Фразеологиялық талдау жасау үлгісі

Тіл білімінде талдаудың бірнеше түрі бар. Олар:  фонетикалық талдау,  морфологиялық талдау, синтаксистік талдау, лексикологиялық талдау және фразеологиялық талдау. 

Фонетикалық талдау-тіл дыбыстарын ажыратуға, морфологиялық талдау-сөйлем ішіндегі морфемалардың жасалу жолын түсінуге, ал синтаксистік талдау-сөйлемнің атқаратын қызметін анықтауға, лексикологиялық талдау-сөздерді семантикалық тұрғыдан сипаттауға үйретеді. 

Фразеологиялық  талдау-қазіргі қазақ тілінің лексикологиясын тереңірек пайымдауға көмектесетін талдаулардың бірі. 

Тұрақты тіркестерге фразеологиялық талдау жасау үшін  білім алушының фразеологиядан хабары мол болуы қажет. Мәселен, ғалымдардың фразеологиялық жіктемелерін білу аса маңызды. Аталмыш жіктемелерлі білмей фразеологиялық талдау жасау мүмкін емес. Егер, сіз бұл жіктемелерді білсеңіз, сізге талдау жасауды үйрену оңайырақ болады. 

Фразеологиялық талдау жасау үшін ең алдымен белгілі бір тұрақты тіркесті алайық. Мысалы, жүрек жұтқан. 

I. Фразеологизмнің мағынасын анықтау 

Жүрек жұтқан-батыр, ержүрек адамға қатысты айтылатын тұрақты тіркес.

II. Қазақ тіл білімінде фразеологизмнің топтастырылуы:

  1. Ғ.Мұсабаев  бойынша:  Идиома 
  2. І.Кеңесбаев бойынша: Фразеологиялық түйдек
  3. К.Аханов, Ғ.Қалиев бойынша: фразеологиялық тұтастық

III. Фразеолгизмнің мағыналық түрі: 

  1. Фразеологиялық байлаулы мағына, фразеологиялық жарыспалы мағына.

IV. Фразеологизмнің пайда болуына ұйытқы болған сөз:

Жүрек. Жүрекке қатысты тұрақты тіркестер: жүрегінің түгі бар, аузы ашылса жүрегі көрінетін, қара жүрек, суық жүрек және т.б

V. Фразеологизмнің семантикалық қабаттары:

  1. Синоним: Жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.
  2. Омоним: Жоқ.
  3. Антоним: Жүрек жұтқан-су жүрек.

VI. Фразеологизмнің шығу арнасы: 

  1. Ескі мифологиялық сөз.

VII. Фразеологизмнің сөз табына қатыстылығы:

Жүрек жұтқан-батыл адам (Қандай адам?). Сын есім.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *