Тірі ағзалардың көбеюі

Тірі ағзалардың көбеюі.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Шұбалшаңның көбею жолы:
а) спорамен; в) митозбен; с) шизогония; д) фрагментация.
2. Өсімдік тұқымы неден дамиды:
а) ұрық жолдасынан; в) ұрық қабынан; с) ұрық бүршігінен; д) ұрық астынан.
3. Гермофродитке жататын организмдерді көрсет:
а) ақ планария, шұбалшаң; в) ақ планария,карп; с) шұбалшаң, тауық; д) сиыр цепені, мас.
4. Жабық тұқымды өсімдіктерге тән қосарланып ұрықтануды кім ашты?
а) Ж.Б.Ламарк; в) А.И.Опарин; с) Б.Л.Астауров; д) С.Навашин.
5. Гаметогенез қанша сатыдан тұрады: а) бір; в) екі; с) үш; д) төрт.
6. Саңырауқұлақтар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің споралары түзіледі:
а) митоз жолымен; в) мейоз жолымен; с) конъюгация кезінде; д) амитоз жолымен.
7. Гаметогенездің үшінші аймағында:
а) жасушалар саны көбейеді; в) жасушалар митоз жолымен бөлінеді;
с) жасушалар мейоз жолымен бөлінеді;
д) Сперматозоидтар құйрықтарын өсіреді, жұмыртқа жасушасы қоректік заттарға толады.
8. Гаметалар көп түзеді: а) аллигатор; в) треска; с) торғай; д) аю.
9. Вегетативті көбеюге жатпайды:
а) жай бинарды бөліну мен митоз; в) фрагментация мен строболизация;
с) мейоз, партоногенез бен спора түзу; д) бүршіктену мен фрагментация.
Екінші бөлім В деңгейі: В1
1. Жыныс жасушалардағы хромосомалар жиынтығы …
2. Аналық жыныс жасушасының түзілуі …
3. Қырықжапырақ көбейеді …
4. Жыныстық көбею кезіде гендердің әртүрлі …. түзіледі.
5. Жеміс …. түзіледі
6. Қосарланып ұрықтану кезінде бір спермий …. …. қосылады, ал екінші спермий …. …. қосылады.
7. Жыныс безі …. аймақтан тұрады.
8. Тозаң түтігі … жасушадан түзіледі.
9. Спермийлар …. жасушадан түзіледі
10. Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан пайда болу…
В7 . Кесте толтыру.
Жынысты жолмен (атауы) Сурет (ағзалар) Жыныссыз жолмен (атауы)
Картоп
Қарақат
Жасыл эвглена
Алабұға
Георгин (нарғызгүл)
гидра
В2 . Сәйкестікті анықта
Көбею түрлері Сипаттамалар
А) Жынысты
Ә) Жыныссыз 1) бұл көбеюдің ең көне әдісі; 2) гаметалар қатысады; 3) ұрпақта ата- анасынан өзгергіштік байқалмайды. 4) қарапайымдар көбейеді; 5) түрдің барлық даралары ұрпақ бере алады;
6) сомалық жасушалардың қатысуымен жүреді; 7) бір организмнің қатысуымен жүреді; 8) көбеюдің едәуір кейінгі әдісі; 9) ұрпақсыз қалу қаупі бар; 10) гермофродит; 11) сыртқы орта жағдайларына бейімделген ұрпақ беріледі; 12) көбеюге екі организм н\е екі жасуша қатысады.
Үшінші бөлім. С1.
1. Жануар мен өсімдіктер арасында эволюциялық дамыған сайын жыныстық және жыныссыз көбеюдің кезектесуінің белгілі бір заңдылығы бар. Соны түсіндір.
2. Овогенез бен сперматогенездің айырмашылығы неде?
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзету.1) Организмдердің көбеюі — өзінен кейін өзіне ұқсас ұрпақ қалдырып, тіршілікті жалғастыру. 2) Жыныссыз көбеюде гаметалар түзілмейді, оған бір организм ғана қатысады. 3) Бүршіктену- жыныстық көбеюдің түрі, онда ұрпақ аналық жасуша ұлпаларынан түзіледі.
4) Жыныстық жасушалар-гаметалар хромосомалар жиынтығы –диплоидты.
5) Жоғарғы сатыдағы жануарлардың жыныстық жасушаларының түзілуі үш сатыда өтеді: көбею, өсу, пісіп жетілу. 6) Өсімдіктер мен жануарлардың таралуын қамтамасыз ететін репродуктивті жасушалар- споралар.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Жыныстық диморфизм қай құрттарға тән:
а) шұбалшаң; в) сиыр цепені; с) ақ планария; д) аскарида.
2. Бөлме өсімдігі бегонияның көбею жолы:
а) тамыр қалемшесімен; в) сабақ қалемшесімен;
с) жапырақ қалемшесімен; д) өркен қалемшесімен.
3. Жас өркенге басқа өсімдіктің бүршігін немесе сабағын отырғызу:
а) қалемшелеу деп аталады; в) телу деп аталады;
с) кигізу деп аталады; д) өсіру деп аталады.
4. Кірпікшелі кебісшенің жыныстық көбеюі аталады:
а) конъюгация; в) кроссинговер; с) копуляция; д) гаструляция.
5. Партогенез жолымен көбейетін жануарлар:
а) маса, шыбын бақа; в) тұт көбелегі, дафний, тля;
с) орамжапырақ көбелегі ,қоңыз, гуппи балығы; д) сона, шегіртке, шортан.
6. Партогенезді ашқан ғалым:
а) Ж.Б.Ламарк; в) А.И.Опарин; с) Б.Л.Астауров; д) С.Навашин.
7. Шыршаның көбею жолы:
а) спорамен; в) тұқыммен; с) бөлінумен; д) дұрыс жауабы жоқ.
8. Пиязшықпен көбейетін өсімдіктер:
а) георгин (нарғызгүл), лалагүл, шомыр; в) лалагүл, қызғалдақ, амариллис;
с) қызғалдақ, хризантема, фикус; д) түймедақ, амариллис, шетен.
9. Жыныссыз көбеюге жатады:
а) партоногенез; в) жай бөліну;
с) мүктерде спораларды пайда болуы; д) бүршіктену.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Малярия плазиодийінің көбеюі …
2. Жыныс жасушаларының қосылуы …
3. Аталық пен аналықтың сыртқы белгілерінің айырмашылығы …. ….
4. Гүлді өсімдіктердің эндосперміндегі хромосомалар жиынтығы …
5. Гидраның көбею жолы …
6. Жыныс жасушары әртүрлі ағзада дамитын жануарлар …
7. Ұрықтануға қатысатын сперматазоид саны…
8. Гүлді өсімдіктердің аналық гаметофиті….
9. Гүлді өсімдіктердің аталық гаметофиті….
10. Гүлді өсімдіктердің жыныс жасушалары … арқылы түзіледі.
В2 . Сәйкестікті анықта
Ұрықтану түрлері Мысалдар
А) Іштей
Ә) Сырттай 1) бақа; 2)тасбақа; 3)қоян; 4) көгершін;
5) торғай; 6) балық.
В7 . Гаметогенез процесінің аймақтарының атауларын жазып, ондағы өзгерістерді жаз.
Аймақтар Өзгерістер
I. А) Мейоз I ж\е мейоз II жүзеге асады
II. Ә) Сперматозоидтар құйрықтарын өсіреді, жұмыртқа жасушасы қоректік заттарға толады.
III. Б) диплоидты жасушалар митозбен бөлінеді
IV. В) Жасуша өсіп,бөлінуге дайындалады.
Үшінші бөлім. С1.
1. Жануар мен өсімдіктер арасында эволюциялық дамыған сайын жыныстық және жыныссыз көбеюдің кезестесуінің белгілі бір заңдылығы бар. Соны түсіндір.
2. Дұрыс тұжырымды көрсет: А) Гүл — ашық тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі. Ә) Ашық тұқымды өсімдіктердің эндоспермі гаплоидты. Б) Партонегенез жыныстық көбеюдің бір түрі. В) Гүлді өсімдіктер вегетативті және спорамен көбейеді.
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзету. Гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы.
1) Гүлдің аналық мүшесі жатын, аталық мүшесі тозаң дәнегі болып табылады.
2) Пісіп жетілген тозаң дәнегі мейоз нәтижесінде түзіген екі жасушадан тұрады. 3) Гаплоидтық вегетативті жасушадан екі спермий түзіледі.
4) Вегетативті жасушадан тозаң түтігі түзіледі. 5) Аналықтың жатының ішінде ұрық қабы болады. 6) Оны ішінде сегіз жасуша бар. 7) Оның бірі аналық жасуша, екеуі бірігіп орталық диплоидты жасушаны түзеді. 8) Бір спермий орталық жасушамен қосылып, нәтижесінде ұрық түзіледі.9) Екінші спермий аналық жасушамен қосылып, диплоидты эндосперм түзеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *