Жеткізуші ұғымы. Жеткізушілерді зерттеу

Жеткізуші ұғымы. Жеткізушілерді зерттеу. Жеткізушілерге қойылатын талап және оларды бағалау. Жеткізушілердің мүмкіндіктерін зерттеу. Жеткізушілерді талдау. Жеткізілімдер шарты

Жеткізуші – тауарларды немесе қызмет көрсетулерді тапсырыс берушіге жеткізетін, кез келген заңды тұлға (ұйым, кәсіпорын, мекеме) немесе жеке тұлға. Жеткізуші, сатып алу-сату шарты түрлерінің бірі болып саналатын, жасалған жеткізілім шартының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады. Жеткізілім шартына сәйкес жеткізуші келісілген мерзімде немесе өндіретін, я оның сатып алатын мерзімдерінде тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке, отбасылық, үй немесе осындай өзге де пайдаланумен байланысты емес, басқа да мақсаттарда пайдалану үшін сатып алушыға беруге міндеттенеді.
Жеткізушілер – фирманы және оның бәсекелестерін, нақты тауарлар өндіру мен қызметтер көрсету үшін қызметті материалдық ресурстармен қамтамасыз ететін, шаруашылық бірліктері мен жеке тұлғалар.
Жеткізушілердің мүмкіндіктерін зерттеу кезінде:
1. Не жеткізіледі?
2. Жеткізілімнің көлемі, құрылымы мен мерзімділігі неге қатысты болады?
3. Сенімді жеткізушіні қалай таңдауға болады? — деген бірқатар сұрақтардың жауаптары ізделеді.
Жеткізушілерді талдау, ұйым жұмысының тиімділігі, ұйым өндіретін өнімнің өзіндік құны мен сапасы соған байланысты болатын, ұйымды әр түрлі шикізатпен, жартылайфабрикаттармен, энергетикалық және ақпараттық, қаржылық ресурстармен жабдықтайтын субъектілердің қызметіндегі аспектілерді анықтауға бағытталған. Материалдарды және жиынтықтаушы өнімдерді жеткізушілер, егер олар үлкен бәсекелестік күшке ие болса, ұйымды өзінің алдында өте тәуелді етіп қоюы мүмкін. Сондықтан, жеткізушілерді таңдау кезінде, олармен арадағы қарым-қатынасты, өзара іс-қимылды аса тиімді деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ете алатындай етіп құру үшін, олардың қызметі мен олардың әлеуетін терең және жан-жақты зерттеу маңызды болып саналады. Жеткізушінің бәсекелестік күші:
 жеткізушінің маманданушылық деңгейі;
 өзге клиенттерге ауысу үшін жеткізуші шығыны құнының шамасы;
 белгілі бір ресурстарды сатып алудағы сатып алушының маманданушылық дәрежесі;
 жеткізушінің нақты клиенттермен жұмыс жасауға жұмылушылығы;
 сату көлемінің жеткізуші үшін маңыздылығы сияқты факторларға байланысты болады.
Материалды және жиынтықтаушы өнімдерді жеткізушілерді зерттеу кезінде бірінші кезекте, олардың қызметінің:
 жеткізілетін тауардың құны;
 жеткізілетін тауар сапасына кепілдік;
 тауарларды жеткізудің уақыттық кестесі;
 тауардың жеткізілім талаптарын орындаудың ұқыптылығы мен міндеттілігі сияқты сипаттамаларына назар аударған дұрыс.
Кез келген кәсіпорындарда шикізат пен материалдарды сатып алумен байланысты, ал сауда кәсіпорындары үшін — дайын өнімдерді сатып алумен байланысты қызметтік міндеттер орындалады. Жұмыстардың көлеміне қатысты кәсіпорынның жабдықтау функциясын орындау, бір немесе бірнеше адамнан тұратын, жабдықтау бөліміне (қызметіне) жүктеледі. Бөлімнің тиімді жұмыс істеуі, жеткізушілер нарығындағы жағдайды қадағалаумен байланысты қызмет нәтижелеріне, әлеуетті және нақты жеткізушілерді анықтауға тікелей қатысты болады. Осы жұмыстарды орындау біржолғы емес, үнемілік сипатқа ие, өйткені өндіріс кеңею үдерісін білдіреді және нарықта жаңа компаниялар, сондай-ақ материалдар, жартылай фабрикаттар мен бұйымдар пайда болады. Жеткізушілерді іздеу үшін, төрт кезеңнен тұратын стандартты сызба пайдаланылады:
1-кезең — әлеуетті жеткізушілерді іздеу. Әлеуетті жеткізушілерді іздеу үшін:
— конкурстар (тендер) өткізу;
— жарнамалық материалдарды (фирмалық каталогтарды, бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларды және т.б.) зерттеу;
— жәрмеңкелерде, көрмелерде болу;
— болуы мүмкін жеткізушілермен жеке байланыстар (хат жазысу, телефон шалу, іскерлік кездесулер) сияқты іс-қимыл тетіктері пайдаланылады.
Конкурстық саудаластықтар (тендерлер) – әлеуетті жеткізушілерді іздеудің таралған формасы. Егер үлкен сомаға сатып алу немесе ұзақмерзімді байланыстар орнату болжанса, сондай жағдайда тендерлер өткізіледі. Конкурстық саудаластықтар жеткізушіге де, сол сияқты тұтынушыға да тиімді. Жеткізуші тұтынушымен жұмыс жасау жағдайы туралы дәл түсінік алады. Тұтынушы, қажет ұсынысты алу проблемасын шешеді, сол мезгілде ең жақсы жеткізушіні таңдайды. Тендерлер өткізу келесі сызба бойынша жүзеге асырылады:
— тендер жағдайын қалыптастыру;
— тендерлік құжаттамаларды әзірлеу және жариялау;
— жарнамалық науқан;
— тендерге қатысушылардың бағалау біліктілігін тексеру; — тендерлік ұсыныстарға талдау жүргізу; — тендердің жеңімпазын анықтау.
Бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша, үнемі толықтырылып отыруы мүмкін, әлеуетті жеткізушілердің тізімі қалыптастырылады.
2-кезең – жеткізушілерді тексеру. Компанияның сенімділігі, қаржылық өтімділігі, жаңа жеткізушімен ұзақмерзімді жұмыс жасау жағдайларының бірі болып саналады. Сіздің ұзақмерзімді жеткізушіңіз болуға дайын компания, сіздің серіктесіңізге айналады. Атап айтқанда, ынтымақтастық сатыларында емес, дәл осы танысу сатыларында әлеуетті серіктес тексеріледі. Егер, жеткізуші адал емес болып шығатын болса, онда тұтынушының онымен жұмыс істемеу проблемасы туындауы мүмкін, бұл ұйымдастыру және қаржы ысыраптарына әкеледі. Сондықтан, шарт жасағанға дейін жеткізушілердің сенімділігін анықтаған маңызды болып саналады. Жеткізушінің сенімділігін тексеру үшін келесі дереккөздерінен ақпарат алынуы мүмкін:
— компания басшылығымен жеке кездесу;
— жеткізушінің қаржылық есептілігі;
— жергілікті көздер (аталмыш аумақта жұмыс істейтін заңды тұлғалар немесе ресми органдарды «хабардар етушілер»);
— банктер мен қаржы институттары;
— әлеуетті жеткізушілердің бәсекелестері;
— сауда қауымдастықтары;
— ақпараттық агенттіктер;
— мемлекеттік көздер (танысу үшін ашық ақпараттарға иелік ететін тіркеу палаталары, салық және т.б. қызметтер).
Отандық кәсіпорындар жеткізушіні таңдау кезінде көпшілік жағдайларда, өзге ақпарат көздеріне жүгірместен, өзінің ақпараттарын басшылыққа алады. Беделдері тексерілген жеткізушілер тізімі, екінші кезеңнің қорытындысы болып саналады.
3-кезең – әлеуетті жеткізушілерді таңдау. Екінші кезеңнен кейін әлеуетті жеткізушілердің тізімін алып, осы кәсіпорындардың немесе ұйымдардың өндірістік мүмкіндіктеріне талдау жүргізу қажет. Жеткізушілердің жасалған тізімі, нақты жеткізушілерді іріктеп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, әр түрлі өлшемдер негізінде талданады. Осындай өлшемдердің саны аса үлкен, 60-тан асады, өнімдердің бағасы мен сапасы, сондай-ақ жеткізілімдердің сенімділігі, әлеуетті жеткізушілерді талдау сол бойынша жүзеге асырылатын, негізгі өлшемдер болуы мүмкін. Жеткізушінің сенімділігіне жеткізілімдер мерзімдері бойынша міндеттемелерді орындау, өнімнің түр-түрі, жиынтықталушылығы мен жеткізілетін өнімдердің саны кіреді. Өзге өлшемдерге мыналар жатады:
— жеткізушінің қаржылық жағдайы;
— ағымдағы және төтенше тапсырыстарды орындау мерзімдері;
— резервтік қуаттардың болуы;
— шығарылатын өнімдердің сапасын арттыру;
— жеткізушінің тұтынушыдан алыстығы;
— жеткізушінің сапаны басқаруын ұйымдастыру;
— жеткізілетін жабдықтың бүкіл қызмет мерзімі ішінде босалқы
бөлшектерді жеткізуді қамтамасыз ету қабілеттілігі; — қызметкерлердің кәсіби деңгейі; — кадрлардың тұрақтамаушылығы.
Әлеуетті жеткізушілерге жүргізілген талдау нәтижесінде, шарттар жасау бойынша жұмыстар жүргізілетін, нақты жеткізушілердің тізбесі қалыптастырылады.
4-кезең – жеткізушінің сенімділігін бағалау. Жұмыс нәтижелерін бағалау осыған дейін жасалған шарттар бойынша жүзеге асырылады. Бұл үшін, жеткізушінің рейтингін анықтауға мүмкіндік беретін, арнайы бағалау шкаласы әзірленеді. Рейтингті есептеу алдында сатып алынатын тауарларға саралау жүргізіледі.
Сатып алынатын тауарлар, шикізат пен жиынтықтаушы бұйымдар, өндірістік немесе сауда үдерісі мақсаттары тұрғысынан мәндері тең емес. Үнемі қажет болатын жиынтықтаушы өнімдердің болмауы, өндірістік үдерісті тоқтатуға әкелуі мүмкін (саудадағы кейбір тауарлардың тапшылығы – сауда кәсіпорны пайдасының күрт азаюына тең). Жеткізілімнің сенімділігі жеткізушіні таңдау кезіндегі басты өлшем болып саналады.
Жеткізілімдердің сенімділігін анықтау алгоритмі:
1. Жоспарлы және нақты жеткізілімдер күнін, айларын салыстыру.
2. Кешігу уақытын анықтау.
3. Жеткізілімдер көлемдерін салыстыру: жоспарлы және нақты. Өнімдерді толық жеткізбеу жағдайларын анықтау. 4. Өнімдерді толық жеткізбеу көлемін анықтау ΔQ = Qнақты — Qжоспар.
5. Толық жеткізбеу жағдайында шартты кешігуді анықтау t´оп = ΔQ/q
6. Кешігудің жалпы шамаларын анықтау Топ = tоп + t´оп
7. Бас тарту жағдайларының санын анықтау
8. Бас тартулардың жалпы шамаларын анықтау То = (Т — ΣТоп)/n, мұндағы Т — кезеңдегі күндердің жалпы саны.
9. Бас тартулардың жиіліктерін анықтау
10. Жеткізілімдердің дайындық коэффициентін анықтау
11. Жабдықтау сенімділігі неғұрлым жоғары болса, жабдықтау соғұрлым сенімдірек болады.
Егер сатып алынатын тауарлар өндірістің немесе сауда үдерісі тұрғысынан маңызды болып саналмайтын болса, онда олардың жеткізушіні таңдауы кезінде сатып алуға және жеткізіп беруге жұмсалатын шығындар басты өлшем болып пайдаланылады. Сондай-ақ, ішкі сатып алу құрылымдарымен жеткізілімдер жүзеге асырылуы мүмкін.
Жеткізу бойынша кәсіпорынның ішкі ұйымдық құрылымдарының орнына қолдану үшін сыртқары ұйымдарды пайдалану, мынадай жағдайларда дұрыс болады:
1) сыртқары ұйымдардың мамандары функцияны жақсырақ немесе арзанырақ орындауы мүмкін;
2) жаңа технологияларға көшу немесе тұтынушылық артықшылық
берулерді өзгерту жағдайында, кәсіпорынның тәуекелі азаяды;
3) кәсіпорынның ұйымдастырушылық икемділігі артады, тұтынушыларға қызмет көрсету циклінің ұзақтығы кемиді және шешімдер шапшаң қабылданады;
4) негізгі бизнеске баса назар аударылады.
Жеткізушіні таңдауға ықпал ететін негізгі факторлар.
1. Жұмыс істеп жатқан нарықтағы фирмалардың жағдайы туралы ақпарат: жұмыс тәжірибесі, жеткізушінің белгілілігі, беделі, басшы тұлғасы, негізгі тапсырыс берушілердің құрамы (саны), қазіргі мезеттегі және болашаққа арналған жоспарлардағы өткізу нарығының мөлшерлері.
2. Жеткізушілермен қалыптасқан байланыстар: аталмыш фирмамен қазіргі уақытта қолданылатын немесе осыған дейін күшін жойған шарттардың болуы, ұзақмерзімді ынтымақтастықтың болашағы, тауарды өткізу көлеміне екі жақтың бірдей мүдделілік танытулары үшін қажет, жеткізушіні таңдауға ықпал ететін (туыстық байланыстар, пара алу), әр түрлі мән-жағдайлардың болуы.
3. Жеткізілетін өнім: өнімнің белгілілігі мен түр-түрі, тауарлардың сапасы мен сыртқы түрі, белгіленген санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес келуі, сертификаттардың болуы.
4. Баға саясаты: жеткізілетін өнімнің бағалары, олардың ортанарықтық бағадан өзгешелігі, жеңілдіктер беру мүмкіндігі.
5. Жеткізілімдердің сенімділігі: жеткізілімдер кестесінің сақталуы, тауарлардың көлемі мен құрылымы бойынша өтінімдерге сәйкес келуі, жеткізушінің көліктік қызмет көрсетулерді жүзеге асыруы, жеткізілімдердің әр түрлі жағдайларымен түрлендірулер мүмкіндігі.
6. Өзге де факторлар: бабына келмеген өнімдерді қайтару мүмкіндігі, тауарды орау, буып-түю.
Іркіліссіз жұмысты ұйымдастыру үшін жеткізушілердің мүмкіндігінше елеулі санының болуы және бұл келесі артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
1) бағаларға, жеткізу жағдайларына немесе өзге міндеттемелерге қатысты келіссөздерді табысты жүргізу үшін мүмкіндіктер;
2) егер жеткізушілердің бірі жеткізу жағдайларына, өнімдер мен қызмет көрсету сапасына қатысты қиындықтарды сезінсе, сол жағдайда таңдау мүмкіндігі;
3) өндірудің (сатудың) ағымдағы жоспарларында көзделмеген, өндіру немесе сату көлемдерінің ұлғаюы кезінде туындайтын проблемаларды шешу мүмкіндігі.
Қандай да бір жеткізушімен жұмыс жасау тиімділігі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) жеткізілімдер сапасы – тұтынушының талаптарына сәйкес орындалған, тапсырыстар үлесі;
2) жеткізушінің сенімділігі – жеткізуші-кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығы ішінде, өнімдердің сапасымен, жеткізілімдер мерзімдерімен және көлемдерімен байланысты, тұтынушының талаптарын қанағаттандыру қабілеті;
3) жеткізуге дайындық – келіп түскен және орындалған тапсырыстарды салыстыру. Аталмыш көрсеткіш, тұтынушының қажеттіліктерімен байланысты тапсырыстарды орындаудың келісімділігін растайды. Кәсіпорынның тапсырысты орындау мерзімімен қуатталады;
4) жеткізілімдердің икемділігі –тұтынушының енгізетін өзгерісін — тапсырыстағы өзгерісті орындауға кәсіпорынның дайын екендігі.
Жеткізілімдер шарты – жеткізуші-кәсіпкер сол бойынша, шаруашылық мақсаттарына пайдалану үшін тауарды келісілген мерзімде сатып алушыға беруге міндеттенетін шарт.
Аталмыш шарт:
1) консенсуальды болып саналады – заң тауарды беруді шарт жасаудың міндетті жағдайы деп санамайды, сондықтан тараптар бүкіл қолданылатын жағдайлар бойынша келісімге жеткен кезден, шарт жасалған болып есептеледі;
2) өтеулі болып саналады – сатып алу бағасы түрінде қарсы қанағаттандыру және керісінше, тауарды беру бойынша міндеттемелердің орындалу негізі болып саналады;
3) өзара болып саналады – жеткізілімдер шартының екі тараптарының субъективті құқықтары мен міндеттерінің болуы.
Жеткізілімдер шартының басты ерекшелігі – оның объектісі болып саналатын тауарды пайдаланудың ерекше сипатында. Жеткізілімдердің ұқсас азаматтық-құқықтық шарттардан шегін ажырату, шарттың заңды дефиницияларында тиянақталған (тіркелген) нысандық белгілі бір өлшемдерді:
оның субъективті құрамы мен затын пайдалана отырып жүргізіледі.
Субъективті құрамы
Жеткізуші – тек қана кәсіпкер (коммерциялық заңды тұлға; өзінің жарғылық мақсаттарына жету үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, коммерциялық емес заңды тұлға; жеке кәсіпкер; заңды тұлғалардың шарттық бірлестігі).
Сатып алушы – тек қана кәсіпкер немесе кейбір жағдайларда мемлекет, бірақ, бұл заңда тікелей көрсетілмеген, алайда берілетін тауарлар мен беру мақсаттарынан көзделеді.
Жеткізілімдер объектісі – тұтыну қасиетіне ие, кәсіпкерлік қызметте пайдалануға жарамды тауар ғана болуы мүмкін.
Шарттың үлгісі: 1) жазбаша; 2) ауызша.
Жеткізілім шартының негізгі жағдайы – орындау мерзімі шартпен белгіленеді.
Жеткізушінің құқықтары мен міндеттері – тауарды сатып алушыға беру жөніндегі міндеттілік жеткізуші үшін негізгі болып саналады және оған талаптардың тұтастай қатары кіреді, сондай-ақ ол:
1) оларды сатып алушыға жөнелту, я жеткізушінің болған жерінде тауарларды сатып алушының иелігіне беру жолымен;
2) тауарға тиесілі керек-жарақтармен және құжаттармен бірге;
3) белгілі бір санда;
4) тауардың келісілген түр-түрінде;
5) егер осындай көзделсе, тиісті жиынтықтауда және жиынтықтамада;
6) белгіленген сапада;
7) үшінші тұлғалардың құқықтарынан еркін түрде, тауарларды беруді болжайды.
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері:
1) сатып алушының тауарды қабылдау міндеттілігі;
2) тауарды төлеу міндеттілігі;
3) шарттың қажетті емес деңгейде орындалғаны туралы сатушыны құлағдар ету.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Делдал-компанияға анықтама беріңдер.
2. Өндіруші-фирма делдал-компанияның қызмет көрсетулерін пайдаланған кездегі, тұтынушы үшін оның артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып беріңдер.
3. Сауда делдалдары орындайтын функциялар топтарына сипаттама беріңдер.
4. Делдал-компаниялардың жіктеулері бойынша мысалдар келтіріңдер.
5. Делдалдарды кешенді зерттеу талдаудың қандай түрлерін көздейді?
6. Жеткізушілерге салыстырмалы талдау жүргізу үшін ақпараттар алудың негізгі көздерін айтып беріңдер.
7. Компаниялар жеткізушілеріне бастапқы талдауды қандай көрсеткіштер бойынша жүргізуге болады?
8. Жеткізушімен жұмыстың тиімділігін бағалау көрсеткіштерін айтып беріңдер.
9. Компаниялардың жаңа жеткізушілер іздеу әдістерін сипаттап беріңдер.
10. Жеткізушіні таңдауға ықпал ететін негізгі факторлар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *