ҚЫНАЛАР БӨЛІМІ

ҚЫНАЛАР БӨЛІМІ.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қыналар анатомиялық құрылысы
2. Практикалық маңызы
Дəрістің мақсаты: Симбиозды тіршілік ететін саңырауқұлақ жəне балдыр бірігіп бір өсмдік – қынаны құрайды. Гомогенді қына – коллема; гетеромерлі қыналар – пармелия, кладония, цетрария. Олардың халық шаруашылығындағы маңызы.
Қыналар туралы түсінік. Қыналар – автотрофты фикобионттар мен гетеротрофты микобионттардың селбесуінен түзілген жеке қасиеттері бар өсімдіктер. Қыналардың морфологиялық жəне анатомиялық құрылысы. Қалталы қыналар класы. Осы бөлімге бірігетін белгілі қыналардың 90%-ын құрайды. Қалталы қыналар класы пиренокарпалылар мен гименокарпалылар класс тармақтарына бөлінеді. Қыналардың көбеюі. Таралуы, экологиясы жəне практикалық маңызы.
ҚЫНАЛАР — LICHENOPHYTA БӨЛІМІ
Қыналар — төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тара-ған, күй талғамайтын, ерекше қүрылысты организмдер тобы. Олар-дың 20000-нан астам түрі белгілі. Бүлар — автотрофты фикобионтгар мен гетеротрофты микобионттардың селбесіп тіршілік етуінің нөтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық жөне эколо-гаялық өз алдьша жеке қасиеттері бар есімдік. Кейде бүлардың кейбір сыртқы құрылысьша қарай мүктермен шатастырып, оларды «бүғы мүгі» жəне «Исландия мүктері» деп атайды. Қыналардың түсі сүр, сүр жасылдау, қоңыр, сары, сарғыш, кейде қара болып келеді.
Қыналардьщ морфологаялық құрылысы. Қьшалардьщ сыртқы пішіні мен келемі — алуан түрлі. Оларды сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі.
1. Қабықты (қаспақты) қынаның қүрылысы басқаларына Караганда қарапайым. Бүлардың талломы төсемікке тығыз жабысып өседі де, оны алғанда бүзылады жəне көпшілік уақытта үнтақ, дөн, кедір-бүдырлы немесе тегіс қаспақ сияқтанып келеді. Барлық қыналардың 80%тейі қаспақты қынаға жатады.
2. Жапырақты қыналардың қүрылысы күрделірек. Төсемікке жай-ылып жататын пластинка пішінді, төменгі жағында резина деп аталатын гифалардың үштары арқылы бекінеді.
Төсеміктен оңай алынады жөне дорзовентральды қүрылысты келеді.
3. Бұталы қына күрделі қүрылысты төсеміктен сабақ тəрізді көтеріліп түрады да, одан жанжаққа тармақталған бүтақшалар кетеді. Бұлар тік еседі немесе орманды жерлерде ағаііггың қабыгында темен қарай салбырап түрады. Жапырақты қыналармен салыстырғанда, бүл керісінше, радиальды қүрылысты келеді.
Жапырақты жөне нагыз бүталы қыналардың арасын бір-бірімен байланыстырушы буын — талломы лента төрізді, дорзовентральды қүрылысы бар Evernia prunastri не Anaptychia ciliaris сияқты төменгі жағымен бекінетін қына. Бұл үш морфологиялық типтердің система-тикалық жағынан алғанда аса күрделі маңызы болмайды. Кейде бір туысқа жататын түрлердің ішінде жапырақты жөне бұталы қыналар да кездеседі.
Қыналардың қүрамына кіретін фикобионттардың кепшілігі жа-сыл, көк-жасыл, сирек ор түрлі таишықты жөне қоңыр балдырлар. Табиғатта бос тіршілік ететін балдырларға қарағаңда олар аз өзгерген. Жасыл балдырлардың ішінде көпшілігі хлорококтар қатарына жататын — цистококк — Cystococcus не Trebouxia туыстары. Цистококк өзіне жақын хлорококк туысынан хлоропластасының дененің орта-лық бөлімінде орналасу арқылы айырылады. Басқа бір клеткалы жасыл балдырлардың ішінен хлорелла — Chlorella т.б. кездеседі. Жіп төрізді жасыл балдырлардың ішінде трентеполия -Trentepholia жəне кладофора — Cladophora туыстары қыналардьщ құрамында жиі кездесіп, олардың талломына жасыл түс беріп түрады. Көк-жасыл баддырлардың ішівде қыналардың қүрамында Nostoc, Gloeocapsa, Chroococcus, Hyella, Anabaena, Calothrix, Dichothrix, Stigonema, Rivularia, Scytonema т.б., ал басқа түрлер аз кездеседі. Жасыл-сары баддырлардың фикобионт есебінде қына қүрамына Heterococcus енеді.
Қыналардың өрбір түріне балдырлардың белгілі бір туыстарының қатысуы, олардың негізгі айырмашылық қасиеті. Мұның өрбір түрінің құрамында кездесетін фикобионт түрлерін бірбірінен айыру өте қиын, себебі, олар өте үсақ, сондықтан олардың айырмашылықтарын көрсету өзірше мүмкін емес.
Қыналардың құрамына гаретін микобионтгардың басым көпшілігі аскомицеттердің ішіндегі пиреномицеттер мен дискомицеттер. Тек тропикте өсетін он шақты қына түрлерінде ғана базидиомицеттердің ішівдегі телефора — Telephora туысы қатысады. Саңырауқұлақ гифалары көдденең перделерге бөлінген. Гифа клеткасының протоплазмасы клетка қабықшасындағы тесіктерінен шығып жататын жіңішке цитоплазматикалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Дейбір гифалардың суды сіңіріп ісінетін қасиеті бар қалың қабығы болады. Гифа қабықтарына қыналарға өр түрлі түс беретін бояулар жиналады. Қыналардың қүрамьша кіретін микробионттарды табиғатта бос күйінде кездесетін саңырауқүлақтардың белгілі бір түрлеріне үқсату мүмкін емес. Оның басты себебі микобионттар фикобионтгармен бірігіп тіршілік етуі нөтижесінде баддырға қарағанда тек физиологиялық жағьшан ғана өзгеріске үшырап қоймай морфологиялық жене анатомиялық жағынан өзгеріске ұшырауында.
Қыналардың анатомиялық кұрылысы. Бұларды қабатгарьшьщ ана-томиясына қарай гомеомерлі жəне гетеромерлі болып бөледі. Гомеомерлі қүрылысты қабаты бар қыналар қарапайым, оларда саңы-рауқүлақ жіпшелері мен балдыр клеткалары біркелкі таралған. Бүлар кебінесе балдырлар бөліп шығаратын кілегейге байланысты, кілегейленіп жатады. Кепкен уақытта тез сынғыш, қабыршақ, жапы-рақ немесе белгілі бір пішіні жоқ жастықша төрізді келеді, Егер суға салса, тез ісініп кілегейленудің нөтижесінде көлемі үлғаяды. Мысалы, түсі қара, жастық пішінді, оңтүстікте жартастарда өсетін коллеманы — Collema алуға болады.
Оны көлденең кесіп қарағанда кілегейдің өн бойьша тарап жатқан ностоктың колониясьш, ондағы гетероцист клеткасын жене саңырауқұлақ жіпшелерін көреміз. Лептогиум қьшасьшда анатомиялық құры-лысының біртіңцеп күрделене бастағандығы байқалады. Мұнда қабықтың жоғарғы жене төменгі қабаты болады, олар саңырауқүлақ гифа-ларыньщ тығыз өрімденуінен қүралады жөне төменгі жағынан субстратқа бекіну қызмеіін атқаратын резиналар кетеді. Ортаңғы болімі коллемаға үқсас, онда саңырауқүлақ гифалары мен балдыр клеткалары ретсіз орналасады.
Гетеромерлі қабаты бар қыналардың құрылысы күрделі келеді. Оның кедденең кесіндісін микроскоппен қарағанда үстіңгі бетінде саңырауқүлақ гафаларының өзара тығыз өрімцелуінен қүралған плектенхима деп аталатьш қабығы байқалады. Плектенхиманын, (жалған паренхима) астында гифалардың бос матасуынан құралған гонидиалвды қабаты жатады, олардың арасывда балдыр клеткалары орналасады. Гонидиальды қабагган кейін ауаға толы кеңістіхгері бар саңырауқүлақ жіпшелерінің бос оралуынан қүралған «өзектік» қабат орналасады. Оның астыңғы жағындағы қабықты қабат қүры-лысы жағынан үстіщі қабатқа үқсас келеді. Қабықты қабатган субстратқа бекшіп тұрады.
Қаспақты қыналардың астынғы қабығы болмайды, сондықтан олар субстратқа гифаларының төменгі жағы арқылы тығыз орналасады. Радиальды (сəулесі) құрылысты бұталы қыналардың шеттерінде қабығы, оның астыңғы жағында гонидиальды қабат, ал ортаңғы бөлімінде «өзегі» болады.
Қыналардың көбеюі. Бұлар əр түрлі жолмен көбейеді. Олардағы бадцыр клеткалары жай екіге белінуі немесе қозғалмайтын автоспоралар түзу арқылы көбейеді. Қыналардан бөлініп алынған балдырлар бүрьш ата тегінде бар, бірақ кейін жойылыл кеткен зооспоралар қүруға қабілеттілігі, кейде гаметалар арқылы жынысты кобеюді қайталай-тындығы байқалады. Қьшалар қүрамындағы саңырауқұлақтар өздеріне сай спора кура-тын орган түзеді. Перитецийлер қына қабатына еніп жатады жене оны қара нүкте түрінде томпиьш жатуынан айырады. Апотецийі қына қабатының үстіңгі бетінде кішкене деңгелек не твмпешік түрінде жатады. Апотецийлер лецидеиналы жөне леканориналы болып екіге бөлінеді. Бүл апотецийлердің аттары лецидея жене леканора қыналары туыстасьщың атына байланысты қойылған. Лецидеиналы апотеций саңырауқұлақ гифаларынан қүралған бір ғана ренде болады. Леканориналы апотеций гименальды қабатының астында жене дөңгелек шеттерінде балдыр клеткалары орналасады, олардың реңі басқаша болады. Леканориналы апотецийде баддырдың болуы гимений қабаты-ның қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етілуіне өсерін тигізеді. Бұл — қыналардың эволюциялық дамуьшың бір белгісі.
Біраз қыналарда қалталы спора түзуші орган пайда болудан бүрын жыныс процесі байқалады.Ол уақытта аскоген қынадан аздап шығып түрған трихоген арқылы спермациямен үрықтанады. Спермация -бір клеткалы спора, кейде оны пикноспора деп те атайды. Олар ерек-ше спорангиялардың немесе пшшидалардьщ ішінде жетіледі. Қына-лардьщ көбінде нағыз жьшыс процесі редукцияланған, бірақ дикари-он ядролары жөне олардьщ қосылу процесі өр уақытта орын алады.
Аскомицеттердегі сиякты қалталардан төгілген аскоспоралар қолайлы жағдайларда өсіп’, мицелий түзейді, егер ол жерде саңырауқүлақ гифалары оны жан-жағынан орап, біртіндеп қьшаның жаңа қабатына айналады.
Қыналар қабаттардың үзіліп түсуі жене соредий, изидий деп ата-латын ерекше органы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Соредий арқылы көбею жапырақты қыналарда жөне бүталы қыналарда жиі кездеседі. Соредий гонидиальды қабаттарда түзіледі. Бадцырдың бірнеше клеткаларын саңырауқүлақ гифалары жан-жағынан шырмай-ды, одан соредий деп аталатын оқшауланған шумақтар құралады.
Ол қабықтық қабаттьщ жыртылуы нөтижесінде сыртқа шығып, жел мен су арқылы таралады. Қолайлы жағдайға кез болса соредийлер есіп, қынаныңжаңа қабатына айналады. Изидий арқылы көбею, соредийге қарағанда сирек кездеседі. Мүнда қынаның жоғарғы қабаттарынан саңырауқұлақ гифалары мен балдыр клеткалары бар қоңыр түсті өсінділер пайда болады. Осы өсінділер үзіліп, жаңа қабатқа айналады.
Соредий жене изидий арқылы көбейетін қыналарда қалталы спора түзуші органы сирек кездеседі. Қьшалардың соредий жене изидий арқылы кобеюі эволюция процесінің нетижесінде кейін пайда болған.
Қына организміңде балдырлар мен саңырауқүлақтардьщ селбесіп, тіршілік етуі овдағы балдырдың құрылысына аз əсер еткен. Сол себеші қынаньщ құрамыңцағы балдырлар өз беттерімен тіришіік етулеріне байланысты аз өзгерген. Ал саңырауқүлақтар бұл сеябесуце басым болғанымен жаңа тіршілік жағдайына бейімделгендігі сонша, табиғи жағдайда балдырсыз өз бетгерінше дүрыс дами алмайды. Саңырауқүлақтар мен баддырлардың қыналардағы өзара қарым-қатынасын жиі мутуалистикалық селбесу деп атайды. Бүл қарымқатынаста екі организм бір-біріне пайдалы. Саңырауқұлақ баддырлар жасаған углеводтарды пайдаланса, балдырлар саңырауқүлақтар арқылы минераддық тұздармен, сумен қам-тамасыз етіледі. Табиғаттағы барлық организмдер бір-бірімен бөсекелес болган жағдайда, мүндай үйлесімді қарым-қатьшастың болуы өте күмəнді. Кейбір тəжірибелерге қарағаңда, қарапайым қүрылысты қыналарда саңырауқұлақ гафалары баддырлардъщ фшілігіне зиян келгіретіні, яғни оның клеткасьшың ішіне қарай өтетін не жанасып жататын гаусториялар түзетіні байкалады. Сондықтан қыналардағы қарым-қатьшасты жеңіл паразитизм немесе аллелопаразитизм деп атайды.
Қыналар суды жаңбыр жауғанда жəне ауадағы судың буын бүкіл денесіне сіңіреді. Ол су гифалардың арасындағы кеңістікте жөне олар-дың ісінетін қабықтарында сақталады. Көмір қышқыл газьш ауадан алады. Ал басқа органикалық жене органикалық емес қоректік заттарды су ерітіңцілершен барлық денесімен қабыддайды. Қына ауадағы шаңмен де қоректенеді. Қоректену процесінде қабықты немесе қаспақты қынадан, жапырақты, одан бүталы қыналардан ауадағы шаң-ның маңызы арта түседі. Төсемік — қына үшін тек бекіну орны ғана болып есептеледі. Барлық қоректік затты қыналар ауадан, овдағы ылғал мен шаңтозаңнан алады.
Қыналар — күй талғамайтын өсімдік,-ол өте баяу өседі, көпшілік жағдайларда олардың мөлшері бірнеше сантиметрден артпайды, тек кейбір түрлерінің ғана ұзыңдығы жарты метрге жетеді. Тіршілік ету үзақтығы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Олар жақсы өскен жылы 1-35 миллиметрге дейін өседі. Олай болса бүғылар жайлап кеткен жайылымдар 10-20 жыл дегенде барып қалпына келеді.
Қьшаларды төсемікке қатысына қарай эволюцкялық үш топқа: то-пырақта, ағашта жөне жартастарда өсетін деп белуге болады. Олар ағаш қабығының оңтүстік жағьша қарағанда солтүстік жағывда көбірек, тау-дың етегіне қарағанда басында көп өседі. Қыналар толық кеуіп қал-ғанда да тіршілігін сақгауға қабілетгі, олар алғашқы жаңбыр жауысы-мен ісініп, өсе бастайды. Қыналар таза ауада жақсы өседі, сондықтан ауасы онша таза болмайтын үлкен қаланың маңында өте сирек кездеседі.
Қыналардың басты ерекшелігі — басқа ешбір жерде кездеспейтін қына қышқылын түзуінде. Оның дөмі ащы жөне қышқыл реакция береді. Қына қышқылы гифалардың жоғарғы бетінде ден, таяқша жене кристалл түрінде, кейде оның ішінде жиналады, көпшшгінщ түсі қьшалардьщ түстеріндей. Қына қышқылы күйдіргіш сілтілермен жөне бензидинмен қызыл түсті реакция береді.. Бүл қышқылдың қьшаларда болу болмауына қарап, оларды белгілі систематикалық топка жатқызуға болады. Қышқылдың биологиялық маңызы белгісіз. Олар қорғаныс қызметін атқаруы мүмкін. Қыналар тау жыныстарын мекендеп, олардың үгітілуіне себепші болады. Қыналардан шыгатын қышқылдар тек ізбес қосьщцьшарьш ғана ерітіп қоймайды, кремнеземді де ерітеді, ал одан пайда болған бүдырлар мен жарықтарға шаңтозаң жиналады. Мүндай жерлерде алғашында теменгі сатыдағы, одан кейін бара-бара жогарғы сатьщағы өсімдіктер өседі.
Қыналардың систематикасы. Қыналардың классификациясының негізіне саңырауқүлақтың жемісті денесі альшады. Сонымен қатар кіші топтарға бөлгенде балдырлар талломының пішініне, сондай-ақ саңырауқұлақ спораларының ерекшеліктеріне химиялық құрамына негізделе жіктеледі.
Қүрамыңдағы садырауқүлақтарға қарай қыналарды қалталы -Ascolichenes жөне базидиальды — Basidiolichenes деп екі класқа бөледі. Біріншісіне — қыналардың көпшілігі, екіншісіне — тропиктік жақ-тардағы 20 шақты түр жатады.
ҚАЛТАЛЫ ҚЫНАЛАР — ASCOLICHENES КЛАСЫ
Қалталы қыналар класына барлык белгілі қыналардың 90%-тейі жатады. Олардың басты ерекшелігі — спораларының қалта ішіңде да-муьт. Жемісті денелері апотеций, перитеций жене гастеротеций. Бүл класс эволюциялық дамуы жағьшан базидиальды қыналарға қарағанда ерте пайда болған жөне қарапайым қүрьлымды сапрофитгі тіршілік ететін қалталы саңырауқүлақтардан шығуы тиіс. Қалталы қыналар класы жеміс денесінің қүрьшымына карай пиренокарпалар жене ги-менокарпальшар больш екі класс тармағына белінеді.
ПИРЕНОКАРПАЛЫЛАР — PYRENOCARPEAE КЛАСС TAPMAҒЫ
Бұл класс тармағына жататъш қыналардың жемісті денелеріііери-тецийлі болып келеді. Басым көпшілігі қаспақты, сирек жапырақты, бүталы. Қынаны қүрайтын фикобионтке жіптесінді жасыл, көбінесе трентеполия, сиректеу жасыл-сары, қоңыр балдырлар жатады. Пиренокарпалылар класс тармағына аскогимениальды жөне асколо-кулярлы 70 шақты туыстас қына жатады. Олар Жер шарьшың барлық бөліктеріне таралған Pyrenocarpales қатарынан, 15 тұқымдастан тұрады. Əрбір түқымдас бір-бірінен сырт пішіні фикобионттарына, перитецийлерінің орналасуьша, парафиздерінің болу-болмауына байланысты айрылады. Споралары өр түрлі пішінді, түссіз, бір клеткалы бір не бірнеше көлденең перделерінің болуы арқылы айрылады. Қалталары битуникатты, сирекунитуникатгы.
Дерматокарпон — Dermatocarpon туысының қабаты жапырақ -қабыршақ пішінді, тасқа резиналары арқылы бекініп жатады. Фикобионты плеврококкус, қалтасы битуникатты, онда 2-8 дейін спорасы болады.
ГИМНОКАРПАЛЫЛАР — CYMNOCARPEAE КЛАСС ТАРМАҒЫ
Бұл класс тармағына барлық жерлерде кездесетін қабықты, жапы- рақты, бұталы қыналардың 250-дей туыстасы жатады. Жемісті денесі апотеций, сирек — гастеротеций. Жемісті денесі онтогенезінде аско-гимениаль типті. Жемісті денесі гимениальды қабат құрайды. Кутасы унитуникаттьі. Фикобионтгары жасыл-требуксия, көк жасыл-нос-ток балдырлары болады. Класс тармағы жеміс денесінің қүрылымьша қарай 4 қатарға бөлінеді. Графидалықтар — Graphidaies қатарының апотецийлері ұзын, со-пақ жөне тармақталған салалы болып келеді. Көшпілігінің қабаты қабықты, қүрылысы күрделі түрлерінде жоғарғы қабығы болады. Бүл қатарда сопақ пішінді апотецийден дөңгелек пішіндіге жөне қабықты қынадан жапырақтыға ауысу түрлері айқын байқалады. Кепшілігінщ конидиясы трентеполиядан қүралады. Бүларға жататьш түрлердің көбісі тропик жөне субтропик аудандарда таралған.
Графис — Graphis қабаты қабықты, жемісті денесі үзын гастеротеций кейде параллель орналасқан сызық пішінді. Түссіз спорасы екі не көп клеткалы.
Артониялықтар — Arthoniales қатары сопақ, дөңгелек, ұзынша, тақ пішінді, жемісті денесінің гастеротецийлі жөне апотецийлі болып келуімен сипатталады. Қабаты өр түрлі, қарапайым, қабықты, гомеомерлі жəне гетеромерлі құрылымды формадан бүталы формаға қарай даму байқалады.
Бұталы түрлеріне рочелла — Rochella жатады. Бүл Жерорта тенізі жене Атлант мүхитыньщ жағалауында оседі, одан лакмус алынады, бүрын бүдан маталарды бояйтын бояу алатын. Дөңгелек жемістілер — Cyclocarpales қатарына — барлық жерге та-ралған, сыртқы қүрылысы алуан түрлі болып келетін қыналардың басым көпшілігі жатады. Апотецийі дөңгелек табақша пішінді, кейбіреулеріңце олар талломның ішіне еніп түрады. Дөңгелек жемістілер қатарында қабықтыдан бүталы түрлеріне ауысу байқалады. Бүл қатарда 29 түқымдас бар. Олардың ішіндегі сегізінің конидия қабатын көк-жасыл, қалғанын жасыл балдырлар қүрайды. Кейінгілерінің кейбі-реулерінің апотецийлері — лецидининалы, екінші біреулерінікі — леканориналы. Бүл қатардың ішінде:
Лецидея — Lecidea туысының 1500-дей түрлері бар. Бүлардың көпшілігі жартастардың жөне ағаштың қабықтарында тіршілік етеді. Талломы қабықты (қаспақты) ақшыл, сүр, сарғыш, қоңыр түстікеледі. Споралары түссіз, бір клеткалы.
Леканора — Lecanora туысына 1100-ден астам қабықты қыналар жатады. Азияның жəне Африканың далалары мен шөлдерінде, сон-дай-ақ Қазақстанның жартылай шөлейт жерлерінде кездесетін, тамаққа жарайтьш, деңгелек бұдырлы түйір түрінде топыраққа бекінбей бос жататьш манна қынасы да Aspicilia (Lecanora) esculenta осы туысқа жатады.
Пельтигераның — Peltigera қабаты ірі, жапырақты сүр не қоңыр түсті. Бүл ашық жерлерде көп тараған қына.
Пермелия — Parmelia туысына 800-дей түр жатады. Қабаты жапырақты, бүлар жиі кездесетін қыналар қатарына жатады. P.vagans турі барлық жерлерде, өсіресе далалы жартылай шөлейт аудандарда кеп тараған, топырақта бос жататын жапырақты қына. Бүл қынаны ха-лық медицинасында іш ауруына, жараға, күйікке жөне т.б. ауруларға дөрі есебінде пайдаланады. Цетрария — Cetraria туысының 70-тен астам түрі бар, олардың да көпшілігінің қабаты жапырақты болып келеді.
Қиыр Солтүстікте, ормандажөне қүмды жерлерде өсетін «Исландия мүгінің» — Cetraria islandica маңызы ерекше зор. Бұл бұтақты қыналар қатарына жататын «Исландия мүгінің» қүрғақ затында 50%-ға дейін лихенин деп аталатын углевод болады, ол қабықтың қүрамына кіреді жəне крахмалдан айырмасы — иодпен кек түске боялмайды. Лихениннің қоректілігі картоптың крахмалына қара-ғанда аздау, дегенмен оны нанға жөне өр түрлі суық тагам дайын-дауға пайдаланады. Бүл қынанын бүғы шаруашылығында маңызы ерекше. Халық мұның түнбасын бас жəне іш ауруларына дөрі есебінде пайдаланады.
Ксантория — Xanthoria parietina қорғандарда, ағаштың қабығында сарғыш қызғыЛттау жапырақты дөңгелек дене түрінде көп тараған . Алекторияның — Alectoria жөне уснеяның — Usnea кейбір түрлері үзын сүр не қара қоңыр сақал түрінде ағаштар қабығының арасынан төмен қарай салбырап түрады. Эверния — Evernia prunastri — жалпақ жапырақты ағаштарда өсетін бұталы қына. Бүл қынаны парфюмерия өндірісінде «шипр» иіс суын дайывдау үшін қолданады. Umbilicaria туысы жапырақ пішіндес төсемікке орталық бөлімі арқылы бекініп жатады. Түсі ақ-сұрдан қара түске дейін өзгереді.
Кладония — Cladonia туысына 300-ден астам түрлер жатады. Бүл туыстың морфологиялық жөне практикалық маңызы ерекше. Кладония қынасы екі түрлі қабат құрайды. Алғашқы қабаты қабықты, көшпілігінде үсақ қабыршақты больш түрады. Кейіннен ол қабаттан екінші — тік бүталы қабат өсіп шығады. Бұлардың кейбір бүталы түрлерін «бүғы мүгі» немесе ягель (Cladonia rangiferina), деп атайды. Ол қарағайлы ормандарда, сол сияқты тундрада коп кездеседі жене қыналардьщ басқа түрлерімен бірге еседі, ол солтүстік бүғыларының негізгі азығы болып табылады. Сақалды қына — Usnea туысына 600 түр жата-ды. Қабаты гетероморфты, бүталы не сақалды ағаш қабықта-рында бекініп есіп, сақал сияқты салбырап түрады. Споралары бір, екі не кеп клеткалы, түссіз, не қоңыр түсті. Əр қалтада 1-8-ге дейін споралар түзіледі. Сақалды қынадан медицинада əр түрлі препараттар алады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қыналарға тəн қандай негізгі белгілерді білесіз?
2. Неліктен қыналарды «бұғы мүгі» жəне «Исландия мүктері» деп атап мүктермен шатыстырады?
3. Қалталы қыналардың басты ерекшелігі неде?
4. Пиренокарпалылар мен гименокарпалыларды салыстыр. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы неде?
Қолданылған əдебиеттер:
3. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
4. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
5. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
6. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
7. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
8. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *