Маркетингтік ақпараттардың мәні және оны ұйымдастыру. Маркетингтік ақпараттар ұғымы мен белгілері

Маркетингтік ақпараттардың мәні және оны ұйымдастыру. Маркетингтік ақпараттар ұғымы мен белгілері

Маркетинг функцияларының әр алуандығы, ақыр соңында, тауарды тұтыну аясына дейін жеткізуге және сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, маркетингтік қызметтің әржақтылығын көрсетеді.
Нарықтың «ашықтығын» және оның дамуын «алдын ала болжауға болатындығын» қамтамасыз ету, маркетингтің негізгі талаптарының бірі болып саналады. Тауарды нарыққа шығарғанға дейін ұзақ уақыт бұрын, тауардың белгілі бір санын сатуды және тұтыну нарығының белгілі бір үлесін басып алуды жоспарлай отырып, коммерсант, өзі сатушы рөлінде қатысуға ниетті, нарық пен оның сегментінің толық сипаттамасын білуі тиіс. Кәсіпкер ең аз дегенде нарықтың сыйымдылығын, сатып алу сұранысының болуы мен оның түрін, бәсекелестіктің қандай екенін, өз тауарының бәсекеге қабілеттілігін, бағалар деңгейі мен үрдісін, сатып алушылардың қандай да бір маркетингтік әрекеттерге реакциясын, пайда нормасын және т.б. білуі қажет. Нақты нарықтағы жағдайды ескерусіз, кәсіпкер фиаскоға ұшырауға тәуекел етеді.
Сенімді ақпараттар жинаусыз және кейін оны талдаусыз, маркетинг, сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырудағы өзінің мақсатын толық шекте орындай алмайды.
Маркетингтік шешімдер қабылдау үшін қажет маркетингтік ақпараттар жинау, өңдеу мен талдау, маркетингтік зерттеудің негізін құрайды. Маркетингтік ақпарат, фирманың табысы немесе сәтсіздікке ұшырауы соған тәуелді болатын, нарықта не болып жатқанын білуден бастап, маркетинг кешенінде үлкен құндылыққа ие. Маман-маркетолог жұмысының негізі – нарықтағы ақпаратты жинау, талдау, жүйелеу, оны нарық үрдістеріндегі білімге, ал содан кейін — нарыққа ықпал ететін іс-шаралар жүйесіне айналдыру.
Ақпарат маркетинг-менеджменттің құралына ғана емес, сонымен бірге бәсекелестік күрестің қаруына да айналды.
Кең мағынадағы ақпарат – қандай да бір құбылыс немесе үдеріс туралы хабар, білім алу құралы. Маркетингтік ақпарат – маркетингтік қызметті талдау және болжау үшін қажет цифрлар, фактілер, мәліметтер, сыбыстар, бағалаулар мен өзге де деректер.
Маркетингтік ақпараттар қалыптастыру келесі мақсаттар үшін қажет:
— түпкі мақсат – нарықтық үдерістер мен құбылыстар сипаттамасын қамтамасыз ету, басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет, нарықтың даму үрдістері мен заңдылықтарын анықтау;
— тікелей мақсат – фирманың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу үшін қажет талдау мен болжау мақсатында, жиналған ақпаратты жүйелеу және құрылымдау;
— аралық мақсат – мәлімет және жедел шешімдер қабылдау мақсатында қарау, талдау және бағалау үшін деректерді топтастыру.
Маркетингтік ақпараттар құндылығы төмендегі үш негізгі факторларға қатысты болады:
— шешім қабылдаудың қолайлы ықтималдығы, жиналған ақпараттардың көлемі мен сапасына тікелей пропорционал;
— салыстырмалы пайда қолдағы бар баламалар жиынтығынан шешімді таңдауды анықтайды;
— жинақталған ақпараттардың құны.
Маркетингтік ақпараттарға, маркетингтік зерттеулер теориясы мен практикасында негізделген бірқатар талаптар қойылады (2.1-кесте).
Маркетингтік ақпарат келесі қағидаттар ескеріле отырып, өңдеуге табыс етілуі тиіс:
Атаулылық – ақпараттар берудің басты өлшемі, яғни ақпараттың формасы мен мазмұны, кейінгі шешім қабылдау үшін ақпаратты алатын басшының деңгейіне сәйкес келуі тиіс.
Үздіксіздік – ақпараттық жұмыс тұрақты негізде жүргізілуі тиіс.
Жүйелілік – ақпарат, әр түрлі адамдар алатын, жекелеген шашыраңқы (бытыраңқы) бөліктерге берілмеуі тиіс, өткені ол аталмыш жағдайда жалпы талдауға жатпайды.
Параметрлердің өзгермеушілігі – оның мәнін бұрмалауды болдырмас үшін ақпараттар берудің формасы мен параметрлерін жиі өзгертуге болмайды.
Көрнекілік – кескіндер, сызбалар, диаграммалар, кестелер түріндегі ақпараттар неғұрлым тиімді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *