Өсімдіктер əлемінің алуан түрлілігі

Өсімдіктер əлемінің алуан түрлілігі. Диатомды, жасыл балдырлар Қарастырылатын сұрақтар:
1. Эукариоттар – EUCAMOTA əлемі. Диатомды балдырлар бөлімі
2. Жасыл балдырлар бөлімі.
3. Қоңыр жəне қызыл балдырлар
Дəрістің мақсаты: Эукариотты диатомды балдырлар. Жасыл балдырлардың жынысты жəне жыныссыз көбеюі, олардың 3 топқа бөлінуі. Қоңыр балдырлар: теңталшықты, хара жəне сцепленок. Оларға қысқаша сипаттама. Изогенераттық класы – спорофиті жəне гаметофиті бірдей; цистосоралы класы – ұрпақ алмасуы байқалмайды. Гетерогенеаттық класы – спорофиті басым. Қызыл балдырлар.
1. ЭУКАРИОТТАР — EUCAMOTA ƏЛЕМІ
Эукариотты организмдердің клеткалары оргоноидтарға жіктелген жəне өр оргоноидтың жеке жүқа үлпілдек мембрана қабықшасы арқылы цитоплазмадан оқшауланып түрады. Eucaryota гректің eu-жақсы, caryon — ядро деген сөзінен шыққан. Эукариоттардың цитоплазмасы күрделі құрылымды, ядро, ядрошығынан, хлоропластлар, эндоплазматикалық тор, хондриосома-митохондрия, Гольджи аппараты, рибосомалар, микротүтікшелер, цитоплазма, лизосомалар жене басқа органоидтар болады. Кок-жасыл баддырлар, алғашқы жасыл балдырлар жəне бактериялардан басқа барлық тірі организмдер эукариоттарға жатады.
Қазіргі уақытта эукариотты балдырлар системасын негізінен 10 бөлімге бөледі.
1. Bacllariophyta — Диатомды балдырлар
2. Xanthophyta — Сары-жасыл балдырлар
3. Phaeophyta — Қоныр балдырлар
4. Rhodophyta — Қызыл балдырлар
5. Euglenophyta — Евгленалы балдырлар
6. Chlorophyta — Жасыл балдырлар
7. Charophyta — Хара балдырлар
ДИАТОМДЫ — DIATOMOPHYTA HEMECE BACILLAMOPHYTA БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ
Жалпы сипаттамасы. Атына байланысты бүл бөлімге көбінесе таяқша пішінді, бір клеткалы жəне қауымды, кішкентай, микроскопты, күрделі коккоид құрылымды организмдер жатады. Диатомды балдырлардың клеткалары дөңгелек, үшбұрышты, сопақ, трапеция, күпшек, цилиндр жəне т.б. пішінді болып келеді. Басқа балдырлардан клетка құрылыстарының ерекшеліктері арқылы айырылады. Клетканы тікелей жұқа, структурасыз пектинді қабық, ал оның сыртынан кремнеземнен құралған мөлдір жақтаулы берік сауыт қаптап жатады. Олар бір-біріне тығыз еніп жатқан қақпақты сауыт сияқты. Сауыттың қүрылысы мен формасы жəне білік пен симметрия жазықтшъшың бір-біріне байланысы диатомды балдырлардың классификациясының негізі болып есептеледі. Кремнеземді жақтаулары клетканың тіршілік əрекетінің нəтижесінде құралады. Клетка сауыттары бір-біріне еніп жататын екі жақтаудан тұрады. Жақтаудың уақ тесіктері арқылы протопласт өзін қоршаған ортамен қарымқатынаста болады. Оның үлкенін эпитека, кішкенесін гипотека деп атайды.
Клетка қүрылысы. Клетка мөлшері 4—2000 мкм-дай. Клетка протопластасы цитоплазмадан, ядродан, хлоропластан, қор затынан, клетка шырыны бар вакуолядан, уақ органеллалардан түрады. Диатомдылардың басқа микроскопиялық балдырлардан басты бір ерекшелігі целлюлозды клетка қабықшасы мен крахмалдың болмауында. Цитоплазма көпшілік уақытта клетканың қабырғалық қабатына қарай не клетканың ортасына жинақталган. Цитоплазманың сыртын мембрана қабаты қаптап жатады. Клетканың қалған бөлімін клетка шырынына толы көптеген вакуолялар алып жатады, кейде олар бір-бірімен қосылып ірі бір вакуоля құрады. Клетканың шар пішінді бір ядросы көпшілік уақытта клетканың орталық бөліміндегі көпіршеде, кейде цитоплазманың шет қабаттарына орналасады. Оның сыртын ұсақ тесікті екі мембрана қаптап жатады. Ядроның 1-8-ге дейін ядрошығы болады. Хлоропласттың пішіні, көлемі жəне саны əр түрлі. Олар көбінесе уақ, көптеген дəн тəрізді не дөңгелек, сирек ірі бір не бірнеше пластинка пішінді, шеттері тегіс не тілімделіп қалақтанып келеді. Көбеюі. Диамтомды балдырлар клетканың жай екіге бөлінуі арқылы вегетативтік көбейеді. Бұл процесс кремнеземді сауыттарының болуына байланысты басқа балдырларға қарағанда өз ерекшеліктері бар. Клетка ішілік заты үлғайып, онда май тамшылары жинала бастайды, соның нəтижесінде жақтаулары бір-бірінен алшақтайды, тек белдеу жақтарының шеттері арқылы ғана байланысып түрады. Оның алдында ядро тең екіге бөлінеді де, протопласты да хлоропласпен бірге екіге бөліне бастайды. Егер хлоропласт біреу болса, ол тең екіге бəлінеді, ал егер екеу не бірнешеу болса, онда жаңа пайда болған тума клеткалар да оның саны аналықтағы хлоропласт санына жеткенше бөлінеді. Сөйтіп клетка ажырайды да əрбір жаңа жас клетка аналық клеткадан бір ядро, хлоропласт жене бір жақтау алып, жетІспеген жақтауларын өздері жасап алады. Үлкен жақтау алғаны кішісін жасайды, ал кіші жақтау алғаны үлкен жақтау жасаута шаамасы келмей, тек кіші жақтау жасайды. Аналық клетканың үлкен жақтауын — эпитекасын алғаны аналық клетканың үлкендігіндей, ал кіші жақтауын — гипотекасын алғаны одан гөрі кіші болады. Гипотека эпитекаға айналып, гипотеканы жаңадан құрайды. Кейінгі зерттеулерге қарағанда тума клеткаларда гипотеканың құралуы аналық клетканың ішінде ажырасып кетпей түрған да басталады. Аналық клетканың ішінде жатып тума клеткалар жаңа құрала бастаған гипотекаға Sio-23 ионы сіңеді. Сөйтіп, тума клеткалар ажырасып кетпей тұрғанда олардың гипотекасы болады. Бұл бөлініс бірнеше рет қайталанғаннан кейін кіші жақтау алып отырған жас клетка мөлшері бірнеше есе кішірейіп, əрі карай бөліну арқылы көбеюге қабілеті келмей қалады. Сондықтан олардың қалыпты жағдайға жетуі жыныс процесімен байланысты. Бірақ жыныс процесі əр уақытта тек уақ вегетативтік көбеюге қабілеті жоқ клеткаларда ғана бола бермейді. Сондықтан жыныс процесі басқа да жағдайларға байланысты. Жынысты көбеюі көпшілігінде жасыл балдырлардың коньюгациясы сияқты изогамия, анизогамия, ал кейбіреулерінде оагамия арқылы болады. Жынысты көбею процесі өр класта əр түрлі. Пеннаттылардың жыныс процесі десмидиялылардың коньюгациясына үқсас, екі дарақ бір-біріне жақындап кілегейлер бөліп шығарып, ортақ қалың кілегейлі қаппен қапталады. Əрбір клеткадагы ядро редукциялы жолмен екі рет бөлініп 4 ядро түзіледі, оның бір түрлерінде үшеу, екінші біреулерінде екеуі жойылады. Соның нөтижесінде бірінші жағдайда барлық клетка ішілік заты бір гамета, екінші жағдайда екі жағдайда екі гамета түзіледі. Олар амеба төрізді жылжып, жақтаудан шығады да бір-біріне құйылады, сөйтіп бір не екі зигота құрайды. Олар көлемдері жағынан үлғая бастайды, сондықтан оларды өсу споралары немесе ауксоспоралар деп атайды. Бұл диатомды балдырлардың көбеюіндегі басты ерекшелігі, ол басқа өсімдіктерде болмайды. Олар ұлғайып, аналық клетка мөлшеріне жетеді де кремнеземді сауыт жасап алады. Кейбір диатомдыларда ауксоспора бір клетканың өзінде де пайда болуы мүмкін. Бүл жағдайда клетка екі гамета түзіп, олар бір-бірімен қосылады, не болмаса гамета түзілмей тұрып-ақ пайда болған екі ядро қосылады, яғни автогамия жыныс процесі болады. Үшінші бір жағдайда ешқандай клетка не ядро қосылмай вегетативтік клеткадан ауксоспораға айналатын зигота түзіледі. Барлық жағдайда ауксоспорада алдымен эпитека, содан кейін гипотека түзіледі. Ауксоспорадан пайда болған алгашқы клетка аналық клеткадан анағүрлым үлкен болады.
ПЕННАТТАЛАР — PENNATOPHYCEAE КЛАСЫ
Бұл класқа бір клеткалы не əр түрлі типті қауымдар құрайтын организмдер жатады. Басты ерекшелігі — жақтаулары екі жақты симметриялы, изополъды сирек гетеропольды, кейде дорсовентральды, сирек ассимметриялы болып келуімен сипатталады. Клетка пішіндері өр түрлі белдеу жағынан тік тортбүрышты түзу, жалпақ, сына төрізді, кейде S əрпі тəрізді иілген, жақтау жағынан эллипс, ланцет тəрізді, линейка пішінді, бірақ шеттері дөңгелектенген, сирек түйреуіш пішіндес келеді. Жақтаулардың уақ не ірі көлденең, жақтаудың полюсіне қарай қатар бір-біріне жақындайтын, не болмаса ратиалды түрде шетіне қарай алшақтайтын жолақтары болады. Кейде колденең қабырғашықтары, кілегейлі саңылаулары не көптеген уақ тікенекті өсінділері болады. Пеннатталар класының басты бір ерекшелігі жақтау білігі арқылы бойлай енсіз жіңішке не кең үзын құрылымсыз білікті жазықтықтың болуында. Кейбір диатомдыларда білікті жазық жақтаудың ортасына қарай кеңейіп, төртбүрышты, ромб тəрізді дөңгелек ортаңғы жазықты құрайды. Пеннаттылардың екінші бір ерекшелігі — қысқа не ұзын бір не екі клетканың ортаңғы, кейде бір жағына қарай орналасқан саңылаулы тігістері болады. Саңылауларының құрылысы əр түрлі. Біреулерінде жай, қарапайым саңылаулы тігістер, екінші біреулерінде күрделі, каналды болып келеді. Қарапайым саңылаулы тігістер біреулерінде бір-бірінен оқшау екі бөліктен түрады. Кейбір пеннатталарда тігіс бір жақтауда ғана болса, басқаларында екі жақтауда да болады. Саңылаулы тігістер шеткі түйіндермен аяқталады. Ортаңғы түйін жақтаудың іш жағынан қалындап келуінен пайда болады. Каналды тігістер жақтау қабырғаларының қатпарларына орналасады. Сыртқы ортамен жіңішке саңылаулар арқылы байланысады. Каналды тігістердің құрылысы əр түрлі болады. Тігістердің биологиялық маңызы бар. Протопласттың сыртқы ортамен қарым-қатынасынан басқа саңылаулы тігістері арқылы төсемікте тез қозғалады. Пеннатталардың клеткасында бір не бірнеше ірі сирек, көптеген уақ пластинка пішіндес хлоропластары болады. Пеннатталар класы тігістерінің дамуына, құрылысына қарай тігістілер (Raphales) жене тігіссіздер (Araphales) болып екі қатарға бөлінеді.
Пиннулярия — Pinnularia туысы аса көп тараған бір клеткалы, екі тігісті организм. Сауыты белдеу жағынан тік бұрышты, жақтау жагынан эллипс пішіндес созылған, екі жақты, шеті дөңгелектеніп келеді. Диатомдылардың ішінде құрылымдары айқын байқалатын, клетка құрылысымен танысуға ыңғайлы зерзаты. Сауыты симметриялы, зигоморфты, изополъды. Пиннулярияны жақтау жағынан қарағанда орталық сызықтың бойынан үш төмпешікті көреміз, оның біреуі ортасында, қалған екеуі жақ-таудың ұштарына тақау орналасады. Бұл қабықтың ішкі жағының қалындауынан пайда болған төмпешіктер. Оны түйін деп атайды. Түйіннің бір үшынан екінші үшына қарай, жақтауды ортасынан жара S əрпі тəрізді тігіс өтеді. Тігістің оң жөне сол жағында симметриялы көптеген көлденең жолақтар орналасқан. Бүлар қабықтың іш жағынан қалыңдап жөне жүқарған жерлерінің кезектесіп келуі. Пиннукулярияны белдеу жағынан қараса, онда оның екі жақтауы айқын көрінеді. Ішкі кіші жақтауды — гипотека, оны жауып түратын сыртқы үлкен жақтауды — эпитека деп атайды. Осындай жақтаудың ішінде жатқан клетканың пектинді заттан түзілген қабығы болады. Клетканың орта бөлігіндегі көлденең протоплазмалық көпіршеде ядросы жəне бүйір жағьша қарай екі пластинкалы хлоропластасы орналасады. Протоплазма клетка қабығына қарай ығысқан, оның қуысын клетка шырынына толы вакуоля алып жатады. Протоплазма мен вакуоляда ассимуляция процесінің нетижесшен май тамшылары жиналады. Пиннулярия клеткасы қатты төсемікке үйкелгенде қозғалғыш келеді, өйткені тігістен кілегейлі заттардың сыртқа қарай шығуынан. Осының нəтижесінде төсемік пен клетканың арасында үйкелу күші пайда болып, ол клетканы протоплазманың қозғалысына қарама-қарсы бағытқа итеріп отырады.
Пиннулярия клетканың бойлай екіге бөлінуі арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Бүл кезде жақтаулар аздап ашылып, хлоропластары бүйір жағынан жақтауға қарай ауысады. Кариркинез жолымен ядро бөлінгеннен кейін протоплазма да бөлінеді. Сөйтіп, əрбір жас клетка аналық клеткадан бір ядро, бір хлоропласт жəне бір жақтау алып, өз бетінше тіршілік ете бастайды. Ал жетіспеген екінші жақтауларын өздері жасап алады. Осы уақытта хлоропласта екіге бөлініп, өзінің қалыпты күйіне көшеді. Пиннулярияның қатайған қабығы созылмайтындықтан пайда болған жас клеткалар əркелкі болады. Аналық клетканың эпитекасын алғаны — аналық клетканың үлкендігіндей, ал гипотекасын алғаны — одан гөрі кіші болады. Гипотека эпитекаға айналып, гипотекасы жаңадан құралады. Бұл бөлініс бірнеше рет бірінен соң бірі қайталанғаннан кейін кіші жақтау алған клетканың көлемі 2-3 есе кішірейіп, əрі қарай бөліну арқылы көбеюге қабілеті келмей қалады. Мұндай жағдайда екі кішірейген клеткалар жақындап, сыртқы жақтаулы қабықтарын тастайды да, клетка ішіндегі заттар бір-біріне құйылып, пектинді қабыққа оралған зигота түзіледі. Мұның алдында əрбір клетка редукциялық жолмен бөлініп, 4 гаплоидты ядроның үшеуі өліп, біреуі қалады. Осындай гаплоидты хромосома жиынтығы бар клеткалардың қосылуынан болған зигота клетканың алғашқы мөлшеріне дейін не одан да үлкен болып өседі. Одан соң клетка алдымен үлкен жақтау, соңынан кіші жақтаулар жасап, өрі қарай вегетативтік жаңа дарақ түріне айналады. Навикула — Navicula жүздеген түрі бар ірі туыс. Олар тұщы, ащы суларда мол таралған бір клеткалы қозғалғыш организм. Жақтаулары түзу линейка, ланцет, эллипс пішіндес. Жақтауларының үшы қүстың түмсығы сияқты иілген не болмаса түйреуіштің басы сияқты дөңгелектеніп келеді. Тігістері жай, кейде күрделі.

Бақылау сұрақтары:
1. Эукариотты организмдердің ерекшелігі неде? Эукариотты балдырларға қандай балдырлар жатады?
2. Диатомды балдырлар бөліміне қандай кластар тəн. Оларға сипаттама бер.
3. Жасыл балдырларға тəн қасиеттер. Нағыз жасыл балдырлар мен тіркеспелі балдырлар кластарының бір-бірінен қандай белгілері бойынша ажыратылады?
4. Жасыл балдырлар арасында бірклеткалылар кездеседі ме? Екі түрлі класс өкілдері вольвокс пен спирогираны салыстырып баянда.
5. Қоңыр балдырлар бөліміне қандай кластар тəн. Оларға сипаттама бер.
6. Қызыл балдырларға тəн қандай өкілдерді білесің? Балдырлардың қызыл түсті болуы не себепті?
7. Балдырлардың негізгі ерекшеліктерін атаңыз.
8. Бұл бөлімге қандай кластар тəн?
Қолданылған əдебиеттер:
1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
6. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *