Тірі организмдердің химиялық құрамы

Тірі организмдердің химиялық құрамы.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Организмдердің жасушаларында ең аз кездесетін элемент:
а)азот; в)оттек; с)көміртек, д) сутек.
2. Нуклеин қышқылдары мен сүйектің құрамына кіреді:
а) калий; в)фосфор; с) кальций; д) цинк.
3. Гемоглобиннің құрамын кіретін элемент: а)кальций; в)натрий; с) темір; д)мыс.
4. Жануарлар жасушасында қор көмірсу:
а)целлюлоза; в)крахмал; с) глюкоза; д) гликоген.
5. Дұрыс тұжырымды тап:
а) барлық көмірсулар мен липидтер суда ериді;
в) барлық көмірсулар мен липидтер суда ерімейді;
с) кейбір көмірсулар суда ериді, ал липидтер суда ерімейді;
д) барлық липидтер мен көмірсулар полярлы қосылыстар.
6. Ең көп энергия 1 грамм ыдырағанда бөлінеді:
а) май, в) глюкоза; с) нәруыз; д) целлюлоза.
7. Ең көп тараған көмірсу:
а)целлюлоза; в)крахмал; с) глюкоза; д) гликоген
8. Биологиялық мембраналардың негізін құрайды.
а) полисахаридтер в)олигосахаридтер, с)фосфолипидтер; д) стероидтар.
9. Аминқышқылының өзгеретін бөлігі.
а) амин тобы және карбоксил тобы; в) радикал; с)карбокил тобы; д) радикал мен карбоксил тобы.
10. Коллаген, эластин, кератин қандай нәруыздарға жатады.
а) тасымалдаушы; в)структуралық с) қорғаныш; д) жиырылғыш.
Екінші бөлім В деңгейі.
В2 Сәйкестікті анықта
Химиялық элементтер қызметі
1. Кобальт
2. Бор
3. Иод
4. Кальций
5. фтор А) қанның ұюына қатысады.
Ә) тироксиннің құрамына кіреді
Б) В12 витаминінің құрамына кіреді.
В) тіс кіреукесінің құрамына кіреді.
Г) өсімдіктің өсуіне қажет.
(В3)
1. Күрделі нәруыздар қалай аталады….
2. Хлорофилл мен көптеген ферменттердің құрамына кіреді…
3. Нәруыздың бірінші реттік құрылымындағы аминқышқылдары арасындағы байланыс…
4. Сүйектің, сіңірдің құрамына кіретін күрделі көмірсулар…
5. Өсімдік липидтерінің құрамына кіретін май қышқылдары…
6. ДНҚ молекуласының диаметрі…
7. Аденин мен тиминнің арасында қандай байланыс…
8. 1 молекула АТФ ыдырағанда түзілетін энергия мөлшері …
9. Жасушаның осмостық қысымын реттейтін қосылыс…
10. РНҚ-ның түрлері…, … ,…
В5. Терминдерге анықтама бер: фермент, ренатурация, буферлік қасиет, полимер, гормон.
В6. Мәтіндегі жіберілген сөздерді толтыр.
……. тұратын химиялық қосылыстарды полимерлер деп атайды. Биополимерлерге ……, ….., …., …. …. жатады. Нәруыздардың мономерлері …., көмірсулардың — …..ДНҚ мен РНҚ мономері ……

Үшінші бөлім С деңгейі.
С1.
1. Нәруыздар адам ағзасында неліктен энергия көзі ретінде көмірсулар мен липидтер таусылған кезде ғана қолданылады?
2. Кесте толтыр
Нәруыздың атауы Қызметі
1.
2.
3.
4. Транспорттық
Жиырылғыштық
Структуралық
Қорғаныштық

3. ДНҚ мен РНҚ молекуласын салыстыр (кесте түрінде)
С2 .Мәтіндегі қателерді тауып, түзе.
Су жер бетінде ең көп тараған органикалық заттардың бірі. Медузаның жасушасында 95%, ал адамның миында 50% су бар. Судың қасиеті оның құрылысына байланысты.Сутек пен оттек арасындағы иондық байланыстар судың полярлы қасиетін анықтап, судың полярсыз қосылыстарды ерітуге мүмкіндік береді.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Жасушалық теорияның авторлары:
а) Р.Вирхов,К.Бэр; в)А.ван Левенгук, Р.Гук;
с) Т.Шванн, М.Шлейден. д) Т.Шванн, Броун.
2. ДНҚ ның құрамына кірмейді: а )тимин; в) урацил; с) гуанин; д) цитозин.
3. Домалақ нәруыздар аталады:
а) альбуминдар; в) глобулиндер; с) фироиндер д) протеиндер
4. Мыс: а) макроэлемент; в) микроэлемент; с) ультрамикрэлемент;д) мезоэлемент.
5. Инсулиннің құрамын кіретін элемент: а) мыс; в) мырыш; с)темір; д) магний.
6. Былқылдақденелілер мен шаянтәріздестердің тыныс пигменттерінің құрамын кіреді: а) цинк; в) күкірт; с) темір; д) мыс.
7. ДНҚ молекуласының екі орамдық құрылысын анықтаған:
а) М.Шлейден ж\е Т.Шванн; в) Дж.Уотсон ж\е Ф.Крик;
с)Г.Мендель ж\е Т.Морган; д) Дж.Уотсон ж/е Т.Шванн.
8. В12 витаминінің құрамына кіреді: а) цинк; в) кобальт; с) мыс; д) кальций.
9. Липидтер тұрады: а) глицерин мен крахмалдан; в) май қышқылы мен амин қышқылынан; с) глицерин мен май қышқылынан; д) май қышқылы мен судан.
10. Нәруыздың мономері:
а) нуклеотид; в) глюкоза; с) аминқышқылы; д) глицерин.
Екінші бөлім В деңгейі.
В2 Сәйкестікті анықта
Химиялық элементтер қызметі
1. Көміртек
2. Магний
3. Темір
4. Кальций
5. Сутек А) бұлшықеттерді жиырады
Ә) гемоглобиннің құрамына кіреді
Б) осы элементтің иондарының концентрациясы ортаның рН анықтайды
В) хлорофиллдің құрамына кіреді
Г) органикалық заттардың негізгі элементі
В3
1. Нәруыздың құрылысының бұзылуы ….
2. Мына нәруыздар альбуминдер, гемоглобин ….. қызмет атқарады?
3. Крахмал, гликоген, целлюлоза қандай көмірсулар…
4. Суда еритін қосылыстар …
5. Цитозинге сәйкес…
6. Жасуша мембранасының өткізгіштігін және импульстарды өткізеді …
7. Нуклетидтің құрамына …, …, … … … кіреді
8. ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер арасындағы арақашықтық …
9. Пептидтік байланысты ашқан ғалым …
10. 1гр май ыдырағанда түзілетін энергия ….
В5. Терминдерге анықтама бер: катализатор, денатурация, редупликация, мономер, пептидтік байланыс.
В6. Мәтіндегі жіберілген сөздерді толтыр.
Су молекуласында оттектің ….. атомы, сутектің …. атомымымен байланысқан.Су молекуласы …., өйткені оттек атомы сутек атомына қарағанда электртерістілігі жоғары. Судың бір молекуласындағы оттегімен және басқа су молекуласының …. атомы арасында ….. …… Судың полярлы қасиеті басқа қосылыстарды ….. байланысты. Суға байланысты барлық қосылыстар ….. ж\е … болып бөлінеді. Гидрофобты заттарға …., …, …., ал гидрофильді заттарға …, … жатады.
Үшінші бөлім С деңгейі.
С1. 1. Нәруыздар адам организмінде неліктен энергия көзі ретінде көмірсулар мен липидтер таусылған кезде ғана қолданылады?
1. Кесте толтыр
Нәруыздың құрылымы Байланыстар
1.
2.
3.
4.
2. С2 .Мәтіндегі қателерді тауып,түзе. Нәруыздар моносахаридтер және полисахаридтер болып бөлінеді. Монасахаридтерге хитин, целлюлоза, гликоген жатады.Сүт қанты фруктоза деп аталады.Нуклеин қышқылдарының құрамына эритроза және пирожүзім қышқылы кіреді.
4. «Органикалық қосылыстар» тақырыбын оқып шығып, C3- C4 тапсырмасын орында. Нәруыздар мен майлар жоғарғы молекулалы қосылыстар. Нәруыз молекуласы көптеген аминқышқылдарынан түзілген.Олардың құрамына көміртек, сутек, оттек, азот және күкірт кіреді. Майлар үш атомды спирт глицериннен және май қышқылдарынан тұрады. Олар суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Майлардың құрамына көміртек, сутек, оттек бар. Майлар мен май тәріздес заттарды липидтер деп атайды. Майлар көмірсулар сияқты энергия көзі болады.
Әртүрлі жасушалардың нәруыздары әртүрлі. Бірақ олардың қасиеттері бірдей: қыздырғанда н\е УК сәулелердің әсерінен ұйиды. Нәруыздар кез келген организмнің құрылыс материалы болып табылады: жасуша мембранасы, цитоплазма мен ядроның құрамына кіреді. Көптеген нәруыздар ферменттер болып табылады. Жануарлардың қозғалысын жиырылғыш нәруыздар жүзеге асырады. Қорғаныш нәруыздарын қарсыденелер деп атайды. Кейбір нәруыздар тасымалдау қызметін атқарады. Майларда нәруыздар сияқты қызметтер атқарады. Олар жасуша мембранасының құрамына кіреді, сондықтан құрылыс қызметін атқарады. Майлар жасушада қорға жиналып, қоректік қызмет атқарады. Кейбір май тәріздес заттар гормондар болып табылады, олар физиологиялық процесстерді реттеуге қатысады.
С3. Осы мәтін бойынша салыстырма кестесін толтыр.
Салыстыратын белгілер Нәруызар Майлар
Органикалық молекулалардың құрылысы
Олар суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді.
Ұқсас қызметері
С4. Мәтіннен майлар мен нәруыздар бірдей қатысатын жасуша бөлігін жаз. Ол структура қандай қызмет атқарады?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *