Бақылау ұғымы. Бақылау жүргізу тәсілдері

Бақылау ұғымы. Бақылау жүргізу тәсілдері

Респонденттермен коммуникациялар арқылы емес, бақылаулар жолымен жүзеге асырылатын әдістер сапалық зерттеулердің негізін құрайды. Осы әдістердің көпшілігі психологтар әзірлеген тәсілдемелерге негізделген. Маркетингтік зерттеулердегі бақылау таңдап алған адамдардың топтарын, олардың әрекеттері мен жағдайларын бақылау жолымен, зерттелетін объекті туралы бастапқы маркетингтік ақпараттар жинау әдісі болып көрінеді. Бұл ретте зерттеуші, зерттелетін объектіге қатысты және зерттеу мақсаттары тұрғысынан маңызды бүкіл факторларды тікелей қабылдайды және тіркейді.
Маркетингтік зерттеулердегі бақылау әр түрлі мақсаттарға жетуге бағытталуы мүмкін. Ол ғылыми болжам құру үшін ақпараттардың көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ өзге әдістермен алынған деректерді тексеру үшін пайдаланылады, соның көмегімен зерттелетін объекті туралы қосымша мәлімет алуға болады. Бақылау жүргізу үшін қажет жағдайлар:
Төңіректегі жағдайдың өзгеруі зерттелетін мінез-құлыққа, құбылысқа әсер етпес үшін, уақыт үзігінің қысқа болуы.
Бақылау жүзеге асырылуы тиіс шарт пен жағдайлардың неғұрлым маңызды сипаттамалары тіркелуі тиіс.
Бақыланатын үдерістер өзінің табиғаты бойынша бақылау үшін қолжетімді болуы қажет. Мысалы, дүкенде, көшеде, кеңседе.
Бақылаудың көмегімен дүкендегі сатып алушылардың, тұтынушыларға қызмет көрсететін қызметкерлердің мінез-құлқы ғана емес, сонымен бірге өзге де үдерістерді зерттеуге болады. Мысалы, адамдар қандай да бір тауарларды қалай пайдаланатыны зерттеледі (шашын дұрыстап тарайды, таңғы ас әзірлейді, көгалдарды қырқады және т.б.). Нәтижелері тауарлардың жаңа түрлендірімдерін жасау, сервисті жақсарту, бөлу және тауарды жылжыту (жарнамалық науқандар үшін жаңа тақырыптар) үшін пайдаланылуы мүмкін.
Бақылау әдістерін оларды жүргізу тәсілдері бойынша жіктеуге болады: жеке бақылау, техникалық құралдарды пайдалану жолымен бақылау, аудит, контент-талдау, іздерді талдау. Жеке бақылау кезінде бақылаушы олардың түсуіне қарай, оқиға объектісінде болып жатқанның бүкілін жазады. Ол бақылау объектісінде болып жатқан оқиғаны бақылауға немесе бағыттауға тырыспайды. Ол, табиғи (мысалы, дүкенде) немесе жасанды жағдайларда (зерттеу орталығында) не болып жатқанының бүкілін, жай ғана жазады. Мысалы, бақылаушы сатып алушылардың келу санын жазуы және әмбебап дүкендегі сатып алушылардың келу легін бақылауы мүмкін. Мысалы, АҚШ-та әмбебап дүкендердің бірінде сатып алушылардың тұратын жерлерін анықтау үшін автомобильдердің нөмір таңбаларын бақылау пайдаланылды. Зерттеу үдерісінде бақылаушылар автотұрақтардағы автомобильдердің нөмірін жазды. Содан кейін оларды компьютерге енгізіп, автомобильдердің тіркеу нөмірлерімен салыстырды. Нәтижесінде, аталмыш санақ бойынша, я пошта индекстері бойынша сатып алушыларды жаңа жерге орналастыру картасы жасалды. Бұл карта әмбебап жаңа бөлімшелерді, жарнамаларды орналастыруды анықтауға көмектесті. Тағы бір мысал, жапон фирмасы Honda өзінің Accord автомобиліне көп шағым алды. Осы автомобильдің америкалық жүргізушілер үшін сыйымдылығы жеткіліксіз, ал – жапондықтар үшін – стилі қанағаттандырмайды. Өзінің аталмыш нарығын жоғалтып алудан қорғану үшін, Honda өзінің қызметкерлерін, осы автомобильді олардың қалай пайдаланатынын анықтау үшін, америкалық отбасыларын аралап шығуға жіберді. Олар жеке бақылау жолымен, америкалық жүргізушілердің карталарды және өзге де ұсақ-түйектерді сақтау үшін машинада көп бөлімдердің болуына артықшылық беретінін анықтады. Бақылаушылар Accord, сондай-ақ Ford Taurus пен Toyota Camry автомобильдерімен Америкаға сапар жасады, өйткені олар машиналардың осы сыныбындағы негізгі бәсекелестер болатын. Осы бақылаулар нәтижесінде америкалық жүргізушілер үшін Accord автомобилінің жаңа үлгісі жасалды. Нәтижесінде – сатылым көлемі ұлғайды.
Техникалық құралдарды пайдалана отырып бақылау кезінде, нәтижелерді жазу техникалық құрылғылармен жүргізіледі. Бұл ретте, респонденттердің қатысуы қажет болуы да, я қажет болмауы да мүмкін. Респонденттердің қатысуын қажет етпейтін аудиометр, неғұрлым белгілі болып саналады. Ол теледидарға қосылады және қай арна қосылғанын үнемі тіркеп отырады. Соңғы уақытта «адамдарды есептегіштер» пайда болды. Олар, атап айтқанда қай арна қосылғанын ғана емес, сонымен бірге, телехабарды қанша адам көретінін де тіркейді. Тағы бір өзге кеңінен танымал мысал – бөлмеден (ғимараттан) кіргеншыққан адамның санын тіркейтін турникеттер, белгілі бір жерден өткен автомобильдердің санын санау үшін жолдардың бойына орналасқан, қозғалысты тіркегіштер. Жұмыс орындарындағы камераларды тауардың орналасуын, сатып алушылар қозғалысының маршрутын, тоғанақтардың (ораулардың) тартымдылығын бақылау үшін, әр түрлі бөлшек сауда жасаушылар барған сайын жиі түрде пайдаланады. Тауарлардың штрих кодтары сияқты техникалық жетістіктер, техникалық құралдарды пайдалана отырып, бақылауларды қолдау аясын елеулі түрде кеңейтті.
Тұтыну тауарларының аудиті кезінде зерттеуші тұтыну өнімдерінің маркаларына, олардың санына түгендеу жүргізеді. Мысалы, өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойынша қозғалу кезінде, қай жерде өтпей тұрып қалатынын анықтау маңызды. Бұл проблема, компьютер жасайтын фирмалар үшін, сондай-ақ маңызды болып саналады. Тұтынушылардың дәл қай компьютерлерді сатып алатынын, ал қай компьютерлер қоймада жиналып қалғанын, ешкім де сеніммен айта алмайды. Жағдайды жақсарту үшін бір компания, олардың қоймаларына түгендеу жүргізу үшін және сатып алушылар қай үлгілерге артықшылық беретінін анықтау үшін аудиторлар жіберу туралы, негізгі компьютерлер өткізушілермен келісті. Аудит, бөлшек саудадағы сату көлемі мен бөлу арналары бойынша олардың қозғалысы туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Контент-талдау, бақылау объектісі мінез-құлық немесе материалдық объектілер емес, коммуникативтік байланыс болған кезде пайдаланылады. Оны коммуникативтік байланыстың негізгі параметрлерінің объективті, жүйелік және сандық белгілі бір сипаттамасы ретінде анықтауға болады. Контентталдауға бақылау мен талдау кіреді. Сөз (хабарда әр түрлі сөздерді қолдану), хабардың ұзындығы мен ұзақтығы, хабарлау заты талдау объектілері болуы мүмкін, яғни жарнамалық хабарлардың, газеттердегі мақалалардың және т.б. мазмұны бақыланады және талданады.
Іздерді талдау – бұл ретте ақпараттарды жинау физикалық белгілері немесе өткен оқиғалардың куәліктері бойынша жүзеге асырылады. Мысалы, әмбебап дүкенде, сатып алушылардың несие карталарын сканирлеу (АҚШ) кезінде саналған, ақпараттарға талдау жүргізуге болады және бұл олардың пайдаланылуын талдауға мүмкіндік береді. Іздерді талдауды пайдаланудың стандартты емес мысалдары төмендегідей:
Әр түрлі көрмелердің салыстырмалы белгілілігін бағалау үшін мұражайлар жайларындағы (орындарындағы) еденнің жай-күйін талдау;
Жарнамалық хабарландырулардың оқылымдығын бағалау үшін журналдар беттеріндегі саусақтардың әр түрлі таңбаларының саны.
Internet пайдаланушылар, мінез-құлық үлгілері мен олардың қызығушылықтары туралы ақпарат алу үшін талдауға болатын іздер қалдырады және ол мынадай мысалдармен көрсетілген: көптеген Internet пайдаланушылар, оның жазықтық кеңістіктері бойынша саяхат жасаулары уақытында олар Webсайттар иелеріне «печенье» (Cookie) тарататынын (іздер қалдыратынын) сезінбейді. Cookie – пайдаланушының браузерінде сақталатын және оны сәйкестендіретін, цифрлар мен әріптер тобы. Web-сайттар жасайтын компаниялар, келушілер туралы маркетингтік ақпараттар жинау үшін Сookie пайдаланады. Сookie оның сайт бойынша орын ауыстыруы кезінде пайдаланушыны сүйемелдейді және ол болған беттерді, сондай-ақ олардың әрбірінде болу уақытын белгілейді. Сіздің есіміңізді, мекен жайыңызды, телефон мен кіретін сайттарыңызды Сookie бойынша анықтап, егер сіз қандай да бір ақпарат енгізгіңіз келсе, деректер қорына жазуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *