Бақылау жүргізу жағдайы. Бақылау әдісінің кемшіліктері

Бақылау жүргізу жағдайы. Бақылау әдісінің кемшіліктері.
Бақылау жүргізудің қиындықтары. Бақылау жүргізу сызбасы

Бақылау жүргізу кезінде оны келесі кезеңдерге бөледі:
— бақылау жүргізудің мақсаты, бақылау объектісі мен заты анықталады;
— бақылау жүргізу үшін қажет материал жиналады;
— бақылау тәсілі анықталады;
— қажетті деректер алуға оң ықпал ететін бақылау жүргізіледі.
Бақылау жүргізу кезінде келесі ережелерді басшылыққа алу қажет:
— бақылауға жататын оқиғалардың элементтері барынша бөлшектеліп
жіктелуі тиіс;
— бір элемент: стандартты, кикілжіңді және т.б. әр түрлі жағдайларда бақыланады;
— бақыланатын оқиғалардың мазмұны мен формасы, олардың сандық сипаттамалары (қарқындылығы, үнемілігі және т.б.) ажыратылады және тіркеледі;
— оқиғаны сипаттау түсіндірумен араластырылмайды.
Бақылау жүргізу қиындығының 2 түрі бөлінеді:
— субъективті – бақылаушының жеке басымен байланысты қиындықтар.
Олар бақылаушы құндылықтарының, оның эмоционалдық жай-күйінің, бақылаушының жинақталған тәжірибесінің, қалыптасқан артықшылық
берушіліктерінің нәтижелерге әсер етуінен туындайды;
— объективті – бақылаушыға тәуелді емес, бақылау үдерісінде пайда болған қиындықтар. Олар, уақыт ресурстарының жетіспеушілігінен, кейбір факторларды бақылаудың мүмкін еместігінен туындайды.
Бақылаулар жүргізудің қиындықтары субъективті (бақылаушының жеке басымен байланысты) және объективті (бақылаушыға тәуелсіз) болып бөлінеді.
Бақылаудың субъективті қиындықтарына зерттеушінің өз «мені» призмасы арқылы, өзінің құндылық бағдарлары арқылы өзге адамдардың мінез-құлқы мен әрекеттерін түсінуі және түсіндіру мүмкіндігі, сондай-ақ эмоционалдық бояу жағылған, адамның қабылдауы және зерттеушінің бұрынғы тәжірибесінің бақылау нәтижелеріне әсер етуінің болмай қоймайтындығы жатады. Мұнан өзге, бақылау әрқашан да зерттеу мақсатына бағдарланған. Нәтижесінде, бақылау үшін фактілерді таңдау мен тіркеу бақылаушыға қатысты болады.
Бақылаудың объективті қиындығына, ең алдымен, оқиғаның болу уақытына бақылау уақытының шектеулілігін жатқызуға болады. Мұнан өзге, қызығушылық тудыратын бүкіл факторлар тікелей бір бақылауға жата бермейді. Бақылаушының қатысуы, бақылаушылардың, өзінің үйреншікті мінез-құлқын өзгерту туралы абыржу сезімін туғызуы мүмкін.
Бақылау, маркетингтік зерттеулердің өзге әдістерін толықтыру және зерттеушіге қажет ақпарат басқа тәсілдермен алынбайтын болған кезде қолданылуы тиіс. Адамдар оны шамалы ғана қаламаса немесе үйреншікті жағдайлардағы өз әрекеттерінің тізбектілігін аса дәл және толық сипаттап бере алмаса, сондай уақытта адамдардың әрекеті көбінесе «автоматты» сипат алатын жағдайлар да болады. Адамның осындай жағдайда, үйреншікті әрекеттерден қайсысын және не үшін жасағанын айту аса қиынға түседі. Мұнан өзге, жағдайлардың өзі жиі қайталанып, ол үшін оның санасындағы қандай да бір дерекке айналады және оның ерекшеліктері мен оның сипатты белгілері екінші жағынан өшіп, ұмытылып, аса эмоционалды жағдай кезінде адам ойланбай әрекет ететін болады, соның салдарынан ол, басқа емес, атап айтқанда, сондай қылық жасағанын сирек түрде ғана түсіндіре алады. Зерттеу қызметін сырттан ғана бақылай отырып, бақылаушы, қандай да бір әрекеттердің тізбектілігі мен жиілігі, эмоционалдық ахуалдың ауысуы және т.б.с. сияқты оның осындай қасиеттерін тіркей алады, яғни өзге әдістердің көмегімен алу қолжетімді емес болатын ақпаратты ала алады.
Зерттеу мақсаттары үшін қажет ақпарат, объектінің маңызды сипаттамалары туралы мәлімет алу үшін, оның қызметімен байланысты маңызды фактілерді немесе ол туралы маңызды мәліметтерді жіберіп алмас үшін, бақылау жоспары мен бағдарламасын ертерек мұқият әзірлеу үшін қажет. Жоспарлау кезінде бақылау жүргізудің мерзімдерін анық және дәл белгілеу, сондай-ақ ақпараттар жинау құралдарын анықтау керек. Мұнан өзге, ондағы (уақыт, қаржы, көмекшілердің саны мен олардың біліктілігі), сондай-ақ болуы мүмкін (ақпарат алумен және тіркеумен байланысты әкімшілік немесе психологиялық қиындықтарды) кедергілерді ескеру жағдайында, зерттеушінің бақылау аясын шектеу туралы мәселені шешуі маңызды болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *