Маркетингтік ақпараттық жүйе, оның компоненттері

Маркетингтік ақпараттық жүйе, оның компоненттері

Маркетингтік ақпараттық жүйе (МАЖ) – маркетингтік шешімдер қабылдау үшін қажет сенімді ақпаратты уақытылы жинауға, өңдеуге, талдауға және таратуға арналған қызметтер құрамының, жабдық пен рәсімдердің жиынтығы.
МАЖ маркетинг міндеттерін орындауға арналған және тұтынушылармен икемді және жедел жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ол өзара байланысты үш компоненттерден: ақпараттар жинайтын және өңдейтін мамандардан, ақпараттар жинау және өңдеу жөніндегі методологиялық тәсілдерден, ақпараттар жинайтын және өңдейтін жабдықтан тұрады. МАЖ жұмысы, кез келген қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер сияқты, қазіргі заманғы ақпараттық техникаға негізделген. МАЖ үнемі жетілдіріп отыруды қажетсінеді және шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді. Егер тіпті фирма ірі болып, оның ісі жақсы жүріп жатса да, қол жеткенге тоқмейілсудің қажеті жоқ. Резервтерді анықтап, оларды бәсекелестердің алдында қосымша басымдықтарға ие болу үшін пайдалану қажет. Үнемі жетілдіріліп отыратын МАЖ ноу-хау және маркетингті басқарудың барлық кезеңдерінде маңызды бәсекелестік артықшылық болып саналады. Бұл, кәсіпорынның әрқашан да бәсекелестердің алдында болуына мүмкіндік береді.
Тиімді МАЖ фирманың жұмысын, өз өнімін саралауға мүмкіндік бере отырып, неғұрлым болашағы зор клиенттерге бағыттауға мүмкіндік береді.
Тікелей бәсекелестерге қатынасы бойынша тауарды алмастырымдық азаяды, өз кезегінде, клиенттердің фирмаға жасайтын қысым деңгейін төмендететін, жаңа бәсекелестердің келуін қиындататын және фирманың тауарын алмастыратынтауарлардан қорғайтын, маркаға деген адалдықты күшейтеді. Өзгешелікті сапалардың болуы ақпараттық жүйелерді дамытуға неғұрлым жоғары шығындарды қажет етеді, алайда, қажетті деңгейде саралау фирмаға үлкен рентабельділікке жетуге мүмкіндік береді, өйткені тұтынушылар неғұрлым жоғары бағаны төлеуге дайын болады. МАЖ соның негізінде жұмыс жасап, оның мәліметтер қорын толықтыра отырып, кәсіпорынмен кәсіпорынмен тығыз іс-қимыл жасайды. Кәсіпорынның жолға қойылған электронды құжат айналымынсыз МАЖ-ды құру мүмкін емес.
Сондықтан, қазіргі нарықтарда тиімді жұмыс жасау үшін кәсіпорын жоғары ақпараттық мәдениетке ие болуы тиіс. Ақпараттық мәдениет – компьютерлендіру жағдайларында ақпараттармен тиімді жұмыс жасай білу мен дағдыларға ие болу.
Функционалдық тұрғыдан МАЖ төрт жүйеден: ішкі есептіліктен, сыртқы маркетингтік ақпараттан, маркетингтік зерттеулер мен маркетингтік ақпараттарды талдаудан тұрады (2.1-сурет).

Ішкі есептілік



Сыртқы маркетингтік
ақпарат


Маркетингтік зерттеулер вооеноеопропоеоо Маркетингтік ақпараттарды талдау

2.1-сурет. – МАЖ-дың функционалдық құрылымы

Ішкі есептілік жүйесі. Кәсіпорынның мәліметтер қоры мен құжат айналымы. Кәсіпорынның қазіргі ақпараттық жүйелеріндегі ішкі есептілік жүйесі, бүкіл коммерциялық құжатайналымы: «тапсырыс-төлем-жөнелту» циклінің құжаттары, тұтынушылар туралы деректер, сондай-ақ: кіріс және шығыс шоттар мен өтінімдер, шоттарды төлеу, шығыс және кіріс жүк құжаттары, қоймада жүк құжаттарын жүргізу, тұтынушылардың, жеткізушілердің деректемелері тіркелетін, корпоративтік деректер базасының бөлігі болып саналады.
Сыртқы маркетингтік ақпараттар жинау жүйесі. Аталмыш жүйе сыртқы маркетингтік ақпараттарды үнемі жинауға арналған. Бұл жүйе:
— тұтынушылар (қажеттіліктер, тапсырыстардың жиілігі, нарық сегменті) туралы деректерді толықтырады;
— жеткізушілер (ассортимент, бағалар) туралы деректерді жинайды;
— бәсекелестер туралы қажетті ақпараттан (ассортимент, баға, бөлу арналары) тұрады;
— маркетингтік макроорта жай-күйінің көрсеткіштерін (валюта бағамдарын, Орталық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін және т.б.) тіркейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *