КЕДЕЙ БЕС ТҮРЛІ САДАҚА БЕРЕДІ!

КЕДЕЙ БЕС ТҮРЛІ САДАҚА БЕРЕДІ!

Бір күні жоқшылықтан жадап-жүдеген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып:

— Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? – деп налиды.

Данышпан оған:
— Себебі, сен адамдарға жомарттық танытпайсың, өте сараңсың, — деп жауап береді.
Бұл жауапқа таң қалған кедей:
— Қолымда беретін ештеңем жоқ, тапқаным өзімнен артылмаса, қалай жомарттық танытамын? – дейді.

Сонда қария:
— Негізі сенің адамдарға жақсылық жасауға мүмкіндік беретін 5 қабілетің бар. Сол мүмкіндіктеріңді оятып, жүзеге асырғаныңда бұлай демес едің, — дейді.

Таң қалған кедей оның қандай қабілет екенін сұрайды.

Сонда данышпан:

Біріншіден, өзгелерге жымиып қара, күлімдеп жүр. Алла қаласа, осы арқылы да садақа жасап, сауапқа кенелуіңе мүмкіндік бар;

Екіншіден, айналаңа мейірленіп қара. Олар сенің көзіңнен тек жанашырлық пен жақсылық көретін болсын;

Үшіншіден, сен мылқау емессің, сөйлей аласың. Ендеше, адамдардан жақсы сөзіңді аяма;

Төртіншіден, жүрегің тоқтаусыз соғып тұр. Ендеше, бар ықыласыңмен, жан-тәніңмен беріліп тұрып басқаларға жақсылық тіле.

Олардың өмірінің берекелі, тұрмыстарының шырайлы болуы үшін дұға жаса;

Бесінші, аяқ-қолың сау. Ендеше, денсаулығыңды пайдаланып, жұртқа пайдалы істерді атқар. Көмектес, — дейді.

Қарттың бұл әңгімесі кедейді қатты ойландырады. Иә, адамды бай қылатын — дүние-мүлкі мен ақшасы емес, қардай аппақ пейілі мен адал, таза көңілі екен!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *