Қашқаргүлдер қатары

Қашқаргүлдер қатары. Даражарнақтылар жəне олардың филогенетикалық байланысы Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қашқаргүлдер қатары
2. Дара жарнақтылар
3. Филогенетикалық байланысы
Дəрістің мақсаты: Қашқаргүлдер қатары қосжарнақтылардың ішіндегі ең жас қатар болып табылады, 1000 туыс жəне 20000 түр жатады. Екі тұқымдас астына бөлінеді. Гүлдері гүлшоғырына жиналған жəне редукцияға ұшыраған. Сүтті шырынында каучук жəне смола болады. Даражарнақтылардың пайда болуы. Даражарнақтылардың филогенетикалық бұтағы. Частухогүлдер, водокрас, рдест. Келесі бұтақ лалагүлдерден тараған: Пальма, аралиелар жəне панданагүлдер – бұлар жеке даму тармағы болып саналады.
Даражарнақтылар класын жүйелеу. Олардың негізгі тіршілік формалары. Вегетативтік жəне репродуктивтік органдары құрылысындағы ерекшеліктері. Желектілер қатарлар тобы. Құртқашаштар тұқымдасының таралуы. Тіршілік формалары. Гүл шоғыры мен гүлдері құрылысының варианттары. Тозаңдануы. Жемісі, тұқымы. Лалагүлдер тұқымдасының географиялық таралуы. Тіршілік формалары мен вегетативтік органдарының негізгі ерекшеліктері. Гүл шоғыры, гүлі, жемісі. Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы. Қияқөлеңдер тұқымдасының тіршілік формалары жəне вегетативтік органдарының негізгі ерекшеліктері. Гүл шоғыры, гүлі, жемісі. Астық тұқымдасының тіршілік формалары, вегетативтік органдары құрылысындағы ерекшеліктер. Гүл шоғыры, гүлі. Тозаңдануы, жемістер. Олардың табиғат пен адам өміріндегі маңызы. Қоңырбастар тұқымдас тармағы. Тарылар тұқымдас тармағы.
ДАРА ЖАРНАҚТЫЛАР НЕМЕСЕ ЛИЛИОПИПСИДТЕР КЛАСЫ —
MONOCOTYLEDONEAE, LILIOPSIDAE
Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 түқымдастан жəне 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдык), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған жəне ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байланыста болады.
Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында тамырсабақ, бадана (луковица), туйнектер, түйнекті пиязшықтар түрінде өткізеді; гелофиттері, батпақты жерлерде жəне ылғалы мол топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді жəне шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклы қыска болатын өсімдіктер, ұзакқа созылатын құрғакшылық басталғанға дейін олар гүлдеп жəне дəн байлап үлгереді.
Дара жарнақтылар класының жоғарыда келтірілген 38 қатарын гүлсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай екі қатарлардың тобына бөледі.
ЖЕЛЕКТІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ – COROLLIFLORAE
Гүлсерігінің қарапайым, желектер (күлте жапырақшалар) түрінде болады. Көп жағдайда олардың шірнектілер (нектарник) жақсы жетілген болып келеді. Тозандануы насекомдар арқылы жүреді. Ал тропикалық елдерде насекомдарменде, құстарменде тозаңданады. Бұл қатарлардың тобының ішіндегі ең үлкен тұқымдастардың бірқатарына толығырақ тоқталуды жөн көрдік.
Құртқашаштар тұқымдасы – Iridасеае
Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей түр жатады. Тропиктерде, субтропиктерде жəне қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Əсіресе Оңтүстік Африкада, Жерорта теңізі жағалауында, Батыс жəне Шығыс Азияда жəне Оңтүстік Америкада көптеп кездеседі. Құрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін, тамырсабақты немесе түйнекті-пиязшылықты өсімдіктер. Жапырақтары қылыш тəрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға тəрізді иілген болып келеді. Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады (немесе гүлшоғына жиналған); қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлдер, көп жағдайда өте үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты; желек тəрізді түтікке біріккен 6жапырақшадан тұрады; сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3. Гүлтүйіні үш ұялы, төменгі болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3-ке бөлінген көп жағдайда желек тəрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльце) тұрады. Жемісі – төменгі синкарпты қауашақ. Гүлінің формуласы: *P3+3A3G(3).
БОР-дың флорасында 5 туысы 166-ден астам түрлері, ал Қазақстанда 5 туысы 34 кездеседі. Тұқымдастың түрлерінің көпшілігі тамаша гүлдейтін өсімдіктер. Кейбір түрлері техникалық өсімдіктер болып табылады.
Құртқашаш (ирис, касатик — Iris) үлкен туыс. Гүлдері үлкен əртүрлі түске боялған болып келеді. Гүлсерігі дұрыс (түтікті): 3 сыртқы желектерінің 3 ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аналығының аузы (3) ұзын, етженді, желек тəрізді бөліктен тұрады. Гүлтүйіні 3 ұялы. Аталықтары сыртқы желектерінің түп жағымен бірігіп кетеді. Жемісі үш қырлы қауашақ. Құртқашаштар солтүстік ендіктің субтропикалық жəне қоңыржай климатты зоналарында өседі. БОР-да Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, Қиыр Шығыста жəне БОР-дың европалық бөлігінде өседі.
Гладиолус туысы (Гладиолус — Gyladiolus). Тамаша гүлдейтін түйнекпиязшықты өсімдік. Гүлсерігі зигоморфты, трубкасы иілген, желегінің бөліктері бірдей болмайды жəне ашық түске боялған болып келеді. БОР-да 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі; Закавказьеның шығысында G. segetus деген түрі табиғи жағдайда өседі. Оның жапырағы С витаминіне бай болады.
Лалагүлдер тұқымдасы — Liliaceae
Бұл тұқымдаста 470-дей түр бар (10 туыс). Дүниежүзінің барлық флорасында кездеседі. Оқтын-оқтын құрғақшылық болып тұратын субтропикалық елдерде, соынмен бірге тропикалық емес елдердің шөлейт аймағында жəне шөлді облыстарға ауысатын жерлерінің өсімдіктер қауымының қалыптасуына лалагүлділердің тигізетін əсері ересен зор. Өмірлік формалары ағаштар (тропикалық елдерде), лианалар жəне жартылай лианалар, негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мəңгіжасыл немесе жаздықжасыл жəне өте сирек біржылдықтар. Бейімдеушілік процесінің эволюциясында əсіресе терең өзгерістерге вегетативті органдары ұшыраған. Олар баданаларға (луковицы), тамырсабаққа, түйнектерге, филлокладииге, өнім бүрлеріне (выводковые почки) айналып кеткен. Жапырақтары əдетте азды-көпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері тегіс, отырмалы болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл серігі қарапайым, күлтежапырақшалар түрінде берілген, актиноморфты, қосжынысты, 3 өлшемді (сиректеу 2-4 өлшемді). Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын, 3, сиректеу 4 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы. Жемісі қорапша (қауашақ) немесе жидек болып келеді. Дəнінің эндоспермі болады. Лалагүл туысы (лилия — Lilium). Туыста Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өсетін 80-100 түрі бар. БОР-дың территориясында 15 түрі (БОР-ның европалық бөлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Кавказда) кездеседі. Лалагүл баданасы черепица тəрізді болып келетін өсімдік. Гүлдері үлкен, шашақты гүл шоғырына жиналған немесе жалғыздан болып келеді. Гүл серігі қанық боялған (қызыл, сары, сирен түсті немесе таза ақ). Ақ лалагүлдің (лилия белая – L. candidum) шыққан жері (отаны) Кавказ. Гүлінің формуласы: *P3+3A3+3G(3).
Бірағайынды лалагүлдің (л. однобратственная –L. monadelphum) гүлдерінің түсі сары болады. Королдық лалагүл (л. королевская – L. regale) сəндік өсімдік. Қазіргі кезде бұл түрдің 2000-дай сорты бар. Шығыс Азияда жеуге келетін баданасы үшін лалагүлді көкөніс (овощтық) дақылы ретінде өсіреді. Тамаққа лалагүлдің сібірлік түрлерінде пайдаланады. Дауыр лалагүлінің баданасынан жүрек ауруына ем болатын глюкозидтер табылды. Бұйра лалагүл, (л. кудреватая, или мартогон — L.martagon), негізінен орманның ашық жерлерінде, жарық ормандарда, субальпі белдеуіндегі шалғындарда өседі. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде кездеседі деуге болады (Орта Азиядан басқа жерлерінде). Бұл түр табиғи жағдайда кездесетін лалагүл туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі.
Бақылау сұрақтар:
1. Қашқар гүлдер қатарының ерекшеліктері қандай?
2. Табиғаттағы ең көп тараған өкілдері
3. Дара жарнақтылардың филогенетикалық байланысы Қолданылған əдебиеттер:
1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
6. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *