Маркетингтік зерттеулер бағыты

Маркетингтік зерттеулер бағыты. Маркетингтік зерттеулердің ішкі және сыртқы бағыты

Маркетингтік зерттеулердің әр түрлі бағыттары бірыңғай теориялықметодологиялық қағидаттарға негізделеді және нарыққа объективті сипаттама беруден, кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерделеуден, оның мықты және әлсіз жақтарын анықтаудан, бәсекелестік айқындаманы нығайтуға және пайда алуға оң ықпал етуден тұратын жалпы мақсатты көздейді. Маркетингтік зерттеудің тоғыз бағыты бөліп көрсетіледі.


1.1-сурет. – Маркетингтік зерттеулер бағыты

Маркетингтік зерттеулердің осы бағытын неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырып көреміз:
1. Нарықты зерттеу және оны болжау – кәсіпорынның неғұрлым тиімді қызметін анықтау үшін нарықтағы жағдай туралы деректерді талдау оның мақсаты болып саналатын, маркетингтік зерттеулердің аса кең таралған бағыты. Нарықты зерттеуге мыналар кіреді:
 нарықтың сыйымдылығын (қамтымдылығын) анықтау және оны
болжау;
 нарықтың даму үдерісін талдау және маусымдық факторлардың әсері;
 бәсекелестер арасында нарықтағы үлестердің бөлінуін талдау;
 нарықтың сипаттамаларын (тұтынушылардың пікірлерін, уәждерін және тілектерін талдау) зерделеу;
 тұтынушылардың құрамы мен құрылымын (жас мөлшері, өңірлік орналасуы, әлеуметтік топқа жатушылығы, жынысы, отбасы құрамы, сатып алушылық мінез-құлқы бойынша) анықтау;
 нарықтардағы сату көлемдері мен бағаны, тауарайналымы құрылымдарын талдау.
Оның дамуын болжау, конъюнктуралық үдерістерді бағалау, табысқа жетудің негізгі факторларын, нарықта бәсекелестік саясат жүргізудің неғұрлым тиімді тәсілдері мен жаңа нарыққа шығу мүмкіндіктерін анықтау.
2. Тұтынушыларды зерттеу, тауарларды таңдау кезінде тұтынушылар пайдаланатын ынтаны оятушылық факторларының бүкіл кешенін (кірістер, әлеуметтік жағдай, жас мөлшері құрылымы, білім) анықтауға мүмкіндік береді.
Тұтынушыларды анықтау және сегменттеу, нарықтағы олардың мінез-құлқын үлгілеу, күтілетін сұранысты болжау және нарықтың мақсатты сегменттерін таңдау, зерттеу мақсаты болып саналады. Тұтыну құрылымы, тауарлармен қамтамасыз етушілік, сатыпалушылық сұраныс үдерісі, үдерістер мен тұтынушылардың негізгі құқықтарын қанағаттандыру жағдайларын талдау, зерттеу заты болып қатысады.
Жеке тұтынушылар, отбасылары, үй шаруашылықтары, сондай-ақ тұтынушы-ұйымдар зерттеу объектілері болып қатысады.
Нарықты зерттеудің негізгі нәтижелері болып мыналар саналады:
 оның дамуын болжау, конъюнктуралық үдерістерді бағалау, табысқа жетудің негізгі факторларын анықтау;
 нарықта бәсекелестік саясат жүргізудің неғұрлым тиімді тәсілдері мен жаңа нарыққа шығу мүмкіндіктерін анықтау;
 нарықтарды сегменттеу, яғни мақсатты нарықтарды және нарық тауашаларын таңдау.
3. Тауарлар мен ассортиментті зерттеу нарықтарда айналыс жасайтын тауарлардың сапасы мен техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің, сатып алушылардың сұраныстары мен талап-тілектеріне сәйкестігін анықтауға бағытталған. Тұтынушының нені қалайтынына, ол бұйымның қандай параметрлерін, дизайнын, сенімділігін, бағасын, сервисін, тауардың атқарымдық қызметін көбірек бағалайтынына қатысты ақпараттар алу, зерттеудің мақсаты болып саналады.
Ұқсас-тауарлар мен бәсекелестер-тауарларының тұтыну қасиеттері, жаңа тауарларға тұтынушылардың реакциясы, тауар ассортименті, тоғанақ, сервис деңгейі, өнімдердің заңнамалық нормалар мен стандарттарға сәйкестігі зерттеу объектілері болып саналады. Зерттеудің мақсаты – сатып алушылардың талаптары мен тілектеріне сәйкес тауарлардың өзіндік ассортиментін әзірлеу, жаңа тауарлар жасау және өндіру, оларды түрлендіру, таңбалануын жетілдіру, фирмалық стилін қалыптастыру және т.б.
4. Бағаларды зерттеу, барынша аз шығын жұмсай отырып, көбірек пайда алу үшін кәсіпорынның мүмкіндіктері мен резервтерін анықтауды болжайды. Тауарларды әзірлеуге, өндіруге және өткізуге жұмсалатын шығындар (шығындар калькуляциясы), өзге фирмалар мен ұқсас-тауарлар тарапынан бәсекелестіктің әсері, тұтынушылардың мінез-құлқы және тауар бағасына реакциясы (сұраныстың иекемділігі) зерттеу объектілері болып қатысады. Зерттеулер нәтижесінде «баға-шығындар» (ішкі жағдай) мен «баға-пайданың» (сыртқы жағдай) неғұрлым тиімді арақатынасы таңдалады.
5. Бәсекелестер мен сыртқы ортаны зерттеу. Тауарлар мен қызметтер көрсету нарығында фирманың бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ету үшін деректер алу маркетингтік зерттеулердің аталмыш бағытының негізгі міндеті болып саналады. Бұл бағыт бәсекелестердің мықты және әлсіз жақтарын талдауды, олар алып отырған нарық үлесін зерделеуді, тұтынушылардың бәсекелестердің маркетингтік құралдарына (тауарларды жетілдіруге, бағалардың өзгеруіне, тауар маркаларына, жарнама науқандарын жүргізуге) реакциясын, сондай-ақ бәсекелестердің материалдық, қаржылық, еңбек және кадрлық әлеуетін зерделеуді болжайды.
Нарықта неғұрлым тиімді жағдайға жетудің жолдары мен мүмкіндіктерін таңдау, тауардың бағадағы немесе сападағы артықшылығын қамтамасыз етуге бағдарланған стратегияны анықтау, осы зерттеудің түпкі мақсаты болып саналады.
6. Нарыққа қатысушылардың құрылымдарын зерттеу, кәсіпорын солардың көмегімен таңдаған нарықтарда қатысуды жоспарлайтын, делдалдар туралы мәліметтер алу мақсатымен жүргізіледі. Делдалдарды дұрыс таңдау үшін кәсіпорын олардың қызметі туралы, сондай-ақ жиынтығында нарықтың маркетингтік инфрақұрылымын құратын, көлік-экспедиторлық, жарнамалық, сақтандыру, заң, қаржы, консультациялық және өзге де ақпараттарға ие болуы тиіс.
7. Тауар қозғалысы мен өткізу арналарын зерттеу тауарды тұтынушыға дейін жеткізудің және оны табысты өткізудің неғұрлым тиімді жолдарын іздеуге бағытталған. Сауда арналары, делдалдар, сатушылар, сату формалары мен әдістері, айналыс шығындары зерттеудің негізгі объектілері болып саналады. Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарының әр түрлі типтерінің функциялары мен ерекшеліктерін талдау, олардың мықты және әлсіз жақтарын, өндірушілермен арада қалыптасқан өзара іс-қимылдар сипатын анықтау, сондай-ақ зерттеуге тартылады. Кәсіпорынның тауарайналымын ұлғайту мүмкіндіктерін анықтау, тауардың босалқы қорларын оңтайландыру, тауар қозғалысының тиімді арналарын таңдау өлшемін әзірлеу, түпкі тұтынушыларға тауарлар сату тәсілдерін таңдау, зерттеудің мақсаты болып саналады.
8. Фирманың ішкі ортасы мен оның мүмкіндіктерін зерттеу. Сыртқы және ішкі ортаның тиісті факторларын салыстыру негізінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің нақты деңгейін анықтау, аталмыш бағыттың түпкі мақсаты болып саналады. Кәсіпорын қызметінің қарқынды дамушы сыртқы орта факторларына бейімделуіне оң ықпал ететін әзірлемелер, зерттеудің нәтижесін білдіреді.
9. Өткізуді ынталандыру мен жарнама жүйесін зерттеу тауарларды өткізуді ең жақсы түрде ынталандыру құралдарын анықтауды, жарнамалық ісшараларды табысты жүзеге асыру мәселелерін зерделеу және шешуді болжайды. Жеткізушілердің, делдалдардың және сатып алушылардың мінезқұлқы, жарнаманың тиімділігі, сатып алушылармен байланыстар, зерттеу объектілері болып саналады.
Зерттеудің мақсаты – жұртшылықпен өзара қарым-қатынас саясатын тұжырымдау, кәсіпорынға және оның тауарларына қолайлы қатынас (көзқарас) қалыптастыру (имидж қалыптастыру), халықтың сұранысын қалыптастыру әдістерін, жеткізушілерге және делдалдарға ықпал ету тәсілдерін анықтау, коммуникациялық байланыстар мен жарнамалардың тиімділігін арттыру болып табылады. Аталмыш зерттеу жарнаманың тұтынушыға әсерін, сондай-ақ жарнама науқанын жандандыруға, тұтынушыға ықпал етудің жаңа құралдарын іздеуге және кәсіпорын өнімдеріне оның қызығушылығын арттыруға тигізетін әсеріне баға береді. Зерттеу жарнаманы ғана емес, сонымен бірге түпкі тұтынушылар мен делдалдар тарапынан өткізуді ынталандыруға бағытталған, іс-шараларды да қозғайды. Оған конкурстарды, лотореяларды, жеңілдіктерді, сыйақыларды, сыйлықтарды және өнімдерді сатып алушыларға берілетін өзге де жеңілдіктерді қолдаудың тиімділігін зерделеу жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *