Эволюция ілімі

Эволюция ілімі.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Эволюция ұғымын XVIII ғасырда ғылымға енгізген ғалым:
а) Ч.Дарвин; в) К.Линней; с) П.С.Паллас; д) Ш.Бонне.
2. Эволюцияның бірлігі: а) түр; в) популяция; с) тұқымдас; д) туыс.
3. Дарвиннің негізгі еңбегі:
а) «Түрлердің табиғи сұрыпталудың нәтижесінде пайда болуы»;
в) «Адамның шығу тегі немесе жыныстық сұрыпталу»;
с) «Табиғат жүйесі»; д) «Зоология философиясы».
4. Дарвин «Бигль» кемесімен саяхатқа шыққан жылдары:
а) 1836-1841; в) 1831-1836; с) 1841-1846; д)1826-1831.
5. Ч.Дарвин Галапогосс аралында таушымшықтың неше түрін байқады:
а) 15; в) 11; с) 13; д) 16.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Дарвин бойынша бір мүшенің өзгеруі екінші мүшенің өзгеруне әкеп соқса, ол өзгергіштікті …. деп атайды.
2. Ламарк бойынша эволюцияның қоғаушы күштері …; …; ….
3. Дарвин бойынша жасанды сұрыптаудың түрлері …. және ….
4. Жыртқыш пен құрбан арасындағы байланыс ….
5. Қорғана алмайтын жануардың қорғана алатын жануарға еліктеуі …
6. Ағзалардың тарихи дамуы мен күрделенуі …
7. Жүйенің атасы ….
8. Бейімделгіштік абсолютті, әлде ….
9. Тіршілік үшін күресте осы ортаға …. …. ағзалар жеңіп шығады.
10. Бұл сұрыптау нәтижесінде өсімдіктердің жаңа іріктемелері, жануарлардың жа қолтұқымдары пайда болады …
В2 . Сәйкестікті анықта.
Жан Батист Ламарк Карл Линней

1) «Түр» түсінігін қалыптастырды; 2) оның эволюциялық пікірлері «Зоология философиясында» баяндалған; 3) жүйелеутің атасы; 4) бинарлық номенклатураны енгізді; 5) «Табиғат жүйесінің» авторы; 6) алғашқы эволюциялық ілімнің авторы; 7) түрлер өзгермейді деді; 8) түрлер уақыт өте келе өзгереді деді; 9) ғылмға «биология» терминін енгізді; 10) жасанды табиғат жүйесін енгізді;11) ол жануарлар дүниесін 14 класқа жіктеп жүйеледі; 12) табиғи жүйелеу жүйесінің негізін салушы; 13) адам және адам тәрізді маймылдарды бір отрядқа біріктірді; 14) әрбір ағзада мүлтүксіз өмірге ұмтылыс болады; 15) табиғат жүйелеуде ең ірі таксон класты пайдаланды.
В6 . Жіберілген сөздерді толтыру (диктант)
1) Барлық организмдер ұрпақ қалдыруға тырсады, сондықтан … түрде көбейе бастайды. табиғи сұрыпталу
2) Тіршілігін сақтап қалу үшін табиғатта ұдайы … жүреді. «құралы»
3) …. …. белгілі бір ортаға организмнің тіршілігін сақтап бейімделуі. қорек
4) Қарқында даму түрді сақтап қалудың … бәсеклестік
5) Қасқыр мен түлкінің арасында … үшін бәсекелестік болады. күрес
6) Жануарлар арасында да … бар. қарқынды
В7. Организмдердің бейімдеушілігін топтарға бөл.






Үшінші бөлім. С1.
1. Дарвин теориясының Ж.б.Ламарктің теориясынан артықшылығы.
2. Табиғи сұрыпталу нені сақтайды?
3. Тіршілік үшін күрестің қайсысы шиеленіскен, оның себебін түсіндір.
С2. Дұрыс тұжырымды көрсет:
1. К.Линней тауық пен страусты бір отрядқа топтады.
2. Ч.Дарвин анағұрлым күшті ағзалардың тірі қалып, ұрпақ беруін табиғи сұрыпталу деді.
3. Ч. Дарвин алғашқы эволюциялық ілімінің авторы.
4. К.Линней пайдалы белгілер ғана тұқым қуалайды деді.
5. Дарвиннің есептеуі бойынша, өзгергіштіктің кез келген түрі эволюциялық процестің себепшісі болады.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Ламарк бойынша эволюцияның қозғаушы күшіне жатпайды:
а) әрбір тірі организмінде тіршілігінде пайдалы белгілерге ие болып, оларды ұрпағына беру;
в) әрбір организмде мүлтүксіз өмірге ұмтылыс болады;
с) градация;
д) тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу.
2. Дарвин теориясының дамуының ғылыми алғы шарттары:
а) Ламарктің эволюциялық теориясы және жасуша теориясы;
в) Англияда капитализмнің дамуы;
с) Смиттің еркін бәсекелестік теориясы мен Мальтустің халық теориясы;
д) қалалардың өсуі.
3. Дарвин бойынша эволюцияның негізгі алғы шарты:
а) әрбір организмде мүлтүксіз өмірге ұмтылыс болуы;
в) тұқымқуалаушылық өзгергіштік; с) тіршілік үшін күрес; д) табиғи сұрыпталу.
4. Орта жағдайына бейімдеу Дарвин бойынша:
а) саны аз популяциялардың жойылуына әкеп соғады;
в) мутациялардың пайда болуына кедергі жасайды;
с) мүлтіксіз өмірге ұмтылыс салдары болып табылады;
д) тіршілік үшін күресте жеңіп шығуына жағдай жасайды.
5. Ламарктің қателерінің бірі болып саналады:
а) түрлердің өзгермеуін жақтауы;
в) сыртқы орта жағдайының белгілердің қалыптасуына тікелей әсерін жақтауы;
с) барлық түрлер, соның ішінде адам басқа түрлерден пйда болғанын жақтауы;
д) тұқымқуалаушылықтың болуын жақтауы.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Тірі организмің тіршілік ортасына бейімделуі …
2. К.Линнейдің негізгі еңбегі…
3. Адамға пайдалы белгілерді сақтайтын сұрыптау …
4. Дарвин бойынша тұқымқуалайтын өзгергіштік ….
5. Дарвин бойынша түрлердің алуантүрлілігінінің негізінде …. …. пен … …. жатыр.
6. Дарвин қай елде дүниеге келді…
7. Ата аналарынан ұрпағына … және …. білгілер беріледі …
8. Өсімдіктің жапырағының күзде түсуі тіршілік үшін күрестің қандай түріне жатады …
9. Организмің қоршаған ортаның түсіне беймделуі … рең
10. Улы жануардың ашық түсі … рең.
В2 . Сәйкестікті анықта.
Жан Батист Ламарк Ч.Дарвин

1) Қазіргі кезде тіршілік ететін түрлер табиғи жолмен пйда болды; 2) тіршілікті құдай жаратты; 3) организмде табиғи сұрыпталудың нәтижесінде тіршілік ортасына бейімделеді; 4) әрбір организмде мүлтүксіз өмірге ұмтылыс болады; 5) организмдерде өзгеріс тек қана сыртқы орта әсерінен болады; 6) организмде өзгеріс гендер мен сыртқы орта әсерінен болады ; 7) эволюция пайдалы белгілерді іріктеп және пайдасыз белгілерді жою; 8) кез келген өзгергіштік эволюцияға материал бола алады; 9) мүшелердің жаттықтыруы немесе жаттықтырмау кезінде пайда болған өзгерістер тұқым қуалайды. 10) «Мәдени өсімдіктер мен үй жануарлары» еңбегінің авторы; 11) «Зоология философия» еңбегінің авторы. 12) алғаш «биология» терминін ғылымға ұсынды.
В6 . Жіберілген сөздерді толтыру (диктант)
1) К.Линней өсімдіктерді жіктеу үшін құрылысы жағынан ұқсас …, … негізге алды. дивергенция
2) Өсімдіктердің … астам, жануарлардың … түрлерін анықтады. Ж.Бламарк
3) Дарвиге дейінгі органикалық дүниенің даму жайлы ғылыми теорияның негізін … … … салған. 8000-нан, 4200-дей
4) Ұқсастық белгілеріне қарап жануарларды … ж\е … деп бөлді. дараларды, түрді
5) Ағаштың діңінде өмір сүретін бунақденелілердің қыналарға ұқсастығы …. рең. омыртқалылар,омыртқасыздар
6) Организмің құрылысының қарапайымдалуы …. деп аталады. бүркеніш
В7. Тіршілік үшін күрестің түрлерін ата және төменде келтірілген мысалдарды топтарға бөл.


1) Жапырақтарға ақ нұм қону; 2) арыстандар прайдында көсемнің ауысуы; 3) құстардың жылы жаққа ұшуы; 4) сауысқандардың ұя салуы; 5) саваннадағы антилопалар, пілдер; 6) үй тышқанының балалауы; 7) ормандағы жапалақ пен түлкі; 8) неке бесекесі; 9) «паразит- қожайын « қарым- қатынасы; 10) кеміргіштердің жазғы ұйқыға кетуі; 11) экваторлық ормандағы қабаттылық; 12) күзгі жапырақ түсуі.
Үшінші бөлім. С1.
1. Дарвин мен Ж.б.Ламарк өмір сүрген кездегі биологияның негізгі мәселесі не болды?
2. Галапогосс аралында таушымшықтың тұмсықтары әртүрлі бірнеше түрі тіршілік етеді, оның себебі неде?
3. Бейімдеушіліктің салыстырмалы сипатын мысалдар келтіріп түсіндіріңдер.
С2. Дұрыс тұжырымды көрсет: Ламарктің эволюциялық көзқарастарымен сәйкес келетін тұжырымды таңда: А) Пілдер қорегін алу үшін үнемі үстіңгі тұмсығын созған. Ол белгі ұрпағына берілді. Осылай пілдің ұзын тұмсығы пайда болды; В) Көптеген пілдердің арасында тұмсықтары әртүрлі ұзындықты пілдер болды тұмсықтары ұзынырақ пілдер өзіне қоректі жақсы тауып, ұрпағына сол белгіні берді. Осылай пілдің ұзын тұмсықты түрлері пайда болды; С) Пілді де, адамдар сияқты құдай жаратты, сондықтан барлық пілдер ұзын тұмсықты; Д) Пілдер басқа ағзалар сияқты мүлтіксіз өмірге ұмтылады. Сондықтан пілдер тұмсығын жаттықтырған, нәтижесінде пілдің тұмсығы ұзарып, ол белгі тұқым қуалаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *