ӨСІМДІКТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ МЕН НОМЕНКЛАТУРАСЫ. ПРОКАРИОТТАР ƏЛЕМІ. БАКТЕРИЯЛАР

ӨСІМДІКТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ МЕН НОМЕНКЛАТУРАСЫ. ПРОКАРИОТТАР ƏЛЕМІ. БАКТЕРИЯЛАР.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Өсімдіктер жүйесінің категориялары мен номенклатурасы
2. Прокариоттар əлемі
3. Бактериялардың алуан түрлілігі Дəріс мақсаты:
Таксондар – түр, туыс, тұқымдас, қатар, класс, бөлім, əлем. Филогенетикалық классификация құрамы. Бактериофаг, олардың пішіні. Прокариоттар, эукариоттар əлемі. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің сипаттамасы. Бактериялардың, көлемі, морфологиясы, көбеюі, таралуы, құрылысы, классификациясы. Бактериальды ағзалардың пішіні мен көлемі, олардың жіктелуі.
Дəрістің мазмұны: Өсімдік – алғашқы фотосинтез құрушы организм болғандықтан тірі экожүйе ретінде табиғат ерекше орын алады. Бүгінгі талапқа сай филогнететикалық жүйенің құрылуы. Түр – филогенетикалық классификацияның негізгі бірлігі немесе ең кіші категориясы. К. Линнейдің бинарлық номенклатурасы. Түр, туыс, тұқымдас, қатар, класс, бөлім, əлем. Қазіргі уақытта төменгі сатыдағы өсімдіктер дүниесі 16 бөлімге бөлінеді. Прокариотты организмдер. Прокариотардың эукариоттардан айырмашылығы. Бактериялардың көлемі, морфологиялық типтері. Бактериялардың көбеюі жəне табиғатта таралуы. Балдырлар туралы түсінік. Балдырлардың түрлі морфологиялық құрылымдары. Көк-жасыл балдырларға жалпы сипаттама. Хроококкалар класы туралы түсінік. Хроококк, глеокапса. Гормогониялықтар класының жалпы сипаттамасы. Табиғаттағы жəне адам өміріндегі маңызы.

Өсімдіктер жүйесінің категориялары мен номенклатурасы

Филогенетикалық класификацияның негізгі бірлігі немесе ең кіші категориясы — түр (species). Түр — организмнің тарихи дамуы мен оның тіршілік жағдайына байланысты өзгерісінің негізгі түйіні. Түр — тіршілік жағдайының өзгеруінее байланысты кейде баяу, кезде тез өзгерістерге ұшырап отырады.
Түр — эволюцияның нəтижесі жəне оның бір кезеңі, олай болса эволюция осы түрден басталғандықтан, ол эволюцияның да негізі. Мəдени өсімдіктердің де, жабайы өсімдіктердің де, түрлері одан да анағүрлым ұсақ систематикалық бөліктерге — сол түрдің əр қилы тіршілік ету формаларына — түр тармақтарына бөлінеді.
Тегі жағынан өзара жақын түрлерді ірірек систематикалық топ — туысқа (genus) біріктіреді. Туыс дегеніміз бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы. Олар жалпы алғанда сыртқы морфологиялық белгілері жағынан ұқсас келеді де, бір-бірінен ерекшеліктері арқылы айырылады. К. Линкейден бастап əрбір өсімдік латынша екі атпен туыс жəне түр атымен аталатын болады, Мысалы, екпе беде (Medicago sativa L), памир терегі (Populus pamirica Kom), Мүны бинарлық номенклатура дейді.
Тегi жағынан өзара жақын туыстар бүдан гөрі ірірек топтарға түқымдасқа (familia) бірігеді
Шығу тегі жағынан жақын келетін тұқымдастар қатарға (ordo), олар класқа (klassis), кластар — бөлімдерге (divisio) біріктіріледі. Класс, бөлім аттары, бұл топтарға жататын өсімдіктерді біріктірудегі, оның басты белгісімен аталады. (Қос жарнақтылар класы — Dicotyledones, жабық тұқымдылар типі Angiospermae т.б.)
Систематикалық категория мен таксонды картофель мен улотрикс өсімдіктерінің бірлестіктерінен байқауға болады.
Əлем — regnum Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер — Cormobionta
Бөлім – divisio Жабық тұқымдылар — Angiospermae
Класс — classis Қос жарнақтылар — Dicotyledones
Қатар — ordo Сабынкөк гүлділер — Scrophulariales
Түқымдас — familia Алқалар — Sоlanaceae
Туыс — genus Картофель — Solanum
Түр — species Түйнекті картофель — Solanum tuberosum

Ботаникалық зерттеулердің тереңдей түсуіне жəне жаңа материалдардың жиналунаа байланысты, өсімдік бөлімдерінің саны да, көлемі де өзгерді. Қазіргі уақытта төменгі сатыдағы өсімдіктер дүниесін 16 бөлімге бөледі.
Прокариоттар – Procaryota əлемі
1. Бактериялар — Bacteriophyta əлемі
2. Көк-жасыл — Cyanophyta балдырлар
3. Алғашқы жасыл балдырлар — Prochlorophyta
Эукариоттар — Eucaryuta əлемі
4. Динофитты — Dinophyta балдырлар
5. Критофитты — Cryptophyta балдырлар
6. Алтынтуысты — Chrysophyta балдырлар
7. Диатомды — Bacllariophyta балдырлар
8. Сарғылт — жасыл — Xanthophyta балдырлар
9. Қоңыр — Phaeophyta балдырлар
10. Қызыл — Rhodophyta балдырлар
11. Эвгленалы — Eugllenophyta балдырлар
12. Жасыл — Chlorophuta балдырлар
13. Хара — Charophyta балдырлар
14. Кілегейлілер — Myxophyta немесе Myxomycetes
15. Саңырауқұлақтар — Fungі немесе Mycota, Mycophyta
16. Қыналар – Lichenophyta

ПРОКАРИОТТАР — PROCARIOTA ƏЛЕМІ
Прокариотты организмдерге вирустар (Virale), бактериялар (Bacteriaphyta), көк-жасыл (Cyanophyta), алғашқы жасыл (Prochlorophyta) балдырлар жатады. Прокариоттар эукариоттардан нағыз ядросының, хлоропластысының, митохондриясының, күрделі талшықтарының жəне басқа органеллаларының болмауы арқылы айырылады.

БАКТЕРИЯЛАР — ВАСТЕМОРНҮГА БӨЛІМІ

Бактериялар — жай кəзге көрінбейтін қарапайым құрылымды та-биғатта аса көп тараған организмдердің бірі. Олардың 3 мыңцай түрі белгілі. Бактериялар — бүдан 2 млрд. жыл бүрын жер бетінде пайда болған организмдер.
Бактериялар дүниесі тек микроскопты пайдалана бастағаннан бері ғана ғылымға белгілі болды.
Бактериялардьщ көлемі, морфологиясы. Бактериялардың клетка көлемі өте кішкентай, біразы жай оптикалық микроскоппен көрінбейді, тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Клетка көлемі орташа есеппен алғанда 0,1—100 микронға, кейде олардан үсақтары да, ірілері де кездеседі. Сыртқы пішіні өр түрлі болады. Шар төрізді-лерін — коккалар, екіден қосақталғанын — диплокаккалар, моншақ терізділерін — стрептоккалар, төрттен тіркескендерін — тетракоккаоар, сегіздер шоғырланғанын сарциналар, жүзім тəрізді шоғырлан-ғанын — стафилококкалар деп атайды, Споралар қүрайтын таяқша пішінді бактерияларды — бациллар, ұзын жіп құрайтындарын — жіптесінді, үтір төрізділерін — биброңдар, спиралына бүйралана орна-ласқандарын — спирохетталар деп атайды.
Бактерия клеткасы цитоплазмадан жөне клетка қабықшасынан тұрады.
Ол үш қабаттан тұрады. Клетка қабықшасының құрамына сірке қьішқьілы, амин қышқылы, липоидтер, глюкозамин жөне басқа эукариотты организмдерде бол-майтын муреин заты болады. Клетка қабықшасы бактерияға белгілі бір форма береді.
Бактерияларда өдетте қалыптасқан ядро болмайды, бірақ клетканы бояған кезде цитоплазмада ядроға үқсас денешікті көруге болады. Ядроны қүрайтын ДНҚ жіпшесі жалғыз сақина пішінді молекула түрінде цитоплазмада орналасқан.
Бактерияларда талшығы, фотосинтездік мем-бранасы, мезосомасы мен фимбриі (пили) болады. Bjpjp бактериялар сүйық ортада талшықтары арқылы еркін қозғалады, Бір талшықты бактерияларды -монотрихты, дененің бір жағында шоғырланып орналасса — лофотрихты, денесін жауып жатса — перитрихті талшықтану дейді. Миксо-бактериялардың талшығы болмайды, алайда клеткаларыньщ кілегей бөлуі арқылы қозғалады. Талшықтың үзындығы 3—12 мкм, жуан-дығы 0,02 мкм. Талшық кей бактерияларда толқын төрізді ирелендеп келуі де мүмкін]
Бақылау сұрақтары:
1. Түр дегеніміз не? Өсімдіктер жүйесінің категорияларына сипаттама бер.
2. Төменгі сатыдағы өсімдіктер дүниесі неше бөлімге бөлінеді жəне қандай?
3. Прокариоттарға қандай организмдер жатады? Прокариоттардың эукариоттардан қандай айырмашылығы бар?
4. Бактериялардың адам өмірі үшін қандай маңызы бар? Бактериялардың табиғаттағы рөлі.
Қолданылған əдебиеттер:
7. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
8. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
9. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
10. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
11. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
12. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *