Маркетингтік зерттеулер жүргізу формаларының жіктеуі

Маркетингтік зерттеулер жүргізу формаларының жіктеуі
Тәжірибеде маркетингтік зерттеулер жүргізудің әр түрлі формалары қолданылады және оның жіктеуі келесі өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
1. Зерттеу объектісінің түрі бойынша, мысалы, нарықты зерттеу кезінде, өткізу нарықтарын, өндіргіш күштер нарықтарын, капитал нарығын және т.б. зерттеу; фирманың ішкі ортасын зерттеу; қоршаған ортаны зерттеу.
2. Аумақтық белгісі бойынша — мысалы, нарықты зерттеу кезінде, бұл, өңірлік, ұлттық, интернационалдық зерттеулер.
3. Уақыттық белгісі бойынша — мысалы, нарықты зерттеу үшін бұл, ретроспективтік, жедел (ағымдағы), диагностикалық, болжамдық зерттеулер.
4. Өнімдік (заттық) белгісі бойынша — мысалы, өндіріс құралдарын, тұтыну құралдарын, қызмет көрсетулерді зерттеу.
5. Объективті зерттеуге бөлінетін, зерттеу объектісін сипаттайтын көрсеткіштер түрі бойынша — мысалы, өткізуді зерттеу үшін, бұл, баға, сатылым көлемі, сұраныс құрылымы және субъективті зерттеулер үшін — мысалы, өткізуді зерттеу үшін, бұл, жас мөлшері, жынысы, кәсібі.
6. Деректер мен ақпараттар алу тәсілі бойынша — бастапқы (далалық) және қайталама (кабинеттік) маркетингтік зерттеулер.
Маркетингтік зерттеулер жүргізу формаларының келтірілген жіктеуі ұсынымдық болып саналады. Тәжірибеде, маркетингтік қызметті ұйымдастыру кезінде орын алатын, нақты ақпараттық жүйемен орталанған болуы мүмкін, маркетингтік зерттеулердің өзге де формалары болуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *