КЕРІЗ, КӨТЕРМЕ және ТҰМА

Жаңақорған ауданы, Бесарық өзінің бойында, Бесарық елінде алпыс екі «судирмен», жетпіске тарта «керіз» және » тұма» іздері бар. Олар 1929 жылдары колхоздастыру кезінде барлығы дерлік қиратылды. Түсінікті болу үшін тарқатып айтайын.
Қазақ халқының 10% дай бөлігі жартылай отырықшы болды,- деп келеді ғой. Сол отырықшы болған қазақтардың бірі — «Бесарық» елі. Өзен суының басжағындағылары суды, текқана, су дирмендеріне ғана пайдаланынған. Бір су дирмен көтермесінен екіншісіне суды шашау шығармай жеткізіп отыруға келіскен екен.Су азайғасын дирменді айналдыруға шамасы келмей қалатындығын ескерсе керек. Бұл алқап шамамен 15-20 шақырымға созылып , осы аралықтағы суармалы жерлерді керіз қазып, тұма жасап, егістік алқапты сумен қамтамасыз етіп егін еккен. Тау беткейі болғандықтан, жер біржағына еңкіш, керіз қазуға ыңғайлы болған.
— Керіз дегенді жердің ыңғайына , су шығады -ау?!- деген жерді, ені : диаметрі- 6-7, 2 м.тереңдік шамасында, содан кейін, бара-бара көлемін тарылтып арық етіп қазып, жер бетіне алып шығады да, алдына шағын тұма жасап (тұма- кішіғұрлым тоған), суды уақытша жинайды. Уақыты келгенде және бастысы су жиналғанда егіске суды жіберіп отырған. Міне біз осыны «керіз» дейміз.
Көтерме:
жердің еңкіштігін пайдаланып, топырақты суға кіріктіру арқылы біртіндеп көтеріп 850-900 м. шамасында( өлшемдер, жердің еңкіштігіне байланысты болады) 2-2,5 метрге дейін көтеріп, сол жерден ағаш науамен төмен қарай 70-75° шамасында бұрып суды құлатады да, жерді төмен тағы бір метр шамасында түсіріп барып, біртіндеп жерді көтеріп, суды ағызып отырған. Судың науамен құлаған жеріне ағаш пәре қойып, жоғарыдағы дирмен тасын айналдырып ұн тартқан екен. Бір қап ұнды- 6 жасар өгізге бағалаған деседі.
Бесарық алқабы үлкен сауда орталығына айналып- ұн, талқан, жеміс — жидек, кептірілген жемістер мен қатар дәнектер саудаланып, әр дирменнің алды сауда нүктесіне айналған.
Кешегі күнге дейін 3-4 дирмен халыққа қызымет атқарып келді. Қазір де қызыметі дайын.
Керіздердің ішінде «сүтті»,- деген ( суы мол деген мағанада) Асанбек ата керізін қайта қазып, қапына келтіріп, бір арық су шығардым. Сол жерге жақын орналасқан «Талдысу» лагеріне кеген демалушыларға туристік нүкте болып қалыптасты.
Керіз, бұлақ жөнінде мол мағлұмат алып, суретке түсіп- тамашалады.Суын егістікке пайдаланып отыр.
Асанбек- ата керізі, ұзындығы:1500 м. шамасынды
Соның бір айғағы ретінде төмендегі фотоға назар аударсаңыздар.
МАРХАБАТ👌
Бірінші сурет : Керіздің бас жағы.
ЕкіншІ: керіз суының жер бетіне шыққан тұсы.
Үшінші, сызбалар: көтерме, керіз және тұма.

Мақала авторы: Үмбет Абибуллаев

Автордың facebook парақшасы: 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1284272275304210&id=100011643489207

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *