Тамырдың ішкі және сыртқы құрылысы

Тамырлардың алғашқы анатомиялық құрылысы.Тамырдың анатомиялық алғащқы құрылысы ашық тұқымдылардың,жабық тұқымдылардың және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің барлығының тамырына тән алғашқы құрылыс.Жоғарыда аталған өсімдік топтарынан тамыр алғашқы құрылысын жас тамыр ұшының сору аймағынан көре -аламыз.Ол үшін тамыр ұшының көленең кесіндісінен препарат дайындап,оны микроскоп арқылы қарау керек.Мұнда оның 3 бөлігі:эпиблема мен оның тамыр түктері,алғашқы қабық және орталық цилиндр көрінеді.

Эпиблема – тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа.Эпиблема дерматогеннен пайда болады және тірі,жұқа қабықты паренхималық клеткалардың бір қатарынан тұрады.Эпиблеманың негізгі қызметі өсімдіктің өсіп тұрған топырағынан суды және онда еріген минералды тұздарды сорып,оны қабықтың паренхималық клеткаларына жеткізу.Эпиблеманың бұл қызметі одан өсіп шығатын тамыр түктерімен тікебей байланысты.

Алғашқы қабық тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Алғашқы түзуші ұлпа периблемадан пайда болады.Қабық паренхималық клеткалардың экзодерма,эндодерма қабаттарынан тұрады.

Экзодерма – қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты.Экзодерма бір қабатты,екі қабатты,көп қабатты болып келеді.Ол кейбір өсімдіктердің қабығында бөлініп айқын байқалмауы да мүмкін.Клеткалардың тірі пішіні – көп бұрышты.Клетка қабықшалары көбіне қалыңдау келед,әрі тығыз орналасады.Құрылымдық және физиологиялық тұрғыдан алғанда негізгі қызметі – қорғаныштық.Өйткені эпиблема клеткалары өліп,түлеп түсісімен,оның клетка қабықшалары тозданады,сирек жағдайда сүректенеді.Экзоерманың тозданған клеткаларының арасында қабықшасы целлюлозалы бірен-саран клеткалар қалады,солар арқылы сыртқы ортадан қоректік заттарды қабылдау жүзеге асады.Экзодерма дара жарнақтылардың тамырында жақсы жетіледі.Олардың алғашқы құрылысты ескі тамырларында тозданған экзодерма – қосжарнақтылардың тамырына тән соңғы жабындық ұлпа тоздың қорғаныштық қызметін атқарады,

Мезодерма – дөңгелек піщінді,ірі және паренхималық клеткалардың экзодермасы мен эндодермасының арасындағы қабаты.Мезодерма клеткаларының шеттен орталыққа қарай пішіндері,орналасуы өзгереді.Шет жағында клеткалары майдарақ,жиі,орталыққа қарай іріленіп,борпылдақ тартады,орталыққа жақындай түскенде клеткалары қайтадан майдаланып,жиілей түседі.Мезодерма клеткаларының басым көпшілігінің борпылдақтығы өсімдіктердегі ауа алмасуына көп пайда тигізеді.

Алғашқы қабықтың паренхимасы суды және онда еріген минералдық тұздарды эпиблемадан орталық цилиндрге қарай көлбеу бағытта тасымалдайды.

Эндодерма – алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты.Ол орталық цилиндрді қоршап  орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұрады.Бұл қабаттың негізгі міндеті – қабықтың сыртқы қабаттары арқылы суда еріген қоректік заттардың орталық цилиндрде орналасқан өтккізгіш ұлпа элементтеріне қарай жылжып өтуін реттеу.Эндодерма жұқа қабықшалы, тірі, көлденең кесіндісінің пішіні төрт бұрышты клеткалардан тұрады.

Эндодерма клеткалары онтогенезінде 3 кезеңнен өтеді.1-ші кезеңінде клеткалардың радиалды және көлденең қабырғалары қалыңдайды.Егер бұл қалыңдаудан көлденең кесінді жүргізсек,олардың пішіні нүкте тәрізді болып көрінеді.Ол Каспари дақтары деп аталады.Басқа бағыттағы кесінділер қалыңдаулардың клетканы шеңбер жасап қоршап жататындығын көрсетеді.Сондықтан ол Каспари белбеуі деп аталады.Көрші клеткалардың белбеулері бір-бірімен жалғасып,орталық цилиндрді қоршап жатады,Химиялық талдаудың нәтижесі Каспари белбеуінде суберинге ұқсас заттың жиналатындығын және сүректену жүретінін көрсетті.

Эндодерма дамуының алғашқы кезеңі плаундардан басқа өсімдіктердің тамырынан табылған.Екінші кезеңде эндодерманың барлық клетка қабырғаларының ішкі бетіне суберин сіңеді.

Дара жарнақтылардың және қос жарнақтылардың көбінде тамырларына екінші рет қалыңдау тән емес,сондықтан мұнда эндодерма дамуының үшінші кезеңі байқалады.Бұл кезеңде клеткалардың барлық қабырғасы қатты қалыңдайды және сүректенеді.Тек сырт жаққа қараған қабырғалары ғана салыстырмалы түрде жұқа қалпында қалады.Эндодерманың жоғарыда сипатталған құрылымының мәне өте үлкен.Өйткені Каспари белбеуі арқылы қоректік заттар қабықтан орталық цилиндрге өтеді,ал цилиндрден қабыққа қарай өте алмайды.Заттардың эндодерма клеткаларының тірі бөлігі ғана арқылы өтуі мүмкін,

Бұл кезеңде де эндодерма қабатының арасында кейбі клеткалардың қабықшасы қалыңдамайды.Олар өткізгіш клеткалар деп аталады.Өткізгіш клеткалардың саны орталық цилиндрдегі ксилема сәулелерінің санына сәйкес келеді және олар осы сәулелерге қарсы орналасады.Эндодермадан заттардың өтуін өткізгіш клеткалар қамтамасыз етеді.

Орталық цилиндр негізінен түтікшелер мен сүзгілі түтіктерден тұратындықтан,оны түтікшелі цилиндр немесе стель деп атайды.Стель плеромадан пайда болады және тамырдың қабық бөлімінен меристемалық клеткалардың перицикл деп аталатын қабаты арқылы бөлінеді.Перициклден іщке қарай прокамбий клеткалары жатады,олардан алғашқы өткізгіш ұлпалар пайда болады.Перицикл клеткаларының бөлуінен жанама тамырлар өсіп шығады,сондықтан бұл перикамбий деп аталады.Перицикл камбийдің және феллогеннің пайда болуына да қатынасады.

Флоэма элементтері бөліні аймағына таяу жерде ксилемадан бұрын пайда бола бастайды.Алғашқы сүзгілі түтіктер серік клеткаларынсыз перицикл маңайында пайда болып, протофлоэманы түзеді.Флоэманың одан кейінгі элементтері тамырдың ортасына таяу қалыптасады және метафлоэманы түзеді.Протофлоэма мен метафлоэма екеуі бірге алғашқы флоэма деп аталады.Флоэманың ксилемадан бұрын пайда болуы протофлоэма арқылы тамырдың төбе меристемасына,оның тіршілік әрекеттері үшін қажетті қоректік заттардың жеткізілуіне байланысты.

Ксилема флоэмадан кейін пайда болады.Оның алғашқы элементтері тамырдың созылу аймағында қалыптасады әрі сақиналы, серіппелі түтіктерден тұрады.

Сонымен,флоэма мен ксилема тамырдың шетінен ортасына қарай,яғни экзархты қалыптасады.Ксилема даму барысында флоэманы басып озып, тамырдың ортысын алып жатады.Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысына ксилема радиус бойлай сәулеленіп,ал флоэма клеткаларының тобы сол сәулелердің арасында орналасады.Ксилема сәулелерінің саны 2-еу және одан көп болуы мүмкін.Бір сәулелі шоқ моноархты,екі сәулелі шоқ диархты,үш сәулелі шоқ триархты,төрт сәулелі шоқ тетрархты,одан ары пентархты,гексархты және т.б.болып жіктеледі.Моноархты шоқтар өте сирек,кейбір папоротник тәрізділерде,гүлді өсімдіктерден су жаңғағында ғана белгілі.

Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.Ашық тұқымдылар мен қосжарнақтыларда өсімдіктер жасының артуына байланысты тамыр жуандап өсіп,соның алғашқы құрылысы соңғы құрылысымен ауысады.Папоротник тәрізділерде және дара жарнақтылардың басым көпшілігінде тамырдың анотомиялық алғашқы құрылысы сақталады.

Тамырдың алғашқы құрылысының соңғыға ауысуы кезіндегі өзгеріс орталық цилиндрден басталады. Ксилема сәулелері мен флоэма бөлімдерінің арасындағы паренхималық клеткалар меристемалық қасиет білдіріп бөлінеді.Одан соңғы түзуші ұлпа камбий пайда болады.Ксилема мен флоэманың арасындағы  камбий қабаттары әуелде бір-бірінен бөлек орналасады.Көп кешікпей перициклдің протоксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан клеткалары тангентальды бөлініп,камбий қабаттарын бір-біріне қосады.Осыдан алғашқы ксилеманы қоршай орналасқан тұтас камбий сақинасы түзіледі.Камбий қызметінің нәтижесінде алғашқы флоэма сыртқа қарай ығысады.Камбий клеткаларының бөлінуінен пайда болған соңғы флоэма элементтері оның сырт жағына,соңғы ксилема элементтері іш жағына қарай орналасады.Сонымен,флоэманың ұлғаюы сырттан ішке қарай ,ксилеманың ұлғаюы іштен сыртқа қарай жүреді,соңғы ксилема радиус бойлап емес,каллотералды орналасып камбий түзуі шеңбер пішініне ие болады.Камбийдің перициклден пайда болған бөлігінен өткізгіш ұлпа элементттері түзілмейді,олардан алғашқы ксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан өзек сәулелерінің паренхимасы қалыптасады.

Сонымен,анатомиялық алғашқы құрылымның соңғы құрылымға ауысуы барысында мынадай кезеңдерді өткереді:

1.Флоэма мен ксилеманың арасында камбий пайда болуы

2.Перициклден феллогеннің пайда болуы

3.Алғашқы қабықтың түлеп түсуі

4.Өткізгіш ұлпаның радиусты бойлап орналасуынан коллатералдыққа ауысуы.

 

 

Тамыр –

 

 

Тамырлар жүйесі деп –

 

 

 

Эпиблема 

 

 

 

Экзодерма 

 

 

 

Мезодерма –

 

 

 

Тамыр системасы —

 

 

 

Эндодерма 

 

 

Өткізу аймағы —

 

 

-жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.

-бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз.

-тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа.  … дерматогеннен пайда болады және тірі,жұқа қабықты паренхималық клеткалардың бір қатарынан тұрады

-қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты. … бір қабатты,екі қабатты,көп қабатты болып келеді.

-дөңгелек піщінді,ірі және паренхималық клеткалардың экзодермасы мен эндодермасының арасындағы қабаты.

-ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығы.

-алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты.Ол орталық цилиндрді қоршап  орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұрады.

-мұнда тамырдың сору аймағы қабылдаған су және онда еріген минералдық тұздар мен басқа да қоректік заттар сабаққа қарап өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *