Маркетингтік ақпараттар құрылымы

Маркетингтік ақпараттар құрылымы. Маркетингтік ақпараттар типологиясы

Маркетингтік зерттеу – маркетингтің ақпараттық-талдамалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған кез келген зерттеу қызметі. Маркетингтік зерттеулер жүйесі, оны тұрақты тіркеудің қажеттілігі жоқ, өзгешелікті ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Маркетингтік зерттеу негізгі және қосымша нарықтық ақпараттар алу үшін жүргізіледі. Бұл жаңа акциялар шығаруға: жаңа тауарды нарыққа шығаруға немесе жаңа нарық сегментіне шығуға орайластырылуы мүмкін; дағдарыстық жағдайлар туындаған жағдайда, мысалы, сату көлемі күрт төмендеген кезде және т.б.
Маркетингтік ақпараттар талдау жүйесі. Үлгілердің статистикалық банкі маркетингтік ақпараттарды талдаудың негізгі жүйесі болып саналады. Статистикалық банкі – ақпараттарды қазіргі статистикалық өңдеу әдістерінің жиынтығы. Үлгілер банкі – белгілі бір маркетингтік міндеттерді (баға белгілеу, тұтынушыларды бағалау, стратегиялық жоспарау және т.б.) шешуге шақырылған үлгілер жиынтығы.
Маркетингтік ақпараттарды талдау жүйесіне кірерде екі ақпарат ағыны бөліп көрсетіледі:
1. Кәсіпорынның ішкі есептілігі;
2. Сыртқы маркетингтік ақпарат:
2.1) мақсатты нарықтар туралы;
2.2) бөлудің маркетингтік арналары: өзінің сауда қызметкерлерінің құрамы мен дистрибьюторлар туралы;
2.3) бәсекелестер туралы;
2.4) тұтынушылар туралы;
2.5) макроорта факторлары туралы.
Маркетингтік ақпараттар талдау жүйесінен шығарда, маркетингтік жоспарлар жасау, кәсіпорынның жедел жұмысы мен фирманың маркетингтік қызметін бақылау үшін қажет ақпарат алады.

2.2-кесте Маркетингтік ақпараттар жіктеуі
Жіктеу белгілері Маркетингтік ақпараттардың түрлері
Мәлімет соған жататын, уақыт кезеңі Тарихи (алдындағы кезеңнің нәтижелері)
Ағымдағы (ағымдағы жай-күй)
Болжамдық (болашақтағы жағдайы)
Маркетингтік шешімдер қабылдау кезеңдеріне қатынасы Констатациялаушы (басқару объектісінің жай-күйі туралы деректер)
Түсіндіретін (өзгерістер себептері мен факторлардан тұрады)
Жоспарлы (мақсаттар, стратегиялар әзірлеу барысында қажет) Маркетингтік бақылау кезінде пайдаланылатын ақпарат — бақылаушы
Сандық бағалау мүмкіндігі Сандық (сандық көрсеткіштер) Сапалық (сапалық сипаттамалар)
Туындау
мерзімділігі Тұрақты (сыртқы ортаның өзгермеген шамасын көрсетеді) Өзгермелі (маркетинг жүйесінің жұмыс істеуінің нақты сипаттамасы)
Эпизодтық (қажеттілікке қарай қалыптасады)
Ақпараттардың сипаты Демоскопиялық (қызмет көрсетулерді тұтынушылар туралы мәлімет)
Экоскопиялық (кәсіпорынның сыртқы ортасы туралы ақпарат)
Ақпараттар көздері Бастапқы Қайталама

Ақпараттар көздеріне қатысты маркетингтік ақпараттардың түрлерін неғұрлым толығырақ қарастырып көреміз.
Бастапқы ақпарат нақты проблемаларды шешуге бағытталған және арнайы зерттеулер (пікір сұрау, бақылау және т.б.) жүргізу үдерісінде қалыптасады. Аталмыш ақпараттың атауы — бастапқы ақпарат, яғни, алғаш рет жиналады.
Қайталама ақпарат бухгалтерлік және статистикалық есептіліктерден, арнайы жарияланымдардан, анықтамалықтардан, жүйелендірілетін және талдамалық жинақтамалардан (қорытындылардан) алынатын, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы туралы деректер болып көрінеді.
Бастапқы және қайталама ақпараттың артықшылығы мен кемшіліктері бар (2.3-кесте).



2.3-кесте
Бастапқы және қайталама маркетингтік ақпараттардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары Кемшіліктері
Бастапқы деректер
Ақпарат жинау дәл қойылған мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады;
ақпарат жинау методологиясы белгілі және бақыланатын;
нәтижелері бәсекелестерден қорғалып тұрады; сенімділік Ақпарат жинауға және өңдеуге көп уақыт кетеді; шығыстары үлкен;
сыртқы ұйымдарды тарту қажеттілігі
Қайталама деректер
Бастапқы деректерді жинаумен
салыстырғанда алудың тездігі; ақпарат алудың салыстырмалы арзандығы; бастапқы деректерді пайдаланудың
тиімділігін арттырады Өлшеу бірліктерінің түйіспей қалу ықтималдығы;
әр түрлі анықтамалар мен жіктеу жүйесін пайдалану;
жаңалықтың әр түрлі дәрежесі;
ақпараттардың сенімділігін бағалауда қиындықтар туындауы мүмкін

Бірқатар жағдайларда, нақты зерттеу мақсаттарына жету және тиісті маркетингтік шешімдер қабылдау үшін қайталама ақпараттар толық жеткілікті болады. Сондықтан, бастапқы ақпараттар жинауға, қайталама деректер оның толық суретін алу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда ғана, қайталама деректерді мұқият іздегеннен және талдағаннан кейін ғана барып кірісу қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *