«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты 5.4.1.1 Өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)
5.4.2.1 Тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау
5.4.2.4 Уақытша микропрепарат дайындау
5.4.2.7 Фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларын зерттеу

Бағалау критерийі Білім алушы
• Өлі табиғаттағы үдерістерді анықтайды
• Тірі ағзаларға ортақ қасиеттерді анықтайды • Уақытша микропрепараттарды дайындау барысын сипаттайды
• Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты

Тапсырма
20 минут
1 . Төменгі суретте тау түзілуінің сызбанұсқасы көрсетілген. Тау түзілу үрдісін сипаттаңыз.


2 . Сәйкестікті анықтаңыз:

Тірі ағзаның қасиеті Сипаттама
1) Тітіркену А) Өсімдіктер мен жануарлар қоршаған орта жағдайына бейімделе алғанда ғана түрлерін сақтап қалады, сондықтан олар түрлі өзгерістерге ұшырайды
2) Көбею В) Тұқымның өнуі, жапырақтардың біртіндеп жазылуы, бүршіктердің, гүлдердің біртіндеп ашылуы, жарыққа қарай бағытталуы (күнбағыс, бөлме өсімдігінің жарық көп түсетін жағының ерекше өсуі, т.б.) мұртшалары арқылы қасындағысы екінші бір өсімдікке шырмалуы
3) Зат алмасу С) Жоғары сатыдағы ағзаларды былай қойғанда көзге көрінбейтін микроағзалар ұрпақ қалдыру үшін екіге бөліну арқылы өте қарқынды көбейеді. Өсімдіктерде көбеюдің үш
түрлі жолы бар: жынысты, жыныссыз, өспе мүшелері арқылы көбею.
4) Қозғалыс D) Ағзаның айналадағы ортамен қарым-қатынас жасауы, оның нәтижесінде, біріншіден ағза өз тіршілігіне қажетті заттар алады
5) Бейімделу Е) Қоршаған ортаның физикалық немесе химиялық өзгерістеріне, яғни тітіркендіргіштерге әсер етуі


3. Уақытша микропрепарат дайындау жолын сипаттаңыз.

Пияз қабықшасы препаратының даярлауы a — b — c — d —

4. Кестені толтырыңыз.

Жағдай Фотосинтездегі рөлі
Жарық
Хлорофилл
Көмірқышқыл газы
Температура












Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Өлі табиғаттағы үдерістерді анықтайды 1 тау түзілу себептерін атайды; 1
тау түзілу үрдісін сипаттайды; 1
Тірі ағзаларға ортақ
қасиеттерді анықтайды
2 тітіркенуді сипаттамасымен сәйкестендіреді; 1
көбеюді сипаттамасымен сәйкестендіреді; 1
зат алмасуды сипаттамасымен сәйкестендіреді; 1
қозғалысты сипаттамасымен сәйкестендіреді; 1
бейімделуді сипаттамасымен сәйкестендіреді; 1
Уақытша микропрепараттарды дайындау барысын сипаттайды
3 уақытша микропрепаратын дайындау «a» кезеңін сипаттайды; 1
уақытша микропрепаратын дайындау «b» кезеңін сипаттайды; 1
уақытша микропрепаратын дайындау «c» кезеңін сипаттайды; 1
уақытша микропрепаратын дайындау «d» кезеңін сипаттайды; 1
Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды анықтайды
4 жарықтын фотосинтездегі қызметін сипаттайды; 1
хлорофилдін фотосинтездегі қызметін сипаттайды; 1
көмірқышқыл газдың фотосинтездегі қызметін сипаттайды; 1
температураның фотосинтездегі қызметін сипаттайды. 1
Барлығы
15







ЖОБА
«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика.

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Өлі табиғаттағы үдерістерді анықтайды
Табиғатта тау түзілу үрдісін сипаттауда, түзілу себептерін атауда қиналады.
Табиғатта тау түзілу үрдісін сипаттауда/ түзілу себептерін атауда қателік жібереді. Табиғатта тау түзілу үрдісін сипаттайды, түзілу себептерін дұрыс атайды.

Тірі ағзаларға ортақ
қасиеттерді анықтайды
Тірі ағзалардың қасиеттері мен сиппатамаларын сәйкестіруде қиналады.


Тірі ағзалардың тітіркену/ көбею/ зат алмасу/ қозғалу/бейімделу қасиеттері мен сипаттамаларын сәйкестіруде қателік жібереді.

Тірі ағзалардың қасиеттері мен сиппатамаларын дұрыс сәйкестендіреді.



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *