Тірі организмдердің негізгі қасиеттері

Тірі организмдердің негізгі қасиеттері
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Зат, энергия, ақпарат алмасу ең алғаш байқалатын деңгей:
а) биосфералық; в) молекулалық; с) ағзалық; д) жасушалық.
2. Ең жоғарғы деңгей:
а) биосфералық; в) молекулалық; с) организмдік; д) жасушалық.
3. Барлық деңгейлерге ортақ белгі:
а) күрделі құрылыс; в) әрбір деңгейде орындалатын заңдылықтар;
с) жүйелерді құрайтын элементтер; д) системалардың қасиеттері.
4. Осы процестерің қайсысы зат алмасуға жатады: а) қоректену және тыныс алу; в) қоректену және зәр шығару; с) тыныс алу және өсу; д) даму және көбею.
5. Сыртқы ортаның әсеріне жауап беру:
а) тітіркендіргіштік; в) қозғалғыштық ; с) бейімдеушілік; д) зәр шығару.
Екінші бөлім В деңгейі.
1. Организмдердің дамуы қандай процеске байланысты?
2. Сөйлемдегі бос орынға сөздерді толтыр: Организмнің қоршаған ортамен байланысы … және ….. алмасуы арқылы жүзеге асады.
3. Сәйкестікті анықта:
Құбылыстар мен объектілер Тіршілік деңгейлері
1. Нәруыз биосинтезі
2. Бунақденелілердің денесінде импульстың өтуі.
3. Қорек тізбегі А) Биогеоценоздық
Б) Молекулалық
В) Организмдік
Үшінші бөлім С деңгейі.
1. «Жүйе» ұғымына анықтама бер. Организм мен мүшені екі жүйе ретінде салыстыр
2. Тірі организмерді неліктен ашық жүйе деп санайды?
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Алғашқы эволюциялық өзгерістер байқалатын деңгей:
а) биосфералық; в) молекулалық; с) организмдік; д) популяциялық.
2. Ең қарапайым деңгей:
а) биосфералық; в) молекулалық; с)организмдік; д) жасушалық.
3. Организмдердің маусымдық өзгерістерге жауабы:
а) тітіркендіргіштік; в) қозғалғыштық; с) бейімдеушілік; д) ырғақтылық
4. Құрылысы және атқаратын қызметтері ұқсас жасушалар тобы:
а) мүше; в) ұлпа; с) ағза; д) жүйе.
5. Ішкі ортаның тұрақтылығы қандай жүйелер арқылы жүзеге асады?
а) жүйке және қан айналым жүйелері арқылы;
в) эндокриндік және жүйке жүйесі арқылы;
с) қан айналым және эндокриндік жүйесі арқылы;
д) зәр шығару және тыныс алу жүйелері арқылы.
Екінші бөлім В деңгейі.
1. Дискреттілік және ырғақтылық ұғымына анықтама бер
2. Сөйлемдегі нүктенің орнының толтыр: Молекулалар …. тұрады, молекулалардан …. түзіледі, олар жасуша түзеді, жасушалардан …. түзіледі, ал олардан мүшелер түзіледі.
3. Сәйкестікті анықта: (В2)
Құбылыстар мен объектілер Тіршілік деңгейлері
1. Қасқырлар тобы
2. Митохондрия
3. Қасқыр мен қоянның ара- қатынасы
4. Адамның қан тобы А) Биогеоценоздық
Б) Жасушалық
В) Организмдік
Г) Популяциялық
Үшінші бөлім С деңгейі.
1. Өзін өзі реттеу қасиетін мысал келтіріп, түсіндір
2. Гемоглобинді мысалға алып, деңгейлерге сипаттама бер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *