Делдал ұғымы. Маркетингтегі делдалдарды зерттеу. Делдалдың типтері

Делдал ұғымы. Маркетингтегі делдалдарды зерттеу. Делдалдың типтері. Ынтымақтастық жағдайы

Делдалдарды кеңінен пайдалану қазіргі экономикалық өмірдің күмәнсіз фактісі болып саналады, делдал – өнімдерді өткізу жүйесінде өндіруші мен оның түпкі тұтынушылары арасында болатын тұлға. Делдал – тауарды жасаушы немесе қызмет көрсетушілер мен пайдаланушылар арасындағы кез келген аралық буын. Делдалдар арқылы бөлудің артықшылықтары да, сол сияқты кемшіліктері де бар.
Көптеген өндірушілердің тікелей маркетингті жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы ресурстары жоқ, сондықтан делдалдардың қызмет көрсетулерін пайдалану олардың тікелей пайдасын қамтамасыз етеді. Тіпті, егер өндірушінің өзінің өткізу арналарын жасауға жағдайы болса да, оның қаражаты өзінің бизнесіне бағытталғаны дұрысырақ болып көрінеді. Егер өндіріс пайда нормасының 20%-ын қамтамасыз етсе, ал, бөлшек саудада ол бар болғаны 10%-ды құрайды, өндіруші — кәсіпорын болса бөлшек саудамен өз бетінше дербес айналысқысы келмейді. Делдалдардың байланыстары, тәжірибесі, мамандануы, ұтқырлығы олардың қызметін тиімді ете түседі және бұл, тауардың кең түрдегі қолжетімділігін қамтамасыз етуден және оны мақсатты нарықтарға дейін жеткізуден көрінеді.
Бөлу арнасына делдалдарды кірістіру сауда байланыстарын азайту мен неғұрлым тиімді сатуды қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады. Арнаның әрбір субъектісі оларды жүзеге асыруға қатыспаса да, бөлу арнасында бүкіл топтардың функциялары жүзеге асырылуы тиіс. Тауарды өндіруші делдалдан бас тартса да, олардың орындайтын функцияларынан бас тарта алмайды.
Тұтынушы делдалдың арқасында алатын артықшылықтар туралы сөз болып отырған кезде, бұл:
 тауарлар алу немесе қызметтер көрсетілу мезетіне;
 тауарлар алу немесе қызмет көрсетілу орнына;
 тауарлардың кондициясына немесе қызмет көрсетулердің формаларына;  тауарға иелік ету құқығын беруге қатысты деп түсіну керек.
Сауда делдалдары халықаралық коммерциялық қызметте кеңінен пайдаланылады. Өзінің кәсіпкерлік маркетингтік инновацияларының арқасында олар қазіргі өнеркәсіптік әлеуетті жасауда және қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Қазіргі уақытта халықаралық сауда айырбасының жартысынан көбі олардың жәрдемдесуі жағдайында дүниежүзілік нарықтарда жүзеге асырылады. Оларды шетелдік маркетингтік қызметке тартудың айқын да дәл мақсаты бар, ол – өткізу саясатының тиімділігін арттыру болып саналады.
Жергілікті делдал-компанияның бірқатар себеп бойынша, фирманың шетелдегі өзінің өкілдігімен салыстырғанда анық артықшылығы бар.
Делдал-компанияның, өз қызметін жүзеге асыру үшін бүкіл ең аз қажетті жағдайлары: кеңсесі, қызметкерлер штаты, көлік құралдары, қоймалары, көрсететін залдары, жөндейтін және қызмет көрсететін шеберханалары, байланысы бар. Олар сатылған өнімдердің санын тұрақты есепке алу және бақылау үшін дербес компьютерлермен, қосалқы бөлшектермен жабдықталған, сондай-ақ санаулы минуттарда қажетті қосалқы бөлшектерді кез келген сауда нүктесіндегі дилерге жеткізіп береді.
Жергілікті өкіл елдің заңнамасын жақсырақ біледі, мұнда экспорттаушы өзінің өнімін өткізуге, салық салу жүйесін, нарықтың ерекшелігін, ғұрыпсалттарын, сондай-ақ ұлттық, этникалық, моралдық-адамгершілік нормаларын жүзеге асыруға ниетті. Кәсіпорынның өзінің өкілі, тіпті ұзақ уақыт кезеңінде осындай ақпараттар мен білімге ие бола алмайды.
Делдалдарды пайдалану нарықтағы тауарларды өткізудің жеделдігін арттырады, өйткені делдал, сатып алушыларға неғұрлым жақын бола отырып, нарық конъюнктурасының, сұраныстың ауытқуына неғұрлым жедел әрекет етеді және бұл, экспорттық өнімді неғұрлым қолайлы жағдайларда өткізуге мүмкіндік береді.
Делдалдарды тарту, аралық қоймалардан жеткізілімдер мерзімдерін қысқарту, сатудан кейінгі техникалық қызмет көрсету мен жөндеу есебінен тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң ықпал етеді. Кейбір делдалдар, меншікті капиталын, өткізу желілерін құруға және оның жұмыс істеуіне жұмсай отырып, экспорттаушыларға алғытөлемдер (аванстар) жасайды. Бұл, сатып алушы-елдер аумақтарында өткізу желілерін ұйымдастыруға жұмсалатын қаражатты үнемдеу есебінен халықаралық сауда жасау кезінде белгілі бір экономикалық артықшылықтар береді.
Ең соңында, делдалдар экспорттық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі туралы құнды бастапқы ақпараттың көзі болып қатысады, өйткені олар шетелдік тұтынушылармен тығыз байланыста болады.
Осылайша, сауда делдалдары халықаралық бизнесте функциялардың екі тобын орындайды:
Тауарларды ішкі нарықтан сыртқы нарыққа орын ауыстыру бойынша операцияларды – экспорттық өнімдерді сатып алуды, сатып алатын елге тасымалдауды, тауарларды қоймада жинақтауды және сақтауды, арнаның жұмыс жасауымен байланысты тәуекелдерді өзіне алуды іске асырады.
Маркетингтік функциялар – шетел нарығын зерттеу, өнімдер мен қызмет көрсетулерді бөлуді жоспарлау үшін қажет ақпараттар жинау, өткізу арналарын құру және басқару, тауардың түр-түрін жоспарлауға қатысу, тауарларды тұтынушылардың талаптарына бейімдеу, бағалар қалыптастыруға қатысу, әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізу, өткізуді ынталандыру мақсаттарындағы жарнамалық іс-шаралар, негізгі бәсекелестердің өткізу саясатын зерттеу, олардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін талдау.
Көтере сатушылар және бөлшек саудагерлер, сауданы ұйымдастырушылар мен өткізуге қызмет көрсететін коммерциялық фирмалар, делдалдар ретінде қатысуы мүмкін. Өткізу маркетингінде өткізу сатылары бойынша және тауарға меншік құқықтарының болуы бойынша делдалдардың типтері ажыратылады. Енді делдалдар жіктеуін қарастырып көреміз (10.1-10.5-кестелер).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *