Табиғи бірлестіктердің, экожүйелердің және популяция экологиясы

Табиғи бірлестіктердің, экожүйелердің және популяция экологиясы
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Организмдер арасындағы бәсекелестік қарым – қатынастар көрінеді: а) әртүрлі организмдердің кез келген бірге өмір сүруі; в) бір организмдердің екінші организмдердің тіршілігін баяулататын заттар бөлуі; с) бір организмнің басқа организмді тікелей жоюы; д) әртүрлі ағзалардың бірдей тіршілік ортасын қажет етуі.
2. Комменсализмнің мысалы бола алады: а) қанқыз бен құмырсқаның қарым – қатынасы; в) актиния мен таңқышаянның қарым – қатынасы; с) қайың мен діңқұлақ саңырауқұлағының қарым – қатынасы; д) аукула мен жабысқақ балықтың қарым – қатынасы.
3. Екі жаққа да пайдалы симбиоз: а) антибиоз; в) мутуализм; с) синокия;
д) комменсализм.
4. Экологияда жаңа пайда болған әдіс: а) микроскоптық; в) эксперименттік;
с) математикалық моделдеу; д) гибридологиялық.
5. Бір түрдің даралар тобының жинағын популяция деп айтуға болады, егер:
а) бірдей типті тамақтанса; бірдей генотипі болса; с) еркін шағылыса алса;
д) бәселесе алса.
6. Популяциялар арасында шекара жақсы білінеді: а) колорад қоңызында;
в) кәдімгі қарғада; с) солтүстік бұғыда; д) тоған сүлігінде.
7. Биоценоз түрлері арасында форикалық қарым қатынастар қалыптасады, егер:
а) егер бір түр өкілдері екінші түр өкілдерінің таралуына қатысса; в) егер бір түр даралары екінші түр дараларының таралуына қатысса; с) бір түр дарасының тіршілік ету жағдайының өзгеруі екінші түрдің тіршілігімен байланысты болса;
д) бір түр даралары екінші түр дараларының шығаратын өнімдерімен немесе қалдықтарымен қоректенсе.
8. Қорек тізбегі дегеніміз: а) жыртқыштар мен құрбандық арасындағы қарым – қатынастар; в) қоректің потенциалдық энергиясын оларды түзетінорганизмдерден бірқатар организдер қатарынан бірін -бірі қорек ету арқылы өткізу; с) энергияның продуцент- редуцент қатары арқылы жоғалту;
д) энергияны бір организмнен екінші ағзаға өткізу.
9. Шалғындық қорек тізбегінің екінші деңгейі: а) редуценттер мен деструкторлар; в) өсімдік қоректі жануарлар, фитофактар; с) жыртқыштар мен консументтер;
д) продуценттер, көбіне өсімдіктер.
10. Бірінші реттік сукцессияның мысалы: а) кесілген орман орнында бұталардың пайда болуы; в) қыналардың лавалардың орнында пайда болуы;
с) кішкентай тоғанның орнында батпақтың пайда болуы; д) тастап кеткен егістік алқабында арамшөп қаулап өсуі.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Бір аумақ немесе көлем өлшеміне келетін популяция дараларының саны…
2. Уақыт бірлігінде гетеротрофты организмдердің түзетін биомассасын ….. …. деп атайды.
3. Биогеоценоз ұғымын енгізген ғалым…
4. Тірі организмдер бірге тіршілік ететін орта …
5. Қоршаған ортамен зат және энергия арқылы байланысатын және өзара қарым – қатынастағы тірі организмдер бірлестігі …
6. Организмдер денесінен өзіне тән химиялық өнімдер шығару арқылы қарым – қатынас жасау жолы …
7. Биоценозда органикалық заттарды түзетін организмдер …. деп аталады.
8. Фотосинтезге қабілетті организдерден басталатын қорек тізбегі …
9. Бірлестіктегі басым түрлер (тіршілік ортасын түзетін) …
10. Экожүйенің ерекшеліктері: өздігінен реттелу, тұрақтылық және …. …. ….
В2 . Сәйкестікті анықта. 1. Бірлестік дараларының қарым – қатынас түрлері мен мысалдарының арасындағы сәйкестікті анықта.
қарым – қатынастар түрі Мысалдар
1) Форикалық.
2) Фабрикалық
3) Топикалық
4) Трофикалық А) қыналар мен ағаш діңінің қабығы;
Ә) сүтқоректілер мен итошағанның тұқымдары;
Б) қоңыздың дернәсілі мен ағаш діңінің қабығы;
В) қанқыз бен біте (тля);
В2 . Сәйкестікті анықта. 2.
симбиоз жыртқыштық пәтерлестік паразитизм комменсализм


В4 Детриттік тізбектің дұрыс ретін анықта.
1) Кәмшат;
2) Фиотпланктон;
3) Мөңке (карась)
4) Дафния.

В5. Терминдер мен ұғымдарға анықтама бер. 10% пайыздық ереже, биоценоз, биотоп, репеллент, редуценттер, сукцессия, агроценоз, симбиоз.
В7. Агроценоз бен биогеоценозды салыстырып, кесте толтыр.
Салыстыратын белгілер Биогеоценоз Агроценоз
Реттелуі
Ағзалардың бай сануаландығы
Қосымша энергия көзін қолданады (тыңайтқыш, суару)
Зат алмасуы
Тоған, орман
Қоректік тізбек қысқа, міндетті түрде адам кіреді.
Үшінші бөлім. С1.
1-есеп. Дала тышқанының аналығы үш тышқан туды. Олардың әрбіреуінің салмағы 5г. Бір айда тышқандардың әрқайсысы 15г салмақ қосты. Тышқан өзінің балаларын қоректендіру үшін, қанша бидай жеуі керек?
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.
1) Бір организмнің екінші ағзаға әсері оң, теріс және бейтарап болуы мүмкін. 2) Протокооперация — бір аймақта тіршілік ететін екі түрдің бір- біріне не оң, не теріс әсер етпеуі.3) «Экожүйе» ұғымын алғаш ғылымға енгізген В.Н. Сукачев, ал «биогеоценоз» ұғымын А.Н.Северцев. 4) 5) Бір түрдің екінші түрді үркіту үшін қолданылатын заттары атрактанттар деп атайды.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Симбиоздық қатынаста: а) арыстан мен қасқыр; в) акула мен лоцман балығы; с) шыбынжұт және шыбын; д) балық және шұбалшаң.
2. Организмдер арасында қандай қоректік байланыстар жүзеге асады:
а) консумент –продуцент –продуцент; в) редуцент – консумент — продуцент;
с) продуцент- консумент -редуцент; д) продуцент — редуцент — консумент.
3. Өнімділігі ең жоғары экожүйе: а) джунгли; в) мұхит; с) тайга; д) қарағай орманы .
4. Келтірілген мысалдың қайсысы детриттік қорек тізбегіне жатады: а) өсімдік –қой- адам; в) өсімдік -шекшек (кузнечик)- кесіртке- қаршыға (ястреб);
с) фитпланктон- балық — жыртқыш құстар; д) силос –шұбалшаң- бактериялар
5. Агроценоздың бір белгісін көрсетіңдер: а) табиғи сұрыптаудың жоқтығы;
в) өсімдіктердің генетикалық өзерісінің болмауы; с) зиян келтіретін бунақденелілермен күресінің төмендеуі; д) организдердің өзгергіштігінің төмендеуі.
6. Экологиялық пирамида ережесі: а) әрбір деңгейде 10% энергияның жоғалуы;
в) организмдер арасындағы қоректік байланыстарды көрсетеді; с) қорек тізбегінің әрбір келесі деңгейінде салмағының көбеюі; д) қорек тізбегінің әрбір келесі деңгейінде салмағының азаюы.
7. Биогеоценоз ұғымын ғылымға енгізген ғалым: а) Карл Мебиус; в) В.Н.Сукачев; с) А.Н.Северцев; д) В.Н.Вернадский.
8. Күйіс қайыратын жануарлардың асқазанында инфузорияның болуы:
а) комменсализм; в) мутуализм; с) амменсализм; д) бәсекелестік .
9. Шалғындық қорек тізбегінің төртінші деңгейі: а) жыртқыштар мен консументтер; в) өсімдік қоректі жануарлар, фитофактар; с) жыртқыштардың паразиті; д) продуценттер, көбіне өсімдіктер.
10. Екінші реттік сукцессияның мысалы: а) кесілген орман орнында тастардың пайда болуы; в) қыналардың лавалардың орнында пайда болуы; с) кішкентай тоғанның орнында батпақтың пайда болуы; д) тастап кеткен егістік алқабында өрттің болуы.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Өсімдіктерден басталатын қорек тізбегі…
2. Уақыт бірлігінде автотрофты организмдердің түзетін биомассасын ….. …. деп атайды.
3. Биоценоз ұғымын енгізген ғалым…
4. Экожүйенің биотикалық бөлімі…
5. Белгілі бір аймақта тіршілік ететін тірі организмдер бірлестігі …
6. Бір организмнің екінші бір организмнің тіршілігін баяулатуы…
7. Биоценозда дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер …. деп аталады.
8. Агроценоза зат алмасу … …
9. Популяция ұғымын ғылымға енгізген ғалым…
10. Экологиялық пирамидалар санды, …. және …. болып бөлінеді.
В2 . Сәйкестікті анықта. 1.
Биоценоз компоненттері мысалдар
1) Редуценттер
2) Консументтер
3) Продуценттер. А) құстар мен қосмекенділер;
Ә) сүтқоректілер мен шұбалшаң;
Б) бактериялар мен спрофит саңырауқұлақтар;
В) балдырлар;
Г) балықтар мен былқылдақденелілер;
Ғ) шөптер мен бұталар.
В2 . Сәйкестікті анықта. 2. Қоректік тізбектің құрамбөліктерін көрсете отырып, кестені толтыр.
Продуценттер Консументтер Редуценттер
I реттік II реттік III реттік



В4 Шалғындық тізбектің дұрыс ретін анықта.
1) қарағай;
2) көктеке;
3) жібек құртының дернәсілі;
4) қаршыға.
В5. Терминдер мен ұғымдарға анықтама бер. 10% пайыздық ереже, биогеоценоз, экотоп, атрактант, консументтер, популяция, агроценоз,мутуализм.
Үшінші бөлім. С1.
2-есеп. Аралдағы продуценттердің салмағы 500 т. Олардың 1кг салмағы 1000 ккал энергияны құрайды. Осы экожүйеде бірінші реттік жыртқыштардың қаншасы қоректене алады, егер олардың орташа салмағы 10 кг, ал олардың денесінің 2 00грамында 1000 ккал болса.
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.
1) Бірлестіктегі организмдердің салмақтары биомасса деп аталады. 2) Белгілі бір уақытта биомассаның өсуі биологиялық көптүрлілік деп атайды. 3) Ең үлкен биомасса мен өнімділік тундрада және шөлде, ал ең төмені тропикалық ормандарда. 4) Экожүйелердің агроценоздан айырмашылығы адамның қатысысыз өзін -өзі реттей алмайды. 5) Редуценттер организмнің қалдықтарын шірітеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *