;
— динамика қатарын интерполяциялау-динамикалық қатардың оның ішіндегі жетіспейтін мүшелерін табу;
— сұраныстың икемділік коэффициенттері;
— құрылымдық үлгілер — тұтынушыларды неғұрлым түбегейлі белгісі бойынша топтастырудан тұратын, статистикалық кестені білдіреді, мұнда әрбір топ үшін тауарларды тұтыну құрылымы келтірілген.
Тұтынушылар құрылымдарының өзгеруі кезінде осы тауарларды орташа тұтыну да (демек, сұраныс та) өзгереді. Болжау әдістерінің бірі осы негізде құрылған.
— сараптамалық бағалау. Бұл әдіс, базистік ақпарат әлі қалыптасып үлгермегенде немесе дәстүрлі тауарлар нарықтарында ұзақ уақыт зерттелмеген жаңа тауарлар нарықтарында пайдаланылады. Ол сарапшылардан — өте білікті мамандардан пікір сұрауға негізделген.
— экономикалық-математикалық үлгілеу;
Нарық конъюнктурасының болжанатын көрсеткіштерін есептік және жоспарлық деректермен ұштастыра отырып талдау нәтижелері, оң үдерістерді дамытуға бағытталған іс-шараларды дер кезінде әзірлеу, сол уақытта бар сәйкессіздіктерді жою және алда болуы мүмкіндерін болдырмау мүмкіндігін береді және әр түрлі талдамалық құжаттар түрінде табыс етілуі мүмкін.
— Жиын шолу немесе баяндама. Халық тұтынатын тауарлардың, нарықтың жинақтама (қорытындылама) көрсеткіштері бар негізгі құжат. Жалпыэкономикалық және салалық көрсеткіштер динамикасы, конъюнктураның ерекше жағдайы талданады. Ретроспектива жүргізіледі және конъюнктуралар көрсеткіштерінің болжамы беріледі, неғұрлым сипатты үрдістер көрсетіледі, жекелеген нарықтар конъюнктураларының өзара байланыстары анықталады.
— Конъюнктураны тақырыптық (проблемалық немесе тауарлық) шолу. Нақты жағдайды немесе жекелеген қандай да бір нарықты көрсететін құжаттар. Бірқатар тауарлар үшін сипатты неғұрлым өзекті проблемалар, я нақты тауар нарығының проблемасы анықталады.
— Жедел (белгі беру) конъюнктуралық ақпарат. Нарық конъюнктурасының жекелеген үдерістері туралы өзіндік «белгі беру» болып саналатын, жедел ақпараттан тұратын құжат. Сауда хат-хабарларының деректері, халықтан пікір сұрау, мамандардың сараптамалық бағалары жедел ақпараттың негізгі дерек көздері болып саналады.



Нарық сыйымдылығын есептеу әдістері
Нарық сыйымдылығын есептеу нарықтағы өзгеріс динамикасын дұрыс бағалау, нарықтың болашағын бағалау және өнім/марка нарықтың қандай үлесін алатынын түсіну үшін қажет.
Нарық сыйымдылығы белгілі бір географиялық сегмент шеңберлеріндегі натуралдық және/немесе ақша көрсеткіштерімен өлшенеді, әдетте уақыт кезеңі үшін жыл (көптеген тауарлардың маусымдылығына байланысты) алынады. Нарық сыйымдылығы өсу, төмендеу немесе өзгеріссіз қалу үрдісін білдіреді. Нарық сыйымдылығы аталмыш тауарға немесе қызмет көрсетуге деген нарықтың қажеттіліктеріне, сондай-ақ өзге де факторларға қатысты болады.
Нарықтың есептік сыйымдылығы – «есептік немесе болжанатын шама» және басқа ештеме емес. Бұл шама өткен уақытта орын алған, алайда болашақтағы емес, әр түрлі фактілердің белгілі бір жорамалдары мен қорытындыламалары негізінде есептеліп шығарылады. Алайда, нарық сыйымдылығының есептік және нақты көрсеткіштерінде алшақтық болатын жағдайлар жиі кездеседі.
Нарық сыйымдылығын математикалық тұрғыдан, келесі түрде көрсетуге болады:

Е = М ˟ С, (8.2)

мұндағы: Е — натуралды немесе ақша түрінде көрсетілген нарық
сыйымдылығы (бірлік/жыл, теңге/жыл);
М — бір жылдағы өткізілетін тауардың саны (бірлік); С — тауар құны (теңге).
Нарық сыйымдылығын есептеу бойынша әр түрлі тәсілдемелер мен әдістер қолданылады:
1. Нарық сыйымдылығын анықтаудың сараптамалық тәсілдемесі;
2. Нарық сыйымдылығын экономикалық-математикалық үлгілеу.
Функционалдық тәуелділігін таңдау және оның параметрлерін есептеу арқылы t уақыттың жекелеген мезетінде орын алған, тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің нақты топтарын жалпы тұтынудың нақты мәндерінің динамикалық қатарын математикалық теңдестіруге негізделетін, трендтік үлгілер құру, экономикалық-математикалық тәсілдеме кезіндегі нарық сыйымдылығын бағалаудың неғұрлым қарапайым әдісі болып саналады, яғни түрдің тәуелділіктерін анықтау:
E = f(t), (8.3)
мұндағы E — тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің нақты топтары нарығының сыйымдылық шамасы;
t — уақыттық параметр.
Алынған трендтік үлгілер, нарық сыйымдылығының болжамдық бағаларын алу мақсатында жоспарланатын, уақыт мезетінде анықталған тәуелділіктерді экстраполяциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
3. Болжау әдісі.
4. Сарапшылардың жеке бағалары бойынша орташа бағалау әдісі.
Сарапшылар – ұйымдардың қызметкерлері, сыртқы сарапшылар мен консультанттар, жоспарланатын кезеңдегі нарық сыйымдылығының мүмкін мәніне қатысты жеке пікірлерін айтады. Бүкіл сарапшылардың бағалары негізінде, сарапшылардың қарапайым орташа арифметикалық жеке бағалары ретінде нарық сыйымдылығының түпкі бағасы есептеліп шығарылады.
5. Пессимистік, оптимистік және неғұрлым ықтималдық пікірлер әдісі. Сарапшылар нарық сыйымдылығының шамасына қатысты пессимистік, оптимистік және неғұрлым ықтималдық пікірлерін айтады; әрбір пікірге, сол бойынша нарықтың нақты сыйымдылығы сараптамалық бағаға сәйкес келетін жағдайлардың туындау ықтималдылығын сипаттайтын, салмақ коэффициенті беріледі. Әрбір сарапшы бойынша олардың салмақ коэффициенттерін ескере отырып, орташа арифметикалық салмақталған оптимистік, пессимистік және неғұрлым ықтималдық бағалаулар ретінде қорытынды баға анықталады. Сарапшылардың қорытынды бағаларының орташа арифметикалық бағасы нарық сыйымдылығының болжамын сипаттайды.
6. Комиссия әдісі. Ұйымдардың, салалық сарапшылардың мамандар тобы, жоспарланатын кезеңдегі нарық сыйымдылығының мүмкін мәніне қатысты келісілген шешім шығарады.
7. «Дельфи» әдісі. Сарапшылардың көп реттік жеке пікір сұраулары; бірінші пікір сұрау кезінде алынған сарапшылар бағалары, өзге сарапшылардың пікірін ескере отырып, ол өзінің жеке бағасын нақтылауы үшін әрбір сарапшыға беріледі. Пікірлерді нақтылау рәсімдері, бүкіл сарапшылардың пікірлеріндегі алшақтықтар олардың дисперсияларының күні бұрын анықталған мәніне сәйкес келгенге дейін жүргізіле беретін болады; орташа жеке сараптамалық қорытындылар нарық сыйымдылығының түпкілікті болжамдық бағасы болып саналады.
8. Әлеуетті тұтынушылардың өнімдерді сатып алуға дайын болуының жиын индекс әдісі. Өнімдердің әлеуетті тұтынушылары, олар үшін өнімдердің белгілі бір топтарының тартымдылық дәрежесіне өзінің көзқарасын (қарымқатынасын) білдіреді.
Статистикалық деректерге негізделген нарық сыйымдылығын есептеу әдістемесі, сондай-ақ бірқатар өзге әдістемелер.
Нарық сыйымдылығын кез келген есептеудің өзіндік ерекшелігі бар екенін және жиі түрде белгілі бір түзетушілік коэффициенттер енгізуді қажет ететінін естен шығармау қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *