Кәсіпорынның ішкі ортасын зерттеу бағыты: фирманың ұйымдық басқаруын зерттеу, кикілжің жағдайларды зерттеу

Кәсіпорынның ішкі ортасын зерттеу бағыты: фирманың ұйымдық басқаруын зерттеу, кикілжің жағдайларды зерттеу

Кәсіпорын өзінің өлшемдері, әлеуеті, шығарылатын өнімдері, қызмет көрсететін нарықтары, орындайтын функциялары бойынша ажыратылады.
Басқарудың пирамидалық-иерархиялық (сатыластық) құрылымы кәсіпорындардың басым көпшілігіне тән болып саналады.
Кәсіпорын қызметінің барлық ауқымдарын – өндірісті, сатып алуды, өткізуді, маркетингті, қаржыны, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырым жұмыстарын (НИОКР), қызметкерлер құрамымен жұмысты басқару үшін ұйымдық құрылым қажет. Кәсіпорындардағы басқару жүйесін құрудың әр түрлі тәсілдемелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау, бұл ретте кәсіпорынның стратегиясы мен нарықтық жай-күйін ескере отырып, нақты ұйымдық құрылымдарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Алайда, ұйымдық жаңалықтардың көбеюінен сақтана білу қажет. Салмақты сыртқы және ішкі себептерсіз жүргізілетін ұйымдық қайта құрулар, қажетті нәтижелер бермейді. Кейбір кәсіпорындардағы жұмыс істеп келген бөлімшелерді, бөлімдерді, проблемаларды жеткілікті зерттеусіз және пысықтаусыз маркетингтік қызмет етіп қайта құру, осы айтқандарымыздың мысалы бола алады.
Кәсіпорын қызметіндегі маркетингтік бағыттарды күшейту, басқару құрылымда ұйымдық өзгерістерді қажет ететіні, заңды болып саналады. Сонымен қатар, маркетинг тұжырымдамасын ресми қабылдау, кәсіпорынның маркетингке нақты бағдарлануын әлі білдірмейді. Маркетингтік мақсаттары мен міндеттерін өмірде іске асыратын, ұйымдық құрылымдар құру қажет болады.
Ұйымдық-басқару құрылымдарының:
‾ орындалатын функцияларға;
‾ тауар немесе оның түр-түріне;
‾ нарықтарға және сатып алушыларға;
‾ қызмет көрсету өңірлеріне бағдарланған нұсқалары, неғұрлым кең тарау алды.
Қандай да бір ұйымдық сызбалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау, матрицалық деп аталатын (функциялар – тауар, функциялар-нарық және т.б.) аралас ұйымдық-басқару түрлерін қабылдау қажеттілігін анықтайды. Матрицалық ұйымдық-басқару түрі жекелеген нұсқалардың кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді.
Ұйымдық формаларды таңдау кәсіпорынның шаруашылық қызметінің талдауымен, оның дербестік дәрежесімен негізделуі тиіс. Қызмет параметрлерінің өзгеруі кезінде (тауардың жаңа түр-түрін әзірлеу, жаңа нарықтарға шығу және т.б.) кәсіпорын өзге ұйымдық құрылымды таңдауы мүмкін. Кәсіпорынның ірі ауқымдардағы әзірлемелерге қатысуы, аталмыш жобаны жүзеге асыруға бағытталған мамандар топтарының бөлінуімен, басқаруды ұйымдастыруға жобалық тәсілдемені қажет етуі мүмкін. Жобалық тәсілдеме, жаңа горизонталь және диогональ коммуникациялар орнатылатын, басқарудың матрицалық құрылымын пайдаланады. Матрицалық әдіс, басшылар өкілеттіктерінің қатаң функционалдық бөлуінсіз, мамандар тобындағы қатысушылардың білімдері мен біліктіліктерін пайдалануды болжайтын, жобалық мақсаттарға жетудің икемді және бейімделмелік тәсілі болып саналады.
Маркетингке бағдарланған, кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы, басқару деңгейлерінің аз болуы мен горизонталь бағыныстылықтың үлкен дәрежесін көздейді. Маркетингтік қызметті енгізу, қызметті ресми шектеу емес, маркетингтік мақсаттарды орындау үшін басқарудың ұйымдық құрылымдарының өзге бөлімшелерімен функционалдық байланыстар орнатуын білдіреді.
Басқару ғылымы мен маркетингтік тәжірибе басқарудың тиімді ұйымдық құрылымдарын құру бойынша келесідей ұсынымдар береді:
1. Басқарудың ұйымдық құрылымы шекті түрде қарапайым, бүкіл қызметкерлерге белгілі болуы тиіс. Басқаруды ұйымдастырудың күрделі жүйесін құруға ұмтылмау керек, өйткені, бұл, басқарудың икемділігі мен кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталарының дабылдарына жедел әрекет етуді жоғалтуына әкелуі мүмкін.
2. Басқарудың иерархиялық конструкциясын «тұншықтырып тастаңыз». Жақсы ұйымдық құрылымның иерархиясы аздау болады және горизонталь созылушылығы да аздау.
Бірінің үстінде бірі тұрған басқару жиынынан «басқару империясын» құруға ұмтылмаңыз. Басқару тиімділігі ұйымдық сызбалардың толығушылығына емес, ең алдымен, аса жақсы жолға қойылған коммуникацияларға байланысты болады.
3. Кәсіпорынның қызметтері, бөлімшелері арасындағы тығыз ынтымақтастықты ұстап тұрыңыз. Олардың алдына, бір-біріне қайшы келетін міндеттерді қоймаңыз. Жұмыстағы қосарланушылықты болдырмаңыз.
4. Жұмыскерлердің даралығы мен іскерлігін бір мезгілде көтермелей отырып, кәсіпорын бөлімшелерінің ұжымдық жұмысын ұйымдастырыңыз.
5. Кәсіпорын бөлімшелерінің функциялары бір-бірінен анық ажыратылған және үйлестірілген болуы тиіс.
Ұйымдық құрылымдарды зерттеу кәсіпорынның басқаруды орталықтандыру дәрежесін талдауды болжайды. Ресейлік кәсіпорындар үшін бұл мәселелер, жүргізіліп жатқан жекешелендіру мен қауымдастықтар құрумен байланысты ерекше маңыздылыққа ие. Алпауыттардың көбеюі мен өндірісті шоғырландыру, өндіріс пен басқарудағы белгілі оралымсыздыққа, ақырын қимылдаушылыққа, қиғаштыққа және төрешілдікке әкеледі.
Кәсіпорындардың іріден ұсақ кәсіп орындарға айналуы, ұсақ кәсіпкерлік құрылымдардың құрылуы, нарық талаптары мен сатып алушылардың сұраныстарына жақсырақ бейімделушілікті қамтамасыз етеді. Индустрия алпауыттарының ұсақ фирмалар қызметінің сипатты тәсілдерін көшіріп ала бастауы немесе оларды өзінің жұмысына белсенді тарта бастауы, ұсақ және орта кәсіпкерліктің оң тұстары болып саналады. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымдарын зерттей отырып, кәсіпорын бөлімшелерінің дербес құрылымдарға бөліну мүмкіндігіне назар аудару қажет. Ұйымдардың формалары бұл ретте әр түрлі: яғни пайда орталықтары, шаруашылық жүргізудің стратегиялық орталықтары болуы мүмкін. Дербестік, стратегиялық жоспарлау мен бақылау саласындағы орталық басшылық рөлінің сақталуын, бүкіл өндірістік организмнің біртұтастығының сақталуын болжайды.
Дербес бөлімшелері, еншілес фирмалары, өзіндік маркетинг бөлімдері жұмыс істейтін филиалдары бар кәсіпорындарда бүкіл осы бөлімдердің қызметін үйлестіру кәсіпорынның маркетинг орталығынан жүзеге асырылады. Аталмыш жағдайда бір деңгейлі вертикаль байланыс қана сақталады. Маркетингтік функцияларды басқарудың ұйымдық құрылымы, белгілі бір бағыныстылық пен тапсырмалардың орындалуына жауапкершілікті белгілейді. Кәсіпорындағы маркетингтік қызмет үшін жауап беретін құрылымдық бөлімшелер, бөлім, қызмет немесе өзге ұйымдық нысан болып құрылуы мүмкін.
Маркетингке бағдарланған ұйымдық құрылым, маркетингпен байланысты қызметтің негізгі түрлерінің бірыңғай бастауы етіп біріктіруге және оларды нарықта табысқа жетуге бағыттауға мүмкіндік береді. Маркетингтік қызмет басшылығы ақпарат жинау, бөлу мен зерттеу жұмыстарын үйлестіруге және өзара байланыстыруға, жарнамаға, кәсіпорын өнімдерінің нарығы мен өнімдердің түр-түрін жоспарлауға, өнімдерді өткізуді ынталандыруға жауап береді.
Кәсіпорындардағы маркетингті басқарудың әр түрлі ұйымдық сызбаларының мүмкін артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырамыз.
Кәсіпорын өнімдердің шектеулі номенклатурасын шығарып, оны нарықтардың үлкен емес санына өткізген кезде, функционалдық құрылым неғұрлым тиімді болады. Тауарлардың түр-түрін кеңейту мен нарықтар санын арттыру, міндеттер шеңберін қарапайым түрде және анық сызып көрсету мүмкіндіктерін беретін, маркетинг қызметінің функционалдық ұйымдастырылуының артықшылықтарын жоққа әкелуі мүмкін. Функционалдық мамандану шектес бөлімшелер қызметіндегі қосарлануды болдырмауға мүмкіндік береді. Функционалдық құрылым маркетингтік орталық құруға көмектеседі және сол орталықта қызметкерлер горизонталь бойынша: нарықты зерттеу, тауарлардың түр-түрін жоспарлау, өткізу мен бөлу, жарнама мен ынталандыру бөлімдеріне (қызметтеріне) біріктіріледі.
Тауардың түр-түрі кең және өткізу нарықтары көп кәсіпорындар үшін маркетингті тауар қағидаты бойынша ұйымдастыру, неғұрлым артықшылықты болып саналады. Маркетинг жөніндегі маман өнімдердің бүкіл номенклатурасы бойынша емес, қандай да бір тауар немесе тауар тобы бойынша ғана жетекшілік етеді. Аталмыш жағдайда бөлімшелер мен қызметкерлердің мамандануы тереңдей түседі. Тауардың түр-түрін кеңейту әрбір тауар бойынша өткізу, жарнама және өзге де қызмет ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Маркетингті тауар қағидаты бойынша ұйымдастыру, өндіру көлемі мен әр түрлі тауарларды өткізу көлемдері үлкен ірі компанияларға тән болып саналады. Алайда, бұл жағдайларда, жекелей алғанда, маркетинг қызметінің бөлімшелеріндегі жұмыстың қосарлануын болдырмас үшін, басшылық тарапынан елеулі түрде үйлестірушілік күш жұмсау қажет болады.
Маркетингті нарықтар бойынша және тұтынушылар бойынша ұйымдастырудың, сондай-ақ өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Қандай да бір ұйымдық сызбалардың артықшылықтары даму үдерісінде жиі түрде басқаруда қиындықтар туғызады. Сондықтан, бірнеше ұйымдық құрылымдардың элементтерінен тұратын, құрамдастырылған нұсқаны пайдаланған дұрыс.
Басқаруды ұйымдастырудың тиімділігін қамтамасыз етуде адам факторын зерттеудің маңыздылығын ерекше атап өту қажет. Кәсіпорынның табысты болуы қызметкерлердің құндылық бағдарларына, білім, біліктілік деңгейі мен хабардар болушылығына, сондай-ақ олардың мінез-құлқының адамгершілік қағидаттарына байланысты болады. Көптеген кәсіп орындардың фирмалық (корпоративтік) мәдениет қалыптастыруға, дәстүрлер мен жалпы фирмалық құндылықтарды ұстап тұруға баса назар аударатыны кездейсоқтық емес. Фирмалық мәдениет ұғымына, кәсіпорында қабылданған және нарықтағы оның бейнесін көрсететін құндылықтардың, нормалар мен ережелердің жиынтығы кіреді. Фирмалық мәдениет тұтынушылармен, нарық контрагенттерімен қарымқатынастарда, қызметкерлер арасында көрінеді. Оны қалыптастыру ішкі және сыртқы коммуникациялармен қамтамасыз етіледі. Фирмалық мәдениет жұмыскерлердің санасы мен іс-әрекетін, кәсіпорынның мүддесі мен өздерінің оның әлеуметтік және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретіндей түрде бағыттауға шақырылған. Фирмалық мәдениеттің деңгейін бағалау бәсекелік ортадағы кәсіпорынның орнын анықтауға, оның күшті және әлсіз жақтарын білуге мүмкіндік береді. Осындай деңгейі жоғары кәсіпорындар, ашықтықпен, коммуникациялар жүйесінің орныққандығымен, иерархиялардың бүкіл деңгейлердегі міндеттілігімен өзгешеленеді.
Қызметкерлер арасында қарсыластық емес, ынтымақтастық қатынастар орнайды, олар, өзін, дәл де анық әрекет ететін біртұтас организмнің бөлігі ретінде сезінеді. Көтермелеу және жазалау жүйесі фирмалық мәдениеттің элементі ретінде әділеттілікті, адамдар туралы қамқорлықты қамтамасыз етеді, олардың іскерлік қасиетін ескереді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Компанияның ішкі ортасына анықтама беріңіз.
2. Компанияның әлеуеті мен мүмкіндіктері сол шеңберлерде анықталатын, бөліктерді атаңыз.
3. Компанияның маркетингтік бөлігіне кіретін, үдеріске сипаттама беріңіз.
4. Компанияның ішкі ортасын зерттеу үдерісінде пайдаланылуы мүмкін, фирма ішілік ақпараттар мысалын келтіріңіз.
5. Компанияның ішкі ортасын кешенді зерделеу, зерттеудің қандай әдістерін көздейді?
6. Кабинеттік зерттеу жүргізу үшін ақпараттар алудың негізгі көздерін айтып беріңіз.
7. Компанияның ішкі ортасына кабинеттік зерттеу жүргізуді қандай көрсеткіштер бойынша жүргізуге болады?
8. Басқарудың тиімді ұйымдық құрылымдарын құру бойынша ұсынымдарды санамалап айтып беріңіз.
9. Компаниядағы кикілжің жағдайларды зерттеу әдістерін сипаттаңдар.
10. Компаниялардың ұйымдық-басқару құрылымдарының мүмкін нұсқаларына анықтама беріңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *