Экологияға кіріспе. Тірі организмдер және орта факторлары

Экологияға кіріспе. Тірі организмдер және орта факторлары.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Қандай экологиялық факторлар болмайды: а) абиотикалық; в) биотикалық; с) антропогендік; д) кездейсоқтық.
2. Су ортасында тіршілік ететін организм қалай аталады: а) аэробионттар; в) гидробионттар; с) эдафобионттар; д) эндобионттар.
3. Қандай белдемде сыртқы орта жағдайлары организмге кері әсер етеді: а) тіршілігін тоқтату белдемі; в) қыспақ белдемі; с) қолайлы тіршілік белдемі; д) пессимум белдемі.
4. Қандай экологиялық фактор абиотикалыққа жатпайды: а) жарық; в) жел; с) тыңайтқыш; д) температура.
5. Өзен бахтахы (форель) үшін не шектеуші фактор болады: а) судың ағысы; в) судың температурасы; с) судағы оттегінің мөлшері; д) судың тұздылығы.
6. Аутэкология нені зерттейді: а) популяцияны; в) ағзаны; с) бірлестікті; д) бегеоцонозды.
7. Инфрақызыл сәулелердің ұзындығы мен маңызы: а) меланин пигменті түзіледі, 300-400 нм; в) 750 нм ден жоғары, ағзаларға жылу береді, көзге көрінбейді; с) 400-700 нм, фотосинтезге қатысады; д) барлық жауап дұрыс.
8. Ұзақ күнді өсімдіктер: а) бидай, қарақұмық, күнбағыс; в) жүгері, асбұршақ, бидай; с) тары, жүгері, арпа; д) картоп, арпа, қарабидай.
9. Жарық сүйгіш өсімдіктер: а) шайқурай (зверобой), бүлдірген, қарағай, емен; в) жебіршөп (чабрец), қызғалдақ, астық тұқымдастары; с) қазжуа (гусиный лук), жалбыз (шалфей); д) саумалдық (кислица), мүктер, плаундар.
10. Аю тағам бойынша: а) стенобионт; в) эвробионт; с) эндабионт; д) сукулент.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Күн мен түннің ауысуына байланысты физиологиялық процестердің өзгеруі …. …. деп аталады.
2. Температураның көп ауытқуына шыдайтын организм…. деп аталады.
3. Жапырағының түк басуы, суды көп буландыру, жапырағының көлемінің азаюы …… ….. бейімделу.
4. Организмге жағымды немесе жағымсыз әсер ететін сырқы ортаның компоненттері …. …. деп аталады.
5. Организмнің тіршілігін жалғастыруын қамтамасыз ететін максималды және минималды экологиялық факторлары мөлшері (әсері) …. …. деп аталады.
6. Тығыздығы , жылу сыйымдылығы , жылу өткізгіштігі жоғары және оттегінің мөлшері аз орта ….
7. Қазатын аяқтары, ықшам денесі бар және көзі нашар дамыған ағзалар …. …. өмір сүреді
В2 . Сәйкестікті анықта.1. Өсімдіктер мен олардың суға байланысын анықта.
Экологиялық топтар Өсімдіктер мысалдары
1) мезофит.
2) ксерофит
3) гигрофит. А) алоэ, кактус;
Ә) бидай, қарабидай;
Б) папирус, күріш;
В) түйе жантақ, селеу (ковыль);
Г) шықшылдақ, мүкжидек;
Ғ) інжугүл, жолжелкен.
В2 . Сәйкестікті анықта.2.
Жылуды реттеу түрлері Мысалдары
1) іс- әрекеттік (поведенческая).
2) физикалық.
3) химиялық. А) тердің көп бөлінуі немесе азаюы;
Ә) көлеңкеге жылжуы немесе інге жасырынуы;
Б) тері капиллярларының кеңеюі мен тарылуы.
В5. Терминдер мен ұғымдарға анықтама бер. Экология, оптимум заңы, стенобионт, мезофит, фотопериодизм, гомойотермді жануар, эдафабионт.
Үшінші бөлім. С1.
1. Көкнәр мен қызғалдақ ылғал сүйгіш өсімдіктер. Олар неліктен құрғақшылықта өсе алады?
2. Ақ аю мен түйенің тіршілік ортасына бейімделуінде ортақ нәрсе не?
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі:
1. Жарық қандай экологиялық факторға жатады: а) абиотикалық; в) биотикалық; с) антропогендік; д) кездейсоқтық.
2. Топырақта тіршілік ететін организмдер қалай аталады: а) аэробионттар;
в) гидробионттар; с) эдафобионттар; д) эндобионттар.
3. Қандай белдемде сыртқы орта жағдайлары жақсы әсер етеді: а) тіршілігін тоқтату белдемі; в) қыспақ белдемі; с) қолайлы тіршілік белдемі; д) пессимум белдемі.
4. Жануарлар мен өсімдіктердің солтүстікке таралуын шектейтін факторлар:
а) жарық; в) жел; с) тыңайтқыш; д) температура.
5. Шыңқетер (недотрога) үшін не шектеуші фактор болады: а) судың мөлшері;
в) судың температурасы; с) судағы оттегінің мөлшері; д) судың тұздылығы.
6. Синэкология нені зерттейді: а) популяцияны; в)организмді; с) бірлестікті;
д) бегеоцонозды.
7. Көзге көрінетін сәулелердің ұзындығы мен маңызы: а) меланин пигменті түзіледі, 300-400 нм; в) 750 нм ден жоғары, организмдерге жылу береді, көзге көрінбейді; с) 400-700 нм, фотосинтезге қатысады; д) барлық жауап дұрыс.
8. Қысқа күнді өсімдіктер: а) бидай, қарақұмық, күнбағыс; в) жүгері, асбұршақ, күріш; с) тары, жүгері, арпа; д) картоп, арпа, қарабидай.
9. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер: а) шайқурай (зверобой), бүлдірген, қарағай, емен;
в) жебіршөп (чабрец), қызғалдақ, астық тұқымдастары; с) қазжуа (гусиный лук), жалбыз (шалфей); д) саумалдық (кислица), мүктер, плаундар.
10. Қасқыр тіршілік ету аймағы бойынша: а) стенобионт; в) эвробионт;
с) эндабионт; д) сукулент.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Өсімдіктердің күннің ұзақтығына, ауысуына жауап беруі …..
2. Температураның ауытқуына шыдамайтын ағзалар …. деп аталады.
3. Жапырағының көлемінің ұлғаюы, жапырағының түсінің қаңық жасыл болуы, жапырағының жұқа болуы …… ….. бейімделу.
4. Ағзалардың бір – бірімен және қоршаған ортамен қарым – қатынасын зерттейтін ғылым …
5. Бақалардың суық түскенде қимылсыз қалуы …..
6. Тығыздығы төмен, температураның ауытқуы болатын, күн сәлесі жеткілікті және оттегінің мөлшері көп орта ….
7. Дене пішіндері алдыңғы және сүйірлене келген, желбезектері, жүзбе қанаттары дамыған ағзалар …. …. өмір сүреді
В2 . Сәйкестікті анықта.1. Тіршілік ортасы мен оған бейімделуінің байланысын анықта.
Тіршілік орталары Адаптациялар
1) Тірі ағза.
2) Құрлық — ауа
3) Топырақ
4) Су А) тірек мүшелері жақсы дамыған;
Ә) көру мүшесі нашар дамыған және жинақы денесі;
Б) температурасы түрақсыз;
В) кутикуласы жақсы дамыған және жабысатын мүшелері бар;
Г) тіршілік процестері төмен;
В2 . Сәйкестікті анықта.2. Суккуленттердің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің арасындағы сәйкестікті анықта.
Ерекшеліктері Адаптациялары
1) Морфологиялық
2) Физиологиялық
А) суды жақсы сіңіруі;
Ә) тамырының үстінде орналасуы;
Б) жапырағының үстінде балауыз өңезі болуы;
В) суды жапырағы мен сабағында жинауы;
Г) жасымықшаның күндіз жабылуы;
Ғ) жасымықшаның аз болуы.
В5. Терминдер мен ұғымдарға анықтама бер. Демэкология, шектеуші фактор, эвробионт, суккулент, биологиялық ырғақ, пойкилотермді жануар, аэробионт.
Үшінші бөлім. С1.
1. Егер Авсралия түйеқұстарын немесе динго жабайы итін Солтүстік жарты шарының хайуанаттар бағына орналастырса, онда олардың көбею кезеңі қай уақытқа келеді?
2. Қатты қыста қала көшелерінде біраз терек үсіп кетті. Бәрінен де көше шамдарының жанында өсіп тұрған ағаштар қатты зардап шекті. Неліктен?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *