Тірі организмдердің реттелуі және гомеостаз

Тірі организмдердің реттелуі және гомеостаз.
Тітіргенгіштік және қозғалу.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Гомеостаз ұғымын ғылымға кім енгізді:
а) Ж.Б.Ламарк; в) Клод Бернар; с) Уолтер Кеннон; д) Карл Мебиус.
2. Организмнің ішкі ортасының гуморальдық реттелуі қалай жүзеге асады:
а) гормондар арқылы; в) жүйке импульстері арқылы;
с) қан айналым жүйесі арқылы. д) ферменттер арқылы.
3. Вазопрессин гормоны нені реттейді:
а) организмде тұздың артық мөлшерін; в) организмдегі зәрдің мөлшерін;
с) қандағы глюкозаның мөлшерін; д) қан қысымын.
4. Адам қатты қорыққанда бөлінетің гормон:
а) инсулин; в) вазопрессин; с) адреналин; д) кортизон.
5. Гомойотермді организмдердің:
а) дене температурасы тұрақты; в) дене температурасы тұрақсыз;
с) ішкі ортасы тұрақты; д) ішкі ортасы тұрақсыз.
Екінші бөлім В деңгейі: В1
1. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы …
2. Тітіркендіргіштерге организмнің жауабы…
3. Өсімдіктердің тітіргендіргіштерге жауабы фитогормондармен … реттеледі
4. Өсімдіктің жарыққа қарай өсуі …
5. Жануарлар мен өсімдіктердің жарыққа қарай қозғалуы … …
В4. Дене температурасының жоғарлауы мен төмендеуі кезінде организмде өзгерістер жүретіні белгілі. Төменде келтірілген мысалдардың нөмірлерін кестеге жаза отырып, олардың әрбір топқа сәйкестігін белгіле.
t0 жоғарлаған кездегі өзгерістер t0 төмендеген кездегі өзгерістер

1) зат алмасу процесстерінің төмендеуі; 2) жеңіл тыныс алудың жиіленуі; 3) теріге ағып келетін қанның артуы;4) қалың май қабаты; 5) терідегі қантамырлардың тарылуы; 6) тер бөлінуінің күшеюі; 7) түк жабыны қалыңдығының артуы; 8) «қаз терісі»; 9) қимылсыз қалу; 10) липидтік алмасуға өту; 11) зат алмасу процесстерінің күшеюі; 12) тері қан тамырларының кеңеюі; 13) көп мөлшерде су тұтыну; 14) қаңқа бұлшықеттері жиырылуының күшеюі.
Үшінші бөлім С деңгейі. С1.
1. Организмнің гомеостазды реттеу механизмін мысал келтіріп түсіндір?
2. Жануарлардың температураны реттеуіне мысал келтір
3. Құрғақшылық жағдайда өсетін австралия эвкалиптері мүлдем дерлік көлеңке түсірмейді. Бұл құбылысты немен түсіндіруге болады?
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Алғаш организмнің қоршаған ортамен байланысы әртүрлі бейімдеушілік арқылы жүзеге асатыны туралы жазған ғалым:
а) Ж.Б.Ламарк; в) Клод Бернар; с) Уолтер Кеннон; д) Карл Мебиус.
2. Организмнің ішкі ортасының жүйкелік реттелуі қалай жүзеге асады:
а) гормондар арқылы; в) жүйке импульстері арқылы; с) қан айналым жүйесі арқылы. д) ферменттер арқылы.
3. Қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, балықтар температурасын реттеуіне байланысты:
а) гомойотермді; в) пойкилотермді; с) ризотермді; д) экзотермді.
4. Тамырдың тереңге енуі:
а) гелиотропизм; в) геотропизм; с) гомотропизм; д) хемотропизм.
5. Өсімдіктердің гүлінің ашылып, жабылуы неге мысал бола алады:
а) тропизм; в)таксис; настии; д) ауксин.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Өсімдіктің тітіркендіргішке бағытталған қозғалысы….
2. Өсімдіктің тітіркендіргішке жауабы өз күйімен анықталады…
3. Тітіркендіргіш теріс әсер етсе, ол …
4. Организмнің температураның өзгеруіне жауап беруі…
5. Организмнің қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімделу механизмі…
В4. Физикалық күш түскен кезде организмде тұрақтылықты қамтамасыз ететін өзгерістерді дұрыс ретпен орналастыр.

1. Тамыр соғуының артуы;
2. СО2 концентрациясының өзгеруі;
3. Тыныс алудың жиеленуі;
4. Адреналин секрециясы;
5. О2 бұлшықет жасушаларына белсенді өтуі;
6. Тер бөлінуі;
7. Қан тамырларының кеңеюі
8. Қанның СО2 дан ұюы.
Үшінші бөлім С деңгейі. С1.
1. Адамның температураны реттеу механизмін мысал келтіріп түсіндір?
2. Настии мен тропизмге мысал келтір.
3. Қандай теңіз жануары дауылдың жақындап келе жатқаны туралы 10-15 сағат бұрын болжай алады? Ол оны қалай біледі?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *