Бақылау жүргізу кезеңдері

Бақылау жүргізу кезеңдері. Дайындық кезеңі. Далалық зерттеу. Бақылаулар нәтижелерін тіркеу. Бақылауды қадағалау. Бақылаулар туралы есеп

Бақылаудың маркетингтік ақпараттар жинау әдісі ретінде, аталмыш әдісті дұрыс қолдану және оның формасын сауатты таңдау үшін білу қажет болатын бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Маркетингтік ақпараттар жинау әдісі ретінде бақылаудың жинақталып, қорытындыланған сипаттамалары 5.2-кестеде беріліп отыр.
Кестені талдау әдістің кейбір кемшіліктерін нивелирлеуге көмектесетін, бақылаудың неғұрлым артықшылықты формаларын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, бақылауды техникалық аспаптардың көмегімен жүзеге асырудың, бақылау объектілерін талғап іріктеумен, бақыланатын оқиғаларды қабылдаудың субъективтілігімен байланысты кемшіліктері болмайды; бақылау эффектісінен құтылу үшін, бақылаудың өзіне қарағанда, бейнекамераны бүркемелеген оңайлау болады. Өкінішке қарай, осы әдістің репрезентативтілігінің төмендігі оның неғұрлым елеулі кемшілігі болып саналады. Алайда, кейбір зерттеулер үшін бұл проблеманы шешуге болады. Мысалы, күнделіктер әдісін пайдалану кезінде.
Бақылауды дайындау мен оны жүргізу үдерісі бірнеше кезеңдерді қамтиды.
1. Дайындық кезеңіне келесі қадамдар кіреді:
 зерттеудің жалпы бағдарламасындағы ақпараттар жинаудың аталмыш әдісінің орнын, бақылау мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
 бақылау объектісі мен затын анықтау;
 бақылау орны мен уақытын таңдау, бақылау ортасына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
 бақылау формаларын таңдау;
 бақылау рәсімдерін (бақылау бірліктері мен шеңберлері кіретін, ұғымдар жүйесі) әзірлеу;
 бақылау жоспарын әзірлеу және оның ресми мақұлдануы;
 жабдықты дайындау, қажетті құжаттардың таралымын көбейту;
 орындаушылар үшін нұсқаулықтар дайындау;
 кадрларды іріктеу және бақылаушыларға қызметтік нұсқаулықтар беру, қажет болған кезде оларды тренингтен өткізу.
2. Далалық жағдайларда ақпараттар жинаумен және бақылаушылар жұмысын бақылаумен байланысты далалық кезең.
3. Бақылаулар нәтижелерін өңдеу мен есепті дайындау кіретін талдамалық кезең.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *