КЛЕТКАЛЫҚ БИОЛОГИЯ

КЛЕТКАЛЫҚ БИОЛОГИЯ

Клеткалар эволюциясының негізгі кезеңдері.
Молекулярлы предбиологиялық эволюция. Аминқышқылдарының, нуклеотидтердің атомдар мен қарапайым қосылыстардың липидтері, макромолекулалар және бірінші реттік клеткалар, клеткалар эволюциясының жолдары мен көпклеткалы ағзалардың түзілуінің геохимиялық және геофизикалық факторлары.
Клеткалардың негізгі түрлері мен әртүрлілігі. Бактериялар, өсімдіктер, жануарлар және адам, гомология және клеткалардың мамандануының жалпылығы және бірегейлігі. Көпклеткалы ағзадағы клеткалардың қызметінің бөлінуі, тотипотентілік және клеткалар дифференцировкасы. Клеткалардың қызметтік жүйесі: зат тасымалдау жүйесі, белок синтезі, энергетикалық қуаттандыру, сіңіру мен секреция, қимыл және т.б.
Клеткалық биологияның әдістері.
Клеткалық культура әдісі. Культуралы қоректік ортасы. Ағзадан тыс клеткалар мен ұлпалардың культивирлеу жағдайлары. Өсімдік және жануарлар клеткаларының культивирлеу ерекшеліктері. Культурадағы клеткалардың визуализациялау әдістері (фазалық-контрасттық микроскопия, флуоресцентті микроскопия, инвертивті және конфокальды микроскопия). Клетка культурасында центроферлі түсірілім. Микрохирургия әдістері.
Микроманипуляторлар. Гибридпен алу.
Клеткалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы.
Физикалық ортаның клеткаға әсер ететін негізгі факторлары (гравитациялық аймақ және акустикалык толқындар, электрлі аймақтар және электромагнитті толқындар). Химиялық ортаның табиғи және антропогендік факторлары (қоректік заттар, реттеуші молекулалар, гормондар, ксенобиотиктар) Клеткалар мен ағзалардың бір-бірімен кооперациясы мен бәсекелестілігі. Эндоплазмалық ретикулумның, ксенобиотиктерді метаболизімінің катализдеуші ферменттерінің молекулярлы ұйымдасуы.
Клетканың антиоксидантты жүйесі.
Ядролық геномның ұйымдасу мен эволюциясы.
Клеткалық ядроның ұйымдасуының қазіргі замандық көзқарастары. Ядролық кабат пен ядролық саңылаулардың құрылысы. Хромосомалардың құрылымы мен репликациясы. РНҚ-ның процессингі мен синтезі. Гендік экспрессияның бақылауы. Клеткалардың дифференцировкасы мен гендер экспрессиясы. Гендердің экспрессиясы мен репрессиясындағы ядро мен цитоплазманың рөлі. Компетенция және детерминация. Ядролық геномның эволюциясы, хромосомалар эволюциясы.
Хромосомалардың молекулярлы және кеңістіктік ұйымдасуы.
Эу- және гетерохроматин. ДНҚ компактизация процестеріндегі гистонды белоктардың рөлі. Нуклеосомалардың құрылымдык рөлі. Репликациясы және транскрипция кезіндегі нуклеосомалар. Қыртысты гистонды белоктар. ДНҚ, нуклеомера, хромомеры, хроматинді фибриллалар компактизацияланудың әртүрлі деңгейлері. Хромосомалардың нәзік құрылысы. Хромосомалардың морфологиялық идентификациясы. Соматикалық клетка деңгейінде пайда болатын хромосомды ауытқулар.
Клетка бөлінуінің механизмдері.
Клеткалардың бөлінуі және өсуі. Хейфлик теориясы. Клетка циклының фазалары және олардың бір-бірімен байланысы. Соматикалық және жыныстық клеткалардың бөлінуі. Митоз. Мейоз.
Клеткалық циклдің реттелуі.
Клеткалық бөліну мен өсуді бақылау. Митоз ынталандырушы фактор. Клеткалық циклді зерттеуге арналған модельді объектілерді. Циклиндер. Сүтқоректілер клеткаларының культурасында клеткалық циклді бақылауды зерттеу. Сүтқоректілердегі клеткалық бөлінуді реттеу. Ерте және кейінге қалдырылған жауаптар гены. Клеткалық циклдің бақылау нүктелері. Белок р53.
Биомембраналардың молекулярлы ұйымдасуынын құрылымы және қызметтері.
Биомембраналардың тұрақтылыгын анықтайтын факторлар. Биомембраналардың химиялық кұрамы мен нәзік құрылымы.
Биомембраналарда белоктар мен липидтердің орналасуы. Молекула аралық қарым-қатынастар (электростатикалық, дисперсионды, гидрофобты) және мембрана ішілік компоненттердің қозғалғыштығы.
Клетка аралык қарым- қатынастар.
Клетка аралык қарым- қатынастар. Адгезия. Трансмембраналы гликопротеидтер. Адгезиялық гомофилді және гетерофилді САМ- белоктар. Гистосәйкесті кадгериндер, иммуноглобиндер, селектиндер, интегриндер, белоктар. Клеткалар және мүшелер қызметіндегі әртүрлі клеткааралық байланыстар рөлі. Клетка аралық байланыстардың түрлері.
Клеткалық байланыс механизмдері.
Химиялық сигнализацияның эндокринді, паракринді және синапстык жүйесі. Клеткалық беткейдің рецепторлары, екінші ретті мессенджерлер. Клеткадан тыс сигналды молекулалар. Клеткаларға аденициклазды, гуанициклазды, фосфоинозитидті сигналды берілу жолы.
Цитоқаңқаның ұйымдасу мен қызмет етуі
Негізгі түрлері, молекулярлы ұйымдасуы және жүйенің қимылды қамтамасыз ететін орындаушы механизмдері. Цитокаңканың тасымалдау және жиырылғыш қызметі. Полимеризация (деполимеризациялар) және микротүтікшелермен актин жіпшелерінің әрекеттесуіне негізделген қозғалыс жүйелері.Тубулиндер, G- және F- актин, миозин, MAP, БАМ және баска цитоқаңқа құрылымының негізі болатын белоктар. Микрофиламенттер, микротүтікшелер, аралық филаменттер.
Клеткадағы энергия түрлену механизмдері.
Митохондрия, пластидтердің молекулярлы және нәзік құрылымды ұйымдасуы. Энергия түрленуінің бірінші реттік механизмдері, редокс циклі және клетканың цитозоліндегі макроорганикалық қосылыстардың синтезі.
Фотосинтетикалық және қышқылды фосфорлану процестеріндегі энергия түрленуі. АТФ синтезінің хемиосмотикалық теориясы. Энергия түрленуінің екінші реттік механизмдері. Механикалық қозғалысты, заттардың трансмембранды тасымалы, биосинтездерді, клеткалар бөлінуін қуаттандыру әдістері.
Бағдарланған клеткалық өлім.
Клетка өлімінің екі түрі: некроз және апоптоз. Апоптоздың және некроздың биохимиялық және морфологиялық айырмашылықтары. Бағдарланған клеткалық өлімнің (апоптоз) дамуын реттеуші факторлар.
Каспазалар. Белок р53. Токсиндер.
Клеткалак биологияның канцерогенез процестерін зерттеудегі рөлі.
Ісіктің дамуы микроэволюциялық процесс ретінде. Ісік және рак клеткаларының қасиеттері. Ісік клеткалары және соматикалық мутациялары. Ісік клеткаларының бақылаусыз пролиферациясы. Ісіктің дамуы және клеткалық дифференцировка мен клеткалық өлімнің ақаулы бақылауы. Рак клеткаларының өсіу мен дамуы.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *