Өсімдіктер əлемінің алуан түрлілігі. Көк-жасыл балдырлар

Өсімдіктер əлемінің алуан түрлілігі. Көк-жасыл балдырлар.
Қарастырылатын сұрақтар:
4. Көк-жасыл бардырлар
5. Балдырлардың табиғаттағы жəне адам өміріндегі маңызы
6. Азық-түлік жоспарын шешудегі балдырлардың ролі

Дəрістің мақсаты: Өсімдіктердің жіктелуі: төменгі сатылы – талломды өсімдіктер жəне жоғарғы сатылы – жапырақсабақты түрлер. Балдырлар жəне олардың жіктелуі. 9 морфологиялық тіршілік формалары. Прокариотты балдырлар, көк-жасыл балдырлар, хрооококкалар, гормогониялықтар

Жер жүзіне ең көп тараған төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы — балдырлар. Олардың 40 мыңнан астам түрлері бар. Бұлардың барлығына ортақ белгі хлорофилдің а пигментінің болуында.
Балдыр қатпаршақтарьшың құрылысы мен формасы жөне мөлшері əр түрлі. Олар бір микроннан ондаған (60 м) метрге дейін барады. Мұндай организмдер үшін суда мекендеп тіршілік ететін балдырлар биотоптарында судың қозғалысының маңызы зор.
Балдырлар морфологиялық, анатомияльгқ құрылымдары жəне физиологиялық, биохимиялық процестері жағынан жоғары сатыдағы өсімдіктермен салыстырғанда анағұрлым қарапайым. Морфологиялық құрылымына қарай бір клеткалы қауымды, жіптесінді, паренхималық, жалған паренхималық, сифонокладалық, сифоналдық болып келеді.
Қазіргі уақытта барлық балдырларды құрылыстарындағы ұқсастықтарына жəне айырмашылықтарына байланысты 9 морфологиялық құрылымдарға (структураға) бөлуге болады.
Амебойды құрылымды балдырларға бір клеткалы, қалыптасқан клетка қабықшасы болмайтын қарапайым организмдер жатады. Соған байланысты денесінің белгілі бір формасы болмайды. Олар амеба тəрізді денесінен жуан немесе жіңішке, қысқа не үзын жалған аяқтар шығу арқылы бір орыннан екінші орынға қозғалады. Кей уақытта мұндай бірнеше клеткалар бірігіп плазмоди құрады. Амебоидты құрылымды организмдерде де барлық органоидтары (хлоропласт, перипласт, ядро, кезде көзшесі, жиырылғыш вакуолясы) болады. Тіршіліктің алғашқы дəуірінде амебоид тəрізді формалар бірінші пайда болуы ықтимал, ал тез қозғалуға қабілетті талшығы жəне көзшесі бар организмдер олардан кейін дамыған болса керек. Кейбір бір клеткалы талшықты балдырлар талшықтарын тастап, уақытша амебоид құрылымды жағдайға көше бастайды. Мүны онада құрылымдылардың екінші рет қарапайымдалуы деп қараған жөн. Оған себеп кейбіреулерінде көзшелерінің, уақьгапа талшықтарының болуы дəлел. Амебоид қүрылымды балдырлар динофитті (Dinamoe-bidium), жылтырауық сары (Chrysamoeba), жасыл-сары (Rhizohloris, Myxochloris), жасыл (Quadrichloris) балдырлар топтарында кездеседі.
Монада қүрылымды баддырларга сопақ, алмұрт, не дөңгелек пішінді бір клеткалы не қауымды организмдер жатады. Олардың клеткаларын бір-бірімен цитоплазма жіпшелері байланыстырады. Монада құрылымды балдырларды қозғалысқа келтіретін клетканың алдыңғы жағында бір, кобіне екі, кейде төрт жəне одан да көп талшығы болады. Одан басқа хлоропластылары, ядросы, көзшесі, жиырылғыш вакуолясы, көбіне пиреноидтары болады. Клетка қабықшасы, плазмалемма, пеликула, перипласты, пектинді болып келеді. Осы оргоноидтардьщ ішінде монада құрылымдыға тəн оргоноид: жиырылғыш вакуоля, талшық, көзше. Жүқа клетка қабықшасы бар монада қүрылымды организмдер сирек талшықтарын тастап амебоидты жағдайға көше алады. Мүндай организмдер талшықтармен бірге жалған аяқтарды түзеді (Chromulina). Қарапайым балдырлардың вегетативтік тіршілігінің барлық кезеңінде монада құрылымды екендігі байқалады, ал күрделі құрылымды балдырларда жыныс клеткалары (гаметалар, зооспоралар) ғана монада құрылымды болады.
Монада құрылымды балдырлар табиғатга көп тараған, олар жасыл, сары-жасыл, эвгленалы, жылтырауық сары, динофитті, криптофитті балдырлар топтарына тəн. Олар тек көк-жасыл мен қызыл балдырларда ғана болмайды, ерте уақытта болып, кейін өзгеріске үшырауы мүмкін. Көпшілік альгологтар монада құрылымды балдырларды жалпы алғашқы балдырлардың тегі деп қарайды. Алайда монада құрылымдыларды амебоид құрылымдардан шыққан деп тұжырымдауға көптеген дəлелдер бар. Монада құрылымдылар эволюциялық дамуда прогрессивті бағытта болып есептелінеді. Олар вегетативтік уақытында талшықты қозғалыс стадиясның жоғалуынан жəне құрылымының күрделену бағытына қарай жүруіне байланысты олардан коккоидты құрылымды организмдер дамыған.
Коккоид құрылымды организмдерге монадалар сияқты бір клеткалы жəне қауымды организмдер жатады. Олар табиғатта аса көп тараған жəне əр түрлі пішінді.
Пальмеллоид құрылымды организмдердің клеткалары кілегеймен қоршалған, бірақ бірбірімен байланыспай, кілегей ішінде бос жатады. Бұларды құрайтын организмдер клеткасы коккоид құрылымды келеді жəне бұлар екі түрлі.
Пластинка құрылымды балдырлар — жіңішке жөне жалпақ пластинка пішінді болып келеді. Мұндай балдырлар өздерінің онтогенездік дамуын жіп тəрізді формадан бастайды. Мұнда клетка екі бағытта, көлденеңінен жəне ұзынынан бөлінудің нəтижесінде жіп тəрізді форма пластинкалы формаға айналады. Дамудың алғашқы сатысында кейбір екі қабатты пластинка формалы балдырлар өсе келе қабыттары бір-бірінен ажырасып, іші қуыс түтікке айналады. Сөйтіп энтероморфа сияқты түтікті балдыр түзеді. Мұндай балдырлардың қабырғалары бір қабат клеткалардан құралған. Пластинка құрылымдылар жасыл, қоңыр жəне қызыл балдырлар топтарының ішінде кең таралған.
Сифональды құрылымдыларды кейде клетка құрылысы жоқ балдырлар деп атайды. Бұлар табиғатта сирек таралған. Бұған вегетативтік денесі перделерге бөлінбеген, орасан үлкен, ядросы өте көп, көптеген хлоропластылары бар, алып бір клеткадан тұратын, клетканың мөлшері 1 сантиметрден, кейбір түрлерінде бірнеше сантиметрге жететін балдырлар жатады. Сифондылар əр түрлі пішінді, көбіне морфологиялық жағынан жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге ұқсас күрделі сабақ, жапырақ, тамырлы өсімдіктер сиякқты болып келеді. Харафитті құрылымдылар тек қара балдырларына ғана тəн. Бұлар көп клеткалы мүшеленген, буын жөне буын аралықтарына бөлінген күрделі құрылымды өсімдік. Талломы негізгі өркеннен, оның бұтақтарынан жəне ризоидтан тұрады. Буын аралығы жəне бүйірлік мүшелерге бөлінген өркендері ұзын ірі созылған клеткалардан тұрады. Харофиттердің эволюциялық дамуы, басқа балдырлармен байланысы жоқ, дамудың тұйық бұтағы болып есептелінеді.
КӨК-ЖАСЫЛ — CYANOPHYTA БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ

Жалпы сипаттамасы. Көк-жасыл балдырларға бір клеткалы, қауымды жəне көп клеткалы жіптесінді 1500-2000 түрі бар организмдер жатады. Олар барлық тіршілік ортасында тараған. Əр түрлі сулы жене сусыз биотоптарда кездеседі. Бүлар төсемікке бекініп не бекінбей бос жатъш тіршілік етеді. Талшықты қозғалыс стадиясы болмайды, алайда кілегейдің болуына байланысты сырғи қозғалып отырады. Жеке дарақтары микроскоп қүрылымды, кейде ер түрлі жиынтықтар-қауымдар қүрап макроскопты келеді. Бір клеткалы жөне қауымды көкжасыл балдырлар коккоид қүрылыс, ал көп клеткалы түрлерінде тризальды, сирек гетеротрихальды қүрылысты келеді. Гормогониальды түрлерінің негізгі қүрам бөлігі болып трихома деп аталатын жіптесінді бөлшектер есептеледі. Трихома бір, сирек екі, бірнеше қатардан түратын клеткалардан қүралады жөне бір-бірімен физиологиялық қарым-қатынаста болады,. Қарапайым гормогониялықтар бір трихомола болып келсе, жиі бірнеше трихомалы болады жəне оның қүрамына гетероцист пен кілегейлі қьшап енеді. Морфологиялық жағьшан күрделі қүрылымды дамыған форма-ларьша тарамдалған көп қатарлы гетероцисты трихомолар бар түрлер есептеледі. Трихомалардың қүрылымьгна қарай гомоцитгы жөне гетероцитты болып екіге бөлінеді. Гомоциттылардың клеткалары атқаратын қызметіне жөне формасына қарай дифференцияланбаған. Гетероцитты трихомалар тармақталып келеді жөне қүрамыңда гетероцисталары мен кілегейлі қьшаптары болады.
Көк-жасыл балдырлардың клеткалары дөңгелек, орақ, жарты сақина, үш жақты, эллипсоид, шар, цилиндр, күбі т.б. пішінді.
Клетканың протоплазмасы ядросыз, хлоропластасыз, басқа организмдердің протоплазмасынан қою. Протоплазмасы шеткі боялған хроматоплазма қабатынан жене түссіз орталық центроплазма бөлімінен тұрады. Хроматоплазма бөлімінде болатын (хлорофилдің жасыл, каротиннің қызғылт-сары, фукацианның көк, фикоэритриннің қызыл) пигменттері хлоропластың қызметін атқарады. Бүл бөлімде рибосома мен полисома жөне өр түрлі кристалдар болады. Хроматоплазма бөлімінде тилакоидтар жинақталған, бірақ басқа организмдердікі сияқты цитоплазмадан мембрана қабаттары арқылы оқшауланбаған. Тилакоидтар фотосинтез қызметін атқарады. Центроплазма бөлімі өзінің атқаратын қызметі жағынан клетка ядросына жақыңцайды. Цешроплазманы нуклеошіазма алып жатады. Көкжасыл балдырларда қозғалғыш талшықты кезеңі жəне жынысты көбеюі болмайды. Көбеюі вегетативтік жолмен өтеді. Бір клеткалы формалары клетканың тең сирек тең емес екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Қауымды формалары клетканың ыдырауы немесе бөлінуі арқылы көбейеді. Көпшілік жіптесінді балдырлар гормогония, гормоспоралар, гондиялар, коккалар жөне планококкалар арқылы да вегетативтік көбейеді. Гормогония арқылы кебею көк-жасыл балдырларда кеңінен тараған, соған байланысты түтас бір класты гормогониялықтар класы деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Балдырлардың морфологиялық құрылымдары туралы не білесің?
2. Көк-жасыл балдырлар бөліміне сипаттама бер.
3. Бұл бөлімге қандай кластар тəн?
4. Хлорококк пен су торшасының маңызы мен таралуы.
5. Улотрикстің таралуы, құрылысы жəне маңызы.
6. Табиғатта қандай маңызы бар?
Қолданылған əдебиеттер:
1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
6. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *