Тірі организмердің дамуы

Тірі организмердің дамуы.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Эмбриогенездің негізгі кезеңдерінің дұрыс реттілігін таңда:
а) ұрықтану — бөлшектену гаструляция –метаморфоз – органогенез — гистогенез;
в) ұрықтану- гаструляция –метаморфоз- мүшелердің пайда болуы- иммиграция;
с) ұрықтану- бөлшектену- гаструляция ұлпалардың пайда болуы — метаморфоз — мүшелердің пайда болуы;
д) ұрықтану -бөлшектену -гаструляция — ұлпалар мен мүшелердің пайда болуы.
2. Шыбын, маса, араның даму жолы:
а) тура; в) толық түрленіп; с) шала түрленіп; д) партоногенез.
3. Адамның миы қай ұрық жапырақшасынан түзіледі:
а) эктодерма; в) мезодерма; с) энтодерма; д) мезоглеядан.
4. Толық түрленіп дамуда неше саты бар: а) екі; в) үш; с) төрт; д) бес.
5. Мезодерма қабаты түзілмейтін жануар: а) көгершін; в) ит; с) тасбақа; д) медуза.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Екі қабатты ұрық …
2. Ұрық пайда болғаннан бастап,туылғанға дейінгі кезең…
3. Постэмброинальді дамудың түрлері: толық түрлену және … …
4. Сыртқы ұрық жапырақшасы…
5. Бүйрек …. түзіледі
6. Ұрықтың митоз жолымен бөлінуі …
7. Жүйке түтігі мен хорданың пайда болған сатысы…
8. Ұрықтың тарихи дамуы…
В2 . Сәйкестікті анықта
Түсініктер Сипаттама
1. Зигота
2. Морула
3. Бластула
4. Нейрула
5. Гаструла А) екі және үш қабатты ұрық
Ә) жүйке түтігі мен желі пайда болады
Б) ұрықталған жұмыртқажасушасы
В) көпжасушалы ұрық
В4. Эмбриогенез процесінің дұрыс ретін анықта.

бөлшектену гаструляция
Ұрықтаған
Жұмыртқа жасушасы нейрула
1 10
Үшінші бөлім. С1.
1. Омыртқалы жануарлардың ұрығының даму ұқсастығы нені дәлелдейді?
2. Әртүрлі жануарларда эмбриогенез ұзақтығы әртүрлі. Соған мысалдар келтір.
С2. Дұрыс тұжырымды көрсет: 1) Жеке дамуға гормондар әсер етеді.
2) постэмбриогенезге ұрықтың бөлшектенуі тән;
3) гормондар тек жануарлардың ағзасында болады;
4) бақаға тура даму тән;
5) адамға тура даму тән;
6) тарақан мен шегірткенінің дамуы төрт сатыдан тұрады;
7) эктодермадан қалқанша безі түзіледі.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі
1. Шегірткенің дамуы: а) тура; в) толық түрленіп; с) шала түрленіп; д) тікелей.
2. Гаструляция:
а) бір қабатты ұрықтың пайда болуы;
в) екі және үш қабатты ұрықтың пайда болуы;
с) органогенез; д) желі мен хорданың пайда болуы.
3. Қоңыздың даму сатылары:
а) жұмыртқа -дернәсіл -қуыршақ -ересек қоңыз;
в) жұмыртқа қуыршақ- дернәсіл- ересек қоңыз;
с) жұмыртқа –дернәсіл- ересек- қоңыз;
д) дернәсіл- жұмыртқа- ересек қоңыз.
4. Бигенетикалық заңды кім ашты:
а) М.Шлейден мен Т.Шванн; в) М.Шлейден мен Ф.Мюллер;
с) Ф.Мюллер мен Э.Геккель; д) Э.Геккельмен Т.Шванн.
5. Бақаның дернәсілінің жүрегі:
а) екі қуысты; в) үш қуысты; с) төрт қуысты; д) бес қуысты.
Екінші бөлім В деңгейі: В1
1. Бір қабатты ұрық ..
2. Туылғаннан немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан бастап өмірін тоқтатқанға дейінгі кезең …
3. Дамуында үш саты бар постэмбриондық даму түрлері …
4. Ішкі ұрық жапырақшасы …
5. Өкпе түзіледі …
6. Ағзаның жеке дамуы …
7. Онтогенез филогенездің қықаша қайталануы … ….
8. Шар тәрізді ұрық …
В2 . Сәйкестікті анықта
Ұрық жапырақшалары Түзілетін мүшелер
1. Эктодерма
2. Мезодерма
3. Энтодерма А) Қан айналым және зәр шығару мүшелері
Ә) Ішек пен ас қорыту мүшелері
Б) Жабын эпителийі мен сезім мүшелері
В) Жүйке жүйесі
Г) Ішкі секреция бездері
Ғ) Тірек қимыл аппараты.
В4. Шала және толық түрленіп дамудың дұрыс ретін анықта.
Толық түрленіп даму Шала түрленіп даму


I.

II.
Үшінші бөлім. С1.
1. Эмбриогенезге сыртқы ораның әсері туралы жаз.
2. Тірі организдердің тіршілік ұзақтығы (постэмриогенез) неге байланысты? (мысалдар келтір)
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзету. Эмбриогенез.
1.Ұрықтың бөлшектенуі нәтижесінде бір қабатты шар тәрізді көпжасушалы бластула түзіледі. 2.Гаструляция кезінде ұрық екі қабаттан (сыртқы -энтодерма және ішкі -энтодермадан) тұратын ұрыққа айналады. 3.Энтодермадан жүйке түтігі мен желі түзілетін ұрықтың даму сатысы нейрула деп аталады. 4.Ішекқуыстытыларда нейрула сатысы болады. 5. Омыртқалыларда нейрула сатысы болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *